Жоспар
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру
- Деннің саулығын сақтайық
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру басты назарда
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы
- Қорытынды
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен қалалық балалар емханасында «Ана, әке және мен – салауатты жанұя!» мәдени шарасы 1 маусым балаларды қорғау күніне арналып, медицина қызметкерлері балалары және емханаға қаралуға келген балалардың қатысуымен өткізілді.
Шараның мақсаты: ата-ананың өз баласын тәрбиелеудегі салауаттылықтың орын алуы, өмірге деген көзқарастың мәдениетін қалыптастыру, салауаттылық арқылы денсаулықты сақтау, күшейту.
Ата-ана мен балалар арасындағы психологиялық қарым-қатынасты жетілдіру. Бұл шараға балалар ата-аналарымен бірге қатысты.
«Ақбота» балалар үйінің балалары өздерінің дайындаған концерттік бағдарламасымен салауаттылық пен денсаулықты сақтауға бағытталған К.Чуковскийдің «Мойдодырь» ертегісінен көрініс көрсетілді.
Қатысқан ата-аналар мен балаларға ақпараттық-оқыту материалдары таратылып, сыйлықтар ұсынылды.
1 маусым –Халықаралық балаларды қорғау күніне орай барлық білім беру ұйымдарында мерекелік шаралар ұйымдастырылды.
Атырау облысы бойынша Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы «Ақбота» тәрбиенушілерін «Балдәурен» балалық шаққа» атты мерекелік шараға шақырды. Шара «Нұрдәулет» мейрамханасында өтті. Шараға биылғы бітіруші түлектер және концерттік бағдарламамен 30 тәрбиеленуші қатысты. Балаларға тәтті үстел, сыйлықтар табыс етіліп, мектеп бітірушілерге сәт-сапар тілек айтылды. Осындай шара «Шаңырақ» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиенушілері де үшін «КСАД Дойтаг Дриллинг ГМБХ» компаниясы «Ақ Жайық» мейрамханасында ұйымдастырды.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп, «Жолдарда қауіпсіздікті сақтау», «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз», «Құс тұмауы өте қауіпті» тақырыбында қайырымдылық акциясы өикізілді.
31 мамыр күні «Аджип» ККО компаниясының демеушілігімен интернаттық мекемелер тәрбиеленушілерІ Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрындағы «Кер-құла атты Кендібай» атты көріністі тамашалады.
1 маусым күні интернат тәрбиенушілері үшін «Біз бақытты баламыз» атты салтанатты шара өтті. Шараға білім беру басқармасының өкілдері, демеушлік көрсеткен мекемелер қызметкерлері қатысты. Мереке күні концерттік бағдарлама, асфальт бойына «Әрқашан күн сөнбесін» тақырыбына сурет конкурсы, шашкалар-шахматтан жарыс, қазақтың ұлттық ойындары «Арқан тартыс», «Күш сынасу», т.б., «Көңілді старт» спорт жарысы ұйымдастырылды. Бұл шараға белсене қатысқан балалар марапатталып, оларға сыйлықтар табыс етілді. «Құрманғазы» мәдениет сарайы балларға ән шашуын сыйға тартты.
«Казком-Life» өмірді сақтандыру компаниясы ұйымдастыруымен «Құрманғазы» аллеясында «Дорога в жизнь» тақырыбында асфальтқа сурет салу конкурсын ұйымдастырылып, оған «Ақбота» тәрбиенушілері де қатынасты. «Самал» ЖШС қызметкерлерінің шақыруымен балаларға арналған аллеяда мерекелік шара ұйымдастырылып, қызықты ойындар өткізілді. Балаларға балмұздақ сыйланды.
«Халық банкі» Акционерлік қоғамының демеушілігімен Сабыр Қазыбаев атындағы №1 облыстық мектеп-интернат тәрбиенушілеріне мерекеге орай 2 кір жуатын машина, компьютер сыйға тартылып, интернаттың баскетбол командасын Республикалық жарысқа қаржыландырды.
2 маусым күн жеке кәсіпкердің ұйымдастыруымен 110 бала «Евразия», «Рауан» ойын сауықтыру орталы,ына барып, «Ардагер» кинотеатрында кино тамашалады.
Ағымдағы жылдың 21-22 мамыры аралығында Теңіз кен орыны «Теңізшевройл» ЖШС — інің мердігер мекемелері қызметкерлерінің арасында зардап шеккендердің жалы саны 215 адам болатын тағами уытты жұқпалардың бұрқ ете түсуі тіркелді.
Тамақтан улану фактісі туралы шұғыл хабарлама алынғаннан кейін облыс әкімінің бірінші орынбасарының басшылық етуімен облыстық комиссия құрылды, оқиға орынында облыстық Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығының басшылық жасауымен және құрамына аудандық әкімияттың, ТШО мен басқа да қызығушылық танытқан мекемелер өкілдерінің қатысуымен шұғыл штабтың жұмысы ұйымдастырылды.
Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету мен індетке қарсы іс-шаралар жүргізу үшін кен орынына облыс орталығынан дәрігер – инфекционистер мен эпидемиологтар, санитарлық дәрігерлер, мейірбикелер бригадасы жіберілді.
Жүргізілген шұғыл шаралардың нәтижесінде аурушаңдықты тежеу мен ахуалды тұрақтандыруға қол жеткізілді.
Теңіздегі тамақтан уланудың себептерін зерттеудің нәтижелері:
Теңіз кен орынындағы вахталық поселке қызметкерлерінің тамақтан улануының себебі ішек жұқпалы аурулары тобына жататын және көп жағдайда тамақтану жолымен таралатын сальмонеллез жұқпасы (Sal.Enteritidis) болып табылады. Жұқпа көзі болып №5 модуль асханасында жұмыс жасаған сальмонеллез бактериясын тасымалдаушы болып табылады. Асхана қызметкері болып жұмыс жасаған және ішек фукциясы бұзылған аурудың рөлі болғаны да жоққа шығарылмайды. Ол жұмысын жалғастырып жүре берген. Жұқпаның таралу факторы кремді салмасы бар «Эклер» пирожныйы болып табылады, бұл тағам Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының ұсынысымен жылдың жазғы кезеңінде қоғамдық тамақтану объектілерінің ассортиментінен алынып тасталған болатын. Оған қоса індеттің бұрқ ете түсуінің туындауына жағдай жасаған факторлар кремді өнімді, оған жататын «Эклер» пирожныйын өткізу мерзімін және басқа да санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бұзушылық болып табылады.
2008 жылдың 3 маусымындағы ахуал бойынша 207 ауру толықтай сауыққан, ал қалғандары эпидемиологиялық маңызды объектілердің қызметкерлері болғандықтан жақын күндері зертхана мәліметтерін алғаннан соң шығатын болады.
Деннің саулығын сақтайық
Тәуелсіздік туын желбіретіп, өз алдымызға бөлек ел болып қалыптаса бастаған кезімізде баршамызды мазасыздандырған түйінді мәселелерді басымыздан өткізуге тура келгені бәрімізге де мәлім. Жаңа заман, жаңа леп жақсылығымен бірге бас шайқатар кемшіліктерін де ала келді. Бұған себеп, бұрын бір қалыпта, бір үлгідегі өмірімізге елеулі өзгеріс енді. Тас бекітулі шекаралардың ашылуы, елімізге лап берген шетелдік азаматтар, бизнесмендер, инвесторлар, тіпті алыпсатар саудагерлерге дейінгі топтар өздерімен көңілді селт еткізер жаңалықтарымен бірге ортаны ойсыратар кемшіліктерін де ерте келгені белгілі. Яғни, нарық заманы өмірімізді түпкілікті түрде өзгертті. Бірқатар жерлеріміз гүлденіп жатса, екінші жерімізде қуаңшылық басталды. Ауыл тұрғындарының тіршіліктің қамымен жаппай қалаға ағылуы бұрыннан сақталып келген қала мен дала тіршілігіндегі тепе-теңдікті бұзып, базарлар көркейіп, жұрттың тұтыну деңгейі жақсарғанмен де, ауылдағы өмір жұтаң тартты. Адамдардың пейілі тарылып, мінездерінде елеулі ауытқушылық байқалды.
Осы жәйттер ересектермен қоса жастардың да тұрмыс-тіршілігіне қатты өзгеріс енгізіп еді. Ең қорқыныштысы “есіре” бастаған ақшаның қолдауындағы “еркін махаббат” арқылы кең тарай бастаған жұқпалы аурулар, әсіресе тікелей өлімге апарар кездейсоқ жыныстық қатынастар, нашақорлық, есірткіге бас ию немесе жаман әдеттерге ұрыну, адам өлтіру, ұрлық жасау, зорлау, қинау сияқты дәл біздің қазағымызға жат қылықтар орын ала бастады. Сөйтіп, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі өзінен-өзі туындады. Бұл, айтылған алапаттың алдын алуды қарастырудың бірден-бір жолы болатын.
1998 жылғы наурызда Шымкент қаласында облыстық денсаулық сақтау департаментіне қарасты облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы құрылды. Қазірде бұл орталықта бірнеше бөлімдер мұқият түрде жұмыс істеуде.
– Біздегі ең негізгі бөлімдер: ол білім беру, мониторинг, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімдері, – дейді орталықтың бас дәрігері Гүлсім Әбдіреева. – Басты міндетіміз – халық арасында теориялық, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен қатар, оны іс жүзінде де тәжірибелік негізде жүзеге асыру. Қызметкерлердің барлығы дерлік жоғары білімді мамандар. Іштерінде дәрігерлер де, мұғалімдер де бар. Олар әр тақырыпта іс-шаралар ұйымдастырып, іссапарларға шығып, семинар-тренингтер өткізіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруда аянбай еңбек етіп, алғысқа бөленіп жүрген жандар. Қазақстан тұрғындарының денсаулығы, жастардың ойдағыдай тәрбие алуы, ер-азамат атануы үшін орталықтардың сіңіріп жатқан еңбегі ойдағыдай деп сеніммен айтқан болар едім.
Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру СӨСҚ қызметіне қарасты аудандық және қалалық 2 СӨСҚ орталықтары мен 12 денсаулықты нығайту орталықтары бар. Әрқайсысы міндеттерін өз деңгейлерінде атқаруда. Облыстық газеттер мен телеарналарда түрлі тақырыптарға мақалалар жарияланып, сұхбаттар беріледі.
Бұдан кейін өз пікірін ортаға салған бас дәрігердің орынбасары Роза Жәукімованың айтқанындай, аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулықты нығайту орталықтарына арнайы түрде әр айдың соңғы жұмасында семинарлар өткізіліп тұрады. Әрине, облыс көлеміндегі атқарылып жатқан жұмыстарды олар да өз әлдерінше, қолдарынан келетін деңгейде одан әрі жалғастырып отырады. Кейде өздерінің жеке түйінді мәселелеріне байланысты кемшіліктердің де байқалып қалуы мүмкін. Оған себеп, сол баяғы ауылдық жердегі мамандардың жетімсіздігі. Қазіргі оқу бітірген жастардың көбі айлықтың аздығын, тұрмыс жағдайларының нашарлығын сылтау етіп, өздерінің туған жеріне оралудың орнына, қалада қалуды көздейді. Осының бәрі тәлім-тәрбие жұмысының өркендеуіне едәуір кесірін тигізері анық.
Орталық қызметкерлерінің әр алуан тақырыптарға арналған іс-шаралары өте күрделі. Індеттердің алдын алу, жұқпалы аурулардан сақтандыру, қарқынды түрде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу анау айтқан оңай шаруа емес, едәуір тер төгуді қажет ететін іс.
Мақтаулы қызметкерлердің бірі, білім беру бөлімінің аға валеологі Бибігүл Әліқұлова менің “Жұмысыңды жемісті деп ойлайсың ба? Жасөспірімдер арасында жүргізген шараларыңның нәтижесі қандай?” деген сұрағыма былай деп жауап берді:
– Орталықтардың атқарып жатқан қызметі өте қажетті де, мәнді деп санаймын. Себебі, үгіт-насихат тек қағаз жүзінде қалып қоймай, адамдармен, әсіресе, жастармен етене араласып, әр түрлі тақырыптарға ойын-сауық, іс-шаралар ұйымдастырудың маңызы өте зор. Бұл олардың сана-сезімін жоғарылатып, өмірді сүйе де, бағалай да білуге үйретеді.
Өмірімізде өте күрделі құбылыс ретінде саналып отырған мемлекеттік тілдің мәртебесі де менің ойымша осы орталықтар арқылы да марқая түсер еді. Себебі, ұлттың ордасы іспетті оңтүстік өңірінде барлық құжаттар барынша мемлекеттік тілде жүргізіліп, іс-шаралар осы тілде ұйымдастырылуда. Қазақтың ұлы үш биі бас қосқан киелі өлкеде тәлім-тәрбие жұмысы өз тілімізде өркендеп, қанатын жайған дәл осы шақта жастар тәрбиесінің де гүлдене түсері сөзсіз.
Дәл қазір орталықтың педагог-валеологтары ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі “Қауіпсіздік бағыты” жобасы бойынша жұмыс істеп, медицинаның барлық жетістіктеріне қарамастан, жазылмас дертке айналған СПИД-ке (жұқтырылған қоздырғыш тапшылығының белгісі) қарсы күресті алдарына мақсат ретінде қойып, жұмыстарын қызу жүргізуде. Бағдарлама қозғалмалы ақпараттық көрме және ойын үйретумен үйлестірілген, яғни валеологтардың міндеті – жасөспірімдер арасында індетке қарсы ақпаратты таратып, өзін де, басқаларды да қорғауға дайындау. Бұл іс-шараға облыстың барлық аймағы дерлік қамтылды десе де болады.
…Адамзат әр кезде де баласының болашағына бақытты өмір тілеп, тәңірден оның аман болып, ұзақ та үлгілі өмір сүруін сұрап, осы мақсатқа жетуі үшін терін төккен. Бұрынғылардың салып кеткен сара жолын лайықты түрде жалғастыра білу – ұлы мұрат.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
басты назарда
Елорданың Сарыарқа аудандық әкімдігінің ұйытқы болуымен “Денсаулықты салауаттандыру – қауіпсіз болашақтың кепілі” деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында ұйымдастырылған бұл басқосуға қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, әлеуметтік сала мамандары, кәмелеттік жасқа жетпегендер ісімен айналысатын инспекторлар қатысты.
Кездесу кезінде алғашқы сөз кезегін алған Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Гүлнар Қасенова елордадағы мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы жас жеткіншектердің оқу-білім жүйесіне тартылу деңгейін қадағалау бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілгеніне, әсіресе мектеп оқушыларының арасында кең етек алып бара жатқан заң бұзушылық және қылмыстық әрекеттермен күресу мақсатында қолға алынған іс-шараларға тоқталды. Гүлнар Қайырбекқызының айтуына қарағанда, Сарыарқа аудандық әкімдігінің қарамағында қазіргі таңда 14 аула клубы болса, оларға 3060-қа тарта жас жеткіншек тартылған екен. Онда, әсіресе, тұрмыстық деңгейі төмен отбасылардың балалары мен ата-аналарының қарауынан шет қалған жасөспірімдерге айрықша мән берілетін көрінеді. “Мәселен, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жыл басынан бері “Жасөспірім”, “Көше”, “Құқықтық тәртіп” секілді түрлі сауықтыру іс-шаралары ұйымдастырылып, нәтижесінде бірқатар заң бұзушылық әрекеттер анықталды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады”, –дейді Г. Қасенова.
Ал аталмыш басқосуда баяндама жасаған қалалық Салауатты өмір салтының негізін қалау орталығының директоры Лейла Ысмағамбетованың әңгімесі қаланың денсаулық сақтау департаментінің, медициналық ұйымдардың, Қазақ мемлекеттік медициналық академиясының бастамасымен қолға алынған “Астана қаласында 2006-2008 жылдары салауатты өмір салтын құру” атты кешенді бағдарлама төңірегінде өрбіді. “Бұл бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында біздің орталыққа биылғы жылы 58 млн. 771 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 есе көп. Аталмыш бағдарлама екі бағыт бойынша жұмыс жүргізетін болады. Біріншісі – Астанада салауатты өмір салтын қалыптастыру, екіншісі Астана – нашақорлыққа қарсы деп аталады. Осы бағыттарда кешенді жұмыстар кезең-кезеңмен қолға алынып жатыр”, – деді орталық басшысы.
Кездесуге қатысушылар мұндай бағдарламалардың өз кезегінде салауатты өмір салтын насихаттау мен орнықтыруда айрықша рөл атқаратынына тоқтала келіп, осы мәселе төңірегінде өз ойларын ортаға салды.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы
«Қазақстан-2030» стратегиясын шешудің алғашқы қадамы ретінде, облыс денсаулық сақтау департаментінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы (бұдан әрі-СӨСҚОО) облыс әкімінің 1998 жылғы 30 сәуірдегі № 144 шешімімен және облыс денсаулық сақтау департаментінің 1998 жылғы 2 маусымдағы № 43-пл бұйырығымен құрылды.
Таяу жылдағы осы қызметтің даму барысы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірінің 2006 жылғы 9 тамыздағы № 225-р Нұсқауымен және облыс әкімдігінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі № 263/9 қаулысымен нақтыланған.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы Павлодар қаласы, Абай көшесі,115 үйде орналасқан. Қабылдау бөлмесінің телефон
№ 32-25-36
2002 жылы СӨСҚОО-ы Салауатты өмір салтын қалыптастырудың проблемалары Ұлттық Орталықтың Құрмет Грамотасымен марапатталды. 2002 жыл-Денсаулық жылының қортындысы бойынша Облыс әкімдігінің бағалы сыйлығымен ынталандырды.
Облыста жыл сайын бір мезгілде «Денсаулық Фестивалі» өткізіледі, оған облыс әкімдігінің облыстық департаменттерінің, жоғарғы және арнайы оқу орындарының, жалпы білім беру мектептерінің, медицина ұйымдарының, Палодар облысының жер-жерінде орналасқан әскери бөлімдердің өкілдері және басқа тілек білдірген ұйымдардың қатысыуымен 252300 адамды қамтыған акция өткізілді.
«Денсаулық Фестивалі-2003» аясында бүкіл облыс бойынша «Қазақстан-2030» стратегиялық дамудың алты жылдығына арналған «Салауатты өмір салтынының 1 сағатына» 252300 адам қатысып, Республика көлемінде ең көп адам қатысқан облыс ретінде Гиннестің Рекордтар Кітабына енгізілді.
2004 жылы «Денсаулық және салауатты өмір салты-Қазақстан халқының жетістігі» девизімен Қазақстан халқыныың Кіші Ассамблеясымен бірлесіп өткізілген Фестивальге облыстың ұлттық-мәдени бірлестіктерінің топтары жұмырылды.
2005 жылы Павлодар қаласында «Салауатты өмір салтын қолдаймыз» аатты кең масштабты акция өткізілді. Бұл шараның девизі «Әр анаға, әрбір балаға көңіл аударайық» болды.Фестивальді денсаулық департаментінің СӨСҚОО-ы, барлық емдеу-алдын алу ұйымдары, облыс әкімдігінің жанұя және әйелдер ісі бойынша комиссиясы, ішкі саясат, мәдениет департаменттері мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізілді.
Қорытынды
Қорытындылай келе салауатты өмір салтын қалыптастыру және деннің саулығын сақтайық жайында «Қазақстан-2030» стратегиясын шешудің алғашқы қадамы ретінде, облыс денсаулық сақтау департаментінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы облыс әкімінің 1998 жылғы 30 сәуірдегі № 144 шешімімен және облыс денсаулық сақтау департаментінің 1998 жылғы 2 маусымдағы № 43-пл бұйырығымен құрылды.
2002 жылы СӨСҚОО-ы Салауатты өмір салтын қалыптастырудың проблемалары Ұлттық Орталықтың Құрмет Грамотасымен марапатталды. 2002 жыл-Денсаулық жылының қортындысы бойынша Облыста жыл сайын бір мезгілде «Денсаулық Фестивалі» өткізіледі, оған облыс әкімдігінің облыстық департаменттерінің, жоғарғы және арнайы оқу орындарының, жалпы білім беру мектептерінің, медицина ұйымдарында орналасқан әскери бөлімдердің өкілдері және басқа тілек білдірген ұйымдардың қатысыуымен 252300 адамды қамтыған акция өткізілді.
«Денсаулық Фестивалі-2003» аясында бүкіл облыс бойынша «Қазақстан-2030» стратегиялық дамудың алты жылдығына арналған «Салауатты өмір салтынының 1 сағатына» 252300 адам қатысып, Республика көлемінде ең көп адам қатысқан облыс ретінде Гиннестің Рекордтар Кітабына енгізілді.
2004 жылы «Денсаулық және салауатты өмір салты-Қазақстан халқының жетістігі» девизімен Қазақстан халқыныың Кіші Ассамблеясымен бірлесіп өткізілген Фестивальге облыстың ұлттық-мәдени бірлестіктерінің топтары жұмырылды.
2005 жылы «Салауатты өмір салтын қолдаймыз» аатты кең масштабты акция өткізілді. Бұл шараның девизі «Әр анаға, әрбір балаға көңіл аударайық» болды.Фестивальді денсаулық департаментінің СӨСҚОО-ы, барлық емдеу-алдын алу ұйымдары, облыс әкімдігінің жанұя және әйелдер ісі бойынша комиссиясы, ішкі саясат, мәдениет департаменттері мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізілді.
Пайдаланылған әдебиеттер
- google.kz.
- google.com
- http:egemen.kz
- http:zaman.com.tr