Қазақстан Республикасының білім және ғылым
Министрлігі
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
Қолданбалы информатика кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы :
« Сараптау жүйелерін тұрғызудағы құрал-жабдықтар»
Тексерген: Кузембекова Р.А.
Орындаған: Сопбекова А.К.
АЖ – 302 топ студенті
Алматы 2008 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Сараптаудың түсініктері………………………………………………..2
2.2 Сараптау жүйелері дегеніміз не?………………………………….3-4
2.3 Сараптау жүйелерін тұрғызу және оларды қолдануға
қатысатын мамандар ……………………………..5
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………………..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………..
Кіріспе
Сараптау жүйелерінің пайда болуының алғы шарттары өткен ғасырдың 70 жылдарын қамтиды. Бұл уақыт кезеңінде мәліметтер базасымен қатар білім базаларын қолдану мәселесі пайда болды. Яғни білімді ұсыну бойыншы бір қатар модель түрлері құрылады. Мысалы Нью Эл және Саймон атты ғалымдар білімді ұсынудың продукциондық моделін, ал 75 жылы Минский білімнің фрэймдық моделін ұсынды. Сонымен қатар логикалық есептеулер үшін бір қатар сараптау жүйелері құрылды. Жалпы сараптау жүйелерінің бірнеше анықтамалары бар:
1.Сараптау жүйесі белгілі бір қолдану саласы мәселесін шешу барысындағы мамандардың іс-қимылын модельдеуге және имитациялауға арналған интелектуалды есептеу жүйесі.
2.Сараптау жүйесі кез-келген қолдану саласында пайда болған мәселені сарапшы маман жүзеге асырғандай етіп орындайтын жасанды интелектуалды есептеу жүйесі.
3.Сараптау жүйесі сарапшы мүмкіндіктерін компьютер мүмкіндіктерімен біріктіретін жүйе.
4.Сараптау жүйесі өте күрделі программалық кешен, себебі мұнда қолдану салаларының мамандарының барлық білімдері қамтылған және олар тәжірибиеде басқа деңгейдегі пайдаланушыға таратылады.
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Сараптаудың түсініктері
Сараптау жүйелері технологиясы зерттеу саласының жаңа бір бағыты болып саналады. Ол жасанды интеллект (Artificial Intelligence — AI) деген басқаша атауға да ие. Бұл саладағы зертеулердің бағыты компьютерлік программаларды өңдеу мен ендіру болып табылады. Ол программалар мүмкіндіктері кең – эмульденген, имитирленген, қайта жаңартылған немесе қайта өңделген. Яғни адамға қатысты сондай өндірістер: ойлауды қажет ететін, өз ісінде мастер болу мен белгілі бір дәрежеде білімін жинақтау. Оларға шешім қабылдаудың барлық есептік әдіс-тәсілдері арналады, бейнелерді тану мен адам тілін түсіну деген сияқты. Бұл технология сәтті түрде кейбір техникалық салаларда көптеп пайдаланылуда, сонымен қатар қоғам өмірінде де – органикалық химия, пайдалы қазба байлықтарын іздестіру мен дәрігерлік диагностика да кең таралған. Сараптау жүйелерінің типтік есептемелерін шешілу түрлеріне жататындар:
· алғашқы деректемелерден ақпарат алу, мысалы гидролокатордан түсетін сигналдарды қабылдау;
· түзетілмейтін диагностика, адам ағзасындағы сияқты техникалық жүйеде де сондай болады;
· ауыр обьектілердің сараптау структурасы, мысалы химиялық бірігу;
· күрделі көп компоненттік жүйе конфигурациясын таңдау, мысалы компьютерлік жүйелерді орналастыру ;
· үрдістің орындалу реттілігін жоспарлау, ол арқылы көздеген мақсаттарыңа жетуге болады, мысалы, орындалатын өндірістік жұмыстар.
Техникалық салада “жай” ғана программалар бар. Олар арнайы бір анықталған есептеулерге пайдаланылады. Бірақ олар жасанды интеллект кеңістігіндегі сараптау жүйелері тәріздес бөлек бір жақсы ажыратылатын программалар классын құра алмайды. Міне айырмашылығы осында жатыр. Сараптау жүйелерінің барлығын бірдей қанағаттандырарлықтай нақты формальді анықтылығы жоқ болып табылады. Яғни жоғарыда аталғандардың барлығы дерлік Тынық Мұхитындағы толқындар тәріздес. Дегенмен де көптеген маңызды белгілері бар, ол белгілер қайсыбір деңгейдегі болмасын сараптау жүйелеріне қатысты болады.
2.2 Сараптау жүйелері дегеніміз не?
Арнайы бір немесе бірнеше сараптаушының білімдерін пайдаланатын, ұсынылуы кейбір формальді түрде болатын және де сараптаушы адамның логикалық ойлауы мен ауыр немесе формальді емес түрдегі есептеулерге шешім қабылдауын компьютерлік жүйе пайдаланады. Сараптау жүйелері ауыр жағдайларда, уақыт жетіспенеде, ақпарат пен білім дәрежесі6 тәжірибесі жеткіліксіз болғанда квалификациялық консультация мен кеңес беру, кішкене кеңес берулері мүмкін. Бұл мүмкіндіктер менеджерлер мен арнайы дайындалған мамандарға негізделініп, бекітілген шешім қабылдауына жәрдемдеседі. Бұл жүйелердің негізгі идеясы жоғары квалификациялы мамандардың белгіленген пәндік саласында өз білімдері мен мүмкіндіктерін, деңгейлері мен дәрежелерін, ақауларды шешудің дұрыс жолдарын таба білу білгірліктерін пайдалана алуы. Бұл идея сонымен қатар, орташа немесе төмен дәрежедегі квалификациялық мамандарға қатысты болады. Яғни олардың белгіленген пәндік саласында өз білімдері мен мүмкіндіктерін, деңгейлері мен дәрежелерін, ақауларды шешудің дұрыс жолдарын таба білу білгірліктерін пайдалана алуы.
«Әдете сараптау жүйелері кең емес көлемдегі пәндік кеңістіктерде құрылады. Алғашқы модельдер 70-жылдардың орта тұсында пайда бола бастады: MYCIN жүйесі – дәрігерлік саласында сырқаттанудың диагностикасында пайдаланылды, DENDRAL жүйесі – пайдалы қазбалардың орналасу орнын білу мен оған химиялық тұрғыда, яғни топырақ құрамын зерттеуде, сараптаудан өткізуде қолданылды. Сараптау жүйелерінде келесідей ендірілген жүйелер болады: білім базасы, шығару механизмі, интеллектуальді интерфейс және талқылаудың ендірілген жүйесі. Білім базасында сараптаушылардың білімдерінің формальді суреттемелері бар, ол белгілі бір фактілер жиынтығы мен арнайы ережелердің түрлерінен құралады. Шығару механизмі немесе шешуші – бұл блок, онда программа беріледі. Оның қызметінде жалпы стратегиялық шығаруды құрудың реальденген түзуі немесе ойлаудың керісінше сапалы тізбегі амалдары орындалады. Интеллектуальді интерфейс көмегімен сараптау жүйелері тұтынушыға сұрақтар қойып және алынған нәтижелерді шығарудың бейнесін көрсетеді. Әдетте олар символ түрінде кездеседі».
Сараптаушы адам мен сараптау жүйелерінің арасындағы айырмашылықтар қатары келесідей болып келеді, яғни сараптау жүйелерінің артықшылықтары:
-оларда алдын ала күмәндану ойлары болмайды және олар әр түрлі бұзу толқындарына төтеп бере алуы бір беткейлі болып келеді;
-олар асығыс шешімдерді қабылдамайды;
-бұл жүйелер бірінші табыла салғандарды емес, керісінше оптималді болып табылатын шешімдерді ұсынады. Яғни белгілі бір критерийлерге сай орындалған амалдарды береді;
-білім базалары өте-өте үлкен болуы әбден мүмкін. Машинаға бір рет қана ендірілген білімдер үнемі, өмір бойы сақталады. Ал адам болса шектеулі ғана білім базасына ие және ол білімдерін көпке дейін пайдаланбаса, білімдері ұмыт қалады немесе әр кезде жоғалады. Нақты мәліметтік көрсеткіш бойынша: өнер саласындағы 10% шектеулі эффектілік.
«…Алғашқы сараптамалар бағаларына берілген жұмыстар, бұрынғы СССР-де 60-жылдардың соңында пайда болды. Сараптаулық бағаланулардың даму технологиялық жағдайларының түсініктерін және даму перспективаларын алғашқылардың бірі болып мойындаған, В.М. Глушков — кибернетика саласындағы белгілі ғалым. Сараптау жүйелерінің алғашқы даму жағдайларын бағалау технологияларының өңделуі үрдестіренің орындалуы болғананнан кейін, олардың көмегімен алғашқы дұрыс, нәтижелік қорытындылар алынды. Олардың практика жүзіндегі көп пайдаланушылық мүмкіндіктері күннен-күнге артты және осы күнге дейін осы саладағы келіспеушіліктер мен түсініспеушіліктер мамандар арасында кездесуі жиі ұшырасады. Мемлекет басшыларының жоғарғы комитетінің инициативасы бойынша 70-жылдардың басында көптеген сараптамалар болып өтті. Олардың барлығы сараптау жүйелерінің даму жағдайын бағалау реальдігіне, мүмкіндігіне көз жеткізу мақсатымен жасалынып, орындалды. Сараптау обьектісі ретінде Таяу Шығыстағы болып жатқан химиялық өңдірушілер мен олардың перспективалық даму жағдайын алу ұйғарылды. Алынған нәтижелердің нашарлығы сондай оларды қанағаттандырарлық деп бағалады. Қорытындылай келсек, бұл зерттеулер мемлекеттегі сараптау жүйелерінің даму жағдайын бағалау әдістеріне кері септігін тигізді. Олардың мүмкіндіктерінің қаншалықты бар екенін, қаншалықты бағалы, сапалы, қаншалықты оларды практика жүзінде пайдалануға болатындығын білу мен бірқатар алғышарттарды алдын ала анықтап алу керек болды. Яғни саланы толықтай зерттеп барып, шешім қабылдаған жөн еді. Шартсыз, барлық бар ақаулар мен қателіктер сараптау жүйелері көмегімен шешіле бермейтіні сөзсіз. Дегенмен де, сараптау жүйелерінің технологияларын корректілі түрде пайдалану көп жағдайда басқарудағы дайындық және бекітілген шешім қабылдауда пайдаланылатын әлі де жалғыз реальді әдіс болып отыр».
2.3 Сараптау жүйелерін тұрғызу және оларды қолдануға қатысатын мамандар
- Пайдаланушы – сараптау жүйесімен жұмыс жасайтын қолдану саласы маманы немесе сараптау жүйесіне тапсырыс беруші. Тапсырыс беру барысында өз талаптарын түсінікті деңгейде қоятын және сарапшының берген кеңетерін дұрыс талқылау қабілетіне ену қажет;
- Білімдер инженері – бұл жасанды интелект саласының мамандары және білім база мен сарапшы арасындағы аралық буфер ролін атқарады. Білімнің барлық түрімен жұмыс жасайды және аналитик.
- Сарапшы – бұл қолдану саласындағы өте жоғарғы дәрежелі кәсіби маман. Білімді талқылау оның міндеті , соған байланысты сарапшы. Жасанды интелект саласынан хабары болу қажет. Сонымен қатар , нәтижені түсінікті және кәсіби деңгейде талқылау қабілеті өте жоғарғы болуы шарт.
Сараптау жүйесінің ең маңызды деген 6 мәселені шешуге арналған.
І. Мәлімдемелерді айқындау жүйеге енгізілген деректерді қолдану саласының жағдайын анықтау мақсатымен айқындау.
ІІ. Диагностика айқындау негізінде өте күрделі қауіпті жағдайды анықтау.
ІІІ. Бақылау өзгерітерді мәлімдемелерді үздіксіз айқындау негізінде бақылау.
Қолданылған әдебиеттер :
- Бралиева Н.Б Байшоланова К.С. Гагарина Н.Я
“Экономикадағы ақпарат жүйелері ”
- “ Искусственный интелект”Справочник под редакций Попова Э.В.
- Ж-Л.Лорьер. “Системы исскуственного интелекта 1991”
- Нейлар К. “Как построить свою экспертную систему? ”