АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  РЕФЕРАТ

 

 

 

 

 

                                            Тексерген: Хамидуллина Ж.

 

                                Орындаған: Есеп және аудит  мамандығының                                                                                                                                                                                        топ студенті Есқалиева Қ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атырау-2006

 

 

 

 

Жоспар:

 

  1. Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні
  2. Салықтардың түрлері
  3. Қосымша құнға салық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Салықтар нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады. Салық негізінде құрылатын мемлекеттік бюджеттің кірісіне қарай, мемлекеттің кәсіпкерлікпен айналысуының және әлеуметтік-кепілдік қызметінің мүмкіндігі болады. Салық мөлшерімен заңды құқы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі, төлем қабілеті бар сұраным көлемі реттеледі. Салық саясаты аса нәзік және күрделі аспап, ол жеңілдіктер мен жазалау шаралары арқылы шаруашылық қызметтің барлық жақтарына  нысаналы түрде әсер етеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде салықтардың тізімі бірнеше бетке сыйып кете алады, ал жеңілдіктер мен жазалау шаралары, оларды пайдалануға түсініктемелер тұтас томдарды алып жатады.

 Экономикалық мазмұны жағынан салықтар дегеніміз –мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардың белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдері. Табыстардың әр түрлі нысандарының салық көздері мыналар болып табылады: пайда, процент, жалақы, дивиденд, рента, т.б.

 Салық салудың мынадай негізгі принциптері бар:а) азаматтар салықты мемлекеттен алатын игіліктерге пропорционалды төлеу керек; б) салықтар табыстың мөлшерінен, салық төлеушілердің тұрмыс халінің дәрежесінен тәуелді болуы керек.

 Салықтар шаруашылық субъектілердің, жеке тұлғалардың, мемлекет пен екі арадағы мемлекет арқылы жүзеге асырылады.

 Салықтың экономикалық мәні мынада:

 Салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықаралық табыстардың  қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықаралық табыстың белгілі бір мөлшері мемлекет үлесіне жинақтап жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болған және мемлекет бірге өмір сүріп дамуының негізі болған. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашанда болса салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.Салықтар мемлекеттің  тұрақты қаржы көздері болып табылады.

 Салықтың мәнін толық түсіну үшін оның атқаратын қызметтерін қарастырайық:

  1. реттеушілік
  2. фискалдық
  3. қайта бөлу.
  4. Реттеушілік қызметі –салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызметі арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтың реттеуін жүзеге асырады.Салықтың реттеуінің ең басты мақсаты өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері, салықты реттеу тетіктері және тағы да басқалары.
  5. Фискалдық немесе бюджеттік қызмет –бұл қызметі арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтың қоғамдық міндеті артады. Себебі салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери қорғаныс және тағы басқа шараларын іске асыруын қамтамасыз етеді.
  6. Қайта бөлу қызметі –арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет пайызына өтеді. Бұл қызметтің көлемі ішкі жалпы өнімдегі салықтың алатын үлесі арқылы анықталады.

 Қазақстан Республикасы салық заңдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің бір тұтастылығы және салық заңдарнының жариялалылығы принциптеріне енеді.

 Салық жүйесі дегеніміз –мемлекет тарапынан алынатын барлық салықтар мен басқа да міндетті төлемнің, олардың құрылымы мен есептеу әдістерінің салық салу салаларындағы өкілетті органдар жүйесімен олардың өкілеттілігі мен тиісті нормалардың жиынтығы. Салық жүйесі мемлекеттік қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып, дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады. ҚР-ның 1991 ж.25 желтоқсанында қабылданған ҚР-ның салық жүйесі туралы заңы тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін құраудың ең алғашқы бастамасы болған. Осы заң бойынша салық төлемдері мен салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері республикалық және жергілікті басқару органдарының салыққа байланысты қызметтік құқықтары мен міндеттері айқын бектіледі.

 Қабылданған заңға сәйкес 1992  ж.1 қаңтарынан ҚР-да 13 жалпы мемлекеттік салықтар, 11 міндетті түрде төленетін жергілікті салықтар мен алымдар, 18 жергілікті салықтар енгізілген. Салық салымының көптігі айналымының анықталуындағы қиындығы, шектен тыс дәлелсіз берілген салық жеңілдіктері салық тсавкаларының бір салалық түрі бойынша бірнеше тұрі болуы мүмкін.

 2001 жылы шілде айынан бастап ҚР-да жаңа салық кодексі қабылданды. Бұл салық жүйесі бойынша салықтардың саны тоғызға дейін қысқартылды және кейбір салықтың түрлері бойынша ставаклары төмендетілді.

 Сонымен бірге салықтар экономиканы жанама түрде реттейтін маңызды құралдардың бірі болып табылады. Осы мақсатта салықтар көбінесе дағдарыстық құбылыстарды тезірек жоюға, нарық конъюктурасын әсер етуге, экономиканы тұрақтандыруға пайдаланылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Нарықтың экономикалық қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты мен мақсаты салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру. Салық жүйесі бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель. Салық жүесінің тиімді қызмет атқарылуына салық механизмінің тигізетін ықпалы зор.

 Қандай да болмасын механизм тетіктер мен элементтерден тұрады. Сондай-ақ  салық механизмінде өзіндік элементтер бар. Олар: салық субъектісі, салық объектісі, салық базасы, салық кезеңі, салық жеңілдіктері, салық төлемдері және тағы басқалары.

 Жалпы салық түрлерін былайша жіктеуге болады:

  1. салық салу объектісі бойынша салықтар тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей салық заңды және жеке тұлғалардың табыстары мен мүліктеріне тікелей нақты белгіленетін табыстар.Жанама салық тауар бағасы арқылы алынатын салықтар. Ол негізінен көпшілік тұтынушылардан алынады. Тікелей және жанама салықтардың бұрыңғы КСРО-ның ұлттық табысындағы үлесінің мөлщері 40℅, АҚШ-та-30℅, Швейияда-51℅, Норвегияда-46℅, Францияда-45℅, Ұлыбританияда-39℅, ФРГ-да-37℅ құрады.
  2. салықтық органдары бойынша жалпы мемлекеттік салықтар (корпорацияның табыс салығы, жеке тұлғалардың табысына салынатын салықтық қосылатын құнға салынатын салықтар, акциздер) және жергілікті салықтар мен алымдар (жер салығы, мүліктік салық, көлік салығы) деп бөлінеді.Жалпы мемлекеттік салықтар Республика заңдарының негізінде орталық өкіметпен мемлекеттік бюджетке аударылады. Жергілікті салықтар тиісті аймақтың жергілікті басқару органдарымен алынып жергілікті бюджетке түседі.

 

 

 

 

 

  1. салықтың пайдасына қарай жалпы салықтар және арнайы салықтар деп екіге бөлінеді.
  2. салық объектісінің экономикалық белгісіне қарай табысқа салынатын салық және тұтынуға салынатын салық болып екі түрге бөлінеді.
  3. салық объектісінің бағалау дәрежесі бойынша нақты салықтар жеке салықтар болып бөлінеді.
  4. салық ставкаларының белгілеу әдістері бойынша тұрақты ставкалар және пайыздық ставаклар деп екіге бөлінеді.
  5. Салыну көздеріне қарай салықтар еңбекпен табылған және еңбексіз табылған табыс болып бөлінеді.Еңбекпен табылған табысқа еңбекақы, қаламақы, жеке кәсіпорындардың табысы жатады. Еңбексіз, бірақ жария табысқа дивидендтер, ақша салымы бойынша проценттер; қозғалмайтын мүліктердің және бағалы қағаздардың құнының өсімі, жер рентасы және т.б. жатады. Шет елдердің заңдары, кәсіпкерлік жолмен алынған пайданы, еңбек ақымен қатар еңбекпен табылған табысқа жатқызады.

 Салықтардың ішінде пайдаға салынатын салық ерекше орын алады. Бұл салық түрін барлық кәсіпорындар төлейді. Біздің республикамызда қабылданған салық жүйесі туралы заңдар және оларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша өндіріспен айналысатын кәсіпорындарға пайдаға салық 25 пайыз мөлшерінде салынады. Бұндай нарық табыстылық мөлшері 40пайызбен аспаған жағдайда белгіленеді.

 Акциздер –тауар бағасына енгізілетін және сатып алушы төлейтін жанама салықтың ежелгі формаларының бірі болып табылады. Ресми түрде акциздер бұрыңғы КСРО-да 30-шы жылдарға дейін болды. 30-шы жылдардан бастап акциздер, басқа салық түрлері сияқты айналым салығына біріктірілген болатын. Акциз, қалыптасқан қағида бойынша, тұрғындарға арналған және мемлекеттің монополиясы болып табылатын тапшы, жоғары рентабельді тауарлар мен өнімдерге салынады. Ммелекет акциз салығы сұраным мен ұсынымды реттеуге, сонымен қатар мемлекеттік бюджетті толықтыру үшін пайдаланылады.

 Салықтар негізінен, әдетте, үдемелі, пропорционалды және регрессивті болып бөлінеді. Үдемелі салықта, табыстың көбею шамасына қарай оның орташа нарқы да өседі.

 Пропорционалды салықта, оның орташа нарқы өзгеріссіз қалады, яғни табыстың шамасына қарамастан салық салудың берілген бір мөлшері пайдаланылады.

 Кері үдемелі салықта, табыс өсе түскен сайын салықтың орташа нарқы азаяды.Әдетте бұндай салықтар табыс көбейе түскен сайын, оның бірте-бірте азая түскен бөлігін талап етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Аса маңызды салық түрлерінің бірі –қосылған құнға салынатын салық (ҚҚС) болып табылады.Экономикалық мазмұны жағынан, ол тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндіру ісінің барлық кезеңінде жасалатын құн өсімінің бір бөлігін бюджетке алу формасы болып табылады, және солардың жүзеге асырылуы бойынша бюджетке енгізіледі. ҚҚС өнімнің бағасына кіргізілмейді, ол бағадан тыс қойылады, сондықтан да өндіріс шығындары мен кәсіпорынның табыстылығына әсер етпейді. Бұл салық тауарлар мен қызметтерді түпкі тұтынушылардың сатып алу барысында, сонымен бірге тауарларды өндіру мен өткізудің әр түрлі кезеңдерінде төленеді.

 Қосылған құн салығы тауарларды өндіру және олардың айналым процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ ҚР-ның аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударуды білдіреді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетк төленуге тиісті қолданылатын құн салығын сатылған тауарлар жұмыс қызметтерін көрсету үшін есептелетін қосылған құн салығы сомасы мен көрсеткіштер үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы аралағындағы айырма ретінде анықталады.

 Салық салу объектісі -өндірістің барлық кезеңінде бірыңғай нарық бойынша жаңадан жасалған құннан алынатын барлық өнім болып табылады. Салық салу объектілері:

  1. салық салынатын айналым
  2. салық салынатын импорт

 Қосымша құн салығын төлейтіндер қосымша құн салығы есепке тұрған немесе тұруға міндетті тұлғалар болып табылады.

 Тауарлар импорт кезінде қосымша құн салығын төлейтіндер ҚР кеден заңдарына сәйкес осы тауарларды ҚР аумағына импорттайтын тұлғалар болып табылады.

 ҚҚС-ның құрамына амортизация, еңбекақы, ағымдағы шығындар және пайда кіреді. ҚҚС-ның ерекшелігі, оның инфляциялық тұрақтыллығы, яғни бюджеттің тұрақты қаржы көзі қызметін атқарады, өндірістік шығындарды азайту, өткізуді жеделдетуді көтермелейді. Бірінші рет ол 1958 жылы Францияда енгізілген болатын, қазірде дүние жүзінің 40 мемлекетінде, соның ішінде Европаның 18 мемлекетінде қолданылады. Әлемдік тәжірибеде ҚҚС-ның мөлшері 11-ден 15 процентке дейін құрайды. Мысалы, АҚШ-та 11, Англида-15 процент. Жалпы ұлттық табыста бұл салықтың үлесі едәуір: Англия мен Германияда 6 пайызға жуық, Швецияда-7, Францияда-8 процент. Бұндай нарық шамасы, егер ТМД-ға кіретін елдердің бәріне бірыңғай болған жағдайда, біздің еліміз үшін де мүмкін болған болар еді. Әзірше оның мөлшері 20 процент болыфп отыр. Өндірістің құлдырауы, ақшаның құнсызданып бағаның мейлінше өсу жағдайында ҚҚС-ның бұндай мөлшері халықтың тұрмысына, әл-ауқатына үлкен соққы болып отыр.

 Қосыған құнға салынатын салықты өндіру, төлеу және есептеу тәртібі Қазақстан Республикасының «Қосылған құнға салынатын салық туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік салық инспекциясының 1992 жылғы 17 қаңтардағы нөмірі 1 төлеу және есептеу тәртібі туралы инструкциясында жарияланған болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Б.Жүнісов, Ұ.Мәмбетов, Ү.Байжомартов.

  Нарықтық экономика негіздері, Алматы.1994 ж.

  1. 2. Петти В. «Трактат о налогах и сборах»-Петрозаводск, Петроком, 1993.