ҚАЗАҚСтАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Шымкент институты.
«Қаржы және несие» кафедрасы.
Тақырыбы: «Ұлыбритания мемлекетінің салық жүйесі.»
Орындаған: Аманкулова Қ.
84-13 тобы.
Қабылдаған: Исаев Ә.
Шымкент-2006
Ұлыбритания мемлекетінің салық жүйесі.
Жоспар.
1.Ұлыбритания мемлекетінің салық жүйесінің ерекшеліктері.
2.Ұлыбританиядағы салықтардың түрлері:
-табысқа салынатын тікелей салықтар;
-жанама салықтар;
-жергілікті салықтар;
-іскерлік белсенділікке салынатын салықтар;
-тағы басқа салықтар.
Ұлыбритания мемлекетінің салық жүйесі.
Ұлыбританияның салық жүйесінің негізі 19 ғасырда қалыптасты. 1965,1973,1987-1988 жылдары жүргізілген салық реформалары елдің салық жүйесінің құрылымына көптеген өзгерістер әкелді.Елдің салық салу саласында жүргізілген шаралардың ішіндегі ең маңыздылырының бірі-1988 жылдың наурызында қаржы министрі Н.Лоусонның 1988-1989 жылдарға арнап парламент қарауына ұсынған бюджет болды.Қаржы министірінің бағалауы бойынша ,бұл жоба салықтың радикалды реформаларын көрсетті.Н.Лоусон әлемдегі ең қарапайым салық жүйесін ұсынуға ұмтылыс жасады.Салық реформалары жеке табыс салығының төменгі ставкасын 20 % дейін төмендету, ерлі зайыптылырдың табысын бөлек есептеу,прогрессивтік салық ставкаларын алып тастау тәрізді маңызды шараларды қамтыды.Салық жүйесінің оңайлануы оның әділ болатынына кепілдік бермейді.Ағылшын экономистерінің бағалауы бойынша,әрбір британдық үшін салық ставкасы орташа есеппен 14-тен 16-ға өсті,ал осыған дейін табысының қанша мөлшерін салыққа төлесе,ол сол күйі өзгеріссіз қалды.Салық жылы ағымдағы жылдың 6-сәуірінде басталып,келесі жылдың 5-сәуірінде аяқталады.Қазіргі кезде салықтар Ұлыбританияның мемлекеттік кірістерінің 90 % жуығын қамтамасыз етеді.Елдің фискалдық саясаты екі негізгі ережеге негізделген:
• «алтын ережесі» экономикалық циклда Үкіметке инвестициялық мақсатта ғана заимдардың жүзеге асыруына рұқсат береді және оны ағымдағы қаржыландыруды пайдалануға тиым салады;
• «ұзақ инвестиция ережесі» бойынша экономикалық цикл кезінде таза ұлттық қарыздың жалпы ішкі өнімге қатынасы тұрақты деңгейде болу керек.
Бұл ережеге сәйкес,салық төлеуші төлемдерді экономиканы ағымдағы қаржыландыруды жүзеге асыру үшін төлейді,сондықтан ол Үөкіметтен мемлекеттік заимдар операциясын қатаң бақылауда ұстауын қамтамасыз етуін талап ете алады. 1998-1999 жылы қаржы жылдарына мемлекеттік бюджетті қабылдаған кезде,Үкімет жаңа фискалдық тұрақтылық кодексін де қабылдады.Бұл кодекске сәйкес, фискалдық саясат пен мемлекеттік қарызды басқару бес қағидаға жауап беруі қажет:
-фискалдық саясат мақсатын бекіту,мемлекеттік мекемелердің шоттары бойынша операцияларды орындау және жариялау;
-фискалдық саясатты жүзеге асыру және оның экономикаға әсер ету процесіндегі тұрақтылық;
-мемлекеттік қаржыны басқарудағы жауапкершілік;
-әділеттілік,әсіресе ұлттар арасында;
-фискалдық саясаттың орындалуы.
Ұлыбританиядағы салықтарды бес ірі топқа топтастыруға болады:
1. табысқа салынатын тікелей салықтар,бұған табыс салығы,капиталға салынатын салық,мұраға салынатын салықтар жатады;
2. жанама салықтар,бұған қосылған құнға салынатын салық жатады;
3. жергілікті салықтар,бұған жылжымайтын мүлікке салынатын салықтар т.б. жатады;
4. іскерлік белсенділікке салынатын салықтар;
5. тағы басқа салықтар.
Ұлыбританиядағы негізгі салықтардың бірі-табысқа салынатын салық болып табылады.Ол ең алғаш рет 1799 жылы Наполеонға қарсы соғысты қаржыландыру мақсатында енгізілді,ал 1842 жылдан бастап ағылшынның салық жүйесінде тұрақты түрде орын алды.1909 жылдан бастап табысқа салық салуда прогрессия қолдана бастады.1965 жылға дейін табыс салығын заңды және жеке тұлғалардың барлығы төледі.Корпорация пайдасына салынатын салық енгізілгеннен кейін,табыс салығын тек жеке тұлғалар ғана төлейтін болды.1973 жылғы салық реформасы нәтижесінде еңбек ақы және инвестициялық табысьарға салық біртұтас ставкамен салынатын болды.Бұл салықтың алыну техникасын оңайлатып қана қойған жоқ,сондай-ақ шедулдардың мәні мен мақсатын толығымен өзгертті.Қазіргі кездегі жеке табыс салығының жүйесі 1973 жылғы салық реформасы негізінде жүйелендіріліп, қалыптасты.Ұлыбританияның салық заңнамасының негізінде халықтан және корпорациядан алынатын табыс салығы қатынастарын реттейтін 1970 жылы қабылданған заңнамалық Акт;қосылған құнға салынатын салықты реттейтін 1979 жылы қабылданған Акт;корпорациядан алынатын салықтарды реттейтін 1996 жылы қабылданған Акт жатады.Мұнымен бірге, жыл сайын жаңа бюджетті қалыптастыру барысында жекелеген өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Салық салу мақсатында салық төлеушілер резидент және бейрезидент болып жіктеледі.Ағылшын салық құқығында «жай резидент» және «домицилий» деген ұғымдар қолданылады.
Табыс салығы жылдық жиынтық табыс пен заң бойынша рұқсат берілген шегерімдер арасындағы айырмадан төленеді.Салық салу барысында отбасылық және жеке тұлғаның өзіне шегерім беріледі.Отбасылық және жеке шегерім мөлшері әрбір қаржы жылында бөлшек сауда индексіне байланысты қайта қаралып,өзгертіліп отырады.Табыс салығы прогрессивтік ставкамен алынады.
Табыс салығының ставкалары
Ставка типі
Табыс диапазоны
Салық ставкасы %
Төменгі 1500-ге дейін 10
Негізгі 1501-ден 28000дейін 23
Жоғарғы 28001-ден жоғары 40
Корпорация салығының ставкасы-33-35 пайыз.Шағын бизнесті компанияларға 25 пайыз мөлшерінде төмендетілген ставка қолданылады. Мұнай өнеркәсібіндегі компаниялар арнайы салық режимі бекітілген.Олар мұнайдың корпорациялық салығын 75 пайыздық ставкамен төлейді,жалпы корпорациялық салықты төлеуден босатылады.
Жанама салықтар тобына қосылған құнға салынатын салық,акциздер,тұтну салығы,кеден баждары,елтаңбалық алым,ойын бизнесінен алынатын салық жатады.
Қосылған құнға салынатын салық 1973 жылдың 1 сәуірінде Еуропалық экономикалық қауымдастыққа кіргеннен бастап енгізілді.Қосылған құнға салынатын салық 1983 жылы қабылданған Заң негізінде реттеледі.Бертін келе ол біршама өзгертіліп,толықтырылды.Қосылған құнға салынатын салық мемлекеттік бюджеттің орта есеппен 17-20 пайызын құрайды және үлесі жағынан табыс салығынан кейінгі екінші орынды алады.Салық ставкасы- 17,5%.
Елтаңбалық алым Ұлыбританиядағы көне салықтардың бірі болып саналады.Ең алғаш 1694 жылы енгізілген болатын.1891 жылы қабылданған заңнама кезінде және бертін келе оған енгізілген толықтырулар мен өзгерістерді ескере отырып, қазіргі кезге дейін қолданыста болып келеді.Алым тұлғалар азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасаған кезде төленеді.Рәсімделген құжатта осы алымның төленгенін растайтын мөр болуы қажет.Алым ставкасы осы құжаттың нысанына байланысты бекітіледі.
Жергілікті билік органдары жергілікті қажеттіліктерді қаржыландыру үшін салықтар мен алымдар енгізуге құқылы.Үкімет қаржы министрлігінің құрамындағы қазынашылықтың көмегімен салық жүйесін басқарады және реттейді.Олардың қызметін Парламент бақылайды.Ұлыбританияның қазынашылығы Үкіметтегі басты министрлік болып табылады және елдің жалпы экономикалық стратегиясына жауап береді.Әкімшілік тұрғыдан,ол басқарма болып табылады.Оның құрамына қазынашылықтың бірінші лорды және кіші лордтар кіреді.Қазынашылықтың бірінші лорды-әрі премьер-министр,әрі қаржы министрі болып табылады.Елдің салық заңнамасын Үкімет бекітеді.Бақылау Лондондағы бас салық инспекторының кеңселері арқылы жүргізіледі.Бас инспекторының қарамағына 700-ден астам аудандық кеңселер кіреді.Аудандық кеңселерінде салық инспекторларының штаты жұмыс істейді.Олар заңды және жее тұлғалардан салықтарды жинайды,ақпарат және кеңес беру қызметін ұйымдастырады,сотта Ішкі істер басқармасының мүддесін қорғайды.Баж және акциздер басқармасының міндетіне жанама салықтар жүйесі қарайды.Қосылған құнға салынатын салық,акциздер Қаржы министрлігінің баж және акциздер басқармасының өкілеттігінде болып келеді.