АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Мемлекеттік құпияны жария ету

Реферат

 

Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Мемлекеттік құпияны жария ету» ұғымына арналған.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде жұмыстың қазіргі таңда өзектілігі құқық қорғау органдары қызметіндегі маңыздылығы баяндалған.

Бірінші тарау қылмыстық құқық теориясындағы мемлекеттік құпияны жария ету құрамының жалпы ұғымына арналған.

Екінші тарауда мемлекеттік құпияны жария етудің объективтік белгілері жан-жақты түрде сипатталған.

Үшінші тарауда мемлекеттік құпияны жария ету құрамының субъективтік белгілері қарастырылған.

Қорытындыда жалпы мемлекеттік құпияны жария ету құрамының маңызы, және оның элементтерінің өзара байланысы көрсетілген.

Дипломдық жұмысын жазу барысында тиісті нормативтік құқықтық актілер, арнайы монографиялық зерттеулер, оқулықтар мен оқу құралдары пайдаланылды.

Жұмысты жазу барысында қолданылған негізгі түйінді сөздер:  мемлекеттік құпияны жария ету құрамы, элемент, объект, объективтік жақ, әрекет, әрекетсіздік, субъективтік жақ, кінә, есі дұрыс еместік, қылмыс.
Мазмұны:

 

Кіріспе……………………………………………………………………………………………..3-6

 

I-Тарау. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы туралы жалпы ілім…………………………………………………………………………………………………7-27

 

II-Тарау. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамының объективтік белгілері………………………………………………………………………………………28-37

2.1. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамының объектісі……………………………………………………………………………………..28-37

2.2. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамының объективтік             жағының белгілері………………………………………………………………………38-48

 

III-Тарау. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамының субъективтік белгілері………………………………………………………………..49-55

3.1. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамының субъективтік     жағының белгілері………………………………………………………………………49-55

3.2. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамының субъектісі……………………………………………………………………………………56-62

 

Қорытынды…………………………………………………………………………………63-65

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………….66-68

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін мемлекеттік құпияны жария етудің обьективтік жақтары мен субьективтік жақтарының жиынтығы болып табылады. Барлық құрамы түгел қылмыс тек қана заңның ерекше бөлімінде емес, сонымен қатар қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінде де қаралады.

Қылмыстық құқықта мемлекеттік құпияны жария ету құрамын төрт топқа бөлу немесе қылмыстың төрт жағы деп атау дәстүрге айналған. Осыған байланысты мемлекеттік құпияны жария етудің объектісін, мемлекеттік құпияны жария етудің объективтік жағын, мемлекеттік құпияны жария етудің субъектісін және субъективтік жағын бір-бірінен ажырата білу қажет. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамына кіретін төрт белгіні таппайынша оны мемлекеттік құпияны жария ету құрамы деуге болмайды.

Қылмыстың объектісіне жататын белгілер қылмыстық заңның диспозициясында үнемі көрсетіле бермейді. Қылмыстың субъектісіне жататын белгілер де диспозицияда аз кездеседі. Жалпы қылмыс үшін 16 жасқа, ал кейбір қылмыстар үшін 14 жасқа толған ақыл-есі дұрыс азаматтар жауапты болып табылады. Осы жасқа толған, ақыл-есі дұрыс адам жасауға болмайтын қылмысты жасағанымен, заң шығарушы оларды жауапкершіліктен босатқысы келген жағдайда, заңның диспозициясында субъектінің жасын немесе басқа сапасын керек ететіндігін көрсетеді.

Қылмыс құрамының объективтік жағы мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді заңсыз алу, жария ету бойынша сипатталады, яғни сипатталатын белгілер диспозицияда көбінесе әрекет немесе әрекетсіздік деп атап көрсетіледі. Себебі нәтижені әрекет немесе әрекетсіздік тудырады. Сондықтан құрамға екі арадағы себепті байланыс та енгізіледі. Кейбір құрамдарда заң объектіні нақтылы-нәтижелі зияннан емес, тек оған қауіп төндірушіліктен де қорғайды. Кейбір объективтік жақтарға қылмыс орны, уақыты, әдісі және жасалу жағдайлары да жатады.

Қылмыс құрамының субъективтік жақтары заңда тікелей немесе жанама қасақаналықпен істеледі. Егер бұл әрекетті істеген адам мемлекетке опасыздық істеу ниетін басшылыққа алса, онда бұл адамның әрекетінде қылмыстық кодекстің 165-бабында көрсетілген қылмыс құрамы орын алады. Құрамдардың біреуі кем болып, қалғандары түгел жағдайда болса, мұндай құрамды мемлекетттік құпияны жария ету құрамы деп атауға болмайды. Біртекті қылмыстардың өзара қоғамға қауіптілік дәрежесі түрліше болатын  жағдайлар да кездеседі. Мұндай жағдайларда олар бірнеше құрамдарға бөлінеді. Мұндай құрамдардың үш түрі болуы мүмкін. Бірінші – бұл қылмыстың негізгі түрі туралы құрам. Бұл сияқты мемлекеттік құпияны жария ету құрамында қылмыстарды ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайлар көрсетілмеуі тиіс. Онда құжаттарды ұрлаудың жеңіл де, ауыр да түрлеріне жатпайтын белгілер ғана көрсетіледі. Екіншісі – мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді жария ету, яғни бұл қылмысты ауырлататын       құрам. Үшінші түріне қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерді жария ету,  яғни біртекті қылмыстардың ішіндегі олардың жеңіл түрлерін көрсететін белгілерді қарайтын құрам. Мысалы, ҚР  ҚК – нің 172-бабында көрсетілген мемлекеттік құпияны жария ету туралы құрам қаралады. Бұлар әртүрлі қылмыс болғанымен негіздері бір текке жататын қылмыстар. Бірақ олардың түрліше өзгешеліктерін ажырата білу керек. Осы өзгешеліктерге байланысты оларға деген санкцияда әртүрлі құрам және әртүрлі жаза қаралады. Бұл қылмыстардың өзгешеліктерін ажыратпай тұрып заң қолдануға болмайды.

       Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы – бұл қол сұғушылықтың заңды маңызды белгілерінің жиынтығы, сондай-ақ заңшығарушы заңды маңызды деп мәліметтерді жария етудің жалпы және маңызды белгілерін атайды. Кез келген қылмыс құрамының негізгі белгілері – бұл 1) қылмыс объектісін сипаттайтын белгілер, яғни мәліметтерді заңсыз алу немесе жария ету жүзеге асырылатын қоғамдық қатынастар; 2) қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын белгілер, яғни зиян тигізетін немесе объектіге зиян тигізетін, қауіп тудыратын қоғамға қауіпті; 3) қылмыс субъектісін сипаттайтын белгілер, яғни қылмыстық жауаптылық жасы; 4) қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын белгілер, яғни кінә (қасақаналық немесе абайсыздық). Сондықтан да мемлекеттік құпияны жария ету құрамын және оның қылмыстық құқық ғылымында алатын орнын зерттеу бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтердің жария болмауын, оның заңда белгіленген тәртіппен сақталуын талап етеді. Мемлекеттік құпияны заңсыз алу, жария ету Қазақстан Республикасының қорғаныс және басқа да мүдделеріне ерекше қауіп туғызады.

Қылмыстық құқық ғылымы саласында мемлекеттік құпияны жария ету құрамын жан-жақты және терең зерттеген бірқатар монографиялық еңбектер жарыққа шықты. Мысалы, Қазақстандық зерттеуші Р. Орымбаевтың «Специальный субъект преступления» деген еңбегін ерекше атап өту керек. Сонымен қатар А.Н. Трайниннің «Учение о составе престулений» және «Состав преступления по советскому уголовному праву», А.А. Пионтовскийдің «Уголовное право», А.Б. Сахаровтың «Уголовное право. Общая часть», Л.И. Блинованың «Основные вопросы общей части советского уголовного права», Я.М. Брайниннің «Уголовная ответственность и ее основание в советском уголовном праве», М.П. Карпушиннің «Уголовная ответственность и состав преступления», В.И. Курляндскийдің «Уголовная ответственность и меры общественного воздействия», Б.С. Маньяковскийдің «Проблема ответственности в уголвном праве», А.Н. Ағыбаевтың «Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім», В.А. Владимировтың «Субъект преступления по советскому уголовному праву», В.С. Орловтың «Субъект преступления по советскому уголовному праву», В.В. Устименконың «Специальный субъект преступления», Т.Г. Шавгулидзенің «Аффект и уголовная ответственность», К.Ф. Тихоновтың «Субъективная сторона преступления. Проблема социального содержания вины в советском уголовном праве», А.Н. Ағыбаевтың «Қылмыстық құқық.Ерекше бөлім», Н.И. Коржанскиййдің «Объект посягательства и квалификация преступления», Б.С. Никифоровтың «Объект преступления по советскому уголовному праву», В.Я. Тацийдің «Объект и предмет преступления в советскому уголовному праву», Г.В. Тимейконың «Общее учение об объективной стороне преступления», В.Н. Кудрявцевтың «Объективная сторона преступления», С.Я. Булатовтың «Понятие и система особенной части уголовного права СССР и Казахской ССР» атты зерттеулері бар. Сонымен қатар, соңғы бірнеше жылдықта жарыққа шыққан «Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть», сондай-ақ А.В. Наумовтың «Российское уголовное право. Общая часть» сияқты еңбектерді атап өтуге болады. Сонымен қатар, «Личность преступника», «Субъективная сторона преступления и ее установление», «Уголовное право Казахской ССР. Общая часть», «Уголовный кодекс Республики Казахстан» сияқты ұжымдық еңбектерді де пайдаландық.

Дипломдық жұмысын жазудағы негізгі мақсатымыз – мемлекеттік құпияны  жария ету құрамы тақырыбын жан-жақты және терең зерттеу болып табылады, осы мақсаттан мынадай міндет туындайды, яғни мемлекеттік  құпияны жария ету құрамын соңғы кездері жарық көрген зерттеулерді пайдалана отырып, тақырыпты жаңаша көзқараспен оқырман қауымға жеткізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы туралы жалпы ілім

 

Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы дегеніміз қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралатын белгілерінің жиынтығы болып табылады. Мемлекеттік құпия туралы жалпы ұғымды дұрыс ұқпайынша, әрбір қылмыстың жеке құрамын және оның белгілерін дұрыс ұғу мүмкін емес. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінде әрбір қылмыс үшін оны сипаттайтын құрамға кіретін белгілер қөрсетіледі. Ол құрамға кіретін белгілерді заңда заңшығарушы беталды көрсете бермейді. Оларды заңда қөрсету үшін ғылыми жолмен табылған жалпы құрамдағы белгілерге сүйене қажет болады. Сондықтан жалпы құрамды ұқпайынша, әрбір мемлекеттік құпия туралы құрамдарды ұғу және оларды дұрыс қолдану мүмкін емес.1

Мемлекеттік құпияны жария ету құрамындағы белгілері бар әрбір әрекет немесе әрекетсіздік қоғамға қауіпті қылмыс және жазаланатын істің қатарына жатады. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы және оған кіретін барлық белгілер заңның диспозициясында тікелей көрсетіледі, көрсетілмеген жағдайда сол диспозициядағы құрамда қандай белгілердің барлығы өздігінен көрініп, белгілі болып тұрады. Заңшығарушы құрамға қоғам үшін қауіпті әрбір қылмыстың өзіне ғана тән өзгешелік белгілер кіргізеді. Кейде бірнеше қылмыстарға бірдей ортақ болатын белгілерде құрам жинағына кіргізіле береді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабында (ұрлық, яғни бөтен мүлікті жасырып ұрлау), — делінген. Бұл құрамдағы сол қылмысқа айырықша тән белгі – (азаматтардың меншігіндегі мүлкін жасырып ұрлау). Бұл қылмыста басқа да белгілер болуы мүмкін, яғни мүліктің түрі, ұрлау мерзімі және ұрлық жасау жағдайы т.б. Бірақ бұлардың ешқайсысы да құрамға кірмей отыр. Бұл белгілердің әрқайсысы сол әрекет немесе әрекетсіздік қоғамға қауіпті болғанда немесе оның дәрежесін заңда сипаттау керек болғанда ғана еңгізіледі. Мысалы, сол баптың 2-бөліміндегі құрамдарда: (бірнеше рет жасалған ұрлық, немесе бір топ адамдардың алдын-ала сөз байласуы бойынша жасалған ұрлығы немесе жәбірленушіге едәуір зиян келтірілген ұрлық), — делінеді. Осы айтылған белгілер осы бөлімде көрсетілген қылмыстардың өздеріне ғана тән белгілері

____________________

1 В.А. Наумов Уголовное право. Общая часть. Курс лекций. М.,1996г. cтр 135.

болғандықтан, олар бірінші құрамға кірмей, екінші бөлімдегі құрамдардың белгілеріне жатып отыр. Осы белгілер арқылы ғана оларды бірінші бөлімде көрсетілген құрамдғы қылмыстан ажыратуға болады. Құрам бірдей белгілерден ғана тұрмайды, ал бірнеше белгілер жиынтығынан құралады, өйтпейінше оны құрам деуге болмайды. Құрам деу үшін құрама, жиынды, қосалқы бірнеше белгілерден құралуы қажет. Құрамның барлық белгілерін түгел қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі нормалардан (диспозициядан) ғана іздеуге болмайды. Құрамның көптеген белгілері қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінде де қаралады. Ерекше бөлімде көрсетілмеген белгі Жалпы  бөлімде сөзсіз табылады. Мемлекеттік құпия ұғымына тек қана аяқталып біткен қылмыс ғана емес, бітпеген қылмыс та, қылмысты жасауға дайындалу немесе оқталу кезеңдері де жатады. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамына тек қана орындаушының әрекеті кіріп қана қоймайды, сонымен қатар көмектесушілердің әрекекті немесе әрекетсіздігі жатқызылады. Ал ерекше бөлімде тек істеліп біткен қылмыстың ғана құрамы көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары болып табылатын мәліметтерді және олардың көздерін құпияландыру заңдылық, негізділік және уақтылығы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады:

Заңдылық — құпияландырудың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкестігін білдіреді;

Негізділік – яғни, қоғамның, азаматтар мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің тепе-теңдігін негізге ала отырып, нақты мәліметтерді құпияландырудың орындылығын, сондай-ақ сол актінің болуы ықтимал экономикалық және өзге де салдарларын сараптамалық бағалау арқылы анықтау болып табылады;

Уақтылығы — осы мәліметтер алынған (әзірленген) кезден бастап немесе алдын ала олардың таратылуына шек қоюды көздейді.

«Мемлекеттік құпияны жария ету ұғымы – жалпы ұғым. Осы мемлекеттік құпия туралы ұғым қай қылмыстың құрамы болмасын, соның бәрінде де болуы қажет. Әрбір құрам қылмыс туралы ұғымды өзіне сіңіре отырып, әр қылмыстың өзіне тән өзгешелік белгілерін атап көрсетуі керек». Сонымен мемлекеттік құпияны жария ету құрамы дегеніміз, осы айтылып отырған мәселеге байланысты, жалпы құпияны жария ету туралы ұғымынан әрбір қылмысқа бейімделген, оның өзгешелігін көрсететін белгілерінің жиынтығы болады.

Қылмыстық құқық ғылымында  мемлекеттік құпияны жария ету құрамының белгілерін төртке бөлу немесе қылмыстың төрт жағы деп атау дәстүрге айналған. Ол шынында да дұрыс шешім. Осыған байланысты мына төмендегі белгілерді бір-бірінен ажырату қажет:

  1. мемлекеттік құпияны жария ету құрамының объектісі;
  2. мемлекеттік құпияны жария ету құрамының объективтік жағы;
  3. мемлекеттік құпияны жария ету құрамының субъектісі;
  4. мемлекеттік құпияны жария ету құрамының субъективтік жағы;

Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы заңда көрсетілгеніне немесе көрсетілмегеніне қарамастан өздігінен көрінетін белгілерден тұрады. Ол белгілердің жиынтығы қоғамға қауіпті әрекетті немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызуға толық мүмкіндік береді.2

Мемлекеттік құпияны жария ету құрамына жататын төрт жақты таппайынша, мемлекеттік құпияны жария ету құрамы туралы сөз қозғауға болмайды. Өйтпейінше қоғамға қауіпті істі қылмыс қатарына жатқызу немесе оны қылмыс сипаттауға мүмкіндік тумайды. Сондықтан, әрбір қоғамда ол құрам болу үшін төрт белгі болуға тиіс.

Қылмыстың объектісі дегеніміз бұл – мемлекеттік құпияларды сақтаудың заңда белгіленген тәртібіне қол сұғу болып табылады.

Осы қылмыстың затына мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер жатады.

Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің тізімі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы (Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік құпиялар туралы) арнаулы заңында көрсетілген.

Қылмыстың объектісіне жататын белгілер үнемі қылмыстық заңның диспозициясында көрсетіле бермейді. Қылмыстың субъектісіне жататын белгілер де диспозицияда аз кездеседі. Жалпы қылмыс 16 жасқа, кейбір қылмыстар үшін 14 жасқа толған ақыл-есі дұрыс адамдар жауапты болады делінген. Осы жасқа толған есі дұрыс адам жасауға болмайтын қылмыстарды жасағанымен, заңшығарушы оларды жауапкершіліктен босатқысы келген жағдайда, заңның диспозициясында субъектінің жасын немесе одан басқа сапасын керек екенін көрсетеді. Мысалы, әскери немесе қызмет бабын пайдалану арқылы жасалған қылмыстар туралы құрамдарда бұл жағдай өзінен-өзі көрініп тұрады.

____________________

2 Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 1998г. стр. 64.

Қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын белгілер диспозицияда көп жағдайларда әрекет немесе әрекетсіздік деп атап көрсетіледі. Өйткені нәтижені әрекет немесе әрекетсіздік тудырады. Сондықтан мемлекеттік құпияны жария ету құрамына осылардың арасындағы себепті байланыс кіргізіледі.3

Кейбір құрамдарда заң объектіні нақтылы зияннан емес, тек оған қауіп төндірушіліктен қорғайды. Объективтік жақтың басқа белгілеріне қылмысты жасау орны, уақыты, тәсілі, жағдайы, құралдары мен қарулары жатады.

Қылмыстың субъективтік жағын заңда тікелей немесе жанама түрде қасақаналық деп атап көрсеткен. Бұған қосымша кейбір құрамдар үшін

қылмыстың жасау ниеті мен мақсаты көрсетілген.

Мемлекеттік құпияны жария ету құрамдарында тікелей аталып көрсетілген немесе көрсетілмеген, бірақ сол құрамда өздігінен көрініп тұрған белгілер бірдей маңызды саналады. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамының белгілерінің біреуі болмаса, мемлекеттік құпияны жария ету құрамы да болмайды. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөліміндегі біртекке жататын қылмыстарында бірнеше түрлі құрамдар кездеседі. Қоғамға қауіптілік сипаты бірдей мемлекеттік құпияны жария ету құрамдары, өзара қоғамға қауіптілік дәрежесінің әртүрлілігіне қарата ажыратылады. Осыған байланысты қылмыстық құқық теориясында мемлекеттік құпияны жария ету құрамдары қоғамға қауіптілік дәрежесіне байланысты: негізгі, ауырлататын және жеңілдететін құрам болып бөлінеді.

Біріншісі, негізгі құрам, яғни жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән – жайлар көрсетілмеген, қылмыстың тек негізгі белгілерінен құралған құрам.4 Мысалы, ҚР ҚК – нің 172 бабының 1 бөлімі.       

Екіншісі, қылмысты ауырлататын жағдайларды қарайтын құрам, бұл сияқты құрамға біртекті қылмыстардың ішіндегі оны жасаудың ауыр түрін сипаттайтын құрам жатады. Мысалы, ҚР ҚК – нің 172 бабының 2 бөлімі.

Үшінші түріне біртекті қылмыстардың ішіндегі жеңіл түрлерін көрсететін белгілерді қарайтын құрам жатады. Мысалы, ҚР ҚК – 172 бабында   көрсетілген мемлекеттік құпияны жария ету туралы құрам қаралады. Бұлар әртүрлі қылмыс болғанымен, негіздері бір текке жататын қылмыстар. Бірақ олардың түрліше өзгешеліктерін ажырату керек.

_______________

3 Объект преступления по уголовному праву. М., 1960г. стр. 116.

4 А.Н. Трайнин Учение о составе преступлений. М., 1946г. стр.12.

Осы өзгешеліктерге байланысты оларға санкцияда әртүрлі жаза қаралады.

Бұл қылмыстардың өзгешеліктерін ажыратпай тұрып, заңды қолдануға болмайды. Біртектес қылмыстар туралы тізбектелген бірнеше құрамдар бір бапта қаралады. Мысалы, 1,2,3 деген сияқты немесе «а», «б», «в» деген белгілер арқылы немесе әр құрам өз алдына бап алғанымен, оның артынан екінші немесе үшінші бөлім болып келеді. Соған қарамастан оларды біртектес деу қажет. Біртектес қылмыстарды бірнеше құрамдарға бөлушілік тек сол құрамдардағы көрсетілген қылмыстарды бір-бірімен салыстырғанда олардың қоғамға қауіптілік дәрежелері әртүрлі болған жағдайларда ғана кездеседі. Егер олардың қоғамға қауіптілік дәрежесі бірдей жағдайларда заңшығарушы оларды бірнеше құрамға бөлмей, бір қылмыс ретінде ғана қарайды.5

Кейбір жағдайларда қылмыстардың қауіптілік дәрежесіне қарай біртекке жататын қылмыстар жоғарыдағыдай, үш түрлі құрамға емес, екі түрлі құрамға бөліну мүмкін. Мысалы, ҚР ҚК 173-бабындағы қылмыстар, онда мемлекеттік құпиялары бар құжаттарды және заттарды жоғалту деп айтылған. Заңшығарушы сол қылмыстарды біртектес болғанымен екі құрамға бөлген. Себебі ол әрекеттің дәрежелері әртүрлі, сондықтан олардың әрқайсысына лайықты жазаның түрі мен мөлшерін көрсету құрамға бөлінеді. Егерде біртекті қылмыстар бірнеше болғанымен, олардың қоғамға қауіптілік дәрежесі болатын болса ондай қылмыстар бір құрам болып қаралады.6

Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы, оның қылмыспен байланысы туралы көптеген еңбектер жазылған. Бірақ осы күнге дейін маңызды бірыңғай қөзқарастар жоқ. Ең алдымен көңіл бөлетін нәрсе – бұл байланыспайтын құбылыстарды байланыстыруға болған әрекет. Мысалы, нақты қылмысты мемлекеттік құпияны жария ету құрамының жалпы түсінігімен байланыстыруға ұмтылу. Біздің түсінігіміз бойынша жазықтықта жүргізу заңды сияқты. Мысалы, «тік сызық бойынша», яғни қылмысты бүкіл қатынастар бойынша, қылмыс түрін нақты қылмысты немесе «жалпы  құпияны жария ету құрамын» — нақты құпияны жария ету құрамын теңестіруді бірдей жазықтықта жүргізу.

____________________

5 Курс уголовного права. Т.2.М., 1984г.стр. 89

6 Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2007г. стр. 139.

 

Мұндай теңестірудің негізінде жалпы, ерекше және бірыңғай жазықтықта жүргізудің негізінде байланыс диалектикасы жатыр. «Көлденең сызық бойынша» қылмысты және қылмыс заңын, нақты құпияны жария ету құрамын теңестіру де заңды болып етіледі. Мұндай теңестіру негізінде мәні, мазмұны мен формасының байланыс диалектикасы.

Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы – бұл өзіне сеніп тапсырылған немесе қызметі, жұмысы бойынша белгілі болған адамның мемлекетттік құпияны заңсыз іс-әрекеттер арқылы бөгде адамдарға мәлім етуі болып табылады.

Бөгде адамдар деп – өзінің атқаратын жұмысы немесе қызметі жөнінен мемлекетттік құпия болып табылатын мәліметтерге ешқандай қатысы жоқ адамдарды айтамыз.

Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы – бұл қол сұғушылықтың заңды маңызды белгілерінің жиынтығы, сондай-ақ заңшығарушы заңда маңызды деп қол сұғушылықтың жалпы және міндетті белгілерін атайды. Бұл белгілер қылмыстық заңда көрсетілгендіктен қоғамға қауіпті болған қол сұғушылық қылмыс ретінде қарастырылуы қажет және тиісті болып табылады. Құрамдарды реттеу кезінде заңшығарушы мәні және мазмұнынан қорытынды шығарады. Мемлекеттік құпияны жария ету белгілері құрамында белгілі дәрежеде реттелген, заң тіліне аударылған, қылмыстық құқықтық түсініктерде көрсетілген, сондай-ақ бір мағыналы және заңды түсініктер және дәрежелер жүйесіне енгізілген. Қоғамдық қатынастардың құқықтық көрінісінің өзінің қисыны және техникасы бар, олай болған жағдайда құқық өз-өзіне тұтас және қатар қарсы болған болар еді. Сондықтан да,«бандит» қылмыстық құқықта күнделікті тұрмыста қолданылумен сай келе бермейтін түсінік болып табылады.7

Мемлекеттік құпияны жария ету құрамының жалпы анықтамасы «қылмыстық заңшығарушы бойынша белгілі бір қоғамдық қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын белгілер жиынтығы болуы мүмкін. Бұл құрамның жалпы анықтамасы емес, ал жалпы қылмыстық емес белгілі бір қоғамдық қауіпті әрекетті қылмыс реттінде сипаттайтын нақты құрамның анықтамасы. Бұған дұрыс көңіл бөлген В.С. Прохоров болды. Оның жазуы бойынша «Белгілі қылмыстық белгілердің жиынтығы нақты мемлекеттік құпияны жария ету құрамдары туралы түсінік береді», — деп дұрыс атап өтеді.

____________________

7 Курс уголовного права. Общая часть. Под ред. Н.Ф. Кузнецовой Т.1.М., 1999г.стр.187.

Мемлекеттік құпияны жария ету құрамының жалпы түсінігін беру үшін  нақты құрамдардың барлық белглері ішінен бүкіл құрамдарға тиісті болған белгілерін алу қажет. Әрине, бұл белгілердің саны әрбір нақты мемлекеттік құпияны жария ету құрамы белгілерінің санына қарағанда аз болады. Сондай-ақ бүкіл ерекше белгілер жойылады. Сонымен, жалпы мемлекеттік

құпияны жария ету құрамының түсінігіне бүкіл нақты мемлекеттік құпияны жария ету құрамдарына жататын белгілерді жатқызамыз. Яғни, мемлекеттік құпияны жария ету құрамының жалпы түсінігіне қылмыстың барлық түрлері мен барлық жағдайларына жалпы болған белгілер жатады.8

Мемлекеттік құпияны жария ету дегеніміз мемлекеттік құпияларды олармен танысуға құқық берілмеген заңды және жеке тұлғаларға хабарлау, беру, табыс ету, жіберу, жариялау немесе кез-келген басқа әдістермен жеткізу болып табылады.

Мемлекеттік құпия әр түрлі тәсілдермен, яғни ауызша әңгімеде, баяндама арқылы, хат жазысу сондай-ақ басқадай баспасөз беттерінде жарияланған материалдар арқылы немесе басқа адамдарға құпия құжаттарды көрсету, суретке салып алуға рұқсат беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Қылмыс мемлекеттік құпия болып табылатын  мәліметтер басқа адамға жария болғаннан бастап аяқталған деп табылады.

Мемлекеттік құпияны жария ету түсінігіне заңшығарушы құпияны жария ету құрамының түсінігін береді. Бұл түсінікке билеуші қатынастарға қоғамдық қауіпті қол сұғушылық ретінде қылмыстың әлеуметтік-саяси сипаттамасы және қылмыстық заңда әрекет ретінде оның заңды сипаттамасы кіреді. Біздің атап өткеніміздей қылмыстың заңшығарушылық анықтамасы толық емес, мемлекеттік құпияны жария ету құрамының заңшығарушылық анықтамасы туралы да осылай айтуға болады. Онда мемлекеттік құпияны жария ету құрамы, сондай-ақ қылмыс құрамының мазмұны толық ашылмаған. Сонымен қатар, мемлекеттік құпияны жария ету құрамының міндетті белгілері аталмаған. Сонымен, мемлекеттік құпияны жария ету түсінігінде қол сұғушылықтың әлеуметтік және саяси сипаттамасы, (оның қауіптілігінің мәні материалдық қауіптілілік) қылмыс ретінде оның заңшығарушылық бағасы кіреді. Жалпы анықтамасында қылмыстық қауіпті қол сұғушылықтың барлық қажетті белгілері, яғни мемлекеттік құпияны жария ету құрамының субъектісі, мемлекеттік құпияны жария ету құрамының объектісі,

____________________

8 А.Н. Трайнин Состав преступления по советскому уголовному праву. М., 1951г.стр.212

объективтік жағы және субъективтік жағы заңды тілде берілуі керек. Қылмыс пен мемлекеттік құпияны жария ету құрамының жалпы түсінігі нақты мемлекеттік құпияны жария ету құрамының мағынасын терең түсіну қажет.

Қылмыстың белгілі бір түрінің анықтамасы нақты мемлекеттік құпияны

жария ету құрамын құрастыру керек. Нақты мемлекеттік құпияны жария ету құрамы дегеніміз – заңды белгілер жиынтығының көмегімен заңшығарушының белгілі бір түрін анықтауы, бейнелеуі болып табылады. Заңшығарушы заңда қылмыстың әрбір жағдайын бейнелеп бермейді. Ол мұны жасай алмайды, жасаудың қажеттілігі де жоқ. Берілген қылмыс белгілерінің заңда көрсетілуінің өзі жеткілікті. Нақты мемлекеттік құпияны жария ету құрамының белгілері нақты қылмыстардан алынады. Бұлар әрбір нақты қылмыстарда болатын белгілер болып табылады. Сонымен қатар, мемлекеттік құпияны жария ету құрамы реттелген, белгіленген. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамының заңсыз болуы мүмкін, бірақ ол қоғамдық қауіпті қол сұғушылықсыз да болмайды. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы берілген қоғамға қауіпті қол сұғушылықты деп тануға қажетті және жеткілікті белгілердің жиынтығы болып табылады. Осы белгілердің біреуінің болмауы мемлекеттік құпияны жария ету құрамы туралы және қылмыс туралы айтуға мүмкіндік бермейді. Өкінішке орай мұндай жағдай дұрыс түсініле бермейді.9

Жасы толмағандардың қоғамды сыйламаушылықпен байланысты қоғамдық тәртіпті бұзуы көп жағдайда қылмыс болып табылады, себебі ол заңмен қорғалатын нақты қатынастарға қол сұғушылықпен тікелей байланысты. Н.Ф. Кузнецованың айтуы бойынша, «қылмыс субъектісі қылмыс үшін де, мемлекеттік құпияны жария ету құрамы үшін де міндетті». Қылмыстың заңшығарушы анықтамасында қылмыс субъектісі туралы ештеңе айтылмайды. Осыған байланысты автор түсінік береді: «Жаспен және анықталатын жалпы субъект белгілері қылмыстық-құқықтық әрекет және кінәнің түсінігін қамтиды». Сонымен, мемлекеттік құпияны жария ету құрамы Ерекше бөлім баптарының диспозициясында көрсетілген белгілері белгілерге қиюластыруға болмайды. Ерекше бөлім баптарының әрбір диспозициясында қылмыстық әрекеттің тиісті түріне толық сипаттама берілген жағдайда мұндай көзқарас дұрыс болған болар еді. Бірақ қазіргі заң

____________________

9 Преступление, состав преступления, диспозиция уголовно-прававой нормы.//Вестник Московского унивеситета, 1967г. №4, стр. 43

мұндай қағида қолданбайды. Кейбір жағдайларда бұл Ерекше бөлім нормаларын құрастыру кезіндегі ақталған лаконизмнің нәтижесі. Мысалы, қажетсіз түсіндіру кезінде тек қана қиыншылықтар тудыратын және практикалық қолдануға диспозиция көмегімен мемлекеттік құпияны жария ету құрамы толық емес заңшығарушы сипаттамасына мемлекетке сатқындық

сияқты құрамды келтіруге болады. Тексте лаңкестік акт, диверсия, қастық жасау және осы топтағы басқа да қылмыстарды сипаттайтын бап диспозициясының болмауы, қылмыс субъектісіне байланысты ешқандай көрсеткіштер жоқ. Мұндай жағдайларда құрамның болуы мемлекеттік құпияны жария ету субъектісін қанағаттандыратын тиісті қасиеттерін анықтамай-ақ мойындалуы мүмкін. Бұл көрсетілген қылмыстарда субъект қандай да бір ерекше, жалпылардан өзгеше белгілермен (мысалы, мемлекетке сатқындық кезінде азаматтық белгісі) сипатталмайтындығын білдіреді.

Қылмыс пен мемлекеттік құпияны жария ету құрамы түсінігінің маңызын анықтау және олардың арасындағы қарым-қатынас «мемлекеттік құпияны жария етудің элементі» және «мемлекеттік құпияны жария ету құрамы белгісінің» маңызы қатынасы туралы мәселені дұрыс шешуге мүмкіндік береді. Ең алдымен қарастырылатын мәселе терминологияға шамамен анықтау қажеттілігі туады. Бұл қажеттіліктің пайда болу себебі осы уақытқа дейін оқулықтарда және монографиялық қылмыстық-құқықтық әдебиеттерде мемлекеттік құпияны жария ету құрамы туралы мәселелерді қарастыру кезінде бір жағдайларда мемлекеттік құпияны жария ету құрамының «элементі» қолданылса, екінші жағдайларда мемлекеттік құпияны жария ету құрамының «белгілері» термині қолданылады. Ереже бойынша «элемент» және «белгі» түсініктерінің арасында айырмашылық жоқ, мысалы, қылмыстық қол сұғушылықтың объектісі және құрамының белгілері екендігін көрсете отырып, кейбір авторлар кейіннен субъектіні сипаттайтын белгілер туралы мәселені қарастыруға көшеді. Сонымен «белгілердің белгілері» немесе «элементтердің элементі» туралы сөз болғанда жағдай терминдерінің дұрыс қолдану талаптарымен, логикасымен үйлеспеушілік пайда болады. Мұндай жағдай қылмыс құрамымен байланысты болған мәселелерді анық айтып беруге ықпал етпейді және оқушылардың, юстиция органдары қызметкерлерінің заң әдебиеттерін пайдалануын жеңілдетпейді.

Мемлекттік құпияны жария ету құрамы туралы сөз болғанда белгілі, заңмен анықталған белгілер жиынтығы туралы айтылуы қажет. Белгілерді көрсете отырып, заң шығарушы қылмыстық заңда мемлекеттік құпияны жария ету түрін және мемлекетік құпияны жария ету құрамын анықтайды. Адам жасаған әрекет немесе әрекетсіздігінде белгілерінің қылмыстық заңда көрсетілген белгілерімен дәл келуі, бұл әрекетте мемлекеттік құпияны жария ету құрамы бар деп санауға мүмкіндік береді. Оның әрекетінің квалификациясы заңда көрсетілген норма бойынша дұрыс болып табылады. Бұл түсінікке енетін абстракцияны емес, қоғамдық өмірдің шыншыл, нақты дәлелдерін басшылыққа ала отырып, (белгілі бір адамды қандай да бір жерде өлтіру, нақты уақытта және жүзеге асқан жеке мүлікті ұрлау) қылмыстың құрамдас бөліктері туралы айту қаншалықты заңды екені туралы сұрақ туады. Әрине, шын болған қылмысты қоғамдық өмірдің нақты дәлелі ретінде құрамдас бөліктерге беруге болмайды. Қылмыс қоғамға қауіпті әрекет немесе әректсіздігіне бірыңғай бөлінбейтін құбылыс. Соған қарамастан қылмыстық құқық ғылымы мемлекеттік құпияны жария етуді талдау мақсатында бұл бір тұтастықты оның құрамдас бөліктеріне, объектісі,  субъектісі, объективтік және субъективтік жағы деп бөлуге болады деп есептейді.10

Логикалық талдау дегеніміз зерттелетін объектіні құрамдас бөліктерге ойша бөлу және жаңа білімдерді алу әдісі болып табылады. Зерттелетін оъектінің сипатына байланысты талдау әртүрлі формаларда болады. Тұтасты құрамдас бөліктерге бөлу зерттелетін объектінің құрылысын анықтауға мүмкіндік береді немесе күрделі құбылысты қарапайым элементтерге бөлу маңыздыны маңызсыздан ажыратуға мүмкіндік береді.

Криминалист ғалымдардың қылмысты оның элементтеріне бөлуі физиолог ғалымдардың бөлуімен сай келеді. Олар бірыңғай және біртұтас қүрделі болып келетін жануарларды, олардың ағзаларын зерттей отырып, қанайналым, тамақ қорыту және тыныс алу сияқты мүшелерін жеке бөліп зерттейді. Өмірде жануардың тірі ағзасының бірде-бір мүшесі өздігінен жеке дара өмір сүре алмайды. Сол сияқты қылмыстың құрамдас бөліктері, элементтері өзара тығыз байланысты. Мемлекеттік құпияны жария етудің әрбір элементі оның басқа элементтерімен байланыссыз қылмыстың құрамдас бөлігі деген өзінің сапасынан айырылады.

Сонымен, құпияны жария ету туралы айтар болсақ, оның өзіне тән қасиеттері және құрамдас бөліктері немесе элементтері туралы айту заңды. Құпияны жария ету құрамы белгілерінің көмегімен заңшығарушы

____________________

10 Учебник уголовного права. Общая часть. Под ред. В.Н. Кудрявцева. М., 1996г. стр. 81.

қылмыстың құрамдас бөліктерін, оның қасиеттерін және қоғамдық қауіпті

әрекет ретінде қылмыстың өзін сипаттайды.

Қылмысты қандай құрамдас бөліктерге бөлу қажеттігін терең зерттеу үшін оның қандай элементтеріне назар аудару туралы мәселені шешудің өзі

үлкен маңызға ие. Заң әдебиеттерінде мемлекеттік құпияны жария ету төрт құрамдас бөліктерге бөлу және сәйкес мемлекеттік құпияны жария ету құрамының белгілерін төрт топқа бөлу кең қолданылады. Бұлайша бөлу дұрыс деп саналады. «Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы дегеніміз сол қылмысты құрайтын белгілердің жиынтығы», деген ұсыныс қарсылық тудырады.

Біздің түсінігімізше белгілер қандай болуына қарамастан өздігінен қылмыс құрай алмайды. Белгілер қылмысты тек қана сипаттауы  немесе анықтауы мүмкін.

Заңмен белгіленген мемлекеттік құпияны сипаттайтын құрам белгілерін  жіктеу туралы мәселе де белгілі анықтаманы талап етеді.

Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің құпиялылық    дәрежесі аталған мәліметтерді тарату салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен мемлекеттің, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін залалдың ауырлық дәрежесіне сәйкес келуге тиіс.

Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің құпиялылық үш дәрежесі және осы дәрежелерге сәйкес көрсетілген мәліметтердің көздеріне арналған: «аса маңызды», «өте құпия» және «құпия» деген құпиялылық белгілері белгіленеді.

Мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерге «аса маңызды», «өте құпия» деген құпиялылық белгілері беріледі.

Құпияны құрайтын мәліметтерге «құпия» деген құпиялылық белгісі беріледі.

Аталған құпиялылық белгілерін мемлекеттік құпияға жатқызылмаған мәліметтерді құпияландыру үшін пайдалануға, сондай-ақ көрсетілген мәліметтерге өзге де шектеу белгілерін беруге жол берілмейді.

Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы дегеніміз – бұл қылмыстың обьектісіне, обьективтік жағына, субьектісіне және субьективтік жағына жататын заңмен белгіленген белгілердің бірлігі болып табылады. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы белгілерінің тек қана біреуін немесе бірнешеуін анықтау, барлық белгілері толық болмаған жағдайда мемлекеттік құпияны жария ету құрамы туралы айтуға мүмкіндік бермейді. Егер мемлекеттік құпияны жария ету құрамы болмаса, онда қылмыстық жауапкершілік үшін негіз де болмайды.

Мемлекеттік құпияны жария ету құрамына заңшығарушы мемлекет үшін және сондықтан да жазаланатын қоғамдық қауіпті немесе әрекетсіздікті сипаттау үшін қажетті деп есептейтін белгілер жиынтығы кіреді. Қылмыс түсінігі және мемлекеттік құпияны жария ету құрамының түсінігі өздерінің мазмұны және құқықтық маңызы бойынша бір біріне өте жақын. Сондықтан да оларды механикалық бөлуге болмайды. Қылмыстық құқық жүйесін құру және заңдылықты бекіту үшін қылмыс түсінігі және мемлекеттік құпияны жария ету құрамы түсінігі деп аталатын екі маңызды түсініктердің нақты шынайы қатынастарын анықтау қажет. Бұл маңызды мәселені шешу үшін ең алдымен оларды саяси және құқықтық маңызды бөлуде  қылмыс пен мемлекеттік құпияны жария ету құрамы түсініктер арасынан шек іздеуге ұмтылуды жою керек. Жоғарыда толық айтылып өткендей мемлекеттік құпияны жария ету құрамы дегеніміз қылмыс ретінде мемлекет үшін нақты қоғамдық қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті анықтайтын барлық обьективтік және субьективтік белгілердің жиынтығы. Бір жағынан қылмыстың, екінші жағынан мемлекеттік құпияны жария ету құрамының жалпы типтік анықтамасы осындай. Осылайша олардың түрлері анықталады. Нақтыланған мемлекеттік құпияны жария ету түрлеріне: мемлекеттік құпияны заңсыз алу, құжаттарды ұрлау, жоғалту, шпионаж, опасыздық жасау және сол сияқты тағы да басқалары жатады. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамының нақтыланған түрлеріне:  мемлекеттік құпияны заңсыз алу, құжаттарды ұрлау, жоғалту, шпионаж, опасыздық жасауды және құрамның басқа түрлерін сипаттайтын элементтердің жиынтығы жатады. Сонымен құрамдар мемлекеттік құпияны жария етудің жеке түрлерінің мазмұндарын нақты дәлелденген белгілер арқылы ашып береді.

Мемлекеттік құпияны жария ету туралы жалпы оқуда обьект және обьективтік жақтың, субьект және субьективтік жағының мәселелерін терең зерттеу қажет. Сонымен қатар, мемлекеттік құпияны жария ету құрамы туралы жалпы оқуда  мемлекеттік құпияны жария етудің обьект және обьективтік жағын, субьект және субьективтік жағын сипаттайтын элементтерді ажырата білу қажет.11

____________________

11 Л.И. Блинова Основные вопросы общей части советского уголовного права. М., 1976г. стр. 101.

«Мемлекеттік құпияны жария ету» және «мемлекеттік құпияны жария ету құрамы» түсініктерінің айырмашылықтары қатысушылардың жауапкершіліктерін анықтауда шешуші рөл атқарады, яғни қатысушы міндетті түрде сол қылмыс үшін жауапкершілікті анықтайды, бірақ көбінесе

сол құрам үшін жауапкершілікті анықтамайды.

Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы түсінігі мен қылмыс түсінігін араластыру және қылмыс туралы оқу есебінен  мемлекеттік құпияны жария ету құрамы туралы оқуды кеңейту  мемлекеттік құпияны жария ету құрамын зерттеуге,  мемлекеттік құпияны жария ету құрамы түсінігінің мәселелерін зерттеуге, сондай-ақ оның қылмыстық жауапкершілікті анықтаудағы рөліне де үлкен шығын келтіреді. Бұл араластырулар мен әрекеттер заңдылықты бекіту міндеттерімен байланысты деп табылғанымен, олар дәлелді бола алмайды.12

Әрбір қылмыс қоғам үшін қауіпті. Сондықтан да әрбір мемлекеттік құпияны жария ету құрамы заңшығарушының көзқарасы бойынша өзінің жиынтығынан берілген әрекетті анықтайтын дәлелді белгілердің тізімін көрсетуі керек.

Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы элементтерінің табиғатын

түсіну үшін мыналарды еске алу керек, яғни  мемлекеттік құпияны жария ету құрамының элементтері дегеніміз – заң қылмыстық-құқықтық мағына беретін белгілер емес, содықтан да ерекше бөлім нормалары диспозициясына енгізіледі. Бұл белгілердің барлық жиынтығынан қоғамдық қауіпті жазаланатын әрекет түзетіндей етіп заңшығарушы тарапынан түзілген.

Заңдылықты бекітуде маңызды рөл ойнайтын қылмыстық әрекеттерді дұрыс жіктеу, мемлекеттік құпияны жария ету құрамының элементтерін дұрыс талдау жасауды талап етеді. Демек, мемлекеттік құпияны жария ету құрамы дегеніміз – жиынтығынан қоғамға қауіпті қылмыстық әрекет құрайтын жеке элементтерден құралады. Құрам болмаса қылмыс туралы сөз болудың өзі мүмкін емес, ал заң талап ететін элементтер болмаса құрам болмайды.

Құрам элементтерін дұрыс түсіну дегеніміз қылмыстық әрекеттерді дұрыс жіктеу үшін және заңдылықты бекіту үшін күресте қажетті шарт болып табылады.

Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы – бұл типтік түсінік, кез келген

____________________

12 Курс советского уголовного права. Часть общая. В 6-ти томах. Т.1.М., 1970г. стр. 211

түсінік сияқты мемлекеттік құпияны жария ету құрамы да жеке түрлерге бөлінеді. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамын дұрыс жеткізу – бұл мемлекеттік құпияны жария ету құрамы туралы барлық мәселелерді дұрыс шешудің және заңды дұрыс қолданудың маңызды шарттарының бірі болып

табылады. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамын жіктеу мәселелерін дұрыс шешу үшін ең алдымен объективтік және субъективтік құрамдардың айырмашылықтарын қарастыру қажет. «Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы қылмыстық құқықта өзіне барлық бөлінбейтін байланыстар мен өзара әрекеттің объективтік және субъективтік белгілерін қосып алады», деп профессор А.А. Герцен дұрыс атап көрсетеді. Бұл түсінік бойынша  мемлекеттік құпияны жария ету құрамының объективтік және субъективтік

жақтары анықталады.13

Қылмыс екі типті – жалпы және арнайы, ал құрамдар да – екі типті жалпы және арнайы немесе абстрактілі деп айту қате болар еді. Сонымен, бұл жерде әр түрлі екі түсінік араласқан, яғни жалпы құрам түсінігі және  мемлекеттік құпияны жария ету құрамының жалпы түсінігі. Егер жоғарыда айтылып өткен қылмыстың субъективтік және объективтік құрамдарын ажыратуда құрамның жалпы түсінігін жасанды бөлуге ұмтылу айтылған болса, жалпы және арнайы құрамды ажыратуда, нақты құрамнан жалпы құрамды алу жолымен жасанды бөлуге ұмтылу бар. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы жалғыз және нақты болғандықтан, жоғарыда аталған мемлекеттік құпияны жария ету құрамдарын жіктеуге талаптану әрекеті жалпы құрамдарды жіктеуге жатпайды.14

Бұл жерден мынадай шешім жасалады: жіктеу тақырыбы нақты қылмыстық әрекет құрамдары түріндегі мемлекеттік құпияны жария ету құрамдары ғана бола алады. Құрам біреу және барлық уақыт ол заң сүйенетін нақты элементтерге толы болады. Бұл элементтердің біреуі жетіспесе мемлекеттік құпияны жария ету құрамы болмайды; барлық элементтері толық болса, мемлекеттік құпияны жария ету құрамы болады. Жартылай және бөлшектенген құрамның болуы мүмкін емес.

Мемлекеттік құпияны жария ету құрамын жіктеу Ерекше бөлімді құру үшін негіз ретінде, қоғамдық қауіптілік дәрежесі бойынша құрамдардың жіктелуін көрсетеді.

____________________

13 Уголовное право. Общая часть. М., 1999г. Стр. 303.

14 Ю.И. Ляпунов Советское уголовное право. Часть общая. М., 1968г. стр. 99.

Мемлекеттік құпияны жария ету құрамдарын жіктеу кезінде қоғамға қауіптілік дәрежелері бойынша олардың үш түрін айыра білу керек.

  1. Негізгі құрам;
  2. Ауырлататын құрам;
  3. Жеңілдететін құрам.15

Қылмыстық құқықта мемлекеттік құпияны жария ету құрамының табиғатын түсіну үшін құрылысы бойынша құрамдарды жіктеу күрделі маңызды болып табылады. Заңшығарушы құрамдарды қарастыру кезінде әртүрлі әдістерді қолданады. Бұл әдістерді жүйелі зерттеу үшін және заңды дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету үшін ең алдымен құрамдарды ажырата білу керек: 1. жай, 2. күрделі. Әрі қарай жай және күрделі құрамдар топтары ішінен әрбірі өзінің спецификалық қасиеттерімен ерекшеленетін топшаларды ажырату. Жай құрамдардың ішінен мынадай құрамдарды ажырата білу керек: 1. бейнелейтін, 2. бланкеттік. Бейнелейтін құрамдар туралы айтатын болсақ, заңның тілі барлық уақытта ұстамды, қысқа және дәл болуы керек. Бұл талаптар жай бейнелейтін құрамдардың құрылысында көрініс табады. Мұндай құрамдардың элементтері заңмен бейнеленген бірақ өте қысқа және дәл бейнеленген.                                                                                                                                      

Бланкеттік құрамдар құрылысында заңшығарушы басқа жолмен жүреді. Бланкеттік құрамдар туралы айтар болсақ, олардың бейнелейтін құрамдардан айырмашылығы, бланкеттік құрамдарды бейнелеу нормаларында заң қылмысқа анықтама бермейді, басқа нормаларға сүйенумен шектеліп қалады.

Бланкеттік нормалар мемлекеттік құпияны жария ету құрамын анықтайтын болғандықтан, бұл анықтаманы бланкеттік нормалар сүйенетін заңдар мен ережелерден іздеу қажет. Бланкеттік құрамдар өздерінің мазмұны бойынша өте күрделі болып келеді, себебі олар басқа нормаларға жіберіледі. Жай  құрамдар заңда бір диспозицияға біріккен болып шығады. Біріккен құрамдардың еркшелігі, қылмыстық жауапкершілік үшін мұндай жағдайларда қылмыстық кодекстің сәйкес баптарының диспозицияларына көрсетілген кез келген құрамдардың болуы жеткілікті болып табылады. Күрделі бейнелейтін құрамдар заңда өте жиі кездеседі. Сонымен қатар, оларды талдау өте үлкен қиыншылықтар тудырады. Заңшығарушылық құрылғыдағы құрамдарды тереңірек зерттеу үшін олардың арасынан бірнеше  топтарды ажырата білу керек. Бұларға мыналар жатады, яғни, а)

____________________

15 Т.Г. Шавгулидзе Аффект и уголовная ответсвенность. Тбилиси, 1973г. стр. 192.

Альтернативтік құрамдар, ә) Екі әрекеттен тұратын құрамдар, б) Кінәнің екі түрінен тұратын құрамдар, в) Екі обьектілерден тұратын құрамдар.

Бірінші топтағы альтернативтік құрамдарды талдап көрелік. Әрбір

мемлекеттік құпияны жария ету құрамдары түгел болуы үшін заң бойынша құрамдарды түзетін барлық элементтердің болуы қажет. Альтернативтік құрамдардың ерекше топтарын ажыратудың практикалық маңызы, бұл жерде  қылмыстық жауапкершілік үшін заңда аталған элементтердің барлығы болуы қажет емес. Мысалы, ҚР ҚК 166-бабындағы шпионаждың құрамы болуы үшін өзінің мазмұны бойынша арнайы қорғалатын мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді беру немесе ұрлау, мәліметтерді беру мақсатында жинаудың өзі жеткілікті. Бұл жерде альтернативтік дегеніміз белгілі бір әрекетке, яғни ұрлауға, сақтауда көрінетін құрамның элементі болып табылады. Тек қана әрекет немесе нәтижелер емес, сонымен қатар, құрамның басқа элементтері де альтернативтік бола алады.

Күрделі бейнелейтін құрамдардың басқа тобын белгілі әрекеттің жасалуын қарайтын емес, ал екі немесе одан да көп әрекеттердің жасалуын қарайтын құрамдар құрайды. Қылмыс бірнеше актілерден құралуы мүмкін. Мемлекеттік құпияны жария етудің күрделі құрамдарын көптік әрекет белгілері бойынша жіктеу кезінде басқа нәрсе туралы сөз болады. Бұл жерде акт, және әрекет туралы құрамды түзбейді, мазмұны бойынша әртүрлі болып келетін заңмен қаралған әрекеттің жиынтығы ғана сәйкес құрамды түзе алады.16

«Екі әрекеттен тұратын құрамдарды қылмысты жасау дәрежелері туралы мәселе өздігінен шешіледі. Бір әрекеттің болуын сипаттайтын жай түрдегі құрамдарда қылмысқа дайындық, шабуыл жасау және аяқтау бұл әрекетті жүзеге асырудың сипаты және дәрежесі бойынша жазылады. Екі әрекеттен тұратын құрамдарда басқаша жағдай пайда болады. Бұл жерде бір аяқталған әрекет сәйкес қылмысты жасауға дайындық болып табылады.»

Кінәнің екі түрінен тұратын құрамдар туралы айтар болсақ, жалпы ережелер бойынша (қасақаналық және абайсыздық) кінә әрбір құрамда жалғыз болады. Бірақ, кейбір құрамдарда кінәнің бір немесе екі түрі көрсетілуі мүмкін.

Қылмыстық кодексте бұл құрамдар аса көп емес, бірақ олар сот-тергеу тәжірибесінде маңызды роль ойнайды және тиісті талдауды талап етеді.

Қол сұғушылықтың белгілі бір түрі (мысалы, жеке тұлғаға қарсы

____________________

16 Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2007г. стр. 171.

қылмыс) немесе оның нақты түрі (мысалы, қорлау) туралы сөз болуы немесе болмауына қарамастан қол сұғушылық обьекті әртүрлі типтік немесе түрлік

көрініс алады. Екі обьектінің болуы сипатты болып табылатын күрделі құрамдарда жағдай басқаша болады. Мына бір нақты қол сұғушылық бірдей уақытта екі обьектіге қол сұғады, осыған сәйкес бір нақты құрам әртүрлі екі обьектілердің болуына мүмкіндік береді. Екі обьектілерден тұратын күрделі құрамдар қылмыстық құқықта жалғыз емес. Мұндай құрамдарға бұзақылықтан басқа, обьектілері жеке тұлға мен мүлік болып табылатын шабуыл жасау жолымен тонау және мәжбүрлеуді жатқызуға болады. Бұл құрамдардың ерекшелігі ерекше бөлімнің жеке тараулары бойынша құрамдарды тарату жүйесін өзгертуге алып келуі мүмкін.17

«Мемлекеттік құпияны жария ету құрамының элементтері өзінің мазмұны бойынша әр түрлі болып келеді. Заң қылмыс субъектісін және оның объектісін, қылмыс әкелген шығынды, қылмыскердің әрекет ету әдісін, оның себептері мен мақсаттарын сипаттайтын белгілерді қарастырады. Құрам элементтерін терең зерттеу үшін оларды мұқият жүйелендіру керек». Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы элементтерінің  жүйесін қалай құру керек? Жоғарыда атап өткендей, объективтік және субъективтік белгілердің айырмашылығы мемлекеттік құпияны жария ету құрамы туралы жалпы оқуды құру үшін негіз бола алмайды, сондай-ақ ол қылмыстың жеке құрамдарын жіктеу үшін де негіз бола алмайды. Бұл жерде объективтік және субъективтік белгілердің айырмашылығы – қылмыс туралы оқуда ешқандай рөл ойнамайды деп жалпылама шешім қабылдау теріс болған болар еді. Керісінше, мемлекеттік құпияны жария ету құрамына объективтік және субъективтік элементтер кіретін болғандықтан, екінші жағынан әрбір құрамда барлық уақыт қылмыстың объективтік және субъективтік белгілері болғандықтан, құрам элементтерін объективтік және субъективтік белгілер бойынша жіктеу мемлекеттік құпияны жария ету құрамдарының дәлелді мазмұнымен және заңды табиғатымен толық сәйкестікте тұр деп шешім қабылдауға болады.

Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы элементтерін зерттеудің мұндай жүйесі заңдылықты күшейту ісіне қызмет етуге мүмкіндік береді.  Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы элементтерінің жеке топтарын құру кезінде мәселені шешуді қиындата түсетін мәнді қателерге жол беріледі.

____________________

17 Б.С. Маньковский Проблема ответсвенности в уголовном праве. Москва-Ленинград, 1949г. стр.12

Объект, объективтік жағы, субъект және субъективтік жағы қылмыс құрамының элементтері деген болмайды. Сондықтан да олардан құрам

құрылмайды. Құрамда емес, қылмыста объект және объективтік жағы, субъект және субъективтік жағын ажырата білу керек.

Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы қылмыстың нақты мазмұнын ашатын болғандықтан, құрамда қылмыс объектісін және объективтік жағын, субъект және субъективтік жағын сипаттайтын элементтерді ажырату керек.

Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы:

  1. мемлекеттік құпияны жария ету объектісінен;
  2. мемлекеттік құпияны жария ету құрамының объективтік жағынан;
  3. мемлекеттік құпияны жария ету субъектісі;
  4. мемлекеттік құпияны жария ету құрамының субъективтік жағынан құралады.

Мемлекеттік құпияны жария ету объектісін сипаттайтын құрамның элементтерін атап өтетін болсақ, қылмыс әрекетте немесе әрекетсіздікте қөрініс табуына қарамастан, әрбір қылмыс белгілі бір объектіге қол сұғады, ал ештеңеге қол сұқпайтын қылмыстың өзі табиғатта болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамының объективтік белгілері

 

2.1. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамының объектісі.

Қылмыстың тікелей объектісі мемлекеттік құпияларды сақтаудың заңда белгіленген тәртібіне қол сұғу болып табылады.

Осы қылмыстың затына мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер жатады.

Қол сұғушылықтың объектісі – материалдық және материалдық емес құндылықтар, яғни саяси, моралдық, мәдени және басқалары бола алады. Кез келген қол сұғушылықтың объекті дегеніміз – сол қол сұғушылық шығын келтірген немесе шығын келтіруге ұмтылушылық болып табылады. Құқықтық норма, сондай-ақ қылмыстық-құқықтық норма шығынға төзуі мүмкін емес. ҚР КҚ 96-бабы бойынша кісі өлтіргені үшін соттау, бұл норманың ыншыл маңызын дәлелдейді.

Объект құрамының міндетті элементтерінің бірі болып табылады, сондықтан да объектісіз қылмыстың өзі мүмкін емес. Қылмыстық заңмен қылмыс ретінде қарастырылатын кез келген қоғамдық қауіпті әрекет белгілі бір объектке қол сұғады. Қылмыстық қол сұғушылық кезінде объектке шығын келтіру қаупі туады.

Объектіні дұрыс анықтау қылмыстық әрекеттің әлеуметтік және құқықтық табиғатын анықтауға, жасалған қылмыс үшін ыстық жауапкершілік түрлері мен шектерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар объектті айқындау қылмыстардың ұқсас құрамдарын бір-бірінен ажыратуға, қылмыстық әрекетті қылмыстық емес әрекеттен ажыратуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ кез келген әрекеттің қоғамдық дәрежесі маңызды дәрежеде қандай объект қол сұғушылыққа ұшырап отырғандығына да байланысты болады, сондықтан да әрекеттегі қылмыстық заңдылықта қылмыстық қаралғандай қандай да бір әрекеттің белгілері бар, бірақ маңыздылығының аздығынан қоғамдық қауіпті болмайтын әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып саналмайды. Объект осымен шектелмейді.18

Мемлекеттік құпияны жария ету объектісінің белгілері бойынша заңшығарушы қылмыстық-құқықтық нормаларды жүйелеу және кодификациялау сияқты күрделі жұмысты жүргізеді.

____________________

18 Н.И. Коржанский Объект посегательства и квалификация преступлений. Волгоград, 1976г. стр.56.

Бұрыңғы Кеңес Одағы елдерінің қылмыстық құқық теорияшыларының басым көпшілігінің ойлары бойынша мемлекеттік құпияны жария ету объектісі қоғамдық қатынастар болып табылады.

Қоғамдық қатынастар – бұл қатынастар жалпы түсінігің бір түрі болып табылады. Әдістемеде қатынастар «барлық құбылыстардың өзара байланыстар кезеңі» ретінде анықталады.

Адам әлеуметтік тіршілік иесі ретінде көрінетін қоғамдық қатынастар ерекше сипатқа ие. Адам өзі құрған заттармен, объективті әлеммен және басқа да тұлғалармен белгілі қатынастарға түседі. Осының нәтижесінде өзі меңгерген әлемде ол өзін-өзі танып, басқа адамға өзіне сияқты қатынаста бола отырып қана өзіне адам сияқты қатынаста болады. Дәл осымен адамзат санасының қоғамдық табиғаты мен таным барысындағы қоғамдық қатынастарды зерттеу қажеттігі түсіндіріледі.

Қоғамдық қатынастар адамдар арасында практикалық, танымдық және рухани әрекеттері нәтижесінде қалыптасады. Сондықтан қоғамдық қатынастар жүйесінде бірінші орында басқа қоғамдық қатынастар сипатын анықтайтын өндірістік қатынастар бөлініп шығады.

Қоғамдық қатынастардың өзі сипаты бойынша және құрылымы бойынша да күрделі құбылыс болып табылады. Бірақ қоғамдық қатынастардың басты элементтері қоғам, мемлекет және олардың қойылымы, құрылуы және олардың өкілдері; әртүрлі бірлестіктер және адамдар ұжымы, жеке тұлғалар; материалдық әлемнің пәндері және қоғамдық қатынастар қатысушылары арасындағы өзара байланыстары бола алады.

Белгілі бір қылмыс жасай отырып, кез келген тұлға қоғамдық қатынастардың белгілі бір элементтеріне қол сұғады, қатынастар қатысушыларының мүдделеріне тікелей немесе жанама зиян келтіре отырып, олардың өзара байланысын бұзады.19

Қоғамдық қатынастардың  барлығы қылмыстық заңмен қорғалмайды, ал тек қана заңшығарушы тарапынан құнды деп шалғандар ғана қорғалады. Қылмыстық заңда қылмыстық қол сұғушылықтан қорғалатын маңызды қоғамдық қатынастар еңбектері көрсетілген. Мысалы, 1959 жылғы Қазақ ССР-нің Қылмыстық кодексінің 7-бабында көрсетілгендей, қылмыстық заңда қоғамдық құрылысқа, саяси және экономикалық жүйеге, жеке меншік, жеке

сондай-ақ қоғамдағы құқықтық тәртіпке қол сұғатын қоғамдық қауіпті әрекет

____________________

19 Б.С. Никифоров Объект преступления по советскому уголовному праву. М., 1960г. стр. 106.

қылмыс деп мойындалынады. Қоғамдық қатынастардың осындай маңызды салаларын қорғау қылмыстық заңдылықтың міндеті ретінде көрсетілген.

Мемлекеттік құпияны жария ету объектісін қылмыстық құқытық реттеу объектісінен ажырату керек.

Қылмыстық құқық құқықтың басқа да салалары сияқты ең алдымен құқықты реттеу объекті бойынша жеке сала ретінде бөлінген.20

Мемлекеттік құпияны жария ету объектісі қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың әр түрлі салаларында, өңдірістік, қоғамдық, рухани және адамдардың жеке өмірінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар болып табылады.

Сонымен, кез келген мемлекеттік құпияны жария ету объектісі қоғамдық қатынастар болады деп айта аламыз. Нақты мемлекеттік құпияны жария ету объектілерінің мазмұны және құрылысы туралы, оларға қылмыстық сақтану мен шығын келтіру механизмі туралы мәселелер әлі де болса толық зерттелмеген мәселелер қатарына жатады.

А.А. Пионтовский: «Мемлекеттік құпияны жария ету объектісі дегеніміз қоғамдық қатынастар» деп дұрыс шешім қабылдай отырып, қылмыстың тікелей объектісін қарастыруда барлық уақыт осы тезис бойынша жүрген жоқ. Мысалы, ол: «Қылмыстық қол сұғушылық объектісі қоғамдық қатынастардың өзі емес, ал олардың элементтері бола алады», деп жазды. Қоғамдық қатынастар және мән мен құбылыс сияқты материалистік диалектика дәрежесі жазықтығындағы мемлекеттік құпияны жария ету тікелей объектісі ретінде қылмыс объектісі қатынастарын көрсететінін А.А. Пионтовскийдің пайымдауымен келісуге болмайды. Мән мен құбылыс дәрежесі дегеніміз бірдей заттардың әр түрлі жақтарын көрсететін дәреже болып табылады. Сонымен қатар, қылмыс жасау кезінде кінәлі тәкелей қоғамдық қатынастарға емес, оның жеке құбылысының элементтеріне әсер етеді, деп Пионтовский жағдайды реттеудегі дұрыстығын жоққа шығаруға болмайды. Қылмыс жасай отырып, қоғамдық қатынастарға қол сұға отырып, адам барлық уақыт шығын келтіреді, осы ықпалға түскен объектіні жояды немесе өзгертеді. Біздің түсінігімізше, зардапсыз құбылыс дегенің өзі табиғатта кездеспейді. Сондықтан да А.Н. Трайниннің: «Қоғамға шығын келтірмейтін қылмыс болмайды», — деген шешіммен келісуге тура келеді.21

Мемлекеттік құпияны жария ету объектісі мәселесін комплексті түрде алғаш

_________________

20 В.Я. Таций Объект и предмет преступления в советском уголовном праве. 1988г. стр.92.

рет Б.С. Никифоров өзінің «Объект преступления» деген монографиясында жасап шығарған болатын. Онда өзінің тікелей құрылыстың элементтері арқылы мемлекеттік құпияны жария ету объектісін зерттеуге дұрыс әдістік негіз қаланған болатын. Нақты қоғамдық қатынастар құрылысын зерттеу еңбектің авторына оның құрамды элементтерін бөліп шығаруға, олардың өзара байланысын және өзара байланыстылығын көрсетуге, осы қоғамдық қатынастарға шығын келтіру механизмін зерттеуге және осы негізде мемлекеттік құпияны жария ету тікелей объектісі туралы мәселені шешуге, объектілердің түрлерін анықтауға жіне олардың өзара қатынасын анықтауға және осы мәселенің басқа да сұрақтарын шешуге мүмкіндік береді.

Объектілерді ғылыми жіктеу оның мәнін тереңірек түсінуге және оның элементтік-құықтық байланыстылығын ұғуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар объектінің қылмыстық заңдылықтың дамуына әсерін анықтауға және практикада қылмыстықпен қарсы күресте қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдануға мүмкіндік береді.

Кеңестік дәуірдегі қылмыстық құқықта мемлекеттік құпияны жария етудің обьектілерін жалпы типтік және тікелей деп жіктеу кең тараған. Жалпы объект қылмыстық заңдылықтар қорғауына қойылған қоғамдық қатынастар жиынтығын ғана құрайды. Бұл жиынтыққа әр түрлі қатынастар (мемлекеттердің бейбіт өмір сүруі, мемлекеттердің экономикалық және саяси негіздері) кіреді. Демек, жалпы объектіге белгілі дәрежеде өздерінің әлеуметтік байланыстылығы, жинақталу дәрежесі бойынша өзара ерекшеленетін әр түрлі қоғамдық қатынастар кіреді. Мысалы, қандай қылмыс болмасын, шпионаж немесе әйелді зорлау, қатынастар жиынтығы, қылмыстық заңмен қорғалады. Мемлекеттік құпияны жария етудің жалпы объектісі қылмыстың таптық табиғатын және әлеуметтік-саяси мәнін анықтауда, олардың қоғамдық қауіптілік дәрежесін анықтауда, қылмыстық емес қоғамдық қауіпті әрекеттерден шектеуде үлкен маңызға ие болады.

Типтік немесе топтық объект дегеніміз өзара байланысты қылмыстық-құқықтық нормалардың бірыңғай жиынтығымен қоғалуға тиісті болған, өздерінің әлеуметтік-саяси және экономикалық мәндері бойынша ұқсас

белгілі бір қоғамдық қатынастарын шеңберін қамтиды. Сонымен, типтік объект қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастардың орташа дәрежесін көрсетеді. «Мемлекеттік құпияны жария етудің типтік объектісінің

____________________

21 А.Н. Трайнин Состав преступления по советскому уголовному праву. М., 1951г. стр. 303.

маңызы, қылмыс үшін жауапкершілікті белгілейтін барлық қылмыстық-құқықтық нормалар мен қылмыстырды жіктеуді жүргізуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік құпияны жария етудің типтік объектісінің осы қасиеті қазіргі Қылмыстық кодексті құру кезінде негізге алынған болып, ол заңшығарушыға ұқсас немесе бірдей қоғамдық қатынастарға қол сұғушылық үшін жауапкершілікті белгілейтін нормаларды Қылмыстық кодекстің бір тарауына  толық біріктіруге мүмкіндік береді».22

Сонымен қатар, типтік объектіні анықтау, мемлекетпен біріктіретін қоғамның мүддесі үшін, олар біріктіретін қоғамдық қатынастардың маңызын анықтайды. Мұнын өзі өз кезегінде қылмыстық қол сұғушылықтың дәрежесі мен сипатын, болуға немесе болуы мүмкін қоғамдық қауіпті зардаптардың дәрежесін анықтайды. Осы жағдайлардың барлығын дұрыс анықтау қоғамдық қатынастарды қоғаудағы қылмыстық құқықтың әлеуметтік рөлін ашып береді.

Типтік объект мемлекеттік құпияны жария ету объектісі болып табылатын қоғамдық қатынастардың әртүрлі топтарының сипатын және әлеуметтік бағыныштылығын бейнелейтін болғандықтан, бұл оның аталған ерекшеліктерін Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде жеке тарауларда орналастыруда пайдаланылады.

Осы жағдайларды есепке ала отырып, қазіргі Қылмыстық кодекстерде бірінші орынға «меншікке қарсы қылмыс» пен «өмірге, денсаулыққа және жеке тұлғаның бостандығына қарсы қылмыстар» орналастырылған. Көптеген жағдайларда заңшығарушының өзі белгілі бір әдіспен мемлекеттік құпияны жария етудің типтік объектісін анықтайды.

Құқықтық шығармашылық және құқықтық қолданатын қызметтер үшін мемлекеттік құпияны жария етудің тікелей объектісі мәнді маңызға ие, тікелей объект дегенге заңшығарушының белгілі бір қылмыстық заңның қоғауына қойған және осы құрамның белгілеріне жататын қылмысқа зиян келтірілетін нақты қоғамдық қатынастарды айтамыз. Демек, тікелей, жалпы және типтік объектілер қандай да бір құндылықта емес, тек қана қоғамдық қатынастар бола алады. Сондықтан да мемлекеттік құпияны жария ету

объектісі болып табылатын қоғамдық қатынастарды басқа әлеуметтік құбылыстармен ауыстыруға «қоғамдық қатынастардың элементтері», олардың «материалдық көріністері» жатады. Біздің қандай дәрежеде

____________________

22 В.Я. Таций Объект и предмет преступления в советском уголовном праве. Харьков, 1988г. стр. 103.

қарастыруымызға қарамастан, мемлекеттік құпияны жария ету объектісі – мемлекеттік құпияларды сақтаудың заңда белгіленген тәртібіне қол сұғу болып табылады. Яғни қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастар болып табылады. Бұл жерден келіп шығатын қорытынды, тікелей объект ретінде заңшығарушы белгілі қылмыстық заңның қорғауына қойған нақты қоғамдық қатынастар ғана бола алады. Сондықтан да, қоғамдық қатынастар мемлекет пен қоғамның мүддесі үшін қандай маңызға ие болуына қарамастан, олар осы қатынастарға қоғамдық қауіпті қол сұғушылық үшін қылмыстық жауапкершілік белгілейтін заңдылық қабылдау жолымен заңшығарушы қорғауға алмас объект болып табылмайды. Көптеген жағдайларда қылмыстық заңда нақты мемлекеттік құпияны жария етудің тікелей объектісіне байланысты белгілер болмайды, мұны анықтау үшін белгілі бір мемлекеттік құпияны жария ету құрамын әлеуметтік-саяси және заңды талдау қажет. Мысалы, суқоймаларының ластануы сияқты қылмысты әлеуметтік-саяси талдау, адам мен табиғат арасындағы байланыс саласының бүкіл жиынтығын қамтитын қоғамдық қатынастардың дебес тобын құрайтын табиғатты қоғау қатынастарына сұғушылық деп шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл қылмыстың тікелей объектісі – адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, су ресурстарын шаруашылықта толық пайдалануға қажетті су объектілерінің тазалығын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Бұл жерде тікелей объектіні анықтай отырып, бұл қылмыстың типтік объектісі халық денсаулығын емес, ал қылмыстық заң қорғайтын табиғатты қорғайтын қатынастар болады деп айта аламыз.23

Мемлекеттік құпияны жария ету тікелей объектісін оның құрамының міндетті элементі ретінде, заңшығарушы белгілі бір қылмыстық заңның қорғауына қойған қоғамдық қатынастардың түрі болып табылады.

Сондықтан да, мемлекеттік құпияны жария етудің тікелей объектісінен басқа, қылмыстық ықпал объектісін шығару заңды. Бұл шешім мемлекеттік құпияны жария етудің объектісін жіктеу кезіндегі қателіктерді жойып қана қоймайды, сонымен қатар нақты мемлекеттік құпияны жария ету құрамының объектісі қандай қатынаста болады деген теориялық және практикалық сұраққа дұрыс жауап береді. Мемлекеттік құпияны жария етудің тікелей объектісін анықтаудың жасалған қылмысты қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесін анықтауда, жасалған қылмысты жіктеуде үлкен маңызға ие.

___________________

23 Уголовное право. Общая часть. Под ред. И.Я. Козаченко. М., 1998г. стр. 136.

Көптеген жағдайларда мемлекеттік құпияны жария ету объектісі ұқсас қылмыстар арасында шектеу жүргізуге мүмкіндік береді, себебі тек қана мемлекеттік құпияны жария ету объектісі басқаға емес, осы қылмысқа тиісті  құрамның элементтері болып табылады.24

Негізгі тікелей объект дегеніміз – ең алдымен, қылмыстық заң қабылдай отырып заңшығарушы қорғауға алуға тырысқан қоғамдық қатынастар болып табылады. Демек, негізгі тікелей объект қылмыстың негізгі мазмұнын, оның әлеуметтікке қарсы бағытын көрсетеді. Ол басқа объектілерге қарағанда үлкен мөлшерде жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін және басталған немесе басталуы мүмкін зардаптарды анықтайды. Зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін туғызатын қоғамдық қатынастар қосымша тікелей обьект болады. Сонымен қатар, заңшығарушы қылмыстық заң қорғауына қойған немесе басқаша айтқанда, заңшығарушы сондай обьект деп тапқан қатынастар ғана қосымша тікелей обьект бола алады. Мысалы, мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті талан-таражға салу кезінде, мемлекеттік меншік қатынастарына зиян келтірумен қатар мемлекеттік ұйымдардың жұмыс істеу ережесі бұзылады, қоғамда еңбек бойынша ақы төлеу міндеттеріне зиян келтіріледі. Бірақ бұл қатынастарды заңшығарушы аталған қылмыстық-құқықтық нормалар қорғауына қоймағандықтан олар қылмыстың негізгі де, қосымша да обьектілері бола алмайды.25

Негізгі, тікелей обьектілер сияқты қосымша обьекті де жасалған қылмыстың әлеуметтік саяси мәнісін анықтауда, болған немесе болуы мүмкін зардаптардың дәрежесін анықтауда зор маңызға ие. Заң әдебиеттерінде негізгі және қосымша тікелей обьектілерден басқа факультативті тікелей обьект те кездеседі. Факультативті обьект дегенде басқа жағдайларда өзіндік қылмыстық құқықтық қорғауда болатын қоғамдық қатынастарды түсінеміз, бірақ мұндай қылмыс жасалу кезінде зардап келтіру қаупі төнбеуі мүмкін. Сонымен факультативті обьект дегеніміз қылмыс жасау кезінде барлық уақыт шығын келтіре бермейтін, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз. Сонымен қатар айта кететін жайт, бұл заңшығарушы нақты қылмыстық-құқықтық нормалармен қорғауға алынған қоғамдық қатынастар ғана факультативті обьект бола алады. Егер мұндай жағдай болмаса, біз қылмыс жасау кезінде

____________________

24 Новое уголовное право России. Общая часть. М., 1996г. стр. 77.

25 А.Б Захаров Уголовное право. Общая часть. М., 1967г. стр. 155.

шығын келтірілген қоғамдық қатынастардың бүкіл жиынтығын қылмыс обьектісі деп таныған болар едік. Бұл обьект құрамның міндетті емес, факультативті элементтер болғандықтан, ол негізгі және қосымша обьектілердегі маңызға ие емес. Бірақ бұл факультативті обьект ешқандай маңызға ие емес деп айтуға мүмкіндік бермейді. Факультативті обьект негізгі емес қосымша болып табылады.

Қазіргі кезде сот, тергеу және прокуратура органдарының алдында тұрған міндеттер қылмыстық құқық саласында теориялық зерттеулерді жан- жақты және терең дамытуды талап етеді. Бұл саладағы ғылыми зерттеулерде мемлекеттік құпияның түсінігі және құрамымен байланысты болған мәселелер маңызды орынға ие.

Қол сұғу обьектісін зерттеудегі даулы мәселелерге мемлекеттік құпияны жария етудің заты жатады.

Қылмыстық құқық теориясында осы мәселені шешудің екі жолы бар. Олардың біріншісі қылмыс затын шектеулі практикалық қатынастарда қарастырады. Заң институттары үшін шығарылған көптеген қазіргі кездегі оқулықтарда мемлекеттік құпияны жария ету заты деп сыртқы әлемнің материалдық заттарын атайды. Көптеген авторлар мемлекеттік құпияны жария етудің затына материалдық құндылықтарды жатқызады. Осыдан қорытынды жасай отырып, олар қылмыстық заңда ықпал етудің өзіндік заты жоқ қылмыстар бар деп қорытынды жасайды.

Мемлекеттік құпияны жария етудің заты – материалдық заттар мен құндылықтар, мемлекеттік құпияны жария етудің белгілерін, сипатын және осындай әрекетті жасау әдісін айқындау кезінде үлкен практикалық маңызы бар. Ол жіктеу және дәрежелеуде үлкен маңызға ие. Кейбір жағдайларда мемлекеттік құпияны жария етудің заты жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар ретінде қарастырылады.

Мемлекеттік құпияны жария етудің заты және оның істеу әдісімен қатынасы бар. Мемлекеттік құпияның істеу әдісі түсінігі теориялық қана емес, сонымен қатар практикалық та маңызға ие. Міне, осыдан қаралатын түсініктердің жалпылығы табылады. Бірақ мемлекеттік құпияны жария ету затының істеу әдісінен айырмашылығы – олар бір материалдық түрде бола отырып, жасалған қылмыстың әр түрлі әлуметтік рөлдерінде де шығады. Мысалы, мемлекеттік немесе қоғамдық мекемеге, немесе мемлекеттік құжаттарды заңсыз алу мемлекеттік құпияны жария етудің заты ретінде көріне алады.

Тәжірибеде «мемлекеттік құпияны жария ету затының» материалды нәрсе ретінде оның істеу әдісімен толық сәйкес келуі мүмкіндігін жоққа шығармайды. Мысалы, кез келген адам компьютерлік жүйе арқылы құпия құжаттарды немесе мәліметтерді заңсыз ұрлауды келтіруге болады. Бұл жерде мемлекеттік құпияны жария ету құрамдарын толық қатарларын кездестіреміз, яғни, құжаттарды ұрлау, мемлекеттік құпияларды білетін адамдарды, олардың туыстарын сатып алып оларды қорқыту, байланыс құралдары арқылы қолға түсіру, компьютерлік жүйеге немесе желіге заңсыз кіру, арнайы техникалық құралдарды пайдалану немесе өзге де әдіс деп көрсетіледі.26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

____________________

26 Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Алматы «Жеті жарғы», 2007ж. 136 бет.

2.2. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамының обьективтік жағының белгілері

 

Мемлекеттік құпияны жария ету әлеуметтік және заңды категория ретінде соңғы жылда терең зерттеуге ұшырап отыр. Мемлекеттік құпияны жария етудің басқа элементтерін, әсіресе субъективтік жағы мен объектісін және қылмысты толық түсінуде мемлекеттік құпияны жария етудің объективтік жағын талаудың маңызы зор. Мемлекеттік құпияны жария етудің қоғамдық қауіптілік дәрежесі, орны, уақыты және әдісі, болған зардаптардың ауырлығы, олардың айыпкердің мінез-құлқымен байланыс сипаты және объективтік жақтың басқа белгілерінің кінәліні қылмыстық-құқықтық тәртіпте жазалау және оған қоғамдық ықпал ету шараларын қолдану мәселелерін шешуде маңызы зор болып табылады.27

Соңғы жылдары мемлекеттік құпияны жария етудің объективтік жағы саласында сұрақтардың пайда болуына байланысты және ғылымды одан әрі дамыту үшін, сот, тергеу және прокуратура тәжірибелерін жүргізу үшін қазіргі кезде, мемлекеттік құпияны жария етудің объективтік жағын зерттеу қажеттілігі анықталып отыр. Мемлекеттік құпияны жария етуді басқа да көптеген құбылыстар сияқты әртүрлі көзқараста қарастыруға болады.

«Мемлекеттік құпия — жарияланған немесе жоғалған жағдайда Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін немесе нұқсан келтіруі мүмкін әскери, экономикалық, саяси және өзге де сипаттағы мәліметтер болып табылады. Мемлекеттік құпия әртүрлі тәсілдермен, яғни ауызша әңгімеде, баяндама арқылы, хат жазысу немесе басқадай баспасөз беттерінде жарияланған материалдар арқылы немесе басқа адамдарға құпия құжаттарды көрсету, суретке салып алуға рұқсат беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін».

Қоғамдық қатынастар дамуының жалпы заңдылықтарын және біздің елімізде қылмыстылықтың болуын белгілейтін процестерді білмей тұрып, әрбір жеке қылмыстың себептерін ашу, адамның мінез-құлқындағы шынайы себептерді түсіну және қажетті жағдайда мемлекеттік ықпал ету шараларын таңдау мүмкін емес. Ал, мемлекеттік құпияны жария етудің себептері туралы жалпы мәселелерді дұрыс шешу жеке мақсаттарды, себептерді және жасалынатын мемлекеттік құпияны жария етудің басқа да субъективтік

____________________

27 В.Н. Кудрявцев Объективная сторона преступления. М., 1960г. стр. 115.

белгілерін, қылмыскердің жеке тұлғасын мұқият зерттеуді талап етеді.28

Бұл сұрақтарға тиісті анықтамаларын бере отырып, мемлекеттік құпияны жария етуді зерттеуде оның сыртқы, объективтік жағына көңіл бөлінетін басқа саласының да маңызды екенін айту керек. Адамның сыртқы мінез-құлқының кез келген акті ретінде қылмыс белгілі бір психофизикалық бірлікті білдіреді. Ол тек қана субъективті, психикалық, мазмұнды болып қана қоймай, сонымен қатар субъектінің әрекетінде сыртқы, объективті түрде көрінеді.

Біздің қоғамымызда қылмыс қоғамға қарсы тәртіп болып, қоғамдық қатынастарға кері ықпал етеді, біздің қоғамымыздың мүдделеріне зиян келтіреді. Қоғамдық қатынастарға кері ықпал етулер қалайша жүзеге асырылады?

Бұл сұраққа жауап беру үшін қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтың механизмін ашу керек, әрекеттің басқа да ерекшеліктері мен белгілерін орташа ауытқи отырып, адам жасайтын іс пен қоршаған ортадағы болатын өзгерістер арасындағы байланыстарды бақылау керек. Мұндай талдау кезінде, ең алдымен мемлекеттік құпияны жария етудің объективтік жағын құрайтын, заңмен қорғалатын обектіге қол сұғушылықтың сыртқы түрлері қаралады, мемлекеттік құпияны жария етудің қоғамның мүдделеріне келтіретін объективтік шығынға көңіл аударылады.  Мемлекеттік құпияны жария етудің объективтік белгілерін талдаудың оларды ескерту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде маңызы зор болып табылады.

Бірыңғай мемлекеттік құпияны жария етудің элементі ретінде объективтік жақтың болу, шындығында мемлекеттік құпияны жария етудің сол бір элементі болмайды деген мағынада шартты сипатта болады, себебі мемлекеттік құпияны жария етудің әрбір элементі оны ерекше жағынан сипаттайды бұл элементтерді жеке талдау мемлекеттік құпияны жария етудің әлеуметтік мәнін және заңды маңызын анықтауға мүмкіндік береді.29

 Мемлекеттік құпияны жария ету құрамының объективтік жағы мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді заңсыз алу, жария ету бойынша сипатталады.

Арнайы заңмен, нормативтік құқықтық актілермен белгіленген ережеге қайшы түрде мемлекеттік құпияларды алу заңсыз алу деп танылады.

____________________

28 Г.В. Тимейко Общее учение об объективной стороне преступления. Ростов-на-Дону, 1977г. стр.115

29 В.И. Курляндский Уголовная ответственность и меры общественного воздействия. М., 1965г.стр.132

Заңда заңсыз алудың тәсілдері: құжаттарды ұрлау, мемлекеттік құпияларды білетін адамдарды, олардың туыстарын сатып алу оларды қорқыту, байланыс құралдары арқылы қолға түсіру, компьютерлік жүйеге немесе заңсыз кіру, арнайы техникалық құралдарды пайдалану немесе өзге де заңсыз әдіс деп көрсетілген.

«Қоғамдық қауіпті әрекет жасай отырып, субъект айналадағы қоршаған болмысқа әсер етеді, онда әртүрлі өзгерістер жүргізеді. Іс пен қылмыстық нәтиже ортасындағы себепті байланыс деп аталатын бұл кезеңде оқиғаның дамуы істің сипатына, сондай-ақ орны, уақыты және жағдайларына байланыста әртүрлі бағытта кетуі мүмкін».

Сонымен, мемлекеттік құпияны жария етудің объективтік жағына:

  1. Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздіктің сыртқы жағы;
  2. Олардың қоршаған болмысқа өзгерістер әкелуі;
  3. Заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіру жатады.

Басқаша айтқанда мемлекеттік құпияны жария етудің объективтік жағы

дегеніміз — мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді заңсыз алу, жария ету бойынша сипатталады. Арнайы заңмен, нормативтік құқықтық актілермен белгіленген ережеге қайшы түрде мемлекеттік құпияларды алу заңсыз алу деп танылады.

Заңда заңсыз алудың тәсілдері: құжаттарды ұрлау, мемлекеттік құпияларды білетін адамдарды, олардың туыстарын сатып алу оларды қорқыту, байланыс құралдары арқылы қолға түсіру, арнайы техникалық құралдарды пайдалану немесе өзге де заңсыз әдіс деп көрсетіледі.Осы әдістердің кез келгенін пайдаланып мемлекеттік құпияларды заңсыз алу, жинау егер кінәлінің әрекетінде мемлекетке опасыздық  белгілері құрама болмаса, онда қылмыстық заң бойынша жауапты болады.

Сонымен қатар, мемлекеттік құпияны жария етудің бұл жағы қорғалатын объектіге қылмыстық қол сұғу механизмі үшін ішкі сипаттама болып табылады, себебі ол оның белгілерін құрайтын өзара әрекетті ашады.

Мемлекеттік құпияны жария етудің объективтік және субъективтік жақтарының өзара байлныстары мен қарым-қатынастары детерминизм және еркіндіктен келіп шығады. Бұл түсінік бойынша әлемді өзгертетін адамның мінез-құлқы қоршаған ортамен өздігінен белгіленген.

Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы белгілері қылмыстық істі, олардың ерекшеліктері мен түрлерін сипаттайтын объективтік заңдылықтарымен тығыз байланыста болғандықтан, құрамды жекеленген белгілердің жиынтығы ретінде қарастыруға болмайды. Құрамға істің қоғамға қауіптілігі енеді. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамын дұрыс түсіну үшін берілген нормалардың мақсатын және мағынасын анықтау керек, себебі осы нормалардың мағынасына сай келетін және оны бейнелейтін белгілер жиынтығы ғана қылмыс ретінде және оны бейнелейтін белгілер жиынтығы ғана қылмыс ретінде қарастырылуы мүмкін.30

Егер мемлекеттік құпияны жария ету құрамының объективтік жақтарын талдау тап осы түрдегі істің жалпы қасиеттерін дұрыс түсіну үшін қажет болса, онда мемлекеттік құпияны жария етудің объективтік жағын талдау қандай маңызға ие? Олардың арасында қандай айырмашылықтар бар? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін қылмыс пен құрам қатынастарын қарастыру керек.

Сонымен, тағы да айта кететін жағдай, жалпы түсінік шындығында жасалатын жалғыз, жеке дара мемлекеттік құпияны жария етудің обьективтік жағына тиісті нақты анықтамадан айырылады. Сондықтан да, обьективтік жақты ғылыми талдау кезінде құрамның белгілері сатысына дейін көтерілмейтін, жеке қылмыстарға тиісті обьективтік жақтың белгілерін қарастыру қажет. И. Ренненбергтің айтуы бойынша: «Мемлекеттік құпияның оның барлық обьективтік көрінісімен және қылмыстық құқықтық бағалауда маңызды болатын мемлекеттік құпияны жария етудің орны және уақыттың барлық жағдайларымен ашып көрсету маңызды болып табылады.»31

Бұл әсіресе сот, тергеу және прокуратура тәжірибесі үшін зор маңызға ие, себебі обьективтік жақтың жеке белгілері істің қоғамдық қауіптілік дәрежесін бағалауда және кінәлінің жауапкершілігінің сипаты мен дәрежесі туралы мәселені шешуде маңызды әсер етеді. Бұл құбылыстар туралы түсінікті шын құбылыстармен араластыруға болмайды. Құрамның түсінігі де, мемлекеттік құпияның түсінігі де ғылыми абстракцияны көрсетеді және барлық қылмыстар үшін жалпы болған белгілерді қамтиды. Сонымен қатар, мемлекеттік құпияны жария ету құрамы мен түсініктерінің арасындағы айырмашылық қылмыстық істің маңызды белгілерін әртүрлі топтастыруда болып отыр. Егер мемлекетті құпияны жария ету түсінігінің анықтамасы оны қоғамдық қауіпті құбылыс реттінде әлеуметтік маңызда сипаттайтын болса, онда мемлекеттік құпияны жария ету түсінігі оның заңды құрылысын

____________________

30 В.Н. Кудрявцев Объективная сторона преступления. М., 1960г. стр. 120.

31 А.В. Наумов Российское уголовное право. Общая часть. Курс лекций. М., 2000г. стр. 321.

сипаттайды, оның барлық негізгі элементтерін ашып береді. Осы

абстракциялардың әрқайсысы қылмыс сияқты қоғамдық құбылыстарды тануда маңызды рөл ойнайды.

Жалғыз нақты мемлекеттік құпияны жария етудің сатысында «мемлекеттік құпияны жария етудің обьективтік жағының» түсінігі құрам элементі ретінде обьективтік жағынан кең болады, себебі ол тап осы түрдің барлық қылмыстары үшін жалпы болған белгілерді қамтып қана қоймайды, сонымен қатар тап осы жағдайға тиісті жеке белгілерді де қамтиды.32

Абстракцияның келесі сатыларының барлығында (түрі, типі, мемлекеттік құпияны жария етудің жалпы түсінігі)  мемлекеттік құпияны жария етудің объективтік жағы мен құрамының түсініктері теориялық және практикалық жағынан сай келеді. Сондықтан да, көрсетілген жағдайларда бірдей мағынадағы «құрамның объективтік жағы» және «мемлекеттік құпияны жария етудің объективтік жағы» деген терминдерді қолдану заңды толық болып табылады, себебі бұл түсініктердің екеуі де бірдей белгілерді (мемлекеттік құпияны жария етудің түрлік, типтік және жалпы белгілері) қамтиды.

Мемлекеттік құпияны жария етудің құрамы элементі мен қылмыстық құқықтық нормалардың арасында анық айырмашылық жүргізу керек. Бұл түсініктерді араластыру көп жағдайда  мемлекеттік құпияны жария ету құрамын заңшығарушының шығармашылық ретіндегі еңбектерін түсінуден келіп шығады. Мысалы, А.Н. Трайниннің айтуы бойынша «мемлекеттік құпияны жария ету құрамдарының қауіпті әрекетті құрайтын жолмен есептесумен жүзеге асады». Бұл арада заңшығарушы құрамды емес, ал  мемлекеттік құпияны жария ету құрамының белгілері өздері азды-көпті бейнелейтін қылмысты құқықтық нормаларды құрайды. Бұл белгілердің өздері адамдардың санасынан тәуелсіз, объективті өмір сүреді және тап осы нақты қылмысқа тиісті болады, бұл жерді заңшығарушының міндеті, осы белгілерді заңда терең қарастыру және ашып беру болып табылады. Құрамды объективті шындық ретінде түсіну қылмыстық құқықтық нормаларда заңшығарушының рөлін жоққа шығармайды. Объективтік өлшемдерге басшылық ете отырып, заңшығарушы белгілі бір қоғамдық қауіпті әрекетті қылмыс деп таниды, және де оның белгілерін құқықтық нормалар диспозициясында бейнелейді. Заң баптарының диспозициясы тек қана 

____________________

32 А.Н. Трайнин Учение о составе преступления. М., 1946г. стр. 156.

мемлекеттік құпияны жария ету құрамы элементтерін көрсетеді және оның

өзін толық көлемде көрсетпейді.33

Мемлекеттік құпияны жария етудің объективтік жағының белгілері қылмыстық құқықтық нормалар диспозициясында қылмыстың басқа элементтеріне қарағанда толық болмаса да, егжей-тегжейлі көрсетіледі. Егер объективтік жақ қылмыстық қол сұғу процесінің сыртқы жағын көрсететін болса, онда үздіксіз қозғалыстар, өзгерістермен сипаттайды. Ал құқықтық норма мен оның диспозициясы олардың тұрақты түрлеріне тиісті белгілерді бекітетін құбылыс болып табылады. Сондықтан да, мемлекеттік құпияны жария етудің объективтік жағының өзгермелі белгілері ішінен қылмыстық құқытық нормалар осы процестің дамуын сипаттайтын тек қана «түйінді» кейбір кезеңдерді бекітеді. «Мұндай белгілерге кейбір жағдайларда қылмыскердің әрекет ету әдісі жататын болса, екінші жағдайлар – болған нәтиже, үшіншіде – қылмыстық істі жалғастыратын бірнеше кезеңдер, төртіншіде – қылмыскер қолданатын әдістер жатады. Көп жағдайларда объективтік жақтың кейбір элементтері, мысалы әрекет пен зардап арасында себепті байланыстар заңшығарушының ойлауымен қаралады.

Жоғарыда аталып өткендердің барлығы объективтік жақтың мемлекеттік құпияны жария етудің басқа да элементтерімен қатынасын анықтайды. Мемлекеттік құпияны жария етудің объективтік жағы болмаса мемлекеттік құпияны жария етудің объектісіне қол сұғушылық болмайды, сонымен қатар субъектінің санасындағы істің объективтік белгілерінің бейнесі субъективтік жақтың да болуы мүмкін емес, ең соңында келіп шығатын қорытынды — мемлекеттік құпияны жария етудің субъектісі болмауы да ақылға симайтын нәрсе.

Мемлекеттік құпияны жария етудің басқа элементтерімен қатар объективтік жақ та жасалған істің қоғамдық қауіптілік дәрежесін анықтайды. Бірақ мемлекеттік құпияны жария етудің объективтік жағының саяси және заңды маңызы мұнымен жеткілікті болмайды. Объективтік жақты қылмыс элементі деп танудың қылмыстық жауапкершілікке негізделуде зор маңызға ие.

Заңдылықты сақтауды жалғастыру үшін әділ сотқа жіберу кезінде заңда мемлекеттік құпияны жария ету құрамының жеке белгілерін, соның ішінде оның объективтік жағын дұрыс баяндаудың маңызы зор болып табылады.

____________________

33 В.Н. Кудрявцев Объективная сторона преступления. М., 1960г. стр. 125.

        Бұл белгілерді дұрыс баяндамау қылмыстық жауапкершіліктің қажетсіз және зиянды шектерінің ұлғайып кетуіне немесе соттық репрессияның қылмыстылықпен күресінің әлсіреп кетуіне алып келуі мүмкін.34

Заңда объективтік жақтың белгілерін толық көрсетпеу заң тексті түсіндіруді қиындата түседі, сонымен қатар бұл процесс ұзаққа созылады, және де оның нәтижелері барлық уақыт бірдей бола бермейді. Қылмыстық істерді тергеу және соттық қарау кезінде айыпкердің әрекеттерінде мемлекеттік құпияны жария етудің объективтік жағының барлық белгілерін дұрыс анықтаудың маңызы өте зор болып табылады. Істің объективтік жағын талдамай тұрып айыпкердің әрекеттерінде мемлекеттік құпияны жария ету құрамының болуы немесе болмауы туралы шешімге келу мүмкін емес. Себебі, объективтік жақ құрам элементтерінің біріне жатады. Егер объективтік жақтың ешқандай белгілері табылмаса немесе бұл белгілер заңның талабын қанағаттандыратын болса, онда мемлекеттік құпияны жария ету құрамы болмайды.

Мемлекеттік құпияны жария етудің обьективтік жағын талдау жасалған істі дұрыс жіктеуде қажет болады. Көптеген қылмыстар обьективтік жақтары бойынша өзара ерекшеленеді. Бұл ең алдымен бірдей тікелей обьектіге қол сұғатын қылмыстарға қаратылады. Сот органдарының көптеген қаулылары мен анықтамалары айыпкердің әрекетін басқа обьективтік жақ пен басқа мемлекеттік құпияны жария етудің құрамын қарастыратын бап бойынша жіктеуді жоққа шығарады.

Мемлекеттік құпияны жария етудің обьективтік жағының сипаты жасалған істің қоғамдық қауіптілік дәрежесін бағалауға, кінәлінің жауапкершілігінің сипаты мен дәрежесі туралы мәселені шешуге ықпал етеді. Жазалау обьективтік жақтың белгілеріне байланысты болады.

Обьективтік жақтың белгілерін анықтау құрамның басқа да элементтерін дұрыс ашуға мүмкіндік береді. Обьективтік жақ дегеніміз – бұл қылмысты жасау кезінде тікелей табылатын жасалған әрекеттердің сипаты бойынша обьект, субьективтік жағы және мемлекеттік құпияны жария етудің субьектісі туралы негізделген болжамдар жасау болады.

Мемлекеттік құпияны жария етудің орны, уақыты және қылмыс жасалу жағдайын толық алғанда ғана мемлекеттік құпияны жария етудің объективтік

____________________

34 Булатов С.Я. Понятие и система особенной части уголовного права СССР и КазССР. Алма- Ата,   1962г. стр. 32.

жағын дұрыс түсінуге болады. Мемлекеттік құпияны жария етудің объективтік жағының элементтерінде өзіндік бөлшектер болмайды, себебі олар қылмыстық істің объективтік жағы құралатын әрекет, байланыс немесе қылмыстық нәтижелер түсінігіне енбейді.

Мемлекеттік құпияны жария етудің жасалу жағдайы тек қана объективтік жаққа емес, сонымен қатар, қылмысқа да ықпал етеді. Мемлекеттік құпияны жария ету жасалу жағдайы объективтік жақтың дамуына екі жолмен әсер етеді: біріншіден тікелей, екіншіден субъективті мінез-құлқын анықтай отырып оның санасы арқылы ықпал етеді.

Объективтік жақтың дамуына жағдай қалайша әсер етеді? А). Бұл жағдай былайша әсер етеді, яғни дәл осы қылмыс жасалуы мүмкін болған нақты жағдайлар жиынтығын құрайды, сондай-ақ ол үшін объективтік мүмкіндік туындатады. Қылмыс адамның мінез-құлқының актісі ретінде еркіндікте жасалады. Қылмыстылықта және оның себептерін материалистік түсінікте мынадай қорытынды келіп шығады: «Қылмыс жасау үшін қолайлы жағдай болмаса ешқандай әрекет жасалмайды, жасалған жағдайда да зиянды зардаптар әкелмейді», делінеді.35

Б). Мемлекеттік құпияны жария етудің жасалу жағдайы қоғамдық қауіптіліктің болуына және оның дәрежесіне тікелей әсер етеді. Жасалатын істің қоғамдық қауіптілігі – ол орны және уақыттың тап осы нақты жағдайларында қоғам мүдделері үшін зиянды нәтиже беруі мүмкін. Бұл қабілеттілік тек қана сол әрекеттің ерекшеліктеріне емес, сонымен қатар қоршаған ортаға да байланысты болады. Мысалы, ешкім жоқ орманда және қала жағдайында аңшылық қаруынан оқ атудың жағдайлары әртүрлі болуына байланысты оның қоғамдық қауіптілік дәрежесі де әртүрлі болады. Сондықтан да, әрекет жасау жағдайы мемлекеттік құпияны жария ету құрамының белгісі болады және қылмысты немесе қоғамға қарсы қылмысты қысқарту критериі болады, немесе қызметін атқарады.

Мемлекеттік құпияны жария етудің жасалу жағдайы істің қоғамдық қауіптілік дәрежесіне әсер етеді. Сонымен қатар заң нормаларында жағдайды жеңілдететін рөлді атқарады. Мұндай жағдайда жағдайды бағалау соттың міндеті болады.

В). Әрекет немесе әрекетсіздік жасалғаннан кейін нақты сыртқы жағдай объективтік жақтың одан әрі дамуына тікелей әсер етеді. Қылмыстық қол

____________________

35 Уговное право. Общая часть. М., 1999г. Стр. 306.

сұғушылық дамитын ортаны табиғатта және қоғамда өтетін өзара әрекет ететін оқиға, құбылыс және процестер жиынтығы ретінде елестетуге болады.

Бұл орта қол сұғу процесінің одан әрі дамуына әртүрлі мүмкіндіктер тудырады.

Г). Қылмыс жасалғаннан кейін жағдайды өзгерту үлкен маңызға ие. Қылмыс жасалғаннан кейін жағдайды өзгерту қылмыстық қоғамдық қауіптілік сипатының жойылуыннан немесе жеке тұлғаның қауіптілігінің тоқтатылуына алып келеді. Мұндай жағдайда жеке тұлға қоғамдық жауапкершіктен босатылады.

Мемлекеттік құпияны жария ету – бұл тек қана физикалық процесс емес. Мемлекеттік құпияны жария ету – бұл әлеуметтік құбылыс, сондықтан да бұған табиғат заңдылықтарынан басқа әлеуметтік заңдылықтар да кіреді. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы дегеніміз қоғам мүддесі үшін оны қоғамдық қауіпті етіп сипаттайтын белгілі істің түлік белгілерінің жиынтығы болып табылады. Объективтік жақтың белгілері ішінен осы істі қоғамға қауіпті және қылмысты жазаланатын деп тануға қажетті белгілер ғана мемлекеттік құпияны жария ету құрамына жатады. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамының маңыздылығы, ол қоғамға қарсы әрекеттің объективтік заңдылықтарын белгілейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамының субъективтік белгілері

 

3.1. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамының субъективтік жағының белгілері

Қылмыстық құқықтың маңызды мәселерінің бірі – бұл мемлекеттік құпияны жария етудің субъективтік жағы, яғни кінә мәселесі болып табылады. Оны шешуден көбінесе, қылмыстық құқық институттарын құру, қылмыстық жауапкершікке негізді анықтау және қылмыспен күрес жүргізетін органдар қызметінің заңдылығын бекіту де байланысты болады. Кінә мәселесіне теориялық және практикалық аспектілер біріктірілген. Кінә болған жағдайда ғана жауапкершіктің міндеті қылмыстық құқықтың маңызды мәселері болып табылады.

Субъективтік жағынан бұл қылмыс тікелей немесе жанама қасақаналықпен істеледі. Егер бұл әрекетті істеген адам мемлекетке опасыздық істеу ниетін басшылыққа алса, онда бұл адамның әрекетінде Қылмыстық кодекстің 165-бабында көрсетілген қылмыс құрамы орын алады.36

  Қасақана немесе абайсызда қылмыс жасауда кінәлі адамға қылмыстық жауапкершілік қолданылады. Қылмыс жасауда кінәлі адам жауапкершілікке тартылады және заңды тәртіпте қаралған жағдайда ғана қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Қылмыстың кез келген объективтік жағдайы субъекттің жауапкершілікті қолдану, басқа да жағдайлармен қатар адам кінәсінің дәрежесін анықтаумен жүзеге асырылады.37

Кінә қылмыстық құқықта қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауапкершілігімен тығыз байланысты. Кінә және жауапкершік қатар түсінік. Кінәнің маңызын анықтау үшін қылмыстық жауапкершіліктің түсінігін анықтау керек. Философия, этика және психологияда жауапкершілік дегенде ең алдымен адамның белгілі бір қасиеттері, оның өз әрекетінің нәтижесін түсінетін қабілеті, оның қоғамға қандай пайда немесе зиян келтіретінін түсіну қабілеттерін ұғамыз.38

Қылмыстық жауапкершілік дегеніміз – бұл қылмыс жасау нәтижесінде пайда болатын және өзінің дамуының әртүрлі кезеңдерінен өтетін қоғамдық

____________________

36 Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Алматы, 2007ж. 138 бет.

37  К.Ф. Тихонов Субъективная сторона преступления. Саратов, 1967г. стр. 12

38 Субъективная сторона преступления и ее установление. Воронеж, 1974г. стр. 96.

қатынастар. Қылмыс жасаған кезден бастап қылмыстық жауапкершілік пайда болады.

Кінәнің түрі – қасақана абайсыздықты заңшығарушы адамның өзінің қоғамдық қауіпті әрекеттері мен олардың қоғамдық қауіпті зардаптарына белгілі психикалық қатынастарын көрсету жолымен анықталады. Сонымен қатар құрамның негізгі және маманданған белгілеріне мемлекеттік құпияны жария ету тақырыбының ерекшеліктері – оның орны, уақыты, әдісі және қылмыс жасалу жағдайлары жатады. Кінәнің орташа дәрежесі қылмыстық жауапкершілікті жоятын жағдайларға негіз бола алмайды. Істің қылмыстық немесе қылмыстық еместігі туралы мәселені шешу жеңілдететін жағдайлардың болуы немесе болмауына байланысты болады.

Қылмыстық құқықтың басқы да міндеттері сияқты кінәнің міндеті құқықтық сана, құқықтық идеялар талаптары немесе теориялық жағдай талаптары ғана болып қоймай, қылмыстық құқық бастамасына негізделген билеуші құқықтық жағдай болып табылады.

Кінә мемлекеттік құпияны жария етудің субъективтік жағы және оның психолгиялық мазмұны болып табылады. Қылмыстық құқық қылмыстық заң анықтамасына сүйене отырып,  мемлекеттік құпияны жария етудің мынадай белгілерін береді: а). Қоғамға қауіптілік, б). Құққықа қайшылық, в). Кінәлілік, д). Қылмыстық жазалунышылық.

Сонымен, кінәлілік – бұл қылмыстың қажетті белгісі болып табылады. Кез келген қылмыс нақты қоғамдық әрекетсіздік, сондай-ақ белгілі қоғамдық қауіпті қызметті айтамыз. Нақты қоғамдық қауіпті әрекет үшін жауапкершілік міндеті, қылмыстық құқықтың негізгі міндеті болып табылады. Кез келген қылмыстық әрекет – адам әрекетерінің әртүрлілігі, ал әрекет дегеніміз адамының қоршаған әлемге, қоғамға және қоғамның басқа мүшелеріне қатынасын білдіретін әрекет немесе әрекетсіздікті атаймыз. Сондықтан да, әрбір мемлекеттік құпияны жария етуді психологиялық мазмұны болады. Психологиялық мазмұн қылмыстың субъективтік жағын құрайды. Мемлекеттік құпияны жария ету дегеніміз істің объективтік және субъективтік жақтарының жиынтығынан құралады.

Кінәнің немесе мемлекеттік құпияны жария етудің субъективтік жағын сипаттайтын мемлекеттік құпияны жария ету құрамының белгілері кінәні толық сипаттайды. Егер мемлекеттік құпияны жария етудің субъективтік жағы кінә болса, онда оны сипаттайтын мемлекеттік құпияны жария ету құрамы – қасақана және абайсыздық, себеп, мақсат, аффект және басқалары бола алады. Сонымен, кінә түсінігі мен мемлекеттік құпияны жария етудің субъективтік жағы бірдей қаралуы мүмкін.

Қылмыстық-құқықтық әдебиеттерде мемлекеттік құпияны жария етудің субъективтік жағы өзінің қоғамға қауіпті әрекетіне және оның қасақана немесе абайсыздық түріндегі зардаптарына субъекттің психикалық қатынастары ретінде сипатталады. Әдебиеттерде кездесетін психикалық қатынастың «сана мен еріктің қатынасы» ретіндегі анықтамасы дұрыс, бірақ толық емес болып табылады. Психологиялық қатынастардың заңды түсінігі жоқ, бұл түсінік психологиялық ғылыммен зерттелуде және анықталуда. Адамның психикалық өмірінің негізгі жақтарына психикалық процестер, психикалық қатынастар, психикалық жағдай және жеке тұлғаның психикалық ерекшеліктері жатады.39

 Мемлекеттік құпияны жария етудің психологиялық мазмұнына кінәнің субъективтік жағы, біріншіден субъектінің қоршаған ортаға және істелген қылмысқа психикалық қатынастары, екіншіден өзінің динамикасы, бастамасы бар психикалық процесс жатады. Психикалық қатынастар басқа да қатынастар сияқты байланыстан құралады. Бұл байланыс субъект пен объект арасында болады. Әрбір психолгиялық актіге үш компонент – интеллектуалдық, еріктік және эмоционалдық кіреді. Өмірде бұл компоненттер өзара тығыз байланысты және бірыңғай психикалық қатынастардың әртүрлі жақтары болып табылады.

Субъективтік жақ бойынша әртүрлі қылмыстарда жеке тұлғалық ерекшеліктер әрқалай көрінеді. Қасақана қылмыстарда негізгі рөл жеке тұлғаның әлеуметтік қасиеттеріне, әлеуметтік бағыттарға тиісті болады. Абайсыздық қылмыстарда негізгі рөл жеңілтектік, абайсыздық сияқты жеке тұлғаның мінезінің қасиеттеріне тиісті. Мемлекеттік құпияны жария етудің субьективтік жағы динамикалық психикалық қатынастарды, уақытта дамитын, өзінің уақыттық шектері, өзінің бастамасы және аяғы бар психикалық процесті білдіреді. Қасақаналық өзінің дамуында бірнеше кезеңдерден өтеді. Ол қоғамдық қарсы құрылғылардың өзара әрекеті нәтижесінде субьект болып табылатын белгілі себеп негізінде пайда болады. Қылмыс жасауға қасақаналық ауызша, жазбаша немесе басқа да әрекеттер арқылы анықталуы мүмкін.

Мемлекеттік құпияны жария етудің субьективтік жағының динамикасы:

____________________

39  Субъективная сторона преступления и ее установление. Воронеж, 1974г. стр. 101.

А). Қасақаналық мазмұны мен бағытталуының өзгерісінде; жаңа қасақаналықтың қосылуында немесе тағы бір қылмыс жасауда қасақаналықтың жойылуында; Б). Абайсыздық мазмұнының өзгерісінде көрсетілуі мүмкін. Қасақана қылмыс басқа қылмыстық нәтежелердің абайсыз себебіне алып келуі мүмкін, абайсыз қылмыс жасалу нәтижесінде қылмыстық қасақаналық пайда болуы мүмкін.40

Мемлекеттік құпияны жария етудің субьективтік жағының динамикасы  қылмыстық құқықтық маңызға ие болып, субьекттің кінәлілігі туралы мәселені шешуде есепке алынуы керек. Қасақаналық қылмыстық заңшығарушылықта абайсыздыққа қарағанда кінәнің ауыр түрі жазаға тартылады. Кейбір қоғамдық қауіпті әрекеттер қасақана жасалған жағдайда ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Өлім жазасы қазіргі кезде тек қана кейбір қасақана қылмыстырға арналған. Қасақана қылмыс ерекше құқықтық зардаптарға алып келеді: а) адамды тиісті шарттар болған кезде ерекше қауіпті рецидивист деп тану мүмкіндігі; ә) қасақана қылмыс үшін сотталған адамдарға мерзімінен бұрын босатудың қатаң қағидасы белгіленген; б) қасақана қылмыс үшін сотталғандарға амнистия шектелген көлемде қолданылады.

Қасақаналықтың тікелей және жанама түрлері жеке тұлғаның өз әрекетінің қоғамдық қауіпті зардаптарына әртүрлі психикалық қатынастарының сипатымен бір-бірімен ерекшеленеді. Заң қасақаналықты мынадай белгілерін көрсетеді: а) жеке тұлғаның өз әрекеті немесе әрекетсіздігінің қоғамдық қауіпті сипатын тану; ә) оның қоғамдық қауіпті зардаптарын алдын-ала көре білу; б) бұл зардаптардың басталуына ықылас (тікелей қасақаналық) немесе біле тұра оларға жол бермеу (жанама қасақаналық). Алғашқы екі белгілер интеллектуалдық элементін, үшінші белгі оның ерікті элементін сипаттайды. Қасақаналықтың мазмұны мен түрін анықтау қылмысты дұрыс мамандандырудың қажетті алғышарттары болып табылады. Бұл әрекетті мамандау үшін қасақаналықтың бір констатациясы жеткіліксіз, оның мазмұны мен бағытына ол бұзақылық ретінде, сонымен қатар қажетті қорғаныс жағдайында жасалған деп есептелінуі мүмкін.

Қасақаналықтың мазмұны қылмысты дәрежелеу үшін маңызды мемлекеттік құпияны жария етудің объективтік белгілері, дәлелді жағдайлар жиынтығымен анықталады. Қасақаналық кезінде субъект әрекетке ____________________

40 А.В. Наумов Российское уголовное право. Общая часть. М., 2000г. стр. 336.

итермелейтін себепті де, өзі ұстанған мақсатты да түсінеді. Бірақ тұлғаның осы белгілерге қатынасы қасақаналықтың мазмұнына кірмейді, себебі олар субъекттің психикалық қатынастардың қасақаналықтың элементі болып саналмайды. Жасалған қылмыстың эмоционалдық жағын қарау қасақаналықтың бағытын түсінуге мүмкіндік береді. Қасақаналықтың мазмұнын түсіну үшін жасалған қылмыстың себептерін атап өту керек.

Тікелей және жанама қасақаналық субъекттің өз әрекетінің қоғамдық қауіпті зардаптарына ерікті сипатымен ерекшеленеді. Тікелей қасақаналықтың бағытталуы құрам элементі болатын зардаптар тигізуімен жеткілікті болмайды. Арнайы бағытты және басқа да қылмыстарда қасақаналық мемлекеттік құпияны жария ету құрамынан тысқары жатқан жекеленген нәтижелерге бағытталады. Тәжірибеде тікелей қасақаналық жанамаға қарағанда көбірек кездеседі. А. Герцензонның мәліметі бойынша ол зерттеген кісі өлтірушіліктің 88 пайызы тікелей қасақаналықпен, 12 пайызы ғана жанама қасақаналықпен жасалады.

Заң абайсыздықты, субъекттің өз әрекетінің зардаптарына қатынасы ретіне ғана анықтайды. Сондықтан, абайсыз қылмыс немесе кінәнің абайсыз ттүрін жіберетін мемлекеттік құпияны жария ету құрамдары көп жағдайларда материалдық құрамдар ретінде құрылады. Өзіне сенушіліктің қасақаналық сияқты кінәлінің санасында көрінетін, объективтік шындықтан құралатын өзінің тақырыптық мазмұны болады. Адамның кез келген саналы әрекетіндегі сияқты өзіне сенушілік кезінде де әрекеттің белгілі ерікті бағыты болады, белгілі мақсаттарға бағытталады. Бірақ өзіне сенушілік кезінде бағыт, себеп және мақсат қоғамдық қауіпті зардаптарды қамтымайды, себебі субъект бұл зардаптардың болмайтынына сенімді түрде әрекет етеді. Оны қасақаналықтан шектейтін өзіне сенушіліктің маңызды белгісі кінәлінің өз әрекетінің қоғамдық қауіпті зардаптарын болдырмауды болжау болып табылады. Кінәнің араласқан түрінің түсінігін және белгілерін дұрыс анықтау үшін кінәнің мазмұны мен түрін ажырату керек. Кінәнің араласқан түрі жеке тұлғаның әрекетін кінәлі түрде және қоғам мүдделеріне оның қайшы қатынастарын сипаттайды.

Мемлекеттік құпияны жария ету субъективтік жағын анықтауға субъектінің әрекетінде заңда көрсетілген қасақаналық немесе абайсыздық, белгілерін анықтау процесі, қасақаналықтың түрін, мазмұнын және бағытын анықтау, мемлекеттік құпияны жария етудің абайсыздық мазмұнын, себептері, мақсаттарын және субъективтік жақтың басқа да белгілерін, сондай-ақ қылмыскердің кінәсінің дәрежесін анықтау жатады. Мемлекеттік құпияны жария етудің субъективтік жағы, заңда көрсетілген сияқты фактілі мәліметтерімен дәлелденуі керек. Мемлекеттік құпияны жария етудің субъективтік жағы, таным объектісі ретінде оның психолгиялық мәніне негізделген өзінің спецификасы болады.

Мемлекеттік құпияны жария етудің субъективтік жағын анықтау, қылмыстық істер жүгізу шегінде жүзеге асырылатын психолгиялық зерттеулерге сипатты негізгі әдістемелік мақсаттар мен жағдайларға бағынышты болады. Мемлекеттік құпияны жария етудің субъективтік жағы объективтік белгілерімен анықталуы керек. Сонымен қатар, субъективтік жақты анықтау кезінде қылмыс істеу кезіндегі кінәлінің психикалық жағдайында да көңіл бөлінеді.

Жеке тұлғаның саяси-әлеуметтік және психолгиялық мінездемесін білмей тұрып, оның әрекеттің себептері мен мақсаттарын анықтау мүмкін емес. Мемлекеттік құпияны жария етудің субъективтік жағы туралы мәселені шешу кінәлінің мемлекеттік құпияны жария ету құрамын анықтауда соңғы кезең болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2. Мемлекеттік құпияны жария ету субъектісі

 

Қылмыстың субъектісі болып мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтер өзіне сеніп тапсырылған немесе мұндай мәліметтер өзіне қызметі немесе жұмысы бойынша белгілі болған 16 толған адамдар танылады.

Ауыр зардаптың тізбегі заңда көрсетілмеген. Зардаптың ауырлық дәрежесін нақты жағдайларға байланысты тергеу, сот органдары анықтайды.  

Қылмыс субъектісін дұрыс саяси-моралдық бағалау қоғамдық ойларды жеке адамдардың мінез-құлықтары айналасында жұмылдыруға әсер етеді. Қылмыс жасай отырып, өз әркектін басқара алатын және оның зардаптарының мағынасын түсінетін адам ғана қылмыс субъектісі бола алады. Кез келген жауапқа қабілетті адам өзінің санасына сыртқы ортаның әсерін қабылдай алады. Адам сыртқы ортаның әсерінен белгілі бір әрекет жасамастан бұрын олар адамның басы арқылы өтіп оның әрекетіне ықпал етуі керек. Адамның еркі қоғамның дамуына қызмет ететін немесе қоғамға шығын келтіретін әрекеттерге бағытталуы мүмкін.

«Адам – бұл белсенді күш, оның әрекетерін заңды және моралды бағалау қажет», — деп профессор Н. Д. Дурманов дұрыс атап өткен болатын. Сонымен қатар, кез келген адам емес, тек қана жауапқа қабілетті адамдар ғана белсенді күш болады.41

«Адамның жасы мен оның белгілі бір психо-физикалық ерекшеліктерін немесе сапаларын түсінеміз». Адам туғанынан бастап қартайғанға дейінгі жасының әртүрлі кезеңдерінде өзінде өтетін физикалық және психикалық ерекшеліктерге байланысты қоршаған ортаға әртүрлі қатынаста болады. Сонымен, қылмыс жасаған кезде жауапқа қабілетті адамдар және заң бойынша жасаған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын жасқа жеткендер қылмыс субъектісі бола алады. Осы аталған ерекшеліктер байланысының жиынтығы қылмыстық құқық бойынша қылмыс субъектісінің жалпы түсінігін құрайды. Демек, қылмыс субъектісі дегеніміз – есі дұрыс жағдайда қылмыс жасаған және заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа толған адам болып табылады. «Есі дұрыс еместік дегеніміз – бұл сыртқы ортадағы болып жатқан оқиғаларды түсіну қабілетінен айырылған және өз әрекетінің қоғамдық сипаты маңызын түсінбейтін адамның психикалық жағдайы».

____________________

41 В.А. Владимиров Субъект преступления по советскому уголовному праву. М., 1964г. стр. 56

Қылмыстық заңшығарушылықта есі дұрыс еместік түсінігі медициналық және психолгиялық критерилеріне сәйкес келеді. Қылмыстық құқықта және соттық психиатрияда есі дұрыс еместіктің медициналық критериі дегеніміз – бұл адамды есі дұрыс еместік жағдайда әрекет етті деп тануға негіз болатын әртүрлі психикалық ауруларды айтамыз.

Қылмыстық заңшығарушылықтың есі дұрыс еместік формуласында бірінші бөлімін медициналық критерилер құрайды. Бұл бөлімде: 1. созылмалы аурулар, 2. Псхиканың уақытша бұзылуы, 3. Басқа да аурулар кіреді. Медициналық критерийлер қоғамдық қауіпті әрекет жасаған адамға есі дұрыс емес жағдайда әрекет етті деп тануға мүмкіндік беретін психикалық ауруларды анықтауды талап етеді.

  1. «Созылмалы психикалық аурулар деп аталатын есі дұрыс еместіктің медициналық критерилеріне аурулық құбылыстардың бірде күшті, бірде ақырын жүретін сипаттағы психикалық әрекеттің бұзылуының барлық түрлері жатады. Кейбір жағдайларда ауру және ауруы ұстап қалатын түрде өтуі мүмкін, бірақ ауру жазылған соң өзінен кейін күшті психикалық деффект қалдырады». Бұларға шизофрения, эпидемиялық энцефалит, атериосклероз және басқалар жатады. Психикалық аурулардың бұл тобы «созылмалы психикалық аурулар» деп аталады. Олар есі дұрыс еместіктің негізгі себебі болғандықтан сот-психиатриялық практикада зор маңызға ие болып табылады.42
  2. «Психикалық әрекеттің уақытша бұзылуына белгілі уақытқа дейін

созылатын және толық емделумен аяқталатын психиканың бұзылуының көптеген түрлері жатады». Солардың ішінен сот психиатриясының практикасы мен теориясында «ерекше жағдайлар» деп аталатын түрлері бөлінеді. Бұл қысқа уақытқа созылатын және тез тоқтайтын адам психикасының бұзылуы болып табылады. Бұған патологиялық аффект, мас болу, сананың қарауытқан жағдайы және басқа да сипаттағы тез өтетін психикалық бұзушылық жатады. Мұндай психикалық аурулар сот психиатриялық практикада өте сирек кездеседі. Қоғамдық қауіпті іс жасау кезінде «ерекше жағдаймен адамды дұрыс емес» деп тану істелетін әрекетті түсінуге және көрсетілген уақытта өзінің әрекетіне басшылық етуге қабілетсіздігі туралы барлық мәліметтер болған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін.

____________________

42 В.С. Орлов Субъект преступления по советскому уголовному праву. М., 1958г. стр. 223.

«Ерекше жағдайдан» басқа психикалық аурулар тобына реактивтік жағдайлар жататын «психикалық әрекеттін уақытша бұзылуы» жатады. Сот психиатриясында реактивті жағдайларды бағалаудың маңызы зор. Реактивті жағдайлар дегенде психикалық жарақат алу нәтежесінде пайда болатын психиканың бұзылуын түсінеміз. Оларға реактивтік параноидтар, реактивтік галлюциноздар, псевдодемения, пуэризм және басқалары жатады. Қоғамға қауіпті іс жасалып болғаннан соң қамауға алынуға, қылмытық жауапкершілікке тартуға байланысты   реактивтік жағдайлар пайда болады. Сондықтан да, адамның реактивтік жағдайда болуы қылмыс жасау кезіндегі есі дұрыс еместік туралы емес, оның жазаны өтеуі туралы мәселені шешеді. Реактивтік жағдайлар емделетін сипатта болғандықтан қылмыстық істі  тоқтатуға негіз бола алмайды. Реактивтік жағдайдан емделгенге дейін тергеу уақытша тоқтатылуы мүмкін.43

  1. «Басқа да аурулық жағдайларға» адамның психикасына күшті әсер ететін есі дұрыс еместіктің негізгі себебі бола алатын жағдайлар жатады. Заң және медициналық әдебиеттерде кейде «басқа да аурулық жағдайларға» керең-мылқауларды да жатқызады. Алайда психиатрлардың айтуы бойынша керең-мылқаулық өздігінен есі дұрыс еместікке себеп болмайды. Егер ақыл-есі дамымаған немесе психикалық әрекет уақытша бұзылған жағдайларда ғана керең-мылқаулық жауапқа қабілетсіз деп тануға негіз бола алады. Сонымен, психиканың бұзылуы және «басқа да аурулық жағдайлар» критериіне кіретін барлық аурулар есі дұрыс еместіктің психиалогиялық критерилер талаптарына жауап бергенде ғана қоғамға қауіпті әрекет жасаған адамды есі дұрыс емес деп таниды.44

Аталып өткен медициналық критерилердің біріне жататын психикалық жағдайда қоғамға қауіпті әрекет жасаған адамды жауапкершілікке тарту туралы мәселені соттық шешу кезінде медициналық критерилерді есі дұрыс еместік формуласында дұрыс жіктеу мен дифференциалау шешуші маңызға ие. Ол психикалық ауру сипаты мен заң талаптарына сәйкес психикалық  ауруға әсер ететін нақты шараларды анықтауда сотқа көмек береді. Қоғамға қауіпті қылмыс істеген адамда психикалық ауру белгілерін табу, оны дұрыс емес деп тануға және қылмыстық жауапкершіліктен босатуға негіз болмайды. Бұл ең алдымен адамның ақыл және ерік қабілеттерінің бір-бірімен

____________________

43 В. В. Устименко Специальный субьект преступления. Харьков, 1989г. Стр.76

44 Личность преступника. М., 1975г. стр. 123.

ерекшеленетін психикалық қатар бағалауға болмайтыныдығымен «эпилепсия, эпидемиялық энцефалит, олигофрения, ми сифилисі деп аталатын психикалық аурулардың дәрежесі осы аурулармен ауырған адамдардың өз әрекетін түсінуге және оны басқаруға қабілетсіз деп тануға жетпеуі де мүмкін». Сондықтан да, нақты жағдайда есі дұрыс емес деп тану үшін адам қоғамға қауіпті әрекет жасау кезінде өз ісіне есеп бере алмайтын және өз әрекетіне басшылық ете алмайтын психикалық әрекеттің бұзылуын анықтау қажет. Психолгиялық критерилер жауапқа қабілетсіздікті анықтауда маңызды орынды иеленеді. Есі дұрыс еместік формуласында осы ауруларға байланысты критерилердің болмауы есі дұрыс еместік түсінігін өзін жоққа шығарған болар еді. Психикалық әрекеттің және психика жағдайының бұзылуының көптеген түрлері бар. Бірақ олардың барлығы есі дұрыс еместікке дерек болмайды. Есі дұрыс еместік дегеніміз – бұл адам өзінің айналасында өтіп жатқан оқиғаларды түсінік қабілетінен айырылған және мұнын нәтижесінде өз әрекетін тану немесе оған басшылық ету мүмкіндігінен айырылған психикалық жағдай болып табылады.

Заңда көрсетілген есі дұрыс еместіктің психологиялық критерилері адамның психикалық өмірінің негізгі салалары, яғни сана мен ерікке әсер ететін психикалық ауруларды көрсетеді. Сонымен қатар, сана мен еріктен басқа психикалық аурулар адам психикасының маңызды бөлшегі ретінде барлық психикалық әрекетпен тығыз байланысты. Сезім эмоциясы саласында да әсер етеді.

Интеллектуалдық критерилер. Көптеген психикалық аурулар сияқты әлемді түсіну мүмкіндігінен айырылған. Жоғары ойлау қызметінің бұзылуы адамның барлық психикалық қызметінің қалыпты жіберілуін бұзады. Мұның нәтижесінде сезім органдары объективті шындықты дұрыс бейнелеу мүмкіндігінен айырылады. Бұл өз кезегінде барлық таным процесінің бұзылуына алып келеді. Интеллекттің бұзылуынан сыртқы дүниедегі құбылыстарды дұрыс қабылдамайтын адам өз әрекеттерін түсіну қабілетінен, сонымен қатар оларға басшылық ету мүмкіндігінен айырылады. Дәл осындай ақыл қабілетінің бұзылуы заңда «егер осы адамдар өз әрекеттеріне есеп бере алмайтын болса» деп жазылған есі дұрыс еместіктің интеллектуалдық критерилерін көрсетеді.

«Өз әрекетінде» деген мағынада заңшығарушы бұл жерде кез келген әрекетті емес, тек қана есі дұрыс еместік жағдайда жасалған қоғамдық қауіпті әрекеттерді айтамыз. Қылмыстық заңшығарушылық өз әрекеттеріне жауап беру қабілетсіздігі туралы айта отырып, оның түсінігін толық ашпайды. Бірақ өмірдің өзі соттық психиатриялық экспертизалар практикалары заңда көрсетілген көрініс аурудың өз әрекетін түсіну қабілетсіздігін білдіретіндігін көрсетеді. Соттық психиатриялық, практикада мұндай жағдайлар көптеп белгілі. Интеллектуалдық критерий қылмыстық заңшығарушылықта қаралған қылмыс құрамын құрайтын кез келген істің «ерекшеліктері» («ақиқат жағы мен маңызын») қоғамдық қауіптілік, түсініспеушілікті қамтиды. Біздің ойымызша, интеллектуалдық критериде көрсетілген, адамдар ауру нәтижесінде «өз әрекеттеріне есеп бере алмайды» деген дұрыс болып табылады.

Ерікті критерилер. Ерікті критерий психикалық ауру қоғамдық қауіпті әрекет жасау кезінде өзіне басшылық ету қабілетінен айырылғанынан бастап шектерді анықтайды. Адамда онық психикасының барлық жақтары өзара өте тығыз байланысты, сондықтан да оның психикалық әрекетін толық түсінуді талап етеді. Психикалық ауру ақыл қабілетінің бұзылуы кезінде өтетін адам психикасының барлық салаларына әсер етуі мүмкін немесе сана қабілетін сақтай отырып, психикалық әрекеттің жеке жақтарына күшті дәрежеде әсер етуі мүмкін. Барлық жағдайларда психиканың бұзылуының белгілі дәрежесінде, адам өз әрекетіне басшылық ету қабілетінен айырылады.45

Психикалық аурулар белгілі дәрежеде адамның интеллектуалдық қабілеттерін сақтай отырып, ерік саласын бұзыуы мүмкін. Мұндай жағдайда адам ақылдың азды-көпті қызмет етуіне байланысты сыртқы орта құбылыстарын дұрыс қабылдайды, өзінің істейтін әрекетін түсінеді, бірақ еріктің бұзылуына байланысты өз әрекетіне басшылық ете алмайды. Оған мысал ретінде ұрлыққа итермелейтін клептоманияны айтуға болады. Клептомания кезінде адам өзіне қажетсіз нәрселерді ұрлайды. Бұл жерде адамды ұрлайтын нәрсе емес, ұрлықтың өту процесі қызықтырады, өзінің құштарлығының жөнсіздігін, ұрлықтың қоғамдық қауіпті сипатын түсіне отырып, мұндай ауруға ұшыраған адам бас орталығындағы мидың бұзылуына байланысты бұл құштарлыққа қарсы тұра алмайды. Клептоманиядан басқа еріктің бұзылуына алып келетін мұндай ауруларға басқа да патологиялық құштарлықтар жатады. Мысалы, пиромания – өрт беруге құштарлы, фомания – мақсатсыз саяхатқа  әуестік және басқаларын айтуға болады. Мұндай ауруға ұшыраған адамдар өз құштарлығының

____________________

45 В.В. Устименко Специальный субъект преступления. Харьков, 1989г. стр. 89.

қажетсіз екендігін түсінеді, бірақ өзімен күресуге және қандай да бір пайдалы іспен айналысуға мүмкіндігі жоқ. Сонымен, есі дұрыс еместіктің медициналық және психологиялық критерилері әртүрлі маңызда болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен қортындылай айтар болсақ, мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтердің жария болмауын, оның заңда белгіленген тәртіппен сақталуын талап етеді. Қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығы болып табылады. Яғни мемлекеттік құпияны жария ету құрамының белгілері мынадай төрт элементтерден, объект, объективтік жағы, субъект және субъективтік жағынан құралады. Себебі, қоғамға қауіпті істі қылмыс қатарына жатқызу немесе оны қылмыс деп сипаттауға мүмкіндік тумайды. Сондықтан да әрбір құрамда ол құрам болып саналу үшін төрт белгі болу керек. Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың объектісі деп мемлекеттік құпияларды сақтаудың заңда белгіленген тәртібіне қол сұғу болып табылады. Қол сұғушылықтың объектісі – материалдық және материалдық емес құндылықтар, яғни саяси, мәдени, моралдық және басқалары бола алады. Объект өз кезегінде құрамның міндетті элементтерінің бірі болып табылады, сондықтан да объектісіз қылмыстың өзі мүмкін емес. Қылмыстық заң бойынша қылмыс ретінде қарастырылатын кез келген қоғамдық қауіпті әрекет белгілі бір объектіге қол сұғады. Қылмыстық қол сұғушылық кезінде объектіге шығын келтіріледі немесе шығын келтіру қаупі туады. Объектіні дұрыс анықтау қылмыстық әрекеттің әлеуметтік және құқықтық табиғат анықтауға, жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік түрлері мен шектерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен кез келген қылмыстың объектісі қоғамдық қатынастар болады деп айта аламыз.

Қылмыстың объективтік жағы дегеніміз мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді заңсыз алу, жария ету бойынша сипатталады. Яғни, заңмен қорғалатын мүдделерге қиянатпен қол сұғу немесе қол сұғу қауіпін тудыру болып табылады. Қылмыстық құқықтағы зиян қылмыстың объективтік жағының белгісі болып табылатын «қоғамға қауіпті зардап» деген ұғымды білдіреді. Қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын белгілер диспозицияда көп ретте әрекет немесе әрекетсіздік деп атап көрсетеді. Өйткені нәтижені әрекет немесе әрекетсіздік тудырады. Сондықтан да құрамға екі арадағы себептік байланыс та кіргізіледі. Сонымен, қоғамға қауіпті іс-әрекет, қылмыстық зардап, себепті байланыс қылмыстың объективтік жағының белгілері болып табылады. Кейбір құрамдарда заң объектіні нақтылы нәтижелі зияннан емес, тек оған қауіп төндірушіліктен де қорғайды. Адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісі болып табылатын қауіпті іс-әрекет белгілері бір кеңістікте және уақытта орын алатын нақты көрініс болып табылады. Сондықтан да, қылмыстың объективтік жағының мазмұның ашып көрсететін белгілер қатарына қоғамдық қауіпті іс-әрекет, істелген орын және уақыт та қосылады.

Мемлекеттік құпияны жария етудің субъективтік жағы дегеніміз — бұл қылмыс тікелей немесе жанама қасақаналықпен істелінеді. Егер бұл әрекетті істеген адам мемлекетке опасыздық істеу ниетін басшылыққа алса, онда бұл адамның әрекетінде қылмыс құрамы орын алады. Қылмыстың субъективтік жағы кінә, қылмыстық ниет және мақсат сияқты заңдылық белгілерден құралады. Кінә қылмыстың субъективтік жағы және оның психологиялық мазмұны болып табылады. Кез келген қылмыс нақты қоғамдық әрекетсіздік, сондай-ақ белгілі қоғамдық қауіпті қызмет. Кінә екі түрлі – қасақаналық және абайсыздық нысанда болады. Қасақаналық ұғымы интеллектуалдық және еріктілік кезеңінен құралады. Ал кінәнің абайсыздық нысаны менмендік және немқұрайдылық болып бөлінеді. Егер адам өз әрекетінің қоғамға қауіп туғызуы мүмкіндігін білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.

Қылмыс субъектісі болып мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтер өзіне сеніп тапсырылған немесе мұндай мәліметтер өзіне қызметі немесе жұмысы бойынша белгілі болған 16 толған адамдар танылады. Яғни, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам бола алады. Заттар, жануарлар дүниесі, табиғат күштері келтірген зиян үшін олар қылмытық жауапқа тартылмайды, яғни олар қылмыс субъектісі бола алмайды, сондай-ақ мекеме, ұйым, кәсіпорын және басқа да заңды ұйымдар қылмыс субъектісі бола алады. Қоғамға қарсы іс-әрекетін ұғынып, естілікпен істеген есі дұрыс адам қылмыс үшін кінәлі деп танылады. Керісінше, қоғамға қауіпті іс-әрекет істеген кезде есі дұрыс емеске де, өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмайтын және басқара алмайтын адам қылмыс субъектісі бола алмайды. Сонымен қылмыс субъектісі болып қылмыстық заңда көрсетілген жасқа толған, есі дұрыс жеке адам саналады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Нормативтік құқықтық актілер
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995ж. 30 тамыз. өзгерт. мен толық. қоса.
  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. 2005ж. 8 шілде. өзгерт. мен толық. қоса.
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялар туралы заң. 1999ж. 15 наурыз.
  • Қазақ ССР-інің Қылмыстық Кодексі. 1959ж.

 

  1. Арнайы әдебиеттер
  • Л.И. Блинова Основные вопросы общей части советского уголовного права. Москва, «Академия МВД СССР», 1976г.
  • С.Я. Булатов Понятие и система особенной части уголовного права Союза ССР и Казахской ССР. Алма-Ата, «Наука», 1962г.
  • Я.М. Брайнин Уголовная ответственность и ее основание в советском уголовном праве. Москва, «Юридическая литература», 1936г.
  • В.А. Владимиров Субъект преступления по советскому уголовному праву. Москва, «Наука», 1964г.
  • М.П. Карпушин Уголовная ответственность и состав преступления. Москва, «Юридическая литература», 1974г.
  • В.И. Курляндский Уголовная ответственность и меры общественного воздействия. Москва, «Юридическая литература», 1965г.
  • Н.И. Коржанский Объект посягательства и квалификация преступлений. Волгоград, «Высшая следст. шк.», 1976г.
  • В.Н. Кудрявцев Объективная сторона преступления. Москва, «Госюридиздат», 1960г.
  • Б.С. Маньковский Проблема ответственности в уголовном праве. Москва-Ленинград, «Академия наук СССР», 1949г.
  • А.В. Наумов Основные концепции современного уголовного права. Москва, «Юристъ», 1998г.
  • Б.С. Никифоров Объект преступления по советскому уголовному праву. Москва, «Госюридиздат», 1960г.
  • В.С. Орлов Субъект преступления по советскому уголовному праву. Москва, «Госфридиздат», 1958г.
  • В.В. Устименко Специальный субъект преступления. Алма-Ата, «Наука», 1977г.
  • В.Я. Таций Объект и предмет преступления в советском уголовном праве. Харьков, «Высшая школа изд. При Харьков. ун.», 1988г.
  • Г.В. Тимейко Общее учение об объективной стороне преступления. Ростов-на -Дону, «Изд. Ростовского университета», 1977г.
  • А.Н.Трайнин Учение о составе преступлений. Москва, «Юридиздат», 1946г.

 

  1. Оқулықтар, оқу құралдары

3.1. А.А. Пионтовский Уголовное право.

3.2. А.Б. Сахаров Уголовное право. Общая часть. Москва, «Наука», 1967г.

3.3. Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть. Алматы, «Жеті жарғы», 2003г.

3.4. Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, «Жеті жарғы», 2007г.

3.5. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы, «Жеті жарғы», 2007ж.

3.6. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Алматы, «Жеті жарғы», 2007ж.

3.7. Уголовное право. Общая часть. Москва, «Юридическая литература», 1994г.

3.8. Уголовное право. Общая часть. Москва, «Изд. Моск. Ун.»,1993г.

3.9. Уголовное право. Особенная часть. Москва, «Норма-Инфра-М»,1998г.

3.10. Уголовное право. Особенная часть. Москва, «Юридическая литература»,1995г.

3.11. Курс советского уголовного права. Общая часть. Москва, 1989г.

3.12. Уголовное право. Общая часть. Москва, «Приор», 1999г.

3.13. Курс советского уголовного права. Часть общая. В 6-ти томах. Т.1. Москва, «Наука», 1970г.

3.14. Новое уголовное право России. Общая часть. Москва, «Зерцало», 1996г.

3.15. Уголовное право Казахской ССР. Общая часть. Алма-Ата, «Мектеп», 1986г.

3.16. Уголовное право. Москва, «Юридиздат», 1948г.