АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат: Мөңке балығының морфологиялық және биологиялық көрсеткіштерін зерттеу

  РЕФЕРАТ

 

          Бітіру жұмысы 34 беттен тұрады, оның құрамына 6 сурет, 7 кесте, 1 график, 1 диаграмма,  24 әдебиеттер тізімі кіреді.

          Кілттік сөздер: алтын түсті мөңке, күміс түсті мөңке, тоған шаруашылығы, жерсіндіру, өрістеу, популяция, бір жынысты, қос жынысты, тұқымдылық, қоңдылық коэффиценті

          Зерттеу обьектісі болып мөңке (С.carassius) балығы табылады.

          Бітіру  жұмыста  мөңке балығының биологиясы мен экологиясы,  шаруашылықтағы маңызы туралы және билогиялық, морфологиялық  белгілеріне талдау жасалынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         МАЗМҰНЫ                                                       бет

 

   КІРІСПЕ …………………………………………………………………………………………..  4

 

  1. 1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ………………………………………………………………………. 5

1.1    Мөңкенің сипаттамасы, таралуы…………………………………………………….  5

1.2    Мөңкенің биологиялық сипаттамасы……………………………………………..  6

1.3    Мөңкенің көбеюі, өсіп дамуы………………………………………………………… 10

1.3.1 Мөңкенің тұқымдылығы ………………………………………………………………. 13

1.4    Мөңкенің шаруашылық маңызы …………………………………………………… 14

  1. 2. МАТЕРИАЛ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ……………………………………………….. 16

2.1    Зерттеу жүргізілген аудандардың қысқаша сипаттамасы……………….. 16

2.2    Әдістеме……………………………………………………………………………………….  17

  1. 3. НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ТАЛҚЫЛАУЛАР ………………………………….. 20

         

          ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………………….  29

          ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………  30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

          Мөңке C. carasius (L)  саны  жағынан  кең  таралған  балық. Тек Испанияда   оны  жасанды  өсіреді, ал  Францияда  тіпті  кездеспейді  [1].       Эльзаста   және Лотарингияда  аз  мөлшерде  кездеседі. Қырым  мен Закавказьде  ол жоқ  болуы   мүмкін. Шығыстан  мөңке Сібірге   барады  және  Шығыс  Камчаткада  кездеседі. Мөңке  басқа   тұщысу   балықтарымен  өзінің   домалақ   денесімен  және  қырлы  құрсағымен  оңай  ажыратылады. «Карась»  сөзінің  мағынасың  өзі-  толық,  семіз деген  мағына   білдіреді. Өзінің  биік,  жалпақ  денесімен,  мұртшасының  болмауымен, сонымен  бірге   жұтқыншақ  тістерінің   құрылысына  да  байланысты мөңке  басқа   туыстарынан  ерекшеленеді.

          Мөңке  басқа  балықтармен  салыстырғанда   әртүрлі   жағдайларда  да  өзінің   түсін, көлемін    және   өзінің   пішінін өзгертіп  өмір   сүре  алады.  Алтын   түсті  мөңке  мен күміс   түсті  мөңкенің   айырмашылығы  аттарынан   байқалып   тұр. Алтын   түсті  мөңке  жалпақтау,  әдетте    қою   түсті,  кейде  қызыл кейде  қызғылт —  алтын   түсті  болып  келеді. Күміс   түсті мөңке  денесі   ұзынырақ,   арқасы  дөңес  емес,   қабыршақтары   күміс  түсті,  кейде  қаралау  түс  береді,  құйрығының   айыры   үлкенірек.  Тоқтау   суларда,  өзендердің    сағасында   тіршілік  етеді.  Бұлардың   уылдырықтары   жабысқақ   болғандықтан   су  құстарының     қауырсындарына   жабысып  бір  жерден  екінші  жерге  ауысып отырады, ол   уылдырықтар   көбейіп, бірнеше  жылдан   соң  ешқандай  балық  тіршілік   етпейтін   суқоймаларда    мөңкелер   тіршілік  етіп  жүреді.  Мөңкелер   барлық  суларда    тіршілік  ете  алады.  Оның  семіз  денесі   судың   қатты  ағысына қарсы тұра  алмайтындықтан  құмды  немесе  тасты жерден  қорегін   табуы қиындау болады  және  жыртқыштардан   қорғана  алмайды [2].

          Бітіру   жұмыстың  мақсаты: Мөңке   балығының морфологиялық және  биологиялық  көрсеткіштерін   зерттеу  болып   табылады.

          Бітіру  жұмыстың   міндеттері:

  1. Мөңке балығы бойынша   жасалған    ғылыми  зерттеу   жұмыстарына  шолу  жасау;
  2. Шелек тоған   шаруашылығында  және Қазақ өндірістік жерсіндіру стансасынан жиналған мөңке балығының  биологиялық  және морфологиялық  көрсеткіштерін   өлшеу;
  3. Алынған нәтижелерді қорытындылау.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

 

1.1. Мөңкенің систематикасы, таралуы

 

          Тип:   Chordata – Хордалылар

          Тип тармағы:  Vertebrata (Craniata) – Омыртқалылар (басқалқандылар)

          Бөлім: Gnathostomato — Жақтылар

          Класс үсті: Pisces — Балықтар

          Класс: Ostichthyes – Cүйекті балықтар

          Класс тармағы: Actinopterygii – Сәуле қанаттылар

          Отряд: Сypriniformes – Тұқытәрізділер

          Отряд тармағы: Cyprinoidei — Тұқытектестер

          Тұқымдас: Cyprinidae – Тұқылар

          Туыс: Carassius — Табандар

          Түр: C.Carassuis(L) – Кәдімгі немесе алтын түсті мөңке

          Түр: C. Auratus(L) – Күміс түсті мөңке

          Түрше: C.Auratus gibelio(Bloch) – Күміс түсті мөңке. [3].  

 

          Күміс түсті мөңкенің санының көп бөлігі  Солтүстік Қазақстанның көлдерінде кездеседі. Солтүстік Қазақстанның зерттелген 32 көлдің ішінде күміс түсті мөңкелер 30 көлінде кездеседі. Сондықтан осы түр көптеген көлдерде доминантты  болып келеді,  бірақ қалған екі көлде мүлдем кездеспейді. Қостанайдың облысының көлдерінде зерттеулер жасағанда зерттелген 18 көлдің ішінде күміс түсті  мөңкелер барлығында да кездеседі, тек екі  көлде (Бозшакөл және Қоскөл) жалғыз ғана ихтиофауна  көзі болып  табылады.

          Сонымен қатар күміс түсті мөңке Орталық Қазақстанның суқоймаларында  да көп кездеседі, бірақ ол жерлерінде доминантты емес. Ақмоладан зерттелген 21 көлінің 11 көлінде алтын түсті мөңке кездескен. Күміс түсті мөңке  тек 6 көлінде  доминантты, сонымен қатар 4 көлдің  ихтиофаунасын құраған. Мөңке Сарысу және Кеңгір  көлдерінде де, бассейндерінде де кездеседі, бірақ суқоймаларында байқалмаған.

          Күміс түсті мөңке Балқаш — Арал бассейндерінде жақында жерсіндірілген. Ол 1946 жылы Алтайдан Қаратал өзен  жүйесіндегі тоғандарға әкелінді.  Н.П. Серов 1954 жылы күміс түсті мөңкенің Қараталда пайда болғаны туралы айтқан. 1959 жылдан кейін  бассейндердегі мөңкенің популяциясы жыл сайын  Алматы тоған  шаруашылығының  балықтарымен толып отырады. Қапшағай  суқоймасында  оның саны қарқынды артқан. Алакөл бассейнінің Сасықкөл және Қошқаркөл көлдер жүйесіне 1973 жылы әкелінген.

          Көкшетау облысының үлкен терең  көлдерінде, далалық көлшіктерде  және орман суларында  көптеп кездеседі, ал тұзды  көлдерде  мүлдем жоқ. Сонымен қатар Шығыс Қазақстанның суқоймаларында, Ертіс  және Зайсан  көлдерінде бұрын көп ауланатын  болса,  қазір сирек кездеседі.

          Күміс түсті  мөңке Батыс Қазақстанда Қамыс – Самара және Көшім  көлдерінде, Үлкен және Кішіөзен  өзенінде кездеседі, Орал және Ембі өзенінің көлдерінде  де ұсталған. Сонымен қатар  Күшім өзенінің  төменгі  ағысындағы  көлдерде  тек күміс түсті  мөңке кездескен, Ақтөбе облысының Шалқар көлінде  алтын түсті мөңке тіршілік етеді. Ырғыз – Торғай  бассейнінің  көлдерінде   бұлардың  екі түрі кездескенімен, бірақ  біреуінде (Үлкен Жалаңғаш ) күміс түсті  мөңке басым, ал басқасында (Кіші Жалаңғаш) алтын түсті  мөңке басым.

   Оңтүстік Қазақстандағы суқоймалардағы  күміс түсті мөңкенің кездесуі  ең біріншіден  көлдердің сумен қамтамасыз етілуіне байланысты. Сырдария  өзенінің суы көп болған жылдары,  күміс түсті мөңке өзеннің төменгі ағысында көп кездесті. Н.А. Гладковтың айтуынша 1929 жылы Қамыстыбас көлінде 33,16 ц  күміс түсті мөңке ауланды, ал 30 – 50 жылдардан кейін аулау мөлшері төмендеді [4].          

Шу өзенінің төменгі жағындағы көлдерінде және Талас өзенінің Қазақстанға кіретін бассейіндерінде мөңке бұрын болмаған, қазір 60 – шы жылдардағы акклиматизацияның нәтижесінде пайда болды. Сырдария  өзенінің бассейінінің Бөген  суқоймасында 1963 жылы Шымкент тоған шаруашылығынан әкелінген тұқымен кездейсоқ келіп түскен.

Қырғызстанда және Қазақстанның Оңтүстігіндегі суқоймаларда күміс түсті мөңкені жасанды өсіреді. 1963 жылы Ыстық көлде күміс түсті мөңке тұқы балығының жас шабақтарымен бірге Фрунзе тоған шаруашылығынан алып, 1954 жылы Алматыға тұқымен бірге алып келінген.

Күміс түсті мөңкенің ерекшелігі, кең танымалы «алтын балық» күміс түсті мөңкенің селекциялық жұмыстары нәтижесінде пайда болған. Алтын балық Қытайда мың жыл бұрын (X — XII ғ) мөңкеден шығарылған.  XVI ғ. Жапониядағы ұзақ селекциялардың нәтижесінде оның ерекше формасы алынған. 1611 жылы алтын балық Португалияға әкелінді. XVII ғ. аяғында  Россияға, 1728 жылы Ұлыбританияға  әкелінген. Қазіргі кезде алтын балық —  ең басты  аквариумда  және  тоғанда  өсірілетін  балықтардың бірі [5].

 

                    1.2. Мөңкенің  биологиялық  сипаттамасы

 

   Кәдімгі немесе  алтын түсті мөңке ( C. Carassius L) — жылыу  сүйгіш  тұщы су балығы,  денесі биік, басы үлкен емес. Бүйірі  әлсіз қызыл немесе  алтын түсті,  аузында мұртшасы жоқ. Алтын түсті мөңке сыртқы  ортаның  қолайсыз жағдайларына:  PH – 4,5 (су қышқылдығы), оттегінің мөлшері 0,5 — 0,6 мг – болғанда және мұз қатқан суқоймалардың ихтиофаунасында тіршілік етуге төзімді болып келеді.

   Күміс түсті мөңкенің ( С. auratus gibelio (Blosh)) дене формасы  қырлы болып келеді. Қабыршағы ірі кедір – бұдырлы,  бүйірі күміс түсті. Кәдімгі мөңкеден  желбезек  доғасындағы кірпікшелер саны көп болумен ерекшеленеді. Сыртқы ортаның  қолайсыз жағдайларына төзімді. Кәдімгі мөңкеден тез өседі. Тоғандық жағдайларда өсірілетін дернәсілдерінің  салмағы  20 – 30 г,  дернәсілдері зоо – фитопланктонмен қоректенеді [6].

П.А. Дрягиннің (1933) айтуынша күміс түсті мөңкенің  өзгерістері алтын түсті мөңкенің ауытқуларының  арасында жатады. В.И. Медведев (1976) Челябинск және Свердловск облысындағы көлдерде тіршілік ететін  мөңкенің жоғарғы дәрежелі морфологиялық өзгерістерін көрсетті. Күміс түсті мөңке  мен алтын түсті мөңке бірге тіршілік еткенде олардың ауытқулары  бірдей бағытта  жүретінін байқаған. Жақсы жағдайларда мынандай белгілері денесінің биік жерлері, кеуде қанатына дейінгі аралық,  құйрық қалақшасының  ұзындығы  және D негізі, P — V  аралығы және  V-A

аралығында өзгерістері бар мөңке 9 көлде көп кездескен, ал қолайсыз жағдайларда – алтын түсті мөңке мен  күміс түсті мөңке аз кездескен. Көз диаметрі  мен басының ұзындығы  кері тәуелділік  көрсетті: қолайсыз жағдайларда – көрсеткіштері жоғары, қолайлы жағдайларда – көрсеткіштері төмен болды. Ортаның жағдайларына байланысты морфологиялық өзгергіштік түрдің жоғары биологиялық әсемділігіне бағыттайды, сонымен қатар суқоймалардағы гибридті популяциялардың болуын білдіреді. Мөңкенің шағылысуы көбіне күміс түсті мөңке мекендейтін көлдерде жүреді. Гибридті белгілері ретінде: көк түске бояулы, бірінші желбезек доғасындағы желбезек кірпікшелерінің саны және арқа қанатындағы соңғы қатты сәулелеріндегі тісшелерінің саны тіркелген [2].

          D III – IV (14) 15 – 19;  A II – III  5 – 7 (көбінесе 5); 1.1 28 – 34 (көбінесе   32),  бірнеше желбезек доғасындағы  желбезек кірпікшелері 37 – 52 (көбінесе 46); омыртқалар 26 – 33 (көбінесе 29 және 30). Құрсағы қара, тұмсығының ұзындығы денесінің ұзындығымен салыстырғанда 6,43 – 8,83 %  тең; көз диаметрі 4,09 – 5,90; көздің артқы бөлімі – 10,63 – 14,50; басының ұзындығы  — 18,30 – 30,96; басының биіктігі —  19,40 – 28,60; маңдайының ені – 9,95 – 14,12; денесінің биік жері – 35,76 – 59,20; денесінің аласа жері – 12,0 – 17,0;  тұмсығының  арқа қанатына дейінгі ұзындығы – 44,61 – 60,24; тұмсығынан кеуде қанатына дейінгі ұзындығы – 18,04 – 23,98; құйрық қалақшасының ұзындығы  — 11,30 – 18,60;  D ұзындығы – 32,07 – 85;  D биіктігі – 15,78 – 20,21; А ұзындығы  — 10,29 – 15,57; А биіктігі – 13,97 – 16,86; Р ұзындығы – 14,0 -19,53; V ұзындығы – 17,40 – 24,44; Р және V аралығы  — 16,22 – 27,00;   V және А аралығы – 23,80 – 33,55 ( 1 кесте) [1].

          Күміс түсті мөңкенің санауға болатын белгілері географиялық өзгерістерді қорытындылауға  негіз бола алмайды (2 кесте).

          Солтүстік және оңтүстік суқоймаларда әртүрлі ландшафты — климаттық зоналарда орналасқан популяцияларда үлкен айырмашылықтар жоқ.  Морфологиялық белгілерінің түрленуі экологиялық жағдайларға сонымен  қатар күміс түсті мөңке мен алтын түсті мөңкенің үйірінің тығыздығына байланысты  [7].

 

 

 

 

 

 

Кесте  1

Қазақстанның әртүрлі суқоймаларындағы

күміс түсті мөңкенің пластикалық белгілері,

% денесінің ұзындығынан

 

 

Белгілері

 

Қостанай

облысының ағын сыз көлдері

(М±m)

Үлкен және

Кіші

Жалаңғаш  көлі

(М±m)

Қапшағай су

Қоймасы

(М±m)

Қазақ Өндірістік Жерсіндіру Станциясынан (М±m)

Тұмсығының ұзындығы

7,35±0,16 –

8,83±0,24

7,38±0,17 –

8,46±0,18

6,43±0,09

8,4±0,12

 

Көзінің диaметрі

4,85±0,11 —

5,90±021

4,09±0,11 –

4,46+0,13

5,27±0,10

Көзінің артқы бөлімі

 

12,77±0,14 –

       14,44±0,58

10,63±0,25 –

14,50±0,18

12,09±0,10

Басының  ұзындығы

 

26,47±0,15 –

30,96±0,21

26,44±0,26 –

27,14±0,21

19,94±0,20

           ±

Басының биіктігі

 

25,96±0,69 –

28,60±0,74

23,09±0,37 –

25,44±0,37

23,49±0,23

19,4±24,50

Маңдайының ені

 

11,01±0,15 –

14,12±0,38

10,61±0,30 –

11,85±0,25

9,95±0,07

Денесінің биік жері

 

37,41±0,22 –

56,12±0,21

46,75±0,45

49,56±0,65

35,73±0,29

58,0- 59,20

Денесінің аласа жері

 

14,01±017 –

 16,65±0,42

15,95±0,24 –

16,09±0,35

15,46±0,16

12,0-17,0

Антедорсальді ұзындығы

 

49,98±10,32 –

60,24±1,04

50,69±0,53 –

52,61±0,56

44,61±0,39

45,0-56,40

Постдорсальді ұзындығы

 

18,04±0,64 –

23,21±0,26

23,67±0,44 –

23,98±0,35

19,24±0,26

Құйрық қалақшасының

ұзындығы

13,04±0,59 –

17,71±0,21

17,50±0,21 –

17,85±0,36

15,33±0,20

11,3±18,60

 D ұзындығы

 

32,07±0,37 –

36,73±0,52

36,23±0,40 –

36,55±0,36

37,85±0,34

D биіктігі

 

17,33±0,18 –

20,21±0,25

16,37±0,24 –

17,47±0,24

15,78±0,25

A ұзындығы

 

10,29±0,48 –

12,57±0,41

11,67±0,33 –

12,44±0,30

11,44±0,18

A биіктігі

 

14,62±0,27 –

16,86±0,19

13,97±0,31 –

15,16±0,24

14,71±0,19

P ұзындығы

 

18,32±0,23 –

19,53±0,37

19,44±0,19 –

19,47±0,32

17,06±0,19

14,0-18,0

V ұзындығы

 

20,31±0,22 –

24,44±0,51

20,39±0,23 –

21,93±0,28

19,14±0,26

17,40-20,40

P – V аралығы

 

16,22±0,34 –

24,96±0,41

22,76±0,30 –

24,39±0,53

19,36±0,19

19,0-

V – A  аралығы

 

23,80±0,58 –

33,35±0,57

33,47±0,44 –

33,56±0,35

27,95±0,31

 

Мұндағы:

    М – орташа  мәні;

    m – орташа ауытқуы;

    D – арқа қанаты;

    А – аналь қанаты;

     Р – кеуде қанаты;

     V – құрсақ қанаты;

                                                                                                                       Кесте  2

Қазақстанның әртүрлі суқоймаларындағы

  күміс түсті мөңкенің меристикалық белгілері.

(М±m; алымы – аралығы, бөлімі – орта немесе жиі кездесетін белгілері)

 

 

Суқойма

 

1.1-дағы

қабыршақ

Желбезек

Кірпікше

лері

D

Сәуле

лері

А

Сәуле

лері

Омырт-

қалары

Авторы,

жылы

Қостанай

обл-ң

ағынсыз

көлдері

   

 

   

Горюно

ва,1958

Ақтөбе

обл-ң

көлдері:

Үл.

Жалаңғаш

Кіші

Жалаңғаш

Су-

Жарған

 

 

32,77±0,17

33,92±0,18

30 — 35

 

 

 

51,41±0,19

50,37±0,24

50,02

 

 

IV 16.53

IV 16.96

IV 16.64

 

 

III 5.11

III 5,32

III 6,05

 

 

29,60±0,15

29,36±0,13

29,11

 

 

 

Сидоро

ва,1956

 

Сарысу

өзенінің

бассейін

         

Ерешен

ко,

1956

Қамыс-

Самара ж/е

Күшім көлі

 

       

Серов,

1959

 

 

 

 

Ырғыз

және

Торғай

өзендері

 

 

     

Ақсуат көлі

(Торғай обл.)

 

 

 

     

 

 

2 кестенің жалғасы

Көктенкөл көлі

(Жезқазған

Обл.)

 

 

 

 

 

 

      —

Қорғалжың

 

         

 

      —

Сырдария

өзені

(Қызылор

да)

 

 

 

 

       —

 

 

 

 

       —

 

Қапшағай

Су қоймасы

 

   

 

 

 

 

 

 

П.А. Дрягиннің (1952) нәтижелері бойынша порциялап уылдырық шашатын  ересек балықтардың  уылдырықтарының  диаметрі келесі  порциядағы  уылдырықтардың  диаметрінен екі есе үлкен. Алтын түсті мөңкенің уылдырықтары сары түсті, диаметрі 0,8 – 1,2 мм, келесі порциядағы мөңкенің    уылдырықтары  ашық  түсті,   диаметрі 0,2 – 0,7 мм.    Керісінше Г.М. Кривощековтың  айтуы бойынша  мөңкелердің барлық порциялап  шашатынын ескере отырып олардың уылдырықтарының  мөлшері  бірнеше  порциялап шашқанымен  бірдей болады. Кривощеков зерттеу үшін мөңкелердің  150 данасын алды. Нәтижесінде  күміс түсті мөңкенің  уылдырықтарының  диаметрі наурызда 1,00 мм, сәуірде – 0,96 мм, мамырда – 0,95 мм, маусымда 0,97- 1,00 мм болды, ал алтын түсті мөңкенің  уылдырықтарының  мөлшері наурызда  — 0,91 мм, сәуірде – 0,98 мм, мамырда — 0,93 мм, маусымда —  0,80 – 0,90 мм, қыркүйекте 0,90 мм, қазанда 0,98 мм болған [8].

 

1.3. Мөңкенің  көбеюі, өсіп дамуы

 

Күміс түсті мөңке гиногенетикалық көбею қабілеті  бар жануарлардың  қатарына жатады. Табиғи жағдайда  күміс түсті  мөңке аналығының жұмыртқалары өрістеу  барысында  алтын түсті мөңкенің  аталығының шәуетімен ұрықтанады, кейде сазан, тұқы, қаяз, торта балықтарының аталықтарының шәуетіменде ұрықтанады. Ұрпақтар тек  аналықтар болады. Себебі, басқа балықтардың аталықтарының шәуеті уылдырықтарды ұрықтандырмай тек активтендіреді. Күміс түсті мөңке популяциясы   көбінде жынысы жағынан  бірдей болып келеді. Кейбір суқоймаларында тіршілік ететін  мөңке популяциясында  екі жынысты өкілдеріде кездеседі, өрістеу барысында  сол түрдің аталықтары  қатысып, ұрықтану процесі  барлық балықтар тәрізді жалпы  заңдылықтармен  жүреді және ұрпақтары  аталық – аналық  болып бөлінеді [9].

          Қазақстанның табиғи суқоймаларда  бұл популяцияның  бір жынысты  өкілді (гиногенетикалық) және қос жынысты өкілді формалары кездеседі. Мөңкенің аналық жынысты формалары Ырғыз және Торғай көлдерінде, Балқаш бассейініне  Алматы тоған  шаруашылығынан  қос жынысты формалары  түскенге дейін байқалған. Қостанай, Ақмола, солтүстік Қазақстан  және  Қарағанды  облысының көптеген  ағынсыз көлдерінде  мөңкенің  бір жынысты  өкілдері кездеседі. Мөңкенің  қос жынысы  өкілді формалары  көбіне қамысты қопаланған, оттегі аз, тартылып  бара жатқан  көлдерде мекендейді. Бұндай популяцияда  аталықтың саны  0,5 тен 5,5 %  дейін  2,0 ден 7,6% дейін  ауытқып отырады. Суқойма жағдайы нашарлап, популяцияға жойылу қаупі байқалғанда аталықтар саны  артып отырады [2].

          Қостанай облысындағы Жақсы – Жаркөл көлінде екі жылдың ішінде  аталықтар саны 2,0 ден 7,76 % — ке өскен, Бозша көлде  алтын түсті мөңкенің  жойылуы күшейді,  2 – 3  жыл  мөңкенің  тіршілік ету барысында  «монокультурада»  аталықтық саны 15 – 20 %  жетті. Бұл көлде көп жылдық бақылаулар барысында бір жынысты  өкілдер популяциясы қос жынысты өкілдер популяциясына айналу мүмкіндігі бар екендігі дәлелденді.   Жынысты анықтауда гермофродитті дарақтар бар. 1956 жылы олардың саны 0,4 % (788 экз- н  3), 1957 жылы екі айда 0,5 % (1070 тен 5-еу) және 1958 жылы 2,5 айда — 0,4 % (11000 — нан 42) болады. Аналықтарын гермофродитті аталықтардың шәуетімен ұрықтандырғанда жақсы нәтижелер алынған. Гермофродиттердің жыныс безінің гистологиялық анализі жұмыртқа аймағындағы қайта уылдырық шашуын көрсетті.  Көрсетілген бақылаулар күміс түсті мөңкенің аталықтарын гермофродиттер деп есептеуге болатындығын  дәлелдеді [10].

Күміс түсті мөңкенің аналықтарының жыныс бездерінің дамуында әртүрлі нормалық ауытқулар байқалады, әсіресе ассиметриясында                   50 – ші жылдары осындай гонадалы аналықтар Қостанай облысының Теңіз және Жақсы – Алакөл секілді терең көлдерде, көп бөлігі суы аз, тартылып            бара   жатқан    Жақсы – Жаркөл, Жалжиырған, Қоскөл көлдерінде және негізгі бөлігі Бозшакөл көлінде  кездеседі. Көрсетілген аномалиялар көбіне бір жынысты өкілдер формасының аналықтарында, кейде бірге тіршілік ететін қос жынысты өкілдер формасында кездеседі.

          Бозшакөл көлінде жалпы мөңкенің ішінде бір жынысты аналықтар 1574 экземпляр кездескен, оның 31 – інде тек сол жағындағы  жұмыртқа қабы дамыған, 24 – де 10, жалпы аномалия саны – 3,5 %.

          1893 қос жынысты формалы аналықтардың 9 – да жұмыртқа қабы оң жағында, 19 – да сол жағында барлығы: 1,4 %. өндіруші жүйенің жетілуіндегі ауытқулар тұқымқуалаушылық ақпаратының бұзылуына әкеліп соғуы    мүмкін [11].

          Осыған байланысты балықтың денесінде қабыршақтардың орналасуының  және формасының бұзылуына әкеліп соғады.

          Әртүрлі климаттағы күміс түсті мөңкенің жыныстық жетілу жасы айтарлықтай  жақын: 3 – 4 жаста жалпы жыныстық жетілу солтүстік Қазақстан және Орал балықтарына тән. Бірақ Ырғыз – Торғай бассейіндерінің көлдерінде жалғыз аналықтар үшінші жылы жыныстық жетіледі, ал Қостанай облысның көлдерінде көп бөлігі аналықтар. Сонымен  тартылып жатқан көлдердегі жай өсетін балықтарға бірдей жастан жыныстық       жетіледі [10].

          Орталық және Солтүстік Қазақстан суқоймаларын мекен ететін күміс түсті мөңкенің уылдырық шашатын кезеңі 14 -150 С температурада мамыр айының ортасынан немесе аяғынан, кейде маусым айында басталады. Ал оңтүстік жақтағы суқоймаларда сәуірдің аяғында мамырдың басында су температурасы 9,5 – 220 С болғанда уылдырық шашады. Уылдырық шашу кезеңі шілде, тамыз айларында бітеді. Өрістеудің ұзаққа созылуы  олардың уылдырықты порциялап шашуына байланысты. Жайлап жетілген уылдырық  порцияларының аралығы 7 – 10 күндей болады. Порциялар санын аналықтың жағаға келіп шашуын анықтауға болады. Шашылмаған уылдырық порциялары резорбцияға ұшырайды. Тек кейбір кездері мөңке аналықтарының  бір порция  уылдырық шашқаны байқалған. Ақмола облысының  Сары – Оба көлінде алтын түсті мөңкенің  және күміс түсті мөңкенің аталығының болмауына байланысты аналықтарының бір бөлігі бір уақытта өрістегіш болған, ал Қостанай облысының Ашық Жаркөл  және Ақмоланыңың Жарлыкөл көлінде қыстың қатты болуынан аналықтардың көптеген бөлігі уылдырығының бірінші бөлігін шашқаннан соң, жұмыртқа қабында тек келесі жылы шашатын ооциттер болған. Қостанай облысындағы Аққабақ өзенді тауарлы шаруашылығында күміс түсті мөңке балығының аналықтары бір уақытта өрістегіш болып шықты, бұл су минерализациясының  жоғары боуына байланысты болуы мүмкін [12].

          Бозшакөл көлінің күміс түсті мөңке балығының аралас популяциялары, бір жынысты өкілді формаларының аналықтары үш порциалы уылдырық шашады, ал қос жынысты өкілді формалары бір рет уылдырық  шашады.

          Өрістеу таңертең сағат 5 – 6 жүреді. Уылырықтарын жағалауда өсіп тұрған және су түбі өсімдіктерінінің тамырына шашады. Балдырларға және майда шөптерге шашылған уылдырықтардың ұрықтануы температураның ауытқуына және қаныққан оттегінің көп болуынан  байланысты 20 % болды.

          50 — 60 жылдардағы Қазақстанның суқоймаларының ихтиофаунасын экспедициялық   зерттеулердің  нәтижесі   бойынша   күміс  түсті   мөңкенің  

максимальді өлшемдері айтарлықтай жоғары болған. Қорғалжың көлінде ұзындығы 33,5 см, салмағы 1,3 кг, жасы 13 +, Торғай көлдерінде – 37,0 см, салмағы  1,9 кг, 12 + жаста, Сарысу өзенінде  — 29,3 см, салмағы 1,0 кг, жасы 9 – дан жоғары, солтүстік Қазақстан облысындағы көлдерде – 38,0 см,  салмағы 2,0 кг, жасы 10 жылдан жоғары, Үлкен Жалаңғаш көлінде – 3,2 кг, Балқаш көлінде – 34,0 см, салмағы 1,1 кг, жасы 7 +  [13].

          Күміс түсті мөңкенің өсу жылдамдығы оның жағдайына байланысты.

Күміс  түсті мөңкенің салмақтық өсу жасында  ( 4 жыл ) мына облыстардың кейбір көлдерінде Қостанай, Солтүстік Қазақстан,  Ақмола және Көкшетау облысында олардың орташа салмағы  100 граммға да жеттпейді. Бұл  жастағы Ырғыз – Торғай бассейініндегі мөңке 600 г жоғары болды. Жыныстық жетілу жасының орташа салмағы 387 г.

          Кейде мөңкенің денесінде қан сияқты дақтары болады, ол шаянтәрізділердің  ішіндегі копедами ( Argulus ) паразиті тіршілік етуінен пайда болады. Осыған байланысты олар жай өседі, кейде балықтың денесін  жауып қалып өлімге әкеледі. Кейде ірі мөңкенің уылдырықтары жоқ болып кетуіне әкеліп соғады. Жас мөңкелерге көптеген су насекомдар, әсіресе су шаяндары зиянын тигізеді [14].

          Күміс түсті мөңке түрлі қорекпен қоректенетін балықтар типіне жатады. Кейбір популяциялары көктем – жаз айларында негізгі қорегі ретінде зоопланктонмен қоректенеді. Жақсы – Алакөл көліндегі мөңке шабағы планктонмен қоректенетіні белгілі, ал осы популяцилардың  ересектері бентоспен қоректенеді. 1956 жылығы  Қорғалжың  көліндегі үш мезгілдік бақылаулар нәтежиесі бойынша күміс түсті мөңке бентостық организмдермен қосымша хирономид личинкалармен  қоректенген, ал 1968 жылы жазда ол планктонофаг болып шықты [15].

 

1.3.1. Мөңкенің тұқымдылығы

 

Тұқымдылықты анықтау үшін уылдырықтардың мөлшерін анықтайтын әдісті пайдаланады [16].

Күміс түсті мөңкенің орташа абсолютті тұқымдылығы сәуірде 48 – 60 мың  уылдырық;  маусымда 38 – 54 мың уылдырық; алтын түсті мөңкенің сәуірде  22  мың,  қыркүйекте  24 мың,  қазанда  18  мың   уылдырық  шашқан. Абсалютті тұқымдылық жасқа, ұзындығына және салмағына байланысты өзгеріп отырады. Б.Г. Иогазен (1955), В.М. Володин (1963) және басқа авторлар, тұқымдылық көбінесе балықтың салмағына және жасына байланысты болады [17].

Күміс түсті мөңкенің тұқымдылығы балықтың  өсу темпіне байланысты ауытқып отырады.

Қамыс – Самара көліндегі  ерте жетілген аналықтардың тұқымдылығы 46 000 – ға тең, ал Жақсы – Алакөл көліндегі аналықтардың тұқымдылығы 71035 уылдырық ( 3 кесте).

Орал облысындағы 2 аналықтың 3 және 4 жастағы тұқымдылығы орташа 48 мың уылдырықты құрайды. Осы облыстағы тоғандарда оданда төмен: ұзындығы 11,5 – 22 см, салмағы 30 – 255 г болатын балықта 5,3 – 48,6 мың уылдырық болады [18].

Жұмыртқалардың максимальді жетілу коэффициенті олардың өрістеу алдындағы жетілу кезеңін сипаттайды.

Су – Жарған көліндегі күміс түсті мөңкелердің жұмыртқаларының максимальді жетілу коэффициенті өрістеу алдында 15,9 %, екінші порция уылдырықтарын шашу кезінде  12,5 %, үшінші шашу кезінде – 11,5 %, аяғында минимальді өрістеу кезінде 1,0 % болған [15].

 

Кесте 3

Қазақстан көлдеріндегі күміс түсті мөңкенің тұқымдылығы

 

 

Көл

 

 

Жасы, жыл

 

Автор жыл

3+

4+

5+

6+

7+

 

Су – Жарған

(Торғай)

 

69752

 

 

159722

 

272598

 

345440

 

Сидрова

1956

Кіші Жалан

ғаш (Ырғыз)

 

54928

 

129969

 

155015

 

 

Қорғалжын

67840

120700

Серов, 1959

Жақсы –

Алакөл

 

71035

 

126245

 

 

 

 

 

 

  1. 1. Мөңкенің шаруашылық маңызы

 

Мөңке суқоймалардағы тіршілік ететін балықтарды  аулаудың белгілі бір мөлшерін құрайды. Ал мөңкелер мекен ететін оттегісі аз көлдерде ауланатын балықтың жалғыз обьектісі ретінде ауланады [19].

Мөңке балығының көп бөлігі Солтүстік Қазақстан көлдерінде орналасқан. Суқоймалардағы мөңкелер  қолайлы жағдайлар іздемейді. Алғашқы жылдары суқоймалар жасалу барысында, кіші көлдер толғанда олардың саны жоғары болды. Кейін көбею жағдайының бұзылуының және толық үйірінің төмендеуінің нәтижесінде ауланатын мөңкелер саны төмендеді. Мысалға, Бұқтырма су қоймасын алуға болады. Зайсан көлінде 1930 – 1932 жылдары жылына 320 – 400 тонна мөңке балығы  ауланған,    40 – шы  жылдардың басында 322 – 399 тонна. [20]. 50 – ші жылдары мөңкенің жыл сайынғы аулануы 5 тоннаға  дейін түсіп кеткен [21].

Бұқтырма  су қоймасының толуына байланысты мөңкелерді аулау артты. 40 – шы жылдардағы максимальді көрсеткіштер 60 – шы жылдардың аяғында болды, бірақ артынан 1974 жылдан Зайсан балық комбинатында мөңке балығы  аз ауланып, артынан мүлдем жойылып кетті. Тек 1982 жылы 2тонна мөңке ауланғаны көрсетілді. Мөңке — Алакөл көлдер жүйесіндегі Қошқаркөлінде аздаған мөлшерде ауланады: 1981 жылғы максимальді аулау 65 тонна мөңкенің  кг/га балық өнімін аулағанын анықталған [22].

Жерсіндірілген күміс түсті мөңке ғылыми жоспар бойынша шектеулі масштабта өндіріледі. Күміс түсті мөңке Алакөл көлдер жүйесінде: 1973 жылы Бұқтырма су қоймасында қағаз жүзінде  4,1 мың (аналықтар) балықтар отырғызылды. Күміс түсті мөңке 1954 жылы Балқаш бассейініне кездейсоқ түскен. Талдықорған жанындағы Тентек тоғанынан жіберілген күміс түсті мөңкенің шабақтары су ағынымен Қаратал өзеніне,  сосын Сары – Ісек шығанағына түскен [23].

Соңғы жылдары мөңкелерді суқоймаларға көл — тауар шаруашылығынадағы балық өнімін арттыру мақсатында жерсіңдірген. 50 – шы  жылдары Белоруссия және Украйна сонымен қатар бірнеше балық шаруашылықтарынан күміс түсті мөңкені тоған шаруашылығына культуралық жолмен жерсіңдіру нәтижесінде Алматы тоған шаруашылығынан Қостанай облысындағы Бозшакөл көліне жерсіндірген.  Айтарлықтай аз уақытта, яғни он жылдан астам уақытта, өндірісте бақылау жағдайларында болмағандықтан күміс түсті мөңке кәсіптік маңызы жоқ балыққа айналған. Жыл сайынғы Алматы тоған шаруашылық және Қапшағай уылдырық шашу, шабақ өсіру шаруашылықтарына жоспарсыз жіберуіне байланысты Қапшағай суқоймасында күміс түсті мөңкенің саны артып кеткен [24].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. МАТЕРИАЛ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ

 

 

  • Зерттеу жүргізілген аудандардың қысқаша сипаттамасы

 

  1. Қазақ Өндірістік Жерсіндіру Станциясының қысқаша  сипаттамасы.

Республикалық Мемелекеттік Қазыналық Өнеркәсіп Қазақ Өндірістік Жерсіндіру Станциясы (балық питомнигі) Алматыдан 15 км қашықтықта   Парьхменнадағы табиғи сайда орналасқан.  Балық питомнигінің 312806 кв  М  немесе   312806 га   өндірістік  ауданды  алып   жатыр.  Оның  ішінде:

—  2561  кв  немесе   0,2561 га  —  құбырлар   құрылыстар   алып   жатыр.

—   42800  кв  немесе  4,2800   жасыл   көкал  алып  жатыр.

—   267 200 кв, м  немесе 26,72    га — тоғандар.

           Мекеме Қазақстан Республикасындағы суқоймалардағы қоректік  организмдерді   және  жерсіндірілген балықтарды,  жас шабақтарды өсірумен  айналысады.

Республикалық Мемелекеттік Қазыналық Өнеркәсіп Қазақ Өндірістік Жерсіндіру Станциясы (балық питомнигі) – толық  жүйелі шаруашылыққа  немесе   мекемеге  жатады.  Балық   питомнигінің жоспарланған  қуаттылығы 800 мың   дана  өсімдік  қоректі   балық  түрлерінің   жас   шабағын   құрайды.  Тоғанның   жалпы  ауданы 26,72  га  құрайды.

Шаруашылық  мезгілдік  сипатта   жұмыс   істейді;

Қысқы  кезеңде   шаруашылық  — қысқы   аналық   немесе   ремонттық балықтардың  табынын, сонымен қатар оттегі мөлшерін, судың гидрохимиялық  жағдайын,  қорекпен  қамтамасыз  етілуін,   тыңайтылуын бақылаумен   айналысады.   Көктемгі   кезеңде   өрістеуге   дайындық жүреді.

          Қыстық  тоғандардан  балықтарды  жаздық  аналық  немесе ремонттық тоғандарға отырғызады,  сосын балықтарды  қоректендіру жүреді, ұрықталатын балық материалын отырғызатын  тоғандарды   дайындау.

Жазғы  кезең  —   бұл  инкубацияның   басталуы,   сонымен   қатар   уылдырық  алу   және  ұрықтанған уылдырықтарды   өсіру  тоғанына жіберу,  аналық  және  ремонттық  табындарды  қоректендіру,  тоғандарды  тыңайту.

           Күзгі  кезеңде — жайлым тоғанынан балықтарды  аулау  жүргізіледі. Балық  ауланып болған тоғандарды  құрғату   және  келесі   жылға  дайындау, балық  отырғызу    материалдарын  ветеринарлық лабораторияларға   жіберу, ауланған   балық   отырғызу   материалдарын  Қазақстан Республикасы    бойынша    суқоймаларға   жіберу жұмыстары жүргізіледі.  

        

  1. Шелек тоған шаруашылығының қысқаша сипаттамасы.

Шелек тоған шаруашышылығы Алматы қаласынан 82,1 км қашықтықта Шелек қаласына 30 км жетпей, Тескенсу ауылынан кейін, Жібек жолы тас жолынан Қапшағай суқоймасына қарай 7 км қашықтықта орналасқан. Шелек тоған шаруашылығы VI балық өсіру  аймағында орналасқан. Тоған шаруашылығы екі кезеңге бөлініп салынған.

Тоған шаруашылығының салынуының бірінші кезеңі 1962-1971 жылдар аралығында өткен. Бұл кезеңде жоспарланған балық өнімділігінің қуаттылығы 3,7 мың центнерді құраған. Ал тоған шаруашылығының екінші рет салынуы 1975 жылы іске асқан. Бұл жылдары Шелек тоған шаруашылығының қуаттылығы 14 мың центнерге дейін жоғарылаған. Осы жылғы шабақтарды өсіру мөлшері – 6 млн. дананы құраған. Бұл тоған шаруашылығы өзінің құнын алты — жеті жылда өтеген. 1982 жылы тоған шаруашылығы 1060 тонна тауарлы балық өсіріп шығарған. Ал 1988 жылы тоған шаруашылығы 2000 тоннадан аса балық өсірген. Бұл жылдары тоған шаруашылығының орташа балық өнімділігі 32 ц/га құраған. Қазіргі кезде «Айдын» Жабық Акционерлік Қоғамымен жалға алынып отырған, Еңбекші қазақ ауданында орналасқан бұрынғы Шелек тоған шаруашылығының жерінде балық өсіруде. «Айдын» Жабық Акционерлік Қоғамы жалға алып отырған жер көлемі 1700 га. Шелек тоған шаруашылығында тауарлы балықты өсіріп қана қоймай, НПЦ жұмыскерлері көп жылдық будандастырудың нәтижесінде алынған ұрпақтарды сұрыптап, балықтардың бағалы генофондарын қалыптастыруда. Бір сөзбен айтқанда, селекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Шелек тоған шаруашылығында негізгі өсірілетін бағалы балықтарға тұқы, ақ амур, ақ дөңмаңдай, ескек тұмсықты балықтары жатады.

 

                                        2.2.  Әдістеме

 

Бітіру жұмысының материалы 2006-2007 жылдары  Алматы облысындағы Шелек тоған шаруашылығы және Қазақ өндірістік жерсіндіру стансасынан жазғы далалық практика және өндірістік практика уақытында көктем, күз айларында ауланды. Зерттеу жұмысына аталған шаруашылықтардан жалпы саны 80 дана мөңке балығы ауланды. Балықтарды шабақ аулайтын нәретемен, қармақпен ауладым. Ауланған балықтарды орнында  4 пайыздық формалин ерітіндісінде фиксацияладым.

Балықтардың биологиясын және морфологиясын  талдауға жалпыға бірдей   ихтиологиялық әдістерді пайдаландым. Биоанализ әдісі өзіне келесі реттік жазуларды кіргізеді:

  1. Алынған орны. Су қойманы көрсету (өзен, тоған, көл, теңіз немесе теңіз бөлігі), балық ауланған жерді.
  2. Алынған уақыты күні, айы, жылы, жинаушының және өлшеушінің аты – жөні, фамилиясы. Балықтың тұрғылықты жердегі аты. Ғылыми атын (латыншасын), қарап отырған объктінің балықтар системасында анық анықталған жағдайда ғана беру керек.
  3. L – балықтардың жалпы ұзындығы немесе абсолютті ұзындығы. Тұмсығынан бастап құйрық қанатының ең ұзын жеріне дейінгі өлшем;
  4. 1 – дене ұзындығы, тұмсығының жоғарғы жағынан құйрық қанатының негізіне дейін, яғни қанатынсыз ұзындығы;
  5. Балық салмағы ( г немесе кг ). Балық салмағы алдымен ішкі құрылысын алмай, бүкіл балықты өлшейді ( Q – жалпы салмағы ), сонымен қатар ішкі құрылысынсыз салмағы ( q – ішкі мүшелерінсіз ).
  6. Жынысын анықтау – барлық балықтарды зерттеуде міндетті түрде. Аталықтары ♂ белгіленсе, аналықтары ♀ белгіленеді. Егер балық жас және қараулы көзбен жынысын анықтай алмаса, онда сәйкес кестеге juv деп жазылады (қысқартылған  juvenalis ), жас деген мағынаны білдіреді [16].        Морфологиялық өңдеуде балықтардың төмендегі пластикалық және меристикалық белгілері өлшенді:

а) меристикалық белгілері:

 

ll — бүйір сызығы –  балық денесінің бүйіріндегі қабыршақтардың саны;

үстінгі – бүйір сызығының үстіңгі қабыршақтар саны.

астынғы — бүйір сызығының астыңғы қабыршақтар саны.

llca  — құйрық қалақшаларының басталатын жеріндегі қабыршақтар саны.

D – арқа қанатының сәулелерінің саны. Арқа қанаты ( қысқартылған dorsalis) бұтақталмаған сәулелерін рим цифрымен, бұтақталған сәулелерін араб цифрымен белгілейді;

А — ( analis  қысқартылған) аналь қанатының сәулелер саны;

Р —  (Pectoralis) кеуде қанатының сәулелер саны;

V — (Ventralis) құрсақ қанатының сәулелер саны;

С — (caudalis) құйрық қанатының сәулелер саны;

 

б) пластикалық белгілері:

L – денесінің толық ұзындығы.

l – денесінің құйрық қалақшасысыз ұзындығы.

aD – антедорсальды арақашықтығы.

pD – посдорсальды арақашықтығы.

Lca – аналь қанатының соңынан құйрық қанатының басталған жеріне дейінгі арақашықтығы.

aP – антепектральды арақашықтық.

aV – антевентральды арақашықтық

aA – антенальды арақашықтық.

lc —  басының ұзындығы.

ao – тұмсығының ұзындығы.

o – көзінің диаметрі.

ap – көзінің артынан желбезек қақпағының соңына дейінгі арақашықтық.

lmx —  жоғарғы жағының ұзындығы.

lmd – төменгі жағының ұзындығы.

io  — екі көзінің арақашықтығы.

hCs – көзінің алдынан басының биіктігі.

hZa – көзінің артынан басының биіктігі

H – денесінің ең биік жері

h – денесінің ең аласа жері

ID – арқа қанатының ұзындығы.

hD – арқа қанатының биіктігі.

lA – аналь қанатының ұзындығы.

hA – аналь қанатының биіктігі.

IP – кеуде қанатының ұзындығы.

lV – құрсақ қанатының ұзындығы.

lcs  — үстіңгі құйрық қалақшасының ұзындығы.

lcm – құйрық қалақшасының ортасы.

lci – астыңғы құйрық қалақшасының ұзындығы.

Q  — денесінің толық салмағы.

q – денесінің іш құрылыссыз салмағы.

Жынысы  – жынысы.

Жж сатысы – сатысы.

тамақ – ішектегі тамақ мөлшері.

АИП  — уылдырығының саны [16].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ТАЛҚЫЛАУЛАР

 

 

Кесте 4

Шелек тоған шаруашылығынан ауланған мөңкенің биологиялық талдау нәтижелері

 

L, см

l, см

Q, г

q,г

F

CL

жынысы

стадия

гонада m

1

14,5

11,5

42,6

34,4

2,8

2,3

аналық

V

4,3

2

14,4

11,4

41,6

33,2

2,8

2,2

аналық

IV

4,9

3

14,1

11,5

36,8

31,9

2,6

2,1

аналық

V

3,7

4

14,2

11,7

42

33,8

2,6

2,1

аталық

V

4,4

5

13,5

11,1

34,3

29,5

2,5

2,2

аналық

V

 

6

13

11,8

35,8

27,3

2,2

1,7

аналық

V

5,8

7

13,9

11,3

41

33,2

2,8

2,3

аналық

IV

4,8

8

12,7

11,1

25,6

21,6

1,9

1,6

аналық

V

3,9

9

12,4

10,2

24,2

20,4

2,3

1,9

аталық

IV

4,7

10

12

9,9

27,2

25,5

2,8

2,6

аналық

III

 

11

11,5

9,2

22,4

22

2,9

2,8

аналық

III

0,37

12

14,9

12,1

45

36,7

2,5

2,1

аналық

V

4,9

13

12,2

9,8

19,2

16,8

2

1,8

аналық

III

 

14

10,3

8,7

18

14,3

2,7

2,2

аналық

III

3,8

15

9,5

7,5

12,7

10,7

3

2,5

аталық

III

2,9

16

13,7

11,1

36,6

31,8

2,7

2,3

аналық

IV

 

17

13,8

11,3

34,9

28,4

2,4

2

аналық

IV

3,9

18

13,9

11,3

33,9

21,5

2,3

1,5

аналық

IV

4,3

19

12,9

10

31,9

18,9

3,2

1,9

аналық

IV

3,9

20

12,8

11,4

33,7

27,9

2,3

1,9

аналық

III

4,7

21

11,9

9,9

30,9

23,3

3,2

2,4

аналық

II

3,6

22

10

8,6

19,9

13

3,1

2

аналық

III

2,9

23

11

8,9

13,3

11,9

1,9

1,7

аналық

III

2,7

34

10

7,9

21,1

14,4

4,3

2,9

аналық

IV

4,8

25

94

7,3

12,8

8,5

3,3

2,2

аналық

III

3,6

26

8,6

7,1

11,7

7,4

3,3

2,1

аналық

III

3,8

27

12,9

10,1

28,3

23,2

2,7

2,3

аналық

III

3,2

28

12,2

9,9

26,3

22

2,7

2,3

аналық

IV

2,3

29

11,9

9,9

24,9

22,1

2,6

2,3

аналық

III

 

30

10,6

8,4

18

12,4

3

2,1

аналық

III

4,1

31

12,6

10,2

25,2

21

2,4

2

аналық

II

1,9

32

13,3

11

30,5

25,2

2,3

1,9

аналық

III

2,6

33

11,1

8,9

19,2

16,5

2,7

2,3

аналық

III

1,1

34

11,4

8,9

17,3

15,4

2,5

2,2

аналық

III

0,4

35

10

8,4

12,9

11,2

2,2

1,9

аналық

III

3,1

36

9,9

8

15,5

11,4

3

2,2

аналық

II

 

37

12,4

9,8

25,5

20

2,7

2,1

аталық

III

2,3

38

10,5

8,6

19,2

13,6

3

2,1

аналық

III

4,2

39

10,7

8,9

17,2

15,2

2,4

2,2

аналық

III

 

40

9,7

7,6

14,7

10

3,3

2,3

аналық

II

3,4

41

11,7

10,1

25,9

21,3

2,5

2,1

аталық

II

3

42

11,5

8,5

16,9

16,8

2,8

2,7

аналық

III

 

43

10,5

8,8

19,9

14,4

2,9

2,1

аталық

IV

2,5

44

10,3

8,4

11,8

8,4

2

1,4

аналық

IV

 

45

9,2

7,4

16,5

13,4

4,1

3,3

аналық

IV

5,3

46

13,4

11,1

36,6

29,2

2,7

2,1

аналық

III

3,9

47

10,9

8,6

19,8

14

3,1

2,2

аналық

III

3,4

48

11,3

9,1

20,6

17,3

2,7

2,3

аталық

IV

 

49

10,3

8,4

19,9

12,4

3,4

2,1

аналық

II

4,2

50

11,5

8

17,8

13,8

3,5

2,7

аналық

II

4,8

Орташа

11,82

9,6

25,05

19,97

2, 75

2,17

 

 

3,64

min

8,6

7,1

11,7

7,4

1,87

1,42

 

 

0,4

max

14,9

12,1

45

36,7

4,28

3,31

 

 

5,8

 

Зерттелген 50 дана балықтардың ішінде биологиялық талдау нәтижесінде максимальді дене салмағы – 45 г, ал минимальді дене салмағы – 11,7 г болды, орташа көрсеткіші – 25,05 г, максимальді денесінің ұзындығы – 14,9 см, ал минимальді денесінің ұзындығы – 8,6 см, орташа көрсеткіші – 11,7 см, орташа көрсеткіші 11,82 см болған. Жыныстық пісіп жетілген аналықтарының уылдырықтарының даму сатылары II, III, IV, V сатыларда болды (кесте 4).[]

Фультон бойынша зерттелген балықтардың максимальды қоңдылығы – 4,28, ал минимальді қоңдылығы – 1,87, орташа көрсеткіші – 2,75.

Кларк бойынша зерттелген балықтардың максимальды қоңдылығы  3,31, ал минимальді қоңдылығы – 1,42, орташа көрсеткіші – 2,17.

 

Кесте 5

Шелек тоған шаруашылығынан ауланған күміс түсті мөңкенің жыныстық қатынасы

 

Жынысы

Саны

%

Аналықтар

39

78

Аталықтар

11

22

Барлығы:

50

100

 

Ауланған 50 дана мөңке балығының ішінде 39 данасы, яғни 78 % аналықтарды құрады, 11 данасы, яғни 22% аталықтар болды ( кесте 5).

 

                                                                               Кесте  6

Шелек тоған шаруашылығынан ауланған күміс түсті мөңкенің жетілген аналықтарының уылдырықтарының даму сатысының пайыздық көрсеткіштері

 

Аналықтардың саны, дана

Уылдырығының жетілу стадиясы

%

6

II

15

16

III

44

10

IV

26

6

V

15

Барлығы:   39

 

100

 

Зерттелген 39 дана аналықтардың ішінде III сатыағы жыныстық жетілу   44 пайыз аналықта байқалады. Ең азы II және  V стадиядағы жыныстық жетілуі 15 пайыз (кесте 6).

Қоңдылық  коэффициентін күз кезінде анықтайды. Бұл көрсеткішті екі әдіспен анықтауға болады. Бірінші әдісі: Фультон бойынша, балықтардың жалпы дене массасы арқылы,  ал екінші әдісі: Кларк бойынша балықтардың ішкі органдарынсыз дене массасы арқылы, анықтау. Қоңдылықты білудің маңызы – бұл балықтардың қыс мерзіміне дайындығын және олардың қорекпен жеткілікті қамтамасыздығын білуге болады, неғұрлым осы көрсеткіш жоғары болса, балық қыстау кезінде  соғырлым шығынға аз ұшырайды. Әдетте тұқы балықтарының қоңдылық коэффициенті  1,5 – 2,5 аралығында болу керек [5].

F =

 

Cl = ,

 

Мұндағы:

  l – құйрық қанатына дейінгі ұзындығы (мм);

 Q – денесінің салмағы (г);

            q –  ішкі мүшелерін алғандағы салмағы (мг);

 F –Фультон бойынша балықтың қоңдылығы жалпы дене массасы

            ( Q, г );

           Cl – Кларк бойынша балықтардың қоңдылығы ішкі органдар 

            дене массасы ( q, г ).

 

Кесте 7

Қазақ Өндірістік Жерсіндіру Стансасынан ауланған күміс түсті  мөңкенің жыныстық қатынасы

 

Жынысы

Саны

%

Аналықтар

21

70

Аталықтар

9

30

Барлығы:

30

100

 

        Зеріттеуге ауланып алынған  30 дана күміс түсті мөңке балығының ішінде 21 данасы, яғни 70 % аналықтарды құрады, 9 данасы, яғни 30 % аталықтар болды ( кесте 7).

 

 

 

 

 

 

                                                                                                   Кесте 8

 

Қазақ Өндірістік Жерсіндіру Стансасынан ауланған күміс түсті  мөңкенің жетілген аналықтарының уылдырықтарының даму стадиясының пайыздық көрсеткіштері

 

 

Аналықтардың саны, дана

Уылдырығының жетілу стадиясы

%

8

II

15

13

III

44

9

IV

26

Барлығы:   30

 

100

 

Қазақ Өндірістік Жерсіндіру Стансасынан ауланған  30 дана күміс түсті мөңке балығының жыныстық жетілу сатылары II, III, IV, V сатылары болды. Оның ішінде II сатыдағы аналықтар саны 8 дана (15 %), IV сатыдағы аналықтар саны 9 дана (26 %), III сатыдағы аналықтар саны 13 дана (44%) болды (кесте 8).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бітіру жұмысын қорытындылайтын болсам, алтын түсті және күміс түсті мөңке балығының биологиясы мен экологиясын  теория жүзінде әдебиеттерді пайдалану арқылы білдім, жазғы  және күзгі өндірістік практикада жиналған материалдарға биологиялық, морфологиялық талдау жасадым, сонымен қатар биологиялық – морфологиялық зеріттеу нәтежиесінде статистикалық вариациялық әдісін үйрендім.

Бітіру жұмысының материалы 2006-2007 жылдары  Алматы облысындағы Шелек тоған шаруашылығы және Қазақ өндірістік жерсіндіру стансасынан жазғы далалық практика және өндірістік практика уақытында көктем, күз айларында ауланды. Зерттеу жұмысына аталған шаруашылықтардан жалпы саны 80 дана мөңке балығы ауланды. Ауланған балықтарды орнында  4 пайыздық формалин ерітіндісінде фиксацияладым.

Шелек тоған шаруашылығынан ауланған 50 дана балықтардың ішінде биологиялық талдау нәтижесінде максимальді дене салмағы – 45 г, ал минимальді дене салмағы – 11,7 г болды, орташа көрсеткіші – 25,05 г, максимальді денесінің ұзындығы – 14,9 см, ал минимальді денесінің ұзындығы – 8,6 см, орташа көрсеткіші – 11,7 см, орташа көрсеткіші 11,82 см болған. Жыныстық пісіп жетілген аналықтарының уылдырықтарының даму сатылары II, III, IV, V сатыларда болды (кесте 4).

Фультон бойынша зерттелген балықтардың максимальды қоңдылығы – 4,28, ал минимальді қоңдылығы – 1,87, орташа көрсеткіші – 2,75.

Кларк бойынша зерттелген балықтардың максимальды қоңдылығы  3,31, ал минимальді қоңдылығы – 1,42, орташа көрсеткіші – 2,17.

Қазақ Өндірістік Жерсіндіру Станциясынан ауланған мөңке балығына жүргізілген морфологиялық талдау нәтижесінде денесінің максимальді ұзындығы —  296 мм, ал минимальді дене ұзындығы – 113 мм, орташа ұзындығы – 246 мм болды. Ал дене салмағының максимальды көрсеткіші – 366 мг, минимальді көрсеткіші – 209 мг, ал орташа дене салмағының көрсеткіші – 149 мг болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Рыбы Казахстана 3 том. Алма-ата; НАУКА; 1982. — С. 212 — 231.
  2. Пинев И.А. Рыбы бассейнов рек Чу и Талас. Фрунзе: 1985г – С. 117 – 118
  3. Бәйімбетов Ә.А., Темірхан С.Р. Қазақстанның балықтәрізділері мен балықтарының орысша – қазақша анықтауышы, Алматы.: 1999. – Б. 53 – 56.
  4. Серов Н.П. Аклиматизация рыб в бассейне Балхаша. Тезисы докл. науч. конф по итогам и перспективам аклим. Рыб и безпозв – х водоемах СССР// — Фрунзе; 1972г. – С. 77 – 79.
  5. Диес Миллс. Аквариумные рыбки. Астрель М.; 2003. – С. 213 – 222.
  6. Мовчан В.А. Жизнь рыб и их разведение. Изд – во «Колос», М.; 1966. – С. 153 — 156.
  7. Сабанеев П.Р. Жизнь и ловля пресноводных рыб. М,; Рыбы Россий 1970. – С. 259 – 262.
  8. Кривощеков Г.М., 1953. Караси западной сибири; //Тр. Варавбинского стд. ВНИОРХ. Т.б. Вып. 2 – С. 71 – 124.
  9. Жизнь животных 4 том. М,; осещения 1938г. – С. 51 – 54.
  10. Горюнова А.И. О размножении серебряного карася. // Вопр. Ихтиологии. 1960г. Вып. 15. – С. 106 – 110.
  11. Домровский В.К. Разведение серебрянного карася в Белоруской СССР Известия АН БССР. Сер. Биол. Наук., 1963г. – С. 123 – 131.
  12. Демина А.И. Плодовитость серебряного карася Carassius auratus giblio (Bloch) в Амуре.// Иследования по биологии рыб и промысловой океанографии. Владивосток, 1977. Вып. 8. – С. 80 – 85.
  13. Астанин Л.П. Подгорный М.И. Особенности плодовитисти караси Carassius carassius (L),// Вопросы ихтиологии. – 1968. Т. 8 Вып. 2. (49). – C. 266 – 273.
  14. Күленов К. Қазақстанның балық қорын молайту. Алматы; Қайнар 1975. – Б. 214 – 215.
  15. Даутбаева К.А., Сумбаева Л.Н. Питание сазана и карася Капчагайского водохранилища. Биологические основы рыбного хозяства водоемов Средней Азий и Казахстана // — Фрунзе; Ишим 1981 – С. 59 – 60.
  16. Правдин. И.Ф. Руководство по изучению рыб. М,; Пищевая промышленность, 1966. – С. 376 -379.
  17. Бугай К.С., Коваль Н.В. К билогий ражмножения серебрянного карася водоемов Днепрского – бугской устьеой области // гидробиологический журнал, 1967. Т. 12. №5 – С. 53 – 57.
  18. Привезенцев Ю.А. Интенсивное прудовое рыбоводства. М,; агропромиздат 1991г. – С21 – 24.
  19. Суховерхов Ф.М. Хозяственное значение карася серебренного в прудовом рыбоводстве.// Рыбное хозяйство 1951г. – С. 36 – 37.
  20. Ерещенко В.И. Ихтиофауна бассейна р. Сарысу. Сб. Работ по ихтиологии и гидробионтов водоемов Казахстана. Алматы; 1959. Вып. 2 – С. 208 – 233.

 

  1. Сәрсенбаев Р.С. Тоған шаруашылығы балық көзі. Алматы; Қайнар 1984ж. – Б. 21 – 22.
  2. Күленов К. Қазақстанның балық байлығы. Алматы; Қазақстан 1967ж. – Б. 33 – 34 .
  3. Қайымов Қ. Балықтар әлемінде. Алматы: Қайнар 1973ж. – Б. 11 – 12.
  4. Терлецкий Б.К. Гидробиологическое описание Северного Джетысу// Тр. Главн. Геол. – разв. Управления высшего Совета народ. Хоз. – ва СССР. – 1931. – Вып. 1056, — С. 125 – 178.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТҮЙІН

 

Бітіру жұмысында  Шелек тоған шаруашылығынан және Қазақ Өндірістік Жерсіндіру Стансасынан ауланған күміс түсті мөңке балығының морфологиялық және биологиялық жағдайы қарастырылып, оларға талдау жасалынды.

 

РЕЗЮМЕ

 

В работе исследованы и проанализированы биологические и морфологические показатели серебряного карася из Чиликского прудового хозяйства и КазПАСа.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1. Жайлым тоғанынан күздік балық аулау

 

 

 

Сурет 2. Тоғанның суын түсіру

 

 

Сурет 3. Тоғанды тазарту

Сурет 4. Тоғанды құрғату

 

 

 

Сурет 5 Күміс түсті мөңке.

 

 

 

Сурет  6 Алтын түсті