Жарақат олардың түрлері
- Жарақат түрлерi
- Алғашқы көмек
- Жара.
Барлық механикалық зақымдаушылар ашық және жабық деп бөлiнедi.
Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.
Алғашқы көмек дегенiмiз – зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп,оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты.
Кез-келген жарақат бiр орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар ағзада белгiлi бiр жалпы өзгерiстердi тудыруы мүмкiн (жүрек-тамыр қызметiнiң, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы). Бұл құбылыстар орталық жүйке жүйесiнiң тiтiркенуiнен, қан кетуiнен, өмiрлiк маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезiнде сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және күрт нашарлайды.
Ашық зақымдалу, немесе жара, кiлегейлi қабықша мен терi жамылғысының тұтастығының бұзылуы — бұл сыртқы жара, ал iшкi жара қан кетумен сипатталады (көкiрек, құрсақ қуысы, ми сауытында).
Жараларды зақымдануына жарақаттаушы зат формасына, құрал түрлерiне қарай бiрнешеге жiктеймiз.
Тұтас дененің (ұлпаның, мүшенің) болмашы сызат түсуінен бастап толық езіліп-жаншылуы мен бөлшектеліп қалуына дейінгі қандай да болсын бұзылуы зақымдану деп аталады. Зақымдану дененің анатомиялық тұтастығын бұзбай-ақ, жүмыс істеуін нашарлатуы мүмкін. Бұған жүйкенің ұзақ уақыт қысылып, кейіннен оның сал, қояншық ауруларына ұласуы мысал бола алады.
Күнделікті тіршілікте кейбір зақымдану түрлері өте сирек кездеседі, ал басқа бір түрлері халықтың бірдей топтары арасында белгілі бір жағдайларда жиі аңғарылып тұрады. Еңбек және тұрмыс жағдайлары ұқсас адамдарда біртектес жарақаттардың қайталанып отыруы медицина тілінде жарақаттану (травматизм) деп аталады.
Жарақаттану мынадай түрлерге бөлінеді:
- Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану;
- Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану;
- Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану);
- Тұрмыстық жарақаттану (тұрмыста кездейсоқ себептерден зақымдану: баспалдақтан құлау, түрмыстағы қолданылатын заттардан зақым алу, т. б. немесе төбелес, кісі өлтірушілік, өзін-өзі өлтірушілік және т. б. кезінде қасақана жасалатын зақымдар);
- Әскери қызметшілердің соғыс кезіндегі және бейбіт кездегі жарақаттары болып табылатын әскери жарақаттану;
- Спортпен айналысқан кездегі спорт жарақаттары.
Жарақаттанудың әрбір түрінің өз ерекшеліктері болады, олар оқиғалардың мән-жайларына ғана емес, келтірілген зақымдардың сипатына да байланысты. Мәселен, өндірісте жарақаттанғанда — жаралану, көшеде — сынық, спортта соғып алу мен сіңірдің созылуы сияқты түрлері көбірек орын алады.
Сот-медицина тәжірибесінде оқиғалардың мән-жайы, әсіресе, тергеу басталған кезде көбінесе беймәлім болып қалады. Сондықтан қалай зақымданғандығын және зақымдардың сипаты мен ерекшеліктері бойынша олардың жасалған мерзімдерін анықтаудың зор маңызы бар.
Сот-медицина травматологиясының негізгі міндеттерінің бірі — зақымдардың сипаты негізінде жарақат салынғандағы құралды анықтау. Әсіресе әр түрлі доғал заттармен немесе құлау салдарынан соғылып жарақаттанған жағдайларда зақымдалудың себебі мен қалай болғанын анықтау өте қиынға. Сондықтан соққының күші мен шапшаңдық мөлшерін қолдана отырып, дененің эксперименталдық зақымдануын зерттеу мен алынған зақымдардың морфологиясын кейіннен зерттеудің маңызы зор. Эксперименталдық зақымдану Морфологиясын күнделікті өмірде кездесетін ұқсас зақымдармен салыстыру сот травматологиясы мәселелерін шешуге көмектеседі.
Мәселен, сот медицинасының мамандары мөлшерленген динамикалық және статикалық күш түсіру жағдайында бас сүйегі мен омыртқалардың зақымдануын модельдеу жөнінен кешенді түрде көп жүмыс жүргізді. Бұл жұмысқа олармен бірге травматологтар, анатомдар, физиологтар, спорт және авиация медицинасының мамандары, инженерлер мен математиктер қатысты. Денені автомашина басып кеткенде немесе соғып кеткен кезде автомобиль кабинасы ішінде, сондай-ақ жазық жерге құлаған жағдайда баспен соғылған кезде алынатын жарақат сияқты бас сүйегі мен омыртқалар зақымдануының бірқатар модельдері жасалды. Бүл әдістемелер соғылысу шапшаңдығына, соққылардың күшіне, пайда болатын салмаққа, бастың және соғылысатын беттерінің серпімділік қасиеттеріне (қалпына келу коэффициенті) қарап, қозғалып келе жатқан дененің басы мен омыртқасының зақымдануьш туғызады.
Эксперименттер жұмысқа қатысушылар құрастырған арнаулы стенд-құрылғылардың көмегімен биоманекендерде (өліктерде) жүргізіледі. Зерттеудің морфологиялық әдістерімен қоса, эксперименттерде антропометриялық және рентгенологиялық әдістер, киноға шапшаң түсіру, тензометрия, пайда болатын салмақты анықтау қолданылды.
Зерттеушілер әсер ететін күштердің нақты ауқымы мен пайда болатын зақымдардың (сызаттардың, жаралардың, сынықтардың, атап айтқанда, бас сүйек шытынауының шоғырлануы мен бағыттарының және т. б. ) ерекшеліктері арасындағы белгілі бір заңдылықтарды анықтайды. Ашылған заңдылықтар аңғарылған зақымданулар бойынша, соның ішінде бас сүйек сынықтарының ерекшеліктері бойынша жарақат механизмі мен әсер ететін күштердің ауқымын іс жүзінде анықтауға мүмкіндік береді.