АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Патент негізінде жұмыс жасайты кәсіпкерлік қызметте салық салуды есептсу және талдау

               Мазмұны

 

 

 Кіріспе…………………………………………………………………….2-3 б

 

 

Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік

 қызметте салық салудың экономикалық мәні.

  1. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі…………………………4-5 б
  2.   Патент құқығының түсінігі мен мазмұны………………………5-9 б

 

 

 

 

 

Қорытынды………………………………………………………………………..10-11 б

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………..12

 

 

Кіріспе

   Жұмыстың негізгі тақырыбы – патент болып табылады. Ең бірінші                 салыққа түсініктеме беріп, содан соң оның арнайы түрлеріне тоқталайық.

    Қазақстан өз тәуелсіздігін  алғаннан кейін, экономиккада елеулі  өзгерістер орын алды. ҚСРО–ның  құлдырауына дейін жоспарлы экономика  өзінің жарамсыздығын көрсетті. Нарықтық экономиканың   қалыптасу  процесінде  ТМД мемлекеттерінің әрқайсысында  жаңа өндірістер  нысаны  мен жаңа капиталдық қатынастар дамыды.Срның ең бір негізгісі болып салық жүйесі табылады.

 Салық – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген  белгілі бір мөлшерде жүргізілетін қайтарымсыз түрде болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлем.

Салықтың экономикалық мәні – шаруашылық субъектілері  мен азаматтардан  ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі  өндірістік қатынасы.

Енді біз салықтың арнайы режимдеріне жататын патент негізінде жүргізілетін салық түріне тоқтала кетсек.Бұған байланысты жасалынған схемаға көңіл аударайық.   

      

Бұл  схема арқылы біз арнаулы салық режимдерін кімдер төлейтінін анық көреміз.

Патент – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын құжат.

Патенттеу негізгі қызметі – жаңалықты енгізетін тұлғаға  монополияны  қамтамасыз ету болып табылады.

Патенттеу мақсаты – сәйкес саладағы  маман  патент  мазмұнын оқып, ондағы  техникалық шешімді жүзеге  асыра алатындай деңгейге  жеткізіп ашу.

Осы тақырыпты мазмұндау барысында мен көптеген патенттік терминдермен таныстым. Бұл терминдер патентпен жұмыс істеуде қажет

Патенттелген өнеркәсіп меншік объектілері – қорғау құжаттары  берілген өнеркәсіптік  меншік объектілері.

Патент жүргізуде мынадай құжаттармен танысамыз:

Бюллетень — өнеркәсіптік  меншік объектілерін қорғау мәселелері  жөнінде  Қазпатент шығарып тұратын мерзімдік басылым.

Лицензиялық шарт —  патент иеленуші (лицензиар)  басқа тарапқа өнеркәсіптік меншік  объектісін белгілі бір түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарты.

Патентті сенімді өкілдер – жеке және заңды тұлғалардың  Қазпатент алдындағы өкілдеріне  заңдарға сәйкес құқық берілген азаматтар.

Патентке қабілеттілік жағдайлары — өнеркәсіптік меншік  объектілеріне құқықтық қорғауды берудің осы Заңда көзделген жағдайлары.

Патенттік қорғау келесі аспектілерімен сипатталады:

  • қорғалатын объектілердің шектеулі шеңбері;
  • патенттік құқықтар пайда болуының  ерекше тәртібі; патент иесіне құқықтар  кешенінің  және объектіні  пайдалануға айрықша құқықтың берілуі;

 Патент құқығының объектілеріне  қатынастарды  Конститутциямен  бірге,  Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексі де реттейді.

  Қазақстан Республикасының  Патент Заңы 1999 жылдың 16 шілдесінде  қабылданады.Патент Заңы сегіз тарау құрайды. Осыған қосымша ретінде 38 баптан тұратын Қазақстан Республикасының  Патент  Заңы кешенді нормативтік – құқықтан тұрады.

   Патент жүйесіне заңнамалық өзгерістер енгізуге байланысты және Республика аумағында  өнеркәсіптік  меншік саласындағы қатынастарды  реттейтін  төрт маңызды халықаралық конвенция әрекет етеді. Олар: Париж конвенциясы, Мадрид келісімі, Бүкіләлемдік меншік қорғау ұйымы конвенциясы, Патент  кооперациясы туралы келісімшарт.

   Атап өтілген конвенциялар қазақстандық интеллектуалдық меншік жөніндегі заңнаманы қалыптастыруға  және дамытуға  елеулі ықпал етті, өйткені бұл конвенциялар көптеген елдердегі  осыған ұқсас жүйелерді  дамытуға  қажетті халықаралық параметлер  мен шоғырландырылған ұлттық тәжірибені жинақтаған.

 Айта кету керек барлық елде патент ведомствосы деп аталатын патент жүйесін құрайтын мекеме аса маңызды мамандандырылған ұйым болып табылады. Біздің Республикамыздың Президентінің  1992 жылғы 18 маусымдағы  Жарлығына сәйкес  Қазақстан Республикасы  Министрлер кабинеті жанына ұлттық патент ведомствосы, қысқаша Қазпатент құрылды.

Бұл бастаулар біздің мемлектіміздің оң қадамдары болып, өз экономикамызды одан әрі дамытуға, үлкен белестерге шығуға бірталай көмек береді деген үмітпен жасалынып отырған бастамалар болып табылады. Егерде мемлекеттің нақтыланған салық жүйесі өз жұмысын дұрыс жүргізсе, халқымыздың жағдайы да жақсарады,өйткені салық ол — адамның тамақтануына азық–түлік қалай керек болса,ал  мемлекеттің ең басты азығы болып салық табылады.                           

Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметте салық салудың экономикалық мәні.

  1. Патент негізіндегі арнаулы салық режимдері.

Патент – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын құжат.

  • Белгілі бір арнаулы салық режимін қолдануға арналған патент нысанын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
  • Патент жоғалған немесе бүлінген жағдайда салық төлеушінің өтініші бойынша дубликат беріледі. Салық төлеуші бүлінген патентті салық органына тапсыруға тиіс.
  • Жеке кәсіпкерлердің патент бланкілері қатаң есептік бланкілері болып табылады және ақша алынбай беріледі. Оларды басқа адамдарға беруге тыйым салынады.
  1. Патент негізіндегі арнаулы салық режимін мынадай талаптарға сай   келетін:

1) жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

2) жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын;

3) патент негізінде арнаулы салық режимін қолданудың әрбір он екі ай мерзімі ішіндегі табысы 2,0 млн. теңгеден аспайтын жеке кәсіпкерлер қолданды.

  1. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған ретте салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне не салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне өтініш негізінде ауысады.

   Аталған өтініш патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған кезде беріледі.

   Салық органы патент негізінде арнаулы салық режимін қолданған жеке кәсіпкерлерді осы тармақта көрсетілген жағдайларды белгілеу кезінде салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне жоғарыда аталған өтінішсіз ауыстыруға құқылы.

  1. Жеке кәсіпкер патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін оны қолдана бастағанға дейін кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жердегі салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген өтінішті табыс етеді.

      Патент жеке кәсіпкерге кемінде бір ай мерзімге және он екі айдан аспайтын мерзімге беріледі.

  1. жеке кәсіпкер патент алу үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жері бойынша салық органына:

       1) уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша патент алуға өтінішті;

       2) жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;

       3) бюджетке патент құнының, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік  әлеуметтік сақтандыру қорына сақтандыру аударымдарының төленгенін растайтын құжаттарды;

       4) жеке кәсіпкер лицензиялауға жататын қызметті жүзеге асырған жағдайда мұндай қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензияны табыс етеді. Бұл орайда патент лицензиясының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

       Патент алуға электронды түрде беретін салық төлеушілер осы тармақтың 2)-4) тармақшаларында тізіп көрсетілген құжаттарды табыс етпейді.

       Кезекті патентті алу үшін патент алуға өтініш алдыңғы патенттің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін табыс етіледі.

       Жеке кәсіпкер жолаушыларды және багажды автомобильдермен тасымалдау жөнінде қызметті жүзеге асырған жағдайда, ол патент алуға берген өтінішінде тасымалдау түрін (тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдаулар) көрсетуге міндетті. Автомобильмен тасымалдаулар түрінің Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуін бақылауды автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

  1. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде кәсіпкерлік қызметті уақытша тоқтата тұрған жағдайда, жеке кәсіпкер қызметін жүзгег асыра тын жердегі салық органына уәкілеттік мемлекеттік орган белгілеген нысандағы өтінішті береді.
  2. Салық органдары салық кодексінің № 374-баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде патент беруді бір күн ішінде жүргізеді.
  3. Жеке кәсіпкерді мемлекеттіктіркеу туралы куәлік көрсетілмейінше, патент жарамсыз болады.
  4. Патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын салық төлеуші салық органдарына Мемлекеттік әләуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша есептемелерді ұсынбайды.

    

  1. Патент құқығының түсінігі мен мазмұны

    Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының экономикасы өтпелі кезеңнен енді – енді бас көтеруде. Мемлекетіміздің беделін халықаралық сахнада көтеру және дамыған мемлекеттер қатарына қосу үшін халықтың әл – ауқатын көрсететін оның экономикасының мықты болу қажеттілігі сөзсіз. Кеңес социалистік республикалар одағының жетпіс жыл бойы құрамында болып келген Қазақстан егемендігін алғаннан кейін, экономикасының даму бағытын «нарықтық» деп 1993 жылғы, одан кейін 1995 жылғы Конститутцияларына бекітті.

    Жоғарғы деңгейдегі шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтары бар ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу «Қазақстан – 2030» стратегиясының маңызды ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі.

    Бүгінгі таңдағы білімге негізделген валюта болып табылады. Қазақстанның экономикалық өсудің қарқынына жетуі, оның әлемдік нарық құрылымына толық енуі қазіргі индустриалды экономиканың мықты материалдық, техникалық және технологиялық базасын құруға ықпал ететін зияткерлік меншікті қорғаудың дамуынсыз мүмкін емес.

     Бұл Елбасының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі тапсырмалары және «Қазақстан Республикасының индустриалдық – иновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясын» іске асыру жөніндегі міндеттер аясында да өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

     Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау біздің мемлекеттің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі және саудада ең қолайлы жағдайларға қол жеткізу үшін басты шарттардың бірі болып табылытынын да айта кету жөн. Ал бұл біздің елдің беделін халықаралық сахнада арттыруға әсер етеді, өйткені зияткерлік меншік құқықтарын қорғау адам мен азаматтың құқықтарын және заңи мүдделерін сақтаудың қажетті шарттары мен кепілдіктерінің бірі.

     Сондықтан, соңғы жылдары экономикалық және сауда аспектілерімен тығыз байланысы бар зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласы саяси сипатқа ие болды. Осыған байланысты Республикадағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы жұмыстың жалпы бағыттары және мемлекеттің осы мәселе бойынша саясаты Қазақстан Үкіметі мен ДЗМҰ (ВОИС) арасындағы ынтымақтастық бағдарламасының, Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау тұжырымдамасының ережелерінде белгіленген және анық жазылған. Зият – бұл елдің маңызды және ешқашантаусылмайтын ресурсы. Ал осы қордың күші өзінің тек қана осындай мәртебесінде мемлекет пен қоғамның мүдделеріне қызмет ететін қорғалатын зияткерлік меншікте.

      Нарықтық экономикада қандай да бір кәсіпкердің алдында тұратын мәселе – тауарларының бәсекегеқабілетті болуы. Кәсіпкердің қазіргі таңда «ұлттық өндірушіні қорғау және қолдау — өндірушінің өз қолымен» деген ұранды ұстауы – маңызды. Кәсіпкерлер үшін осындай қорғанудың бір жолы болып кәсіпкерлердің өз кәсіпорындарында инновациялық қызметті дамытуы табылады.

      1992 жылы 24 шілдеде Қазақстан Республикасының алғашқы Патент Заңы қабылданды.

       Өнертабыстар мен өндірістік үлгілерді патенттік қорғаудың жаңа нысанына көшкеннен кейін Қазақстан Республикасындағы патент иеленушілер осы объектілерді пайдалануға монополиялық құқықты мемлекеттің берген құқықтық кепілдігі ретінде алды. Монополиялық құқықты иеленуші тұлғаларда үшінші тұлғалардың құқықтарын және нормаларын бұзбай патенттік құқық объектілеріне билік ету мүмкіндігі пайда болды.

      Құқықтық реформаларды жүргізу барысында мемлекетіміз 1994 жылы экономикалық құқықтық қатынастарды реттеудің негізі  болып табылатын Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексін бекітті. Азаматтық заңнамадағы «интеллектуалдық меншікті» құқықтың жеке объектісі ретінде қарастыру, теориялық жағынан осы саланың жетілуін қажет етті. Кодекс арқылы интеллектуалдық меншік объектілерінің иелеріне «ерекше құқық» бекітілді.

      Қазақстан Республикасының үкіметі арыз берушіге  ыңғайлы, тұтынушыға қолайлы, жаңалықты дамытатындай, яғни мағынасы жағынан жай, рәсімдеу төлемі арзан, сараптамалық және мәліметтерді іздестіру қызметінің сапалы, патенттік құқықты қорғаудың жеңіл жолдары бар, халықаралық патенттік жүйенің талаптарына сәйкес келетін ұлттық патенттік жүйесін қалыптастыруға мемлекетіміздің құрылуының алғңашқы күндерінен – ақ жағдай жасауда.

       Қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген жағдайлардың тек кейбіреуі ғана көрініс алуда. Ал, патенттік органға түсіп жатқан арыздардың саны жылдан – жылға көбеюде. Мысалы, 1992 – 2001 жылдар аралығында өндірістік меншік объектілеріне патент алу үшін 17388 арыз берілген. Қазіргі кезде ұлттық және шетелдік патент иеленушілердің қолында 12014 өндірістік меншік объектілеріне алдын ала патент бар.

  1. Патенттердің саны көбейген сайын тпайда табуға талпынған патент иеленушілердің де саны көбеюде. Кеңес социалистік республикалар одағы кезінде өндірістік меншік объектілерінің иесі болып көбінесе мемлекет болып табылғандықтан авторлар мен патент иеленушілердің құқықтарын жетілдіруге еш шаралар қолданылмаған.

    Ендеше санаткерлік меншік дегеніміз не? Бұл сауалға халықаралық сонымен қатар, еліміздің заңнамаларынан да толық қамтылған жауап алуға болады. Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын Бүкілдүниежүзілік интеллектуалдық меншікті қорғау ұйымы (БИМҰ) Конвенцисының 2 – бабында «Интеллектуалдық меншіктің» әдеби, көркем және ғылыми шығармаларға, әртістердің орындаушылық қызметіне, дыбыс жазу, радио және теледидар хабарлапрына, адами қызметтің барлық саласындағы өнертабыстар мен ғылыми жаңалықтарға, өнеркәсіптік үлгілер,

тауар таңбалары, қызмет көрсету белгілері, фирмалық атаулар мен коммерциялық көрсеткіштерге , қара ниетті бәсеклкстікке қарсы қорғану, сондай – ақ өндірістік, ғылыми, әдеби және көркемөнер салаларындағы интеллектуалдық қызметке қатысты өзге де барлық құқықтарды қамтитыны атап көрсетілген. ҚР АҚ – нің 961 – бабында жүйелендірілген тізілім берілген.

      Қазақстанның социалистік жүйеден нарықтық экономикаға ауысуы санаткерлік еңбек нәтижелерін қорғау және құқықтық қатынастарды реформалауды талап етті. Осы кезеңнен бастап, заңнама мен күнделікті тұрмысқа «интеллектуалдық меншік»,  «өнеркәсіптік меншік», «патент», «патент иеленуші», «айрықша құқық» ұғымдары енді.

        Егер өзгерістердің мәніне қысқаша тоқталар болсақ, Кеңестік кезеңдегі авторлық куәлік орнына өнеркәсіп меншігі объектілерін қорғау жөніндегі бүкіл әлем таныған патент жүйесі келді. Кеңестік өнертабыс құқығының негізгі ерекшелігі — өнертабушы автор өз құқығын, көбінесе, авторлық куәлікпен рәсімдейтін, кейбіреулері Мәскеуде, бүкіл Кеңес Одағы бойынша жалғыз Мемкомөнертабыс паент ведомствосында жарияланатын, сонан кейін кез келген адам аз сыйақы төлеу арқылы өнертабысты өз иелігіне жаратып жататын.

        Енді құқық иеленушінің келісімінсіз ешбір жан өнертабысты, пайдалы модельді немесе тауар таңбасын пайдалана алмайды. Құқық иекленушінің рұқсаты, көбінесе, сыйақы төлеу және лицензиялық шарт жасау жолымен ғана пайдалану жолға қойылған. Бұл құқық «айрықша құқық» деп аталады. Және ол ҚР АК – нің 125, 964 – баптарымен бекітілген.

         Сөйтіп, өнеркәсіптік меншік  объектілерін құқықтық қорғау принциптерітүбірімен өзгерген, демек, жаңа қатынастар бүтіндей өзгеше құқықтық базаны қалыптастыруды талап етті.

         1992 жылы Ұлттық Патенттік ведомство патенттеудің бірегей жүйесін қалыптастырды (явочно – поверочную) және оның құқықтық реттелуін Қазақстан Республоикасының Патент Заңында бекітті. Бұл жүйені кейіннен Орталық Азия, Закавказьенің көптеген тәуелсіз мемлекеттері  және Украина да қолдады.

       Бұл патенттеу жүйесі бойынша қарапайым тіркеу мен сараптама элементтері бірігеді. Біздің жүйенің келімдік және тіркелімдік сипаты патенттің формалды сараптама жүргізгеннен кейін берілетіндігінде көрінеді. Қазақстан республикасы Патент Заңының 22 – бабы формалды сараптама кезінде қажетті дәлелдемелердің болуы, оларға қойылатын негізгі талаптардың сақталуы және өтінім берілген ұсыныстың құқықтық  қорғау берілетін объектілерге жататындығы тексерілетіндігін бекітеді.

    Патент мәні бойынша сараптама жүргізілгеннен кейін беріледі. Оның жүргізілу барысында өтінім берілген шешімнің патентке  қабілеттігі талаптарына сәйкестігі анықталады.

    Өнертабыс пен өнеркәсіптік үлгіге алдын ала патент пен пайдалы модельге патент «қорғау құжаты» түсінігімен бірігеді.

    Қазақстан бір өнертабысқа екі қорғау құжаты – заңды сарап қорытындысы бойынша алдын ала патент пен  өнертабыс немесе өнеркәсіптік үлгі сараптамасы қорытындысы бойынша патент берілуі мүмкін екені жөнінде соны жүйе жасайды.

      Бұл екі қорғау  құжатының аумақтық (тек Қазақстан Республикасы ) және уақытша әрекет ету шегі бар. Өнертабысқа алдын ала өтімнің патент ведомствосына берілген күннен бастап  Қазақстан Республикасы аумағында бес жыл бойы, ал патент жиырма жыл бойы қолданылады.

      Пайдалы модельге патент бес жыл бойы, патент иесінің өтініші бойынша бұл мерзімді патент органы ұзартуы мүмкін, бірақ үш жылдан аспауы керек.

      Өнеркәсіптік үлгіге алдын ала берілетін патентөнімінің патент ведомствосына берілген  каүннен бастап бес жыл әрекет етеді. Өнеркәсіптік үлгіге патент – он жыл бойы күшін сақтайды, патент иесінің өтініші бойынша бұл мерзімді патент органы ұзартуы мүмкін, бірақ бес жылдан аспауы керек.

      Патент – patent – мына мән – жайларды:

1) Аталған техникалық шешімнің өнертабыс екендігін;

2) Авторы болып белгілі бір тұлға екендігін;

3) Аталған тұлға немесе оның мұрагері осы өнертабысқа айрықша құқық иеленетіндігін куәландыратын құжат. Патент оны берген ведомство мемлекеті аумағында әрекет етеді. Шетел құқығы бойынша, лицензия немесе патент алу туралы келісімге қол жеткізілген кезде, иесіне сыйақы төлей отырып, патентті мемлекет немесе оның еркі бойынша белгілі бір ұйымның қолданылуына мәжбүрлеп сатып алынуы мүмкін. Көптеген елдерде көзделген патентиесінің құқықтарын қорғау шараларының бірі ұқсас өнертабыс көрінетін бұйымдарды енгізуге жаза қолдану болып табылады (өтемақы, келтірілген зиянды жою туралы талап арыз қою т.б). Патенти беру әр елде оның патент құқығы нормаларына сәйкес жүргізіледі. Өнертабысқа келесі талаптар қойылады: «өнертапқыштық деңгей», «прогрессивтілігі», «қолданылуға жарамдылығы» және міндетті түрде жаңалығы. Кейбір  елдерде жаңалығын бұл жағдайлардың қайда болғанына байланыссыз мемлекет ішінде немесе шетелдерде жариялануы мен қолданылуы бұзады, тежейді. Екінші рет басқа мемлекеттерде өнертабыс жаңалығын өз мемлекетінде де, шетел елінде де жариялау мен қолдану бұзады. Ал өзге мемлекеттерде өз мемлекетінің аумақтық сипаты ғана болмау үшін халықаралық келісімдер жасасу қолданылады.

      Патенттеу мақсаты —  сәйкес  саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу.

      Патенттің негізгі қызметі – жаңалықты енгізетінтұлғаға монополияны қамтамасыз ету болып табылады.

      Патенттік қорғау келесі аспектілермен сипатталады:

  • қорғалатын объектілердің шектеулі шеңбері;
  • патенттік құқықтар пайда болуының ерекше тәртібі,патент иесіне құқықтар кешенінің және объектіні пайдалануға айрықша құқықтың берілуі;
  • айрықша құқық (қорғау құжаты) әрекетінің мерзімдік және аумақтық сипаты;
  • айрықша құқықтардың заңды шектелу мүмкіндігі.

       Аталған объектілердің барлығы біздің мемлекетімізде  қолданылады.

       Патентке негізделген құқықтар мемлекеттің берген құқықтары болып есептеледі. Бұндай қатынастар өзаралықпен анықталады. Мемлекет беріп отырған құқықтарға жауап ретінде патент иесімемлекет пен қоғамға танылмай қалуы мүмкін болған өнертабыс ашады.Осындай өзаралық патентті шарт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.Оның талаптары қорғау құжатында емес, патент заңнамасында сипатталғандай болады.

         Патенттің монополия және өнеркәсіп меншігінің  объектісі ретінде түсінігі аса кең тараған.Патент иеленуші өзінің өнертабысын пайдалануына айрықша құқықты иеленеді, аталған монополиялық ұқсастық меншік иесінің өз құқықтарымен сипатталады. Құқығы жоқ тұлғаның бұл объектіні пайдалануы заңсыз деп есептеледі. 

 

 

Қорытынды.

Атқарылған жұмыс барысында патент негізінде арнайы салық салу  мынадай объектілер бойынша жүргізіледі:

  1. шағын бизнес субъектілеріне;
  2. шаруа қожалықтарына;
  3. ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға;
  4. кәсіпкерлік қызметтің жекеленген түрдеріне қатысты арнаулы салық режимдері көзделеді.

Бұл арнайы салық салу түрін қолдануға енгізу нарықтық экономикаға жана ғана енген жеке меншік өндірістеріне қолайлы, өйткені бастапқы ақша қаражаттарының қоры көп болмауына байланысты  олардың бюджетке төлейтін сомасы да аз болады. Оны біз патентті есептеуге арналған бөлімде ашып көрсеткенбіз. Және осыған байланысты патенттің пайыздық ставкасы үш пайыз түрінде белгіленген, осы аталмыш алымнан ең негізгі салық салудағы ең негізгі екі салық салу түрлері кіреді. Олар жеке табыс салығы және мемлекеттік әлеуметтік салық болып табылады.

Бұл арнайы салық түрін жүргізу барысында мемлекеттің нақты көздеген екі мақсаты көзге анық көрінеді, ол  біріншіден – жеке кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларға көмек беру, қолдау . Себебі жеке табыс салығы мемлекеттік бюджеттің  кірістерінің басты көздерінің бірі және де басқа салықтарға қарағанда халықтың өміріне тікелей әсер етеді.Екіншіден – мемлекет тарапынан жеке кәсіпкерлерге көмек беріліп жатса, ертең олар үлкен корпорацияларға, консорциумдарға, концерндерге айналса олардан патент үшін алынатын пайыздық мөлшерлеме өсіп, бюджетке түсетін түсім де көбейер еді.

2003 жылғы көрсеткіш бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалар саны 80%-ды құраған, олардың ішінде жеке меншік ұйымдар- әне мемлекет меншігіндегі ұйымдар, оның ішінде шет ел мекемелері, мемлекеттік мекемелер.

 

Тіркелген заңды тұлғалардың меншік формасы мен мөлшері  бойынша жіктеу 1.03.03 жылға

 

Өндіріс түрі

Өндіріс саны

Мемлекеттік меншікте

Жеке меншікте

Мемлекет қатысуымен

Шет ел қатысуымен

Шет ел өндірісі

шағын

98053

14321

81709

826

2269

2023

кішкене

11090

5700

5344

663

154

46

үлкен

2742

904

1814

325

63

24

барлығы

111885

20925

88867

1814

2486

2093

 

Кестеге қарап, мемлекетімізде өндіріс саласы жақсы даму барысында екенін көреміз, ал егер барлығы жақсы болып тұрса мемлекеттік қазына қорының да өсіп, ақша қаражатына толуына бірден бір себепкер болып осы салық салу табылатынын анық білеміз.

   Анықталған жайларға сәйкес патент негізінде бюджетпен есеп айырысу тәртібіне тоқтала кетсек, ол 2003 жылғымен салыстырғанда  2007 жылғы ск бойынша патент құны жеке  кәсіпкер мәлімдеген табыстың 2% мөлшерінде көзтелген ставкасы қолдану жолымен ғана іске асады. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық  патент құнының  ½ бөлігі мөлшерінде төленуге тиіс.

 Айта кетерлік маңызды мәселе – жеке кәсіпкерді «банкрот» болу жағдайын қоспағанда патенттің күші жойылған  уақытқа дейін кәсіпкерлік қызмет тоқтатылған кезде салықтың енгізілген сомасы қайтарылуға  және  қайта есептеуге жатпайды.

Егер де табыс патент алған кезде көрсетілген табыстан асып кеткен жағдайда, салық  төлеуші субъект күнтізбеде көрсетілген бес жұмыс күні ішінде асып кеткен соманы мәлімдейді және осы сомадан салық төлейді. Салық төлеушінің өтінішін ескерк отырып бұрын берілген патенттің орнына оған нақты табысы көрсетілген жаңа патент беріледі.

 Нақты табыс патент алу кезінде мәлімделген табыстан төмен болған жағдайда ғана  артық төленген патенттің құны салық төлеуші субъект өтініші бойынша салық органы жүеізген хронометраждық зерттеуден кейін қайтарылады.

 Шағын бизнеспен айналысатын субъектілер арнаулы салық режимінің бір түрін ғана дербес таңдауға құқылы. Егер салықтарды есептеу мен төлеудің жалпыға белгіленген  тәртібіне ауысқан кезде ғана жалпыға белгіленген тәріп 

Екі жыл қолданылғаннан кейін арнаулы салық режиміне қайта ауысуға жол ашық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:

 

  1. Е.С.Аскаров. Защита  промышленной  интеллектуальной  собственности  в Казахстане. Учебное пособие. Алматы, 2003.

 

  1. М.М.Богуславский. Международная охрана промышленной собственности. М., 1967.

 

 

  1. Основы патентного права и патентоведения в Республике Казахстан / отв. Ред. Т.Е Каудыров. Алматы: Жеті жарғы, 2003.

 

  1. Т.Е.Каудыров. Право интеллектуальной собственности Республике Казахстан. Алматы: Жеті жарғы, 1999.

 

 

  1. Т.Қаудыров. Қазақстанның патент жүйесі / /Заң 2001.№ 12.

 

  1. А.А.Амангелді.Современное законодательство РК. Алматы, 2002.

 

 

  1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы. (1995 жылғы 30 тамыздағы)

 

  1. Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексі ( 2007 жылғы 9 қаңтардағы)

 

 

  1. Қазақстан Республиканың Азаматтық кодексі. (1994 жылғы 27 қыркүйектегі)

 

  1. Қазақстан Республиканың Патент  Заңы. (1999 жылғы 16 шілдедегі)