Шоқан Уалиханов
Шыққан тегі аға сұлтандар. Арғы атасы Абылай, орта жүз ханы, атасы Уәли — орта жүздің соңғы ханы.
Г.Н.Потанин жазғаны бойынша Уәли ханның екі қыстауы болған. Бірі – оңтүстік Көкшетау жазығында, екіншісі Сырымбетте. Абылайдың бірінші әйелі Сайманнан тараған ұрпақтары қазіргі Бурабайда. Уәлидің әйелі Айғаным ұрпақтары Сырымбетте.
Кейін Уали хан жерлері ұлдары арасында бөлініп берілген. Қызылағаштағы жері үлкен ұлы Ғұбайдуллаға Сырмбеттегі жерлері кіші әйелі Айғанымға қалдырылған.
Шоқанның әкесі Уәли, Абылайдың немерсі, Қызылағашта 1811 жылы туған. Уәлихан қайтыс болғанда Шыңғысхан 10жаста еді. Әке мұрасы саяси жағдайларға байланысты Ғұбайдуллаға қалдырылмай, Айғанымға қалдырылды. Айғаным –Шоқанның апасы.
Айғаным өте білімді, бірнеше шығыс халқының тілін меңгерген, орыс мәдениетінен хабардар, Петербургтегі сыртқы істер министірлігімен байланысты бір адам болған.
Ш.Уәлиханов (шын аты Мұхамметжанафия) 1835 ж Құсмұрын бекетінде дұниеге келген. Шоқан балалық шағын осы Құсмұрында, сосын Сырымбетте өткізген.
Шоқанның өсуіне, қалыптасуына әсерін тигізген анасы –Айғаным. Халықтың салт -дәстүрін бойына сіңіріп, халық ауыз әдебиетімен, тарихымен сусындатқан Айғаным апасын Шоқан естеліктерінде ерекше атаған.
1847 ж. 12 жасар Шоқан Омбы қаласындағы Сібір кадет корпусына оқуға түседі. 1853ж. 18 жасында бітіреді.
Ш.Уәлиханов қазақтан шыққан тұңғыш офицер, ғалым энциклопедист.
Қазақ халқының поэзиясының формалары (түрлері)
Талдау үшін ….. жырларын алған
Қазақ халық жырларының ішінде кең тарған жырлар –«Ер Көкше мен Ер қосай», «Орақ батыр», «Едіге», «Қозы Көрпеш –Баян Сұлу» жыры дейді
Ш.Уәлиханов.
Қазақ даласында жырлар қобыз сүемелдеуімен айтылады.
«Ер Көкше мен Ер Қосай» жырында Уақ руының батыры мен оның ұлы Ер Қосайдың қыпшақтарға қарсы ерлігі жырланады. Жырлардың бірінші бөлімінде Ер Көкше қаза табады. Оның ұлы Ер Қосай әке кегін алады. Жыр үнді.
Келесі жыр «Орақ батыр» Бұл жырда қарауыл руынан шыққан, Орақ батыр орыс еліне қашып кетеді. Сонда үйленіп, балалы- шағалы болады. Өз туған жерін аңсаған батыр ауылына қайта оралып, сонда қалады. Бұл жырды Ш.Уәлиханов Кіші Ордада жыршы Нұрымбай аузынан жазып алады.
«Едіге»жыры ХІVғ. Оқиғасын қамтиды. Бұл қазір тілімізді қолданылмайтын сөздерден байқалады.
Мысалы: осы жырда Кенжебай:
Ай, Едіге, сен енді қайт сана
Қайтіп Едіге от сана
Еңсесі биік боз орда
Еңкейіп сәлем бек сана
Еріні жұқа сары аяқ
Ер сарытын іш сана
Жауырындары жақталы
Түйме бауы тартпалы
Ақ қара кіе үстіңе
Тон береді ки сана
Көк ала жорға ат мініп,
Көк дабылтау байланып,
Тұтам бауы сом алтын
Ақ сұңқар құс береді, —
Көл айнала күй сана т.б.
Ш.Уәлиханов «Қозы Көрпеш –Баян Сұлу» жырын жанақ ақын аузынан жазып алады да, осы нұсқа жөнінде келелі пікір айтты.
«Қозы Көрпеш –Баян Сұлу» жыры қазақ топырағында ғана емес бұрынғы Совет Одағын мекендеген кейбір халаықтар арасында да молынан қолданылады.
Мысалы: «Күз Купрягь» деген атпен аталған башқұрт нұсқасы. Бұл нұсқа қарасөзбен тұрады, ерегі сарыны басымырақ. Бұнда жағымды, жағымсыз кейіпкерлерге даралануң жоқ.
«Қозы Көрпеш» деп аталатын барабин татарларының шағын ертегісін қазақтың қазақтың «Қозы Көрпеш –Баян Сұлу» жырымен салыстырғанда екі шығарманы мазмұн жақындығыбірден көзге түседі.
Татар нұсқасында Ақ хан мен Қара ханның аңда жүріп кездесіп, танысуынан басталады. Қазақ нұсқасындағыдай Қозы Баянды іздеп шыққанда Қара ханның жылқыларына кездесіп, Баян сұлудың қойын бағады. Осы нұсқаларды тығыз байланыстыратын жәйт: тайпа араларын жақындату үшін құда түсіп, жааңа одақ құруы. Сондықтан Ақ хан мен Қара хан бала алып, бала беріскенді жөн көреді. Қозының әкесі Ақ хан кенеттен қаза тауып, Қара хан бір түнде көшіп кетеді. Екі шығармада да жағымда кейіпкерлер жоғары қойылып, опасыз Қара ханға лағнет айтылады.
Қазақ нұсқасында қазақ –қалмақ соғысының ызғары Қодар бейнесі арқылы сезіледі, татарлар –қалмақ соғысы ұзаққа созылмағандықтан Қодар бейнесі күңгірт беріледі.
Қазақ пен барабин татарларының нұсқасындағы ұқсастық олардың көршілес қонуы, тығыз қарым –қатынастың айғағы. (А.Фролов нұсқасы)
Алтайлықтардың ауыз әдебиеті нұсқасында жыр қазақ жырының әсерінен шыққан. «Қозюке –Баян», ал екінші нұсқасы сол елдің өз тумасы – «Қозы Еркеш» деп аталады. Алтайлық ақын Н.Улогашев айтуынша «Қозы Еркш» жырынан қазақ жырының жанамасынан гөрі, олардың желісіндегі қайталаушылықты көреміз. Ұқсастығы жыр кейіпкерлерінің есімдерінің сырттай үндестігі. Мысалы, қазақ нұсқасындағы Қозы Көрпеш алтайлықтарда Қозы Еркеш, Баян сұлу – Байым сұр, Қодар құл – Қодыр уул, Қарабай –Қараты хаан, Сарыбай –Ақ бөке. Сюжеттік дамуында да едәуір жақындық бар. Мұнда Қозы Эркеш қалыңдығын іздемек болғанда шешесі оған наразылық білдіріп, жалғыз баласын сапарға жібергісі келмейді. Алтайлықтарда бұл сарынның мифологиялық жалпы басым. Мысалы, Қозын Эркеш қалыңдығын іздеп аттанғанда шешесі бірде бұлыңғырға, бірде түлкіге айналып алдынан шығып отырады. Қазақша нұсқада мұндай сарын мүлде жоқ, әйтпесе мыстан кемпір атқарады. Сол сияқты Қозын Эркештің Қараты Хаанның сарайына тазша болып баруы да қазақ версиясындағы Қозыны еске түсіреді. Тек бұл арадағы бір айырмашылық: Қодар уул алғашында Қозын Эркешке достық еткендей болып,оның хан сарайына кіруіне көмектеседі. Бірақ кейін Қозын мен Байым сұр арасында туған махаббатты көрген кезде қызғаныш білдіреді де, қастандық жасайды.
Ақыры сол Қодар уулдың опасыздығынан Қозын Эркеш қаза табады. Қараты хаанның Қозыны ұстамақ болуы, ал оның қашып кетуі қазақ нұсқасындағы эпизодты түгелінен қайталайды. Алтайлықтардың «Қозын Эркеш»жырында шық терек те, екі арада жүретін торғай жоқ.
Алтайлықтар нұсқасында бұл халықтың әдеп –ғұрыпы, салт- санасын, аңызға тән элементтері, аңшылық дәстүрі көрінеді. Қазақтың «Қозы Көрпеш –Баян Сұлу» лироэпостық жырға жатса, алтайлықтардың «Қозын Эркеші»- батырлық эпос үлгісіне жатады. Екі тұлғада түп жағынан да айырмашылық бар. Алтайлықтар нұсқасында батырдың сұсты тұлғасы, олардың жытқын әрекеттері басымырақ. Ал «Қозы Көрпеш –Баян Сұлуда» көбінесе қазақ халқының бейбіт өмірі, екі жастың арасындағы трагедиялық махаббат жыр етіледі.
«Қозы Көрпеш –Баян Сұлу» жыры ноғай, қалмақ халықтарының арсында да Қозы мен Баянға арналған аңыз жырлары бар.
Қозы Көрпеш –Баян Сұлу арсындағы трагедиялық махаббат жөніндегі аңыздың түп төркіні бір дегенмен, әрбір халық өзінің тарихи дамуына, өмір тіршілігіне сай тума версияларын жасаған деп кесіп айтуымыз керек.
Осыған орай Қозы Көрпеш тек қазақтікі еді, оны басқа да халықтар иемденіп алды деп байбалам салуғалауға болмайды. Қай халықтың болса даұзақ тірлігінде жасалған асыл мұрасына ешкім қиянат жасай алмайды.
Жоғарыда келтірілген кіріспеден кейін қазақ ауыз әдебиетінде орын тепкен «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырының басты-басты саналатын үлгілеріне тоқтап өтелік. Әдетте бұл нұсқаның варианттарын 16-деп куәлік етсек, тағы бірде оның санын жиырмаға шақтыға жеткізіп жүрміз.
Ал, ақиқатта ондай емес, әр кезде әркімдердің орындауынша бізге келіп жеткен версиялары түптеп келгенде 5-6 негізгі нұсқадан аспайды. Қалғандарының қайсысын алсаңыз да, солардың бірі, солардың бірін болмаса бірін қайталап отырады.
Қазақ арасына мол тараған аңыз бойынша Қозы мен Баян бір кезде өмір сүріп, кейде олардың моласы да сақталған делінеді. Бұл мола саяхатшы этнографтардың айтуынша оның басына орнатылған ескерткіш Қызыл қия мен Кіші Аягөз арасындағы Үлкен Аягөз өзенінің оң жақ жағасында көрінеді.
Жыр нұсқаларының біреулері әуелдегі түр мазмұнын сақтағандай болса, екіншілері өңдеу, толықтырулар арқасында едәуір өзгерген, кейде фольклор үлгісінен гөрі жазба әдебиет туындысына жақындайды.
Енді жыр нұсқаларына талдау жасайық.
Бұл жырдың ертегідегі нұсқасынан екі қолжазба жетіп отыр. Біріншісі 1834 ж Ғ.Деебісәлин жазып алса, екіншісі 1841ж. А.Фролов деген тілмаш қағаз бетіне түсірген.
Ғ.Дербісәлин нұсқасы И.Н.Березин архивынан табылды, оның көлемі 12 бет, ескі емлемен арабша жазылған.
(Сектор восточных рукописей Института Востоковедения АН СССР. Фонд №5 он 2/267). Бірінші қағазының жарымына жуығы жыртылып, жоғалып қалған. Жырдың қай сөзден басталғаны белгісіз. Қолжазбада кей эпизоттары байланыспай, кей жерлері қалып қалғаны сезіледі. Дегенмен жыр Қозы мен Баянның трагедиялық өлімімен аяқталады.
Бұл нұсқа қағаз бетіне түскен ең алғашқысы деп есептелініп, оны бағалы етеді.
Жыр ерекшелігіне келсек, ол негізінде қазақтың халық тілімен орындалған, бірен-саран араб, парсы сөздері кездескені болмаса, тілі таза, ұғымды, жергілікті маңызы бар қиын сөздер де кездеспейді. Ислам дінініне байланысты туған көзқарастардың әсері де байқалмайды. Жырдың түп арқауы көшпелі қазақ елінің өмірі, салт- санасы мен әдет ғұрпы, талғамы, танымы.
Мазмұны мынандай: Шамасы жыр Қарабай мен Сарыбайдың аңға шығуымен басталады. Ал сақталған беттерінде Қозының жастайынан жетім қалғандығы, кейде ғана Баян атты атастырылған қалыңдығының бар екенін білетіндігін, оны іздеп шыққан санарында көптеген қиыншылықтарды жеңіп, ақыры қайын жұртына барғандығы айтылады. Сарыбай еліне келген соң Қозы біраз уақыт Тазша бейнесінде жүреді. Бірде Баянмен кездесіп, оған өзінің кім екенін айтады, екеуі көңіл қосып табысады. Бірақ Қодар құл олардың сырын біліп қойып, қайтсе де Қозыны құртудың жолын ойлайды. Ақыры оны оққа ұшырады. Ғашық жырының кегін қуған Баян сұлу Қодарды айласымен өлтіреді де, Қозының моласын тауып алып, өзін — өзі қанжарымен жарып, қайғылы қаза табады.
Бұл шығарманың айрықша бір қасиеті: Жағымды кейіпкерлер (Қозы мен Баян) еңбек әрекеті үстінде көрінеді. Олардың байлығы, сән-салтанаты айтылмайды. Мысалы, Қозы қайын жұртына келгенде Тазша кейіпінде жүреді. Сарыбайдың малын бағады. Демек, Қозының барлық әрекеті күнделікті еңбек үстінде беріледі. Тіпті екі жастың алғаш кездесуін де ақын ешбір әсірелемей-ақ жайша ыспаттайды:
Биесін Тазша пақыр байлаған ды,
Желісін қағайын деп сайлағанды.
Буылтты рауадағы бұрып алып,
Басында желісінің сырнаған-ды.
Шық сана Сұлу Баян малың кепті,
Атаңның оң жағында күнің өтті.
Құлынды шұрқыраған естідің бе?
Жел соғып құбыладан боран шықты.
Оралып желісіне құлын өлді.
Құлынға шұрқыраған шыдай алмай,
Бір шапанды бүркеніп Баян келді.
Бұл үзінділерде сырмап өңдеу, көтерме әсірелеу мүлде жоқ күнделікті өмірдің әншейіндігі қарапайым суреттері. Сонымен бірге батырлар жырында кездесетін батыр жігіттің керемет күшін, ерекше өткен балалық шағын, немесе қиялға симайтын жүйрік атын сипаттайтын оқшау әсіреулерді де кездестіре алмаймыз.
Жырдағы олқылықтар: дәуір тынысы онша көріне алмай қалған, кейіпкерлердің бейнелері үстірт сипатталған, көркемдік жағы онша емес.
А.Фроловтың жазып алған версиясы айтылған Ғ.Дербісәлин нұсқаларымен тетелес. А.Фролов нұсқасында тілі шұбарланып, татаршаланып кеткен. Сол кездегі сәлем хаттың өзін «ғизатлу уа құрмет аз бек зияда көргуші» деп бастайтынын «кітапшылану» дәстурінен қалған сарқыншақ болса керек. Жырдың тағы бір айырмасы, аяқталуы басқаша.Қозы дүниемен қоштасу үшін жеті ай мерзімге қайта тіріліп, жер жүзінің төрт бұрышын кезеді.
Қаймағы бұзылмаған ескілік жағдайда адам басының еркіне жол берілуі мүмкін емес. Сондықтан Қозы мен Баянның армандарына жете алмай мерт болуы да заңдылық.
Екі нұсқада да шығарма дегі өзегі екі отбасының қарым –қатынасына құрылған. Құда түсуде өз жағдайларын нығайта түсуге байланысты болған.
Бұл жырларда қыз әкесі Сарыбай делінеді. Жыр басы тумаған балаларына құда түсуден басталып жетім ұл қажетсіз болып, қыз әкесі қонысты бұзудан басталып екі жастың бақытын қорғау үшін күреске шығады тағы бір ерекшелік: екі жас ескі дәстүрден, тағдырға сену секілді. Сезімнен асып кете алмайды.
Бұл жыр И.Н. Березин (1876 жылы) бастырған, И.Н. Ильминский (1860жылы) бастырған, Шөже ақын (ауызша айтып, ел арасына таратқан, Шөже 1803-1859 жылдарда өмір сүрген, белгісіз ақын қалдырған қолжазба (1864) М.Ж. Көбеев (жыры белгісіз) Қ.Мейірманов (1909) жинақ нұсқасы, В.В.Радлов, М.Әуезов (1936) жазып алған варианттары бар. Абайдың балалары Ақылбай мен Мағауия да өңдеген. Мұны Абайдың «Айттым сәлем Қаламқас» өлеңінің көркемдік теңдеулер мен тәсілдері бар.
«Қозы Көрпеш –Баян Сұлу» жырын Жанақ ақын айтуы бойынша нұсқасын ел аузынан қазақ халқының ұлы ғалымы Ш.Ш.Уәлихановта жазып алған. Жыр 419 шумақты, 1676 тармақтан тұрады. (Ш.Уәлиханов шығ. жин. 1904. 228б.)
Ш.Уәлиханов Омбы кадет корпусын бітіргеннен кейін, Қызымет жөнімен Ыстықкөл мен Қашқарияда болғанда Аякөз бойында да болған. Ш.Уалиханов бұл жырды жазып алуы туралы қазақ өлеңіне баға берген бір мақаласында былай деп жазған: «Белгілі, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» поэмасын маған өлең түрінде атақты Жанақ айтқан еді». Сол мақалада өлең түрінің белгісі ретінде «Қозы Көрпен» поэмасының кіріспесін келтірген:
Мен іздеп, жігіттре, кел кетелі,
Ортасында Көктөбе белгі етеді.
Азаматтар ерінбей тыңдасаңыз,
Қозы Көрпеш Баянды тербетелік.
Шоқан жазып алған нұсқада да екі жастың жалынды махаббаты, өз басының бостандығы үшін күресі жыр мазмұнына арқау болған.
Бұл нұсқада Қозы шешесінің бейнесі айқын шыққан. әсіресе, осы нұсқада ғазиз ананың сүйікті ұлын алыс сапарға жібермей, қайтсе де өз елінде сақтау жолында жасаған әрекеттері күшті берілген. Шешесі алдымен Қозының алдында тұрған қауіпті кедергілерді санап өтіп, оны сескедірумен болады: «Менің теңіздей көз жасымды, алдыңнан күткен қиюлының қырық бөрісін, жолыңда тұрған аспанмен тілдескен асқар тауды, қырық күшілік шөлді қайтесің?»-деп сұрады ол баласынан. Ақыр соңында анасы баласын бұл сапардан тоқтататын күш жоқ екеніне көзі жеткен соң, басқа себеп іздеп, оның мойынындағы ел-жұрты алдындағы борыштарын санап өтеді дағы: «Үйір-үйір жылқың бар, оны кімге қалдырасың ?» — деген сұрақ қояды. Бірақ қозы алған бетінен қайтпады. Қысқасы, Қозы ер жігіттің намысы мен жарына арналған ыстық махаббатынан артық бұл дүниеде еш нәрсе жоқ, болмақ емес.
Ал Қарабай мен Қодар жырдағы жағымсыз кейіпкерлер. Бұл жырда Қодар қалмақ емес, ноғайдың мырзасы Шошақ деген бектің баласы. Оларды бойынан бар жамандықты, пасықтықты табуға болады. Қарабайдың байлығы мен салтанаты үнемі сөз болуымен бірге оның сараңдығы мен дүние қоңыздығы, қаталдығы мен жауыздығы әрдайым ескертіліп отырады. Ал Қарабайдың бір күн ішінде қанша көшуін бұқара халық өзінше ұғынып, өзінше түсінеді. Қарабай бір жағынан әуелден берген сертінен тайып, қара бет болса, екіншіден, жетім қалған Қозыға жөргекте жатқан кезінен опасыздық жасайды.
Қодар бір күні жылқыдан келе жатып Қозы мен Баянды көреді де Қарабайға жеткізеді. Ақыры ұйықтан бейғам жатқан Қозыны Қодар қапылыста өлтіреді.
Бұл нұсқада құдай есімі жиі аталады, періштелер Қозыға түсінде аян береді, баба түктішашты Әзгіздің көмегімен Қозы Көрпеш қайта тіріледі. Айғыз тасқа айналады т.т. Бұл қосындылар жырдың реалистік негізін бұза алмаған.
Бұл жыр он бір буынды қара өлеңмен орындалған, кейде шумақтың алғашқы екі жолы қайталанып отырады. Жалпы алғанда ааба рифмасы сақталады да, ара-тұра еркін үйлес те қолданылады.
Жырда әйтсе де «қиял», «хас», «хафия», «кәлем», «ғайып», «ғасы», «күмәнді», «мат болу», «қай заман» сияқты араб-парсыдан ауысқан сөздер сөздер мен қазақтың ескірген төл сөздері де кездеседі. Бірақ мұндай сөздер көп емес.
Жырға арқау болған «ежеқабыл» ескі әдеті.
Бұл жырда мінер атын таңдап мінеді. Қозы атты ұстап жүгендегенде арада күрең бірден бестіге айналады. Тағы ерекшелік Сарыбайдың сүйегін іздеу, оны жерлеу, Сарыбай әйеліне тазша баланың естіртуі, Тайлақ бидің қамқорлығы. Мұнда ханым қажырлы адам сипатында беріледі: Сарыбай өлгенде:
Жылағанмен бір нәрсе шыға қойса,
Жылап-жылап тірілтіп әкеле ғой…
деп өзі тоқтау айтады.
Қорыта келгенде «Қозы көрпеш – Баян сұлу» жыры ең көне жырлар қатарына жатады.
Және Тайлақ би Қарабай артынан өзінің Танас атты баласын он екі жігітпен жібереді.
Бұл нұсқада қарабайдың Ай, Таңсық атты асыраған екі қызы болады.
Олар елінен кетерде:
Балталы, бағаналы ел аман бол,
Бақалы, балдырлаған көл аман бол.
Кірім жуып, кіндгім кескен жерім,
Ойнап – күліп, ержеткен жер аман бол,-
деген қоштасу толғауы дастанға көркемдік береді
Жыр
Қозы Көрпеш Баянның болған шағы,
Таза гүлдей аршылып солған шағы.
Қозы Көрпеш өлген соң Баян да өлген,
Сондай болсын әркімнің алған шағы.
Қозы Көрпеш атаған мөлдір көзге,
Қосылады әр жерде айтқан сөзге.
Өлсе дағы Қозыкем арманы жоқ,
Сурет болып бітіпті Аягөзге.
Жан біткенді жалмаған қара жерсің,
Жалғыз туған Қозыкем сен бір ерсің.
Жебеп-жылап жүре көр, есіңе алып,
Ақыретке барғанда біздеріңді бір көрерсің,-
деп аяқталады.
Қорыта келгенде «Қозы көрпеш – Баян сұлу» жыры ең көне жырлар қатарына жатады. Бұл жырдың заман өткен сайын өзгеріп, жаңарып отырғанын айтуымыз керек. Бұл дастанның тууына халық өкілі араласса, екіншіден белгілі ақындар қатысып, өз нұсқаларын өңдеп, кей жағдайларда өзгертіп отырған.
Сан ғасырлық өмірінде дастан өзінің түп нұсқасынан айырылмай, халықтық негізін жоймай, бізге келіп жетті.
Сол себепті біз «Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырн қазақ халқының ертедегі өмірін, тұрсмыс –тіршілігін, салт- санасын суреттейтін, шын мағынасында халықтық шығарма деген қорытынды шығарған дұрыс. Әрине бұдан тап – таза күйінде халықтық туынды болады екен, «Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырында қосындылар, ескі дәуірдің әсері жоқ екен деген теріс ұғым тумайды. Біздің міндет осы шығарманың халықтық жақтарын кейінгі қосындылардан арылтып, таза күйінде жеткізу. Тек сонда ғана біз халық даналығынан туған бай қазынамызды шын ғылыми тұрғыдан зерттейтін боламыз.
Пайдаланған әдебиеттер
- Ш.Уалиханов Шағармалар СПБ., 1904 128 б.
- Ә.Марғұлан «Қозы көрпеш – Баян сұлу» Омбы архивынан жазып алған. Шығыс қолжазбалар архиві бөлімі.
- Ы.Дүйсебаев «Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырының нусқалары туралы (зерттеу). Жинаққа кіріспе. Алматы
- Ә.Қоңыратбаев Қазақтың «Қозы көрпеш – Баян сұлу» жыры туралы (зерттеу) Алматы 1959 ж
- И.Н.Березин «Турецская хрестоматия» ч.ІІІ. 1876. 70-162 б,