АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат.. Жастар қоғамның әлеуметтік-демографиялық тобы ретінде

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

 

 

 

« Экономиканы мемлекеттік реттеу »

кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Жастар қоғамның әлеуметтік-демографиялық тобы  ретінде ».

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                  Оқытушы: Жумаксанова К.М.

                                               Студент: Ахбаев А

                                Тобы: 212

                                             Тексерілген күні:

                                                       Жұмыстың бағалануы:

 

 

 

 

 

 

Алматы 2008

 

 

Жоспар:

 

 Кіріспе ………………………………………………………………………………………………. 3 – 4

  1. Жастардың демографиялық саясаты …………………………………………. 5 — 10

 1.1 Н.Ә Назарбаевтың Жолдауларындағы демографиялық басымдылықтар және оны іске асыру ………………………………………………………………………… 11 – 14

 1.2 Жастардың әлеуметтендіру процессі …………………………………………. 15 – 22

  1. Жастардың кешенді әлеуметтік өзін — өзі реттеу тетігінің жұмыс моделін қалыптастыру ……………………………………………………………………23 – 25

2.1 Қазақстандағы жастардың демографиялық ахуалы ……………………….26 – 28

2.2 Қазақстан Республикасындағы Жастар саясаты ……………………………29 – 31

Қорытынды …………………………………………………………………………………….32 – 33

Пайдаланған әдебиеттер тізімі …………………………………………………………….. 34

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Коғамда демографиялық топтың осы санатын айқындаудың әр түрлі әдістері бар. Маркстік теорияның жақтастары жастарды ұқсас антропологиялық ерекшелжтері және психологиялық қасиет бар жастық топ ретінде ғана қарамау қажеттілігін талап етеді. Бұл жерде жастардың мәні олардың қоғамдық катынастардың тарихи айқындалған сипатына негізделген әлеуметтік ерекшеліктері мен белгілерінде болады.

Басқа көзқарастың жақтастары жастар социологиялық мағынада ол жас баланың ролін аса көп ойнамайтын және де сонымен қатар үлкендердің ролін толық құқықты тасымалдаушы больш табылатын адамдар өміріндегі мінез-құлық базасы болып табылады деп санайды. Жастардың барлық проблемалары кедейшілік құрылымды «бейтарап аумақтың» мәртебесіндегі үздіксіздік үзілсінде құрылады деп санайтын американ социологы Г.Сиболд та осы көзқарасты ұстанады.

Көптеген батыстық социологтар жастарды «жаца тап» деп айтады, олардың өмірге деген көзқарасы бірдей, талғамдары, мүдделері және қажеттіліктері дәл келеді. Жастар «біз» деген сезім күшінде социологиялық тұтастықты білдіреді. Осылайша, бұл жерде жастардың әлеуметтік-психологиялық құрамы және сапасы дербес және қоғамдық өмірдің сипатына қатысты емес ерекшелік ретінде қарастырылады.

Жастардың социологиялық теориясында «ұрпақ», «жас ерекшелік табы», «жастық, жақ», «жастар», «әлеуметтік жасы келгендік» «қарттық» деген ұғымдар жоқ.

Демографияда жобамен бірдей уақытта туған адамдардыц жиынтығын ұрпақ деп санайды.

Антропологтар мен заңгерлер жалпы ата-бабадан шыққан сатылықты ұрпақ деп айтады.

Социологиялық түсінікте жастық шақ қашан басталды? Әртүрлі авторлар, жастарды ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретінде сипаттай отырып бұл ұғымды біржақты қолданады. Мысалы, австриялық социолог Л.Розенмайер жастық кезең 13 жастан басталып 24 жаста аяқталады деп санайды. Ғалым осы кезеңнің ішкі жас ерекшелігін және әлеуметтік дифференциациясын баса айта отырып, қандай да болмасын нақты негіз бермейді.

13 пен 18 жыл аралығындағы жас «жасөспірім шақ» ұғымымен біріктіріледі және біршама дәрежеде жаңа белгілерге және әлеуметтік тәртіптің нысандарына әкелетін биопсихологиялық дамумен сипатталады. Бірақ адамды балалық шақтан бөлетін демаркациялық сызық 18 жаста өтеді. Бұл жас көптеген елдерде құқықтық дербестіктің басталуымен сипатталады, яғни ересектермен қалыпты теңестірумен және занды құқықтарды алумен: еңбек үшін тең ақы төлеу, армияда қызмет ету, некеге отыру, сайлауға қатысу.

Жастық шақта әлеуметтік рөлдерді белсенді игеру процесі болады. Олардың саны олар бәсең игерілетін немесе тоқтатылатын белгілі бір «толығу» шегіне жылдам жақындайды.

Социолог В.Н. Боряз «толығу» шегі жастық шақ деп түсінуге болатын жас ерекшелік кезеңдерінің шеңберіне жатады деп есептейді. Ал одан әрі -әлеуметтік есею кезеңіне кіру. В.Н. Боряз жастар санатын айқындауға арналған аса кең шекараларды ұсынады, ол осы топқа 14-33 жас аралығындағы адамдарды кигізеді.

  Көші-қон мәселесі – адамзат тарихының соқпағына сәйкес жүзеге асатын табиғи құбылыс. Адамдар әрқашан да өмір сүру қайда тиімді болса сонда көбірек уақыт өткізуге тырысады. Барлық әлеуметтік құбылыстар сияқты көші-қон мәселесінің де тиімді, тиімсіз жақтары болады. Көші-қонға қатысты мәселелер Қазақстан үшін маңызды бағыттардың бірі. Қазіргі таңда елімізде көші-қонды басқару, ұлттық көші-қон саясатын жетілдіру және жүзеге асыру сияқты өзекті сұрақтар шешілуі туындауда. Қоғамдағы тұрақтылық, ұлттық қауіпсіздік және мемлекет аумағының тұтастығы, жалпы қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық климат көп жағдайда ойластырылған демографиялық саясатқа тәуелді. Осыған сәйкес, «Достық Үйі – этносаралық қатынастар мәселелерін зерттеу жөніндегі орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Қазақстанның демографиялық жағдайының қалыптасуына әр түрлі ұлттардың көші-қон мәселесінің атқарар рөлін зерттеуге бағытталған инновациялық жобаны жүзеге асыруда. Бұл жобаның тікелей бағыты тек республика тұрғындарының механикалық қозғалысын зерттеу ғана емес, соның ішінде түрлі этникалық топтардың көші-қон қозғалыстарына ерекше мән беру болып табылады.
2008 жылғы 23 қаңтарда Астана қаласындағы «Достық Үйінде» осы зерттеулердің қорытындысы бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.
Аталған жиынға ұлттық мәдени орталықтардың басшылары мен өкілдері, мәдениет және қоғам қайраткерлері, сонымен қатар ғалымдар қатысты.
«Дөңгелек үстел» барысында отырысқа қатысушылар тарапынан түрлі этникалық топтардың көші-қон қозғалыстарының ерекшеліктеріне, себептеріне сонымен қатар көші-қон саясатына қатысты құқықтық білімділік жөнінде жаңа пікірлер мен ұсыныстар қабылданды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жастардың демографиялық саясаты

 

    Жыл сайын Елбасының Қазақ­стан халқына дәстүрлі Жолдауы еліміздің дамуына жаңа серпіліс беріп, халықты жаңа жетістіктерге жетелейді. Біздер, Парламент депу­таттары Елбасы Жолдауын халыққа терең түсіндіру үшін жақында сайлаушылармен кездесіп қайттық. Барлық кездесулерде халықтың Жолдауды бірауыздан қолдап, Елбасыға, еліміздің жарқын бола­ша­ғына деген сенімінің арта түс­кендігінің куәсі болдық.

    Елбасының “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” деп аталатын биылғы Жолдауында “Қазақстан-2030” Стратегиясы шеңберінде еліміздің алдағы 10 жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының 30 маңызды бағыттары көрсетілген. Биылғы Жолдаудың ерекшелігі халық өмірінің барлық саласын қамтитындығында. Соның бірі еліміздегі ең өзекті мәселе – мемлекеттің демографиялық сая­саты­ның қалыптасуы.

    Президентіміздің басшылы­ғы­мен еліміздің экономикасы қар­қын­ды дамуда. Қазіргі кезеңде елі­міз алып құрылыс алаңына ай­нал­ды. Ірі жаңа кластерлік бағыттағы инновациялық кәсіпорындар, жүз­деген шақырым темір және ав­томобиль жолдары салынып, алып үй құрылыстары бой көтеруде. Экономикамыздың жалпы жи­ын­тық көлемі Орталық Азия мемле­кеттерінің экономикасының жалпы жиынтық көлемінен екі есе көп. Әр адамға шаққандағы ішкі жалпы өнімнің көлемі де екі еседен артық. Алайда, еліміздің бай, жеріміздің ұлан-ғайыр үлкендігіне қарамастан, халық санының аздығы, сирек қо­ныстануы, көрші елдерде халықтың тығыз орналасуы және бізге қарай мыңдаған жұмыссыз мигрант­тар­дың ағылып келуі еліміздің демо­графиялық жағдайына кері әсерін тигізуде.

   Егер, жуық уақытта біз көші-қон және демографиялық мәселе­лер­ді реттемесек, болашақта көрші елдерден келген жұмыссыз, еңбек мигранттары елмен араласып, ұлты­мызды жұтып жіберуі мүмкін. Уақытысында демографияға өз дәрежесінде көңіл бөлмеген Еуропа қазір жаппай қартаюда. Франция, Германия мемлекеттері халық құ­рамын өзге ұлттардың есебінен ға­на көбейтіп отыр. Ал, Швецияда босанған әйелмен қатар, оның күйеуіне де үш жылға демалыс береді. Қосымша жалақы төлейді. Бұған да мемлекет халық санын көбейту үшін амалсыз барып отыр.

    Тәуелсіздікке қолымыз жеткен сәттен бастап Елбасымыздың бас­тауымен біз еліміздегі демография мәселесіне мән бере бастадық. Өт­пе­лі кезеңнің аса ауыр қиыншы­лықтарына қарамастан, халықтың әл-ауқатын арттыру, ана мен балаға қамқорлық жасау күн тәртібінен түскен жоқ. Халқымыздың санын көбейту мақсатында бір кезде тағдыр тауқыметімен дүние жүзіне шашырап кеткен отандастары­мыз­ды елге шақырдық, дүние жүзі қа­зақтарының құрылтайын өткіздік. Осы жылдары елімізге жарты мил­лион­ға жуық қандастарымыз оралды.

    Дегенмен, 2000 жылдардың ба­сын­а дейін елімізде некеге тұру, бала туу төмендеп, өлім-жітім кө­бейіп, көші-қон үдерістеріне бай­ланысты халық саны азайа бастады.

    Өтпелі кезеңнің аса ауыр дағдарыс жылдарында қабылданған “Қазақстан-2030” Стратегиялық бағ­дарламасында: “Уақыт өтіп, қазына кірісі өскенде мемлекет үшін де, отбасын қолдауға тиімді демо­графиялық саясат үшін де, қо­лайлы нысанда аналар мен бала­лар­ға мемлекеттік қолдау көрсетуге қаржы табамыз”, деп атап көрсе­тілді. Міне, осындай уақыт та келіп жетті. Президентіміз Н.Ә.Назар­баев еліміздің тәуелсіздігі мен қауіпсіз­дігін нығайту үшін 2015 жылға дейін халық санын 20 млн. адамға жеткізу міндетін қойды. Осы мақ­сатқа жету үшін халықтың әлеу­меттік-тұрмыс жағдайын көтеру арқылы бала тууды көбейту, ана мен баланың денсаулығын нығайту бағытында бірқатар кешенді іс-шаралар атқарылды. 2002 жылы күн­көрісі төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек енгізілді. 2003 жылы баланың тууына байланысты 15 айлық-есептік көрсеткіш мөл­шерінде біржолғы жәрдемақы беріле бастады.

    2006 жылы балалары бар отба­сы­ларды қолдаудың тұтастай жүйесі жасалды. Ана мен баланың денсау­лығына қамқорлық күшейді. Қа­был­данған шаралар халықтың тұ­рақты өсуіне қол жеткізуге мүм­кін­дік берді. Мәселен, 2000 жылы 220 мың бала туса, олардың саны 2005 жылы 278 мың, 2006 жылы – 290 мың болды. 2005 жылы Қазақстан тұрғындарының жалпы өсімі 145 мың немесе 0,95%-ды құрады.

    Жыл ішіндегі ең көп жалпы өсім Астана қаласында – 3,98%, Алматы қаласында – 3,17%, Маңғыстау облысында – 3,5%, Атырау облысында – 1,92%, Оңтүстік Қазақстан облысында  1,82% болды. Алматы, Астана қалалары мен Маңғыстау, Атырау облыстарында жалпы өсім негізі көшіп келушілер есебінен (соның ішінде оралмандар есебінен де) орын алды.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Пав­лодар облыстарында өсім болмай, халық саны азайып кетті. Бұл облыс­тарда көшіп кеткендер саны көшіп келгендерден едәуір жоғары болды және бала туу төмен болды.

    Енді еліміздегі табиғи өсімге келетін болсақ, ең жоғарғы табиғи өсім Маңғыстау – 1,96 %, Оңтүстік Қазақстан мен Атырау облыс­тарында – 1,92%, Қызылорда облы­сында – 1,51%, яғни қазақтар саны көп өңірлерде болып отыр. Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақ­стан, Павло­дар, Қарағанды облыс­та­рында табиғи өсім небәрі 0,05% – 0,5% аралығын құрады. Ал, 2005 жылы Қостанай, Солтүстік Қазақ­стан облыстарында табиғи өсім болмай, керісінше төмендеп кетті.

    Енді өлім-жітімге келетін бол­сақ, ол жалпы республикада және оның барлық өңірлерде өскен. Не­келесу де, ажырасу да 2005 жылы республика бойынша кө­бейген.

     Бұл талдау нені көрсетеді. Рес­пуб­ликаның экономикалық-әлеу­меттік дамуына қарамастан, бізде көші-қон және демография мәсе­лелеріне әлі де жеткілікті көңіл бөлінбей келеді.

Елімізде халық санын арттыру үшін табиғи өсімнің бірден-бір қайнар көзі – бала тууды көбейту керек. Бізде жыл сайын 530-540 мың немесе бүгінгіден екі есе көп сәби дүниеге келіп отыруы тиіс.

     Ұлттың табиғи өсімін көбейту үшін әр отбасында кемінде 3 немесе 4 бала болуы тиіс. Алғашқы 2 бала әке-шешесінің орнына, 3-ші бала табиғи шығындарды толтырса, 4-ші бала ғана өсім береді. Елімізде халық санын тез арада өсіру үшін әр отбасында 4-5 сәби дүниеге келіп, тәрбиеленуі керек. Ол үшін халқымыздың әлеуметтік жағ­дай­ын, әсіресе, өмірге ұрпақ әкелетін аналар мен балалардың жағдайын жақсарту керек. Олардың денсау­лығы мықты, тамағы мен киімі бүтін болуы тиіс.

     Міне, сондықтан да Прези­денті­міздің Жолдауында айтыл­ғандай, елімізде халықтың әлеу­меттік-тұрмыс жағдайын жақсарту бұрынғысынша басым бағыт болып қалады. Бұл сала бойынша Прези­дент алға қойған тапсырмаларды іске асыру үшін 2008 жылға бюд­жеттен 108 млрд. теңге қосымша қаржы бөлінбекші.

    Елбасы өзінің Жолдауында Үкіметке бірінші кезекте ана мен баланы әлеуметтік қорғауға ай­рықша маңыз беріп, 2008 жылдың 1қаңтарынан бастап баланың тууы­на байланысты біржолғы мем­лекеттік жәрдемақы мөлшерін 2 есеге немесе 34 740 теңгеге көбе­й­туді, баланы бір жасқа толғанға дейін күтуге төленетін ай сайынғы жәрдемақыны тұңғыш балаға 3276 теңгеден – 5790 теңгеге дейін; екінші балаға 3822 теңгеден – 6369 теңгеге дейін; үшінші балаға 4368 теңгеден – 6948 теңгеге дейін; төртінші және одан көп бала туған­да 4914 теңгеден 7527 теңгеге дейін көбейтуді тапсырды.

Сонымен бірге, жұмыс істейтін әйелдердің жүктілігін, босануы мен аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізіп, декреттік демалыста жүрген кезінде олардың зейнетақылық жинақтаулары жүр­гізіле беруі тиіс. Бұл жәрдем­ақы­ларды төлеу әлеуметтік салықты қайта бөлу есебінен құрылған мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылған міндеттерді орындауға мемлекет есебінен 18,7 млрд. теңге бөлінеді.

    Жолдауға сәйкес, барлық жұ­мыс істейтін әйелдерге декреттік дем­алыстың әрбір төрт айына ор­таша жалақы мөлшерінде жүктілік және босану жөніндегі жәрдемақы беріледі.

Осы күнге дейін елімізде жүкті­лік пен босануға байланысты дем­алыс жұмыс берушінің есебінен төленіп келді. Сондықтан жұмыс берушілер, әсіресе жеке меншік иелері қыз-келіншектерді барынша жұмысқа алмай, жұмыс істеп жүр­ген­дерін жұмыстан шығаруға әре­кеттенетін. Бұл еңбек қатынасында бала тууға қабілетті әйелдерді кем­сітушілікке әкеліп соғатын, елімізде бала санын көбейтуге кері әсерін тигізетін. Бұл жағдай көбінесе әйелдер жұмыс істейтін орта және шағын бизнес салаларында кезде­се­ді. Жұмыс берушіні де түсінуге болады. Қарамағындағы 5-6 адам­ның 2-3-еуі босанатын демалысқа кетсе, оған өз есебінен әлеуметтік төлем төлеп отырса, ол кәсіпорын банкротқа ұшырамай ма?

    Сонымен бірге, Жолдауда ана мен баланы әлеуметтік қорғау, бала мен ана өлімін барынша азайту, өмір сүрудің орташа ұзақтық дең­гейін арттыру, білім беру мен денсаулық сақтауды дамыту үшін тиісті инфрақұрылым жасау мәселесіне көп көңіл бөлінген. Осы мақсатқа байланысты алдағы үш жылда елімізде 100 мектеп пен 100 аурухана салу тапсырылды.

     Елбасының Жолдауында айтыл­ған міндеттерді орындау:

  1. Балалары бар отбасылардың әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Әсі­ресе, көп балалы отбасындағы ба­ла­лар үшін алғашқы мүмкіндіктер жақсарады, бұл елімізде бала тууды ынталандырып, оң демографиялық өзгерістерге алып келеді.

2.Қыз-келіншектерді жұмысқа қа­былдауға шек қоймай және жұ­мыс­тан босатуға деген кемсіту­шілікті жойып, түптеп келгенде, бала тууға жағдай жасайды.

  1. Жұмыс істейтін әйелдердің және бір жасқа дейінгі бала күті­мімен айналысатын адамдардың зейнетақы жинақтарын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
  2. Әйелдердің еңбек ету бел­сенділігін арттырып, олардың қоғамдағы рөлін көтереді.

    Үкімет Президент Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру үшін тез арада бала тууды ынталандыру, отбасы институтын нығайту жөнінде кешенді бағдар­лама жасауы керек. Атап айтқанда, жас отбасыларды баспанамен қам­тамасыз ету, ана мен баланың ден­саулығын сақтау, балалы отбасы­ларды әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі дамыту, т.б. іс-шараларды атқаруы тиіс.

     Бүгінгі күні жас, алға қарқынды дамып келе жатқан еліміз үшін белсенді демографиялық саясат ұстану қажет. Кез келген елдің эко­номикалық дамуының ең маңызды құрамдас бөлігі адам факторы. Мысалы, Дүниежүзілік банктің мәліметтеріне сәйкес, өтпелі эко­номикалы мемлекеттерде эконо­ми­калық өрлеудің тек 16%-ы ғана өн­дірістік әлеуетке (құрал-жаб­дықтар, өндірістік инфрақұрылым, т.б), 20%-ы табиғи ресурстарға, ал қалған 64%-ы адам және әлеу­меттік капиталға тәуелді болып отыр. Қалай десек те, адам әрқашан да қоғамдық өмірді жаңарту, алдыңғы қатарлы экономикалық жетістіктер­ге жетуде негізгі рөл атқарады.

    Президент Жолдауында меди­цина қызметінің нәтижелігі мен сапасын арттыру, еліміздегі эко­логиялық-санитарлық жағдайларын жақсартып, халықты сапалы ауыз су­мен қамтамасыз ету арқылы адам­­ның орташа өмір жасының ұзақ­тығын арттыру, ана мен бала өлімін төмендету, туберкулезбен сырқаттану және АҚТҚ/ЖҚТБ дертіне шалдығудың етек алуын тежеуге бағытталған бағдарлама­ларды іске асыру керек екендігі айтылған.

    Шын мәнінде бізде әлі де болса балалар өлім-жітімі көп. 2006 жылы 1000 адамға шаққанда өлім 10,37 болса, 1 жасқа дейінгі 1000 нәрес­теге шаққандағы өлім 15,15 болды. Қазіргі кезде елімізде орта есеппен ерлер 60 жас, ал әйелдер 71 жас жасайды екен. Әрине, бұл аз.

    Адам факторы, адам дамуы – Қазақстан үшін стратегиялық мін­дет екенін басшылыққа алып, біз осы бағытқа баса назар аударуымыз керек. Бүгінде атқарушы орган басшылары көбіне өндірілген өнімдер төңірегінде есеп береді. Ал, облыс көлемінде халық саны өсті ме, өспесе неге өспеді, өскен болса ненің есебінен, көші-қонның ба, әлде табиғи өсімнің есебінен бе? Өлім-жітім азайды ма, некеге тұру мен ажырасудың деңгейі қандай? Бала туу жағдайы қалай? Бала туу жасындағы әйелдердің саны қанша, олардың денсаулық, тұрмыс жағ­дайы қалай деген сұрақтар төңі­регінде есеп алынып отырса. Жас отбасыларды нарық талаптарына сәйкес тұрғын үймен қамтамасыз ету, оларды жұмысқа орналастыру, ана мен балаға медициналық көмек көрсету, балаларының сапалы білім алуы мен тәрбиеленуіне жағдай жасау ең бірінші кезектегі мәселе есебінде қаралуы керек.

    Халық санының өсуіне тікелей ықпал ететін мәселе – баспана мә­селесі. Баспанасыз өмір сүру мүм­кін емес.

    Осы көкейкесті мәселені шешу үшін Елбасының тікелей бастама­сымен 2005-2007 жылдарға арнал­ған тұрғын үй бағдарламасы қабыл­данып, осы бағдарлама аясында 3 жылда 12 млн. шаршы метр үй салу жоспарланса, екі жылда 11 млн. шаршы метр үй берілді. 2007 жылы 7 млн. шаршы метр тұрғын үй беріл­мекші. Сонда үш жылда 12 млн. шаршы метрдің орнына 18 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, бағдарлама 150% орындалмақшы.

    Ал, алдағы үш жылда 2008-2010 жылдары 27 млн. шаршы метр үй са­лынбақшы. Бұл жағдайда 300 мың отбасы немесе 1,5 млн. адам жаңа пәтерге ие болады екен. Сонда 2005-2010 жылдар аралы­ғын­да 500 мың отбасы, немесе 2,5 млн. қазақстан­дық жаңа үйлерде тұра­тын болады. Бұл – республика  хал­қы­ның  16,4%-ы немесе алтыдан бірі 6 жыл ішінде жаңа пәтерге ие болады деген сөз. Бұн­дай құрылыс Қазақстан тарихын­да бұрын-соңды болған емес.

    Ендігі мақсат – тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз етіп, оның бағасын төмендету. Ол үшін Президент Жолдауындағы аса маңызды 30 серпінді бағыттың 20-шы бағытында атап көрсетілгендей:

– құрылыс индустриясын да­мыту;

– құрылыстың сапасын арт­ты­ру;

– қол жетерлік жалға берілетін тұрғын үй кешендерін салу;

– жер учаскелерін бөлу рәсім­дерін оңайлату, ашықтығын қам­тамасыз ету;

– жеке тұрғын үй құрылы­сының дамуын ынталандыру;

– халықтың тұрғын үй алуына неғұрлым қолайлы жағдайлар туғызатын жылжымайтын мүліктің нақты бәсекеге қабілетті әрі ашық рыногын құру мәселелерін шешу.

    Республикамыздың алып құры­лыс алаңына айналуына байла­ныс­ты құрылыс индустриясы қарқын­ды дамуы тиіс. Елімізде құрылыс индустриясы кәсіпорындарының көптеп салынуына қарамастан, құрылыс материалдары әлі де қым­бат, шетелдерден әкелінеді. Сон­дықтан да тұрғын үйдің бағасы өршіп тұр. Құрылыс материал­дарын шығару кәсіпорындарын аудан орталықтарында, шағын қа­лаларда барынша дамыта беру қажет. Ол, біріншіден, жаңа жұмыс орындары, екіншіден жергілікті бюд­жетке кіріс, ең бастысы – құры­лыс материалдарын барынша арзандату жолы.

    Алдағы үш жылда елімізде са­лы­натын 27 млн. шаршы метр тұрғын үйдің 17 млн. шаршы метрі жекешенің есебінен тұрғызылады, ал мемлекеттің міндеті тұрғын үй салынатын жерді дайындау, электр желісін тарту, жол, су, т.б. инже­нерлік коммуникацияларды шешу. Өте дұрыс-ақ. Егер жеке меншік үй салуға жер учаскесі берілсе, оның жолы, суы, электр желілерін ше­шу­ге мемлекет көмектессе, құрылыс материалдары өзімізде арзан ба­ғамен шығарылып жатса, үй салуға құштар азаматтар ауылдарда да, қалаларда да өте көп. Ендігі мақсат атқарушы орган басш­ылары Елба­сының Жолдауынан туындайтын міндеттерді сөзбұй­далыққа салмай, ашық түрде тез арада заңға сәйкес орындаса, елі­міздегі ең үлкен проблемалардың бірі – баспана мәселесі тез шешіле бастайды.

    Ауылдарда, қалаларда үй салуға берілетін жер учаскелерін бөлуде қатаң тәртіп болуы керек. Көптеген жерлерде жер учаскесін заңсыз алып, қымбат бағаға сату фактілері кездеседі. Осыған қатаң тыйым салынуы шарт.

Президент тапсырмасына сәй­кес жоғары білімді жас мұғалімдер мен дәрігерлерді ауылда тұрақ­тандыру үшін оларға аудандық, ауылдық ауруханалар, мектептер жанынан 3-4 бөлмелі тұрғын үйлер салу мәселесін де қолға алу керек.

    Жолдауда айтылған қолжетімді бағамен жалға тұрғын үй салу, әсіресе, жас отбасылардың арзан бағамен пәтер алу мүмкіншілігін ше­шеді. Олар еңбек етіп, келе­шекте қаржы жинап пәтер сатып немесе үй салып алғанға дейін толық баспаналы болады. Еуропа елдерін­де көп отбасылар өмір-бақи жалға алынған пәтерлерде тұрып жатқа­нын ескерсек, бұл – үлкен пер­с­пек­тивалық бағыт. Енді Үкімет жалға тұрғын үй салу мәселелеріне тиісті же­ңілдіктер қарастырып, ол үй­лер­дің, пәтерлердің арзан, әрі тиім­ді болу жолдарын шешкені жөн.

    Еліміз үшін демография – ең өзекті, еліміздің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін мәселе. Сондықтан, еліміздегі көші-қон және демографиямен тиянақты айналысып, тікелей Президентке бағынатын Көші-қон және демо­гра­фия жөніндегі агент­тікті қайта құру керек деп есеп­тей­мін.

    Елбасының осы жылғы Жол­дауы, бірінші кезекте, елдегі ба­рын­ша маңызды мәселелерді ше­шу­ге арналған. Негізінен бұл мәсе­ле­лер халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Бір сөзбен айтқанда, еліміздің өркендеуінің алдағы 10 жылдық бағыты, бағдары айқын­дал­ды. Бұл – Елбасы көр­сеткен ішкі және сыртқы саясат­тағы негізгі 30 бағыт. Ел болашағы үшін ауадай қа­жетті Елбасының осындай бастама­ларын іске асы­ру­да барлығымыз күш жұмсауымыз қажет.

    Ал Парламент депутаттары Елбасының Жолдауындағы мін­дет­терді халық арасында кеңінен түсіндіруге барынша атсалыса отырып, Жолдаудан туындайтын мақсаттарды заңнамалық тұр­ғыдан қамтамасыз етуге жұмыс істейтіні бәрімізге мәлім.

 

 

 

 

 

 

  • Н.Ә Назарбаевтың Жолдауларындағы демографиялық басымдылықтары

Жастар — жасына қарай сипаттамалары жиынтығының, әлеуметтiк жағдайлар ерекшелiктерiнің негiзiнде бөлiнетiн және қоғамдық құрылыспен, мәдениетпен, әлеуметтендiру заңдылықтарымен, осы қоғамды тәрбиелеумен айқындалатын, сол немесе басқа да әлеуметтiк-психологиялық қасиеттермен ескерiлген әлеуметтiк-демографиялық топ; қазiргi заманғы жастардың жасына қарай 14-тен 25 жасқа дейiнгiлердi қоса алғанда Қазақстанда 14-29 жастағы жастар үлесi 2004 жылғы 1 қаңтарда халықтың құрылымында 29,5% құрады, бұл 4405138 адамды құрайды, оның iшiнде экономикалық жағынан белсендi халық 2406775 адам болып табылады.

Республикада жастар өсiмiнiң демографиялық үрдiсi сақталуда: халықтың табиғи өсiмi — 6,3%. Жастар — бұл қашанда үлкен ерекше жасына қарай кiшi топ ретiнде білінетiн объективтiк қоғамдық құбылыс. Жастар — қоғамның бiр бөлiгi. Бұл ретте, жастар саясаты жас ұрпақты қоғамдық өмiрге әлеуметтік ықпалдастырудың бiрден-бiр мүмкiн болатын тетiгi болып табылады.

Қазақстан Республикасында жастар саясатын iске асыру Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 13 ақпандағы N 155 қаулысымен бекiтiлген 2003-2004 жылдарға арналған жастар саясаты бағдарламасымен айқындалған негiзгi бағыттарға сәйкес жүзеге асырылды.

2003-2004 жылдары құрылған жастардың коммерциялық емес ұйымдар базасында жастардың әлеуметтiк қызмет желiлерi жастардың әлеуметтiк жағынан өз-өздерiн реттеп отыруына жәрдемдесудi өздерінің алдына негiзгi мiндет етiп қойып отыр. Осы жүйеде қолданылып жүрген «бiр-бiрiне тең санау», «жастардың КЕҰ — жастар» сияқты әр түрлi түзеу технологиялары да осы проблемаларды шешуге жәрдемдесуге тиiс. Осыған байланысты осы Бағдарламаның негiзгi мiндеттерінің бiрi қазiргi бар жобаларды қолдау және пысықталған бағыттар бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстар ұсыну практикасын кеңейту ғана емес, әлеуметтiк өзiн-өзi реттеудi қамтамасыз етуге бағытталған құрылымдарды құрудың жаңа жолдары мен нысандарын iздестiру және жас адамдар санасындағы мінез-құлық, әлеуметтiк-саяси және өзге де нормаларды қайта егу болып табылады.

Бұл кезең осы саланың неғұрлым өзектi проблемаларын шешудегi жүйелi көзқарасты қалыптастырумен және жастар саясатының әлеуметтік жағынан бағдарланған сектораралық моделiн жүзеге асырумен сипатталады.

Сонымен бiрге, жастар саясатын iске асырудың қазiргi кезеңiнде жастардың одан әрi даму қарқынын және елiмiздiң әр түрлі өңiрлерiндегi жастар саясатын тиiмдi жүргiзудi тежейтін бiрқатар проблемаларды бөліп алу қажет, олар:

жастардың қазiргi заманғы талаптарына сәйкес келмейтiн қолданыстағы нормативтік құқықтық базаның жетілдiрiлмеуi;

өңiрлік жастар саясатын iске асыру үшiн тиiстi қаржылық, ұйымдастырушылық және ақпараттық ресурстардың жеткілiксiздігі;

жастардың әлеуметтік проблемаларының шешiлмеуi, мұнда жастарға қатысты жүргізілетін мемлекеттiк саясат еңбек ету, денсаулық, бiлiм беру және тәрбие сияқты өмiрдің аса маңызды салаларына өзiнің назарын шоғырландыруы тиiс. Бұл ретте, жас ұрпақтың құндылықтарын, олардың құштарлықтарын, өз-өздерiн көрсетудiң әр түрлі нысандарын, бастамаларын, әлеуметтiк белсенділігiн, өмiр сүру салтын назарға алу қажет;

бүгiнгi күнi жастар iске қосылмаған еңбек ресурстары, осыдан туындайтын барлық салдарларымен бiрге талап етілмеген әлеует болып отыр. Дәл осы, кеңiнен жайылған масылдықта жастар белсенділігінің басты тежеуiшi жасырын жатыр. Демек, жастардың әлеуметтік белсендiлiктерi мен өз болашағы және өз елiнiң болашағы үшiн жауапкершіліктерiн арттыру үшiн мүмкiндiктерін түбегейлi кеңейтуге арналған жағдайлар жасау қажет.

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Жастар саясаты департаментi 2004 жылы жүргiзген әлеуметтік сауалнама нәтижелерi бойынша жастар санасындағы оларды толғандыратын неғұрлым өзектi проблемалар: сыбайлас жемқорлық, билiк органдарындағы қызмет бабын терiс пайдаланушылық (44,3%), есiрткінің таралуы (31,6%), жастар арасында қылмыстың өсуi (29,8%) болып табылады.

Бұдан басқа, жастардың едәуiр бөлiгi үшін өмiрлiк маңыздысы сауал салынғандардың 45,6%-ында тұрғын үймен қамтамасыз етуге байланысты проблемалар болып табылады. Осы проблеманы жою үшiн жастар жеке меншiк тұрғын үй сатып алуға жеткілiктi табыс табу мүмкiндiктерiн берудi ұсынады, бұл ретте сауал салынғандардың 31,5%-ы жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар қабылдануы қажет екенiн атап өтедi. 15,9%-ы үшін тұрғын үймен қамтамасыз ету әдiстерінің бiрi ипотекалық кредит беру жүйесiн дамыту болып табылады.

Әдеттегi нормалар, мораль мен адамгершілік туралы ұғымдар елеулi өзгерiске ұшырап отырған қоғамның түрленуi кезінде құралдық құндылықтар немесе өмiр сүруде табысқа жету әдiстерi деп аталып жүргендер туралы қоғамның түсiнiктерiн бiлу маңызды. Жастардың 48,3%-ының пiкiрi бойынша жақсы білімнің болуы өмiрде табысқа жетудiң қажетті алғы шарты болып табылады. Пайдалы байланыстар мен тамыр-таныстық өмiрде алға басуға ең жақсы түрде жәрдемдеседi — бұл табысқа жету әдiстерi рейтингiндегі екінші позиция (33,5 %). Табысқа жету үшін үшінші бiр басым құрал деп респонденттердің 32,7%-ы ақшаның болуын атайды. 29,0%-ы қажырлы еңбек етудi атап өтедi, 17,0%-ы үшiн күшті ерiк жiгер, 10,5%-ы үшiн «жағдайлардың сәтті барысы» негiзгi құрал болып табылады. Қазiргi Қазақстан қоғамы құрылымының түрленуiндегі қиыншылықтар қандай да бiр дәрежеде республика жастарының 5,1%-ында заң және адамгершiлiк туралы ұғымдардың өзгеруiне ықпал етiп отыр, олар өмiрде табысқа жетудегі мiндеттi жағдай деп қылмыс әлемiндегi байланыстардың болуын есептейдi. Сонымен бiрге, жастардың үштен бiр бөлiгiнен астамы жақсы бiлiм мен мамандықтар ала алады, кейбiреулерi өздерiнiң саяси көзқарастары мен талаптарын еркiн және жария түрде бiлдiредi, кейбiреулерi білікті медициналық көмектер алады, кейбiреулерi өздерінiң шығармашылық қабiлеттерін iске асыра алады, кейбiрi өз қаласы мен кентінің өмiріне қатысты шешiмдер қабылдауға ықпал ете алады. Жартысынан астамы (61,7%) өз халқының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін еркiн сақтай алады.

Жастардың дамуындағы неғұрлым өзектi мәселе жастар арасындағы әлеуметтік-экономикалық шиеленiстi көңіл күйдi көрсететiн жұмыспен қамту мен еңбекке орналастыру проблемасы болып табылады. Ресми статистикалық деректер бойынша республикада 2004 жылғы жағдай бойынша 15-тен 29 жасқа дейінгi жұмыссыздар 300 мыңға жуық, яғни жалпы санның 12,2%-ы.

Еңбек рыногын кеңейтудің, жастарға арналған жаңа және қосымша жұмыс орындарын құрудың нақты жолдарының бiрi кәсiпкерлiк бастамаларды дамыту болып табылады. Жастар арасында, сауал салынғандардың 50, %-ы жастар кәсіпкерлiгiн дамытудағы елеулi проблемаларды көрсетедi, 25%-ы проблеманың болу мүмкiндiгiн ғана атап өтедi.

Көптеген жас адамдар (35%), егер мемлекет тарапынан жастардың кәсіпкерлігі үшін көтермелеу мен ынталандыру енгізілетiн жағдайда жеке меншiк бизнестерін ұйымдастырғылары келедi. Бұл ретте, барлық сауал салынғандардың iшiнен 35,5%-ы қазiргi жағдайларда жеке бизнестерiн ұйымдастыруға дайын екендiктерiн көрсетті және 9%-ы ғана «жоқ» деп жауап бердi.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректерi бойынша 2004 жылдың төртiншi тоқсанында ғана 63370 жас адамдар жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшiн өтiнiш жасады, олардың iшiнде тек 37273 адам ғана жұмысқа орналасты. Қазiргi кезде жастардың экономикалық дамуын және оларды еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау жөнiнде мақсатты жұмыстар жүргiзілiп келедi. Тұтастай алғанда осы бағыттағы жұмыс кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту, еңбекпен қамтуға жәрдемдесу, жастар ұсынған бизнес-жобаларды сараптау және бағалау жөнiндегi кешендi қызмет көрсетулердi қамтамасыз ететін жастардың әлеуметтiк қызметтерiн ұйымдастыруға шоғырландырылады.

Республикада жер-жерде жұмыспен қамту қызметтерінің жанынан кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыс орындары туралы деректер базасы үнемi жаңартылып отырады, еңбек рыногында сұранысқа ие болатын мамандықтар мен кәсiптер бойынша жас кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктiлігін арттыру жұмыстары жүзеге асырылуда.

Статистикалық деректер бойынша жас азаматтар үшін білімділік пен кәсіптiк бiлiм алуға қол жеткiзу деңгейi мынадай сандармен сипатталады: 2003-2004 оқу жылының басында негiзгi мектепті бiтiргендiгi туралы куәлiк алған, жалпы орта бiлiм беретін мектептердi бiтiрушілердiң саны — 299248 адам, орта бiлiмi туралы аттестатты алғандар саны — 244686 адам; колледждi бiтiрушілердің саны — 60406 адам, жоғары оқу орындарын бiтiрушілердiң саны — 102681 адам болды. Тұтастай алғанда, «Инноченти»/ЮНИСЕФ әлеуметтiк мониторингi деректерi бойынша Қазақстан Республикасында жалпы орта бiлiммен қамту коэффициентi 31,2%-ға жетедi; кәсіптiк-техникалық (орта арнаулы) біліммен қамту — 15-18 жастағы халықтың 23,3%-ы; жоғары бiлiммен қамту — 19-24 жастағы халықтың 33,4%-ы.

Әлеуметтік сауалнама деректерi бойынша, кәсіптік бiлiм алуға қол жеткiзе алмаудың негiзгi себебi 26,4% болған жағдайда таңдап алынған мамандық бойынша ақылы білiм алу үшiн қаражаттың жоқтығы болып табылады. Бұдан басқа, жастардың 11,0%-ы үшін кәсіптік білім алуға қол жеткiзе алмаудың себебi жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған конкурстың жоғары болуы.

Жастар өз кәсіптерін таңдаған кезде ең алдымен оның болжамдалатын перспективасын басшылыққа алады. Қол жеткiзу себептерiнің ішіндегi негiзгi өлшемi жақсы табыс табу — 41,0%, одан iс жүзінде екi есе азы сүйiктi iсiмен айналысу — 26,1%, тыныш және қамтамасыз етілген өмiр сүру — 26,0%, өзін-өзi үнемі жетілдiріп отыру мүмкiндiгi — 18,0%, өз еңбегiнің нәтижесiн көру -17,3 %, қоғамда жоғары орынға қол жеткізу — 17,1%, адамдарға пайда келтiру — 16,3% және 15,9%-ы ғана қызметте өсу мүмкiндiгін атайды.

     Бағдарламаның мақсаты әлеуметтік бағдарланған жастар саясатын жүргізу, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайларын және жастардың рухани, мәдени бiлiмi, кәсiби қалыптасуы мен дене дамуы үшін кепілдiктерін қамтамасыз етуге бағытталған кешендi шараларды әзiрлеу және қабылдау, бүкіл қоғам мүддесiне оның шығармашылық әлеуетiн ашу, жастарды әлеуметтендiру мен республиканың жастар ұйымдарының жұмыс iстеуi үшін қажеттi жағдайлар жасау болып табылады.

Жастарды әлеуметтендiрудің өзектi проблемалары тұрғысында қойылған мақсаттардың орындалуы жас адамның жеке басының қалыптасуы үшін әлеуметтiк-экономикалық, саяси-құқықтық, рухани-мәдени алғы шарттар, жағдайлар мен кепілдіктер жасауды, жас ұрпақты қоғамдық қатынастар жүйесіне кеңiнен қамтуды, олардың шығармашылық әлеуетiн жеке басының және тұтас алғанда қоғам дамуының мүддесіне, өз Отаны — Қазақстан Республикасының гүлденуi, қауіпсiздiгi мен әл-ауқатының жақсаруы үшiн iске асыруды көздейдi.

Қойылған мақсатқа сәйкес мынадай мiндеттердi шешу:

жастардың өзін-өзi кешендi әлеуметтік реттеу тетігінің жұмыс моделiн қалыптастыру;

жастарды экономикалық дамыту мен еңбек ету және жұмыспен қамту саласында жағдайлар жасау;

жастар арасында азаматтықты және қазақстандық патриотизмдi дамыту;

жастар арасында салауатты өмiр салтын және олардың денсаулығын нығайту мен сақтаудың тиiсті дағдыларын қалыптастыру;

жастар саясатын өңiрлiк деңгейде iске асыруды қамтамасыз ету;

халықаралық жастар ынтымақтастығын дамыту;

жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету;

жас таланттарды дамыту мен қолдау;

жастар саясатын iске асыру кезiнде мемлекеттік деңгейде шешiмдер қабылдауда жастардың коммерциялық емес ұйымдарының азаматтық қатысу үлесін ұлғайту;

нормативтік құқықтық базаны жетілдiру көзделедi.

Сонымен бiрге, жастардың қазiргi заманғы дамуы, сондай-ақ жастар саясатын iске асыру осы проблемаларды шешуде жастардың бұқаралық ақпарат құралдарының қызметiн күшейту және жандандыру арқылы ақпараттық қамтамасыз етудің сандық және сапалық көрсеткiштерiн ұлғайтуды талап етедi.

    1.2 Жастардың әлеуметтену процессі

    Әлеуметтендіру дегеніміз – индивидке қоғамның тең құқықты мүшесі ретінде өмір сүруіне мүмкіндік беретін, қағидалар мен құндылықтар жүйесін меңгеруге көмектесетін бүкіл әлеуметтік және психологиялық үрдістер жиынтығы. Оған саналы, қадағаланатын, мақсатты әсер ету (кең мағынада алдын ала тәрбиелеу) ғана жатпайды, сонымен бірге жеке тұлғаның қалыптасуына тылсым, кездейсоқ үрдістер де жатады.

     Ата – ананың отбасы — әлеуметтендірудің маңызды институты. Алайда қазіргі отбасы бұрынғы кезеңде алған басым рөлінен айырылғаны анық. Бұған жалпы тәрбиенің мәні де, отбасының өзінің өзгеруі де әсер еткен: тұрақтылықтың өзгеруі, баланың аздығы, әкенің дәстүрлі рөлінің әлсіреуі, әйелдердің еңбекпен шұғылдануы және т.б. Отбасыішілік қарым –қптынас стиліде өзгереді. Авторитарлық тәрбиенің күйреуі ата – ана мен баланың өзара қарым –қатынасын жұмсартып, жақындатып, екі жаққа да жекеше әрі эмоцианалдық тұрғыдан маңыздырақ ете түсті. Қазіргі күні ата – ананың билігі емес, моральдық беделі жөніндегі мәселе маңыздырақ.  Күшке сүйенетін билікке қарағанда та –ананың моральдық беделін ұстап тұру қиынырақ. Қарым – қатынасты жекешелендіру және оның мәнін арттырады, сонымен бірге бұл қатнастарды әсіресе ата – ананың қарым –қатынас ауқымы мен таңдауы кеңейген жасөспірімдік кезекте нәзіктендіре түседі.

      Әйел мен еркектің әлеуметтік рольдері алға түпкілікті қадамдар жасалды. Әйелдің еркіндік алуы және оның өндірістік қызметке араласуы оның қоғамдағы жәнеотбасындағы рөлін көтереді, сонымен бірге ана мен әке рольдерінің дәстүрлі бөлінісін жойды. Қазір отбасында рольдердің бөлінуі жұбайлардың жынысына емес, олардың жеке ерекшеліктеріне байланысты. Жалпы алғанда, бұл алға аяқ басу – биархатты отбасы тұрақтырақ және ондағы психологиялық климат жақсы. Алайда бұл да келіспеушілік туғызады. Әсіресе қазіргі күні әкенің күрделі де проблемасы болып отыр.

   Жастарды алпы халық арасынан бөліп алатын негізгі елгісі олардың жасы. Осындағы «жас» котегориясы адам мәнінің екі белгісін – биологиялық және әлеуметтік жақтарын қамтиды. Оның біріншісі жеке адамның дамуының таиғи заңдылықтарынан тұрса, екіншісі қоғамдық феноменнің, жеке тұлғаның қалыптасу ерекшеліктерінен тұрады.

     Жас кезеңдерінің ауысуы – бұл бір мезгілде болатын өзгеріс, яғни адам өмірінің биологиялық аспектілерінің дамуы, әрі оның социумға, қоғамдық өмірге қосылуды шегендеу, яғни жасына байланысты субъектінің табиғи, түр және жеке мүмкіндіктері мен әлеуметтік жағдайы ұштасады да, олар осы табиғи мүмкіндіктердің ағыты мен деңгейін анықтайды.

    Жас – адам дамуының бағытына әсер ететін өзара әрекеттестікті, дамудың жеке мүмкіндіктері мен қоғамдық жағдайдың бір –біріне тәуелділігін бақылап отыратын индикатор.  Осыдан –ақ әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыстардың өз кулиентерінің жасына, өз жұмыс объектілерінің, соның ішінде жастардың жас «шекарасына» үлкен мән беруі тегін еместігін көреміз. Жастардың жасқа байланысты сипаттамасына сондай –ақ ішкі жас белгілерінің салалануы жатады. Егер жас «шегі» жастар түсінігінің жастарды қоғамдық даму үстіндегі құбылыс ретінде қарастырса, жас аралығы осы мәннің сапалық жағдайын көрсетеді. Әрбір жас аралығынан өту сәттерін бір жастан екінші жасқа өту «секірісі» деп атайды.

    Жалпы алғанда жастардың ішкі мәнге ие болуы үш негізгі кезеңнен тұрады. Бірінше кезеңде жастар қоғамдық әртүрлі әсер ету объектісі ретінде көрінеді. Екінші кезеңнің бастапқы кезі жастардың өндіріс күшінің элементті және қоғамдық қарым –қатнастарды сақтаушы ретінде қалыптасу кезеңіне сәйкес кекледі, яғн.и жастар қоғамдық ықпал жасаудың объектісі бола отырып, әлеуметтік әрекеттердің субъектісі бола бастайды.  Дамудың үшінші кезеңі жастардың өздерін толықтай өндіріс күші ретінде көрсетіп, барлық қоғамдық қарым –қатынастарды толықтай сақтаушы рөлінде болып, өзне жас емес ересек ретінде көрсетумен аяқталады.

    Жалпыға бірдей, кең таралған жастарды іштей жас салаларына бөлу «жасөспірім», «есейген», «бозбала – бойжеткен», «жастық шақ» сияқты түсініктерден тұрады. Жас адамның жасын жас салаларна бөлудің бірнеше нұсқалары бар.

   Қазақстан жастарының жас құрылымы республика халқына жүргізілген санақ (1999ж) санақ бойынша былайша сипатталады: кіші жас тобының саны (15 – 19 жас) 1374,3 мың адамды, немесе жалпы қазақстандық жастар санының 36,4 % құраса, орташа жас тобы (20 – 24 жас) – 1251,0 мың адам (33,6%); ересек (25 – 29 жас) – 1162,4 мың адамды (30,0% ) құрайды.

    Әлеуметтік қызметкер республикадағы соңғы бес жылдағы жастар құрылымының ішкі жас өзгешеліктерінің динамикасын білуге мүдделі болуы керек.

Республика жастарының жас құрылымы

 

Жас топтары

1995ж

1996ж

1997ж

1998ж

1999ж

15 – 19 жас

1450,0

1431,4

1418,0

1418,7

1374,3

20 – 24 жас

1305,8

1288,2

1307,6

1293,6

1251,0

25 – 29 жас

1178,5

1153,9

1150,4

1152,7

1162,4

 

 

Өмірлік кезеңдердегі циклдерге бөлу ( Э. Коуэн бойынша)

 

Өмірілік кезең

Негізгі жүйе

Даму мақсаттары

Даму қорлары

Даму дағдарыстары

Жасөспірім шақ (13 -17 жас)

Отбасы, құрдастары, мектеп

Дене жетілуі, абстрактылы ойлау операциялары, өз құрдастарының тобына жатуы, бастапқы жыныстық жақындық

Физиологиялық ақпарат, проблемаларды когнитивті шешу және қарым –қатынас жасау дағдыларын игеру, жыныстар рөлін және олардың мәдени бастауларын түсіну, тәуелсіз моральдық көзқараста болу мүмкіндігі

Әлеуметтік тәуелділік немесе әлеуметтік қорғау

Бозбалалық шақ (18 – 22 жас)

Құрдастары, мектеп немесе жұмыс орны, отбасы, қоршаған орта

Тәуелсіз өмір сүру, мәнсапқа барар жол туралы шешім қабылдау, моральды интериоризациялау, тиянақты жыныстық қатынастар, қарым–қатынас табиғатын қабылдау

Қаржылық тәуелсіздік туралы білім мен іскерлік, өз бетімен білім алу, шешідер қабылдау, қарым –қатынастың тұрақтануы, таңдауға, жауапкершілікке плюрализмді түсіну

Жеке басты анық немесе сенімсіз түрде сәйкестендіру

Ересек жас (23 – 30 жас)

Жаңа отбасы, жұмыс орны, достары, қоршаған қоғам

Жңа отбасындағы өмір, ата – аналық рөл бастамасы, мәнсапты өсіру, өзіндік өмір стилін қалыптастыру, міндеттерді қабылдау

Отбасылық қаржжына жоспарлай білу дағдылары, тұлғалар арасындағы келіссөздерді жүргізу мен жанжалдарды шеше білу, ата – аналық рөл, рөлдік шектеулер

Әлеуметтік болмысқа қабілеттілік немесе оны жатсыну

 

    Осы кестені әлеуметтік қызметкер айқындамасы жағынан талай келе соңғы үш жылдағы ересек жас тобының өсуінің тұрақтылығына назар аудармаса болмайды: бұл жас жастардың экономикалық дербестігін алып, отбасын құрып, дүниеге нәресте әкеліп, осылардың негізінде туындайтын жұмысқа орналасу, тұрғын – үй табу, отбасы ішіндегі қарым –қатынастар мен басқа да мәселелерді шешумен айналысатын кезең, яғни соционом үшін кәсәптік деңгейде аса қызықтыратын жас. Жастардың жас сипаттамаларына талдау жасауды аяқтай отырып мынадый қорытынды жасауға болады: жастардың жас аралықтарының салаларын абсалюттеудің қажеті жоқ, дегенмен олардың әлеуметтік қызметкердің, әлеуметтік педагогтың белгілі – бір жастар тобымен жұмыс жүргізгенде бағдарлауына көмектесетінін естен шығармаған абзал. Әлеуметтік педагог пен әлеуметтік қызметкердің жұмысына маңызды жас ерекшелігінен кейінгі жастарға тән келесі белгі  — жастардың ұрпақ ретіндегі сипаты.

     Жастардың белгісін қарау себебі, жастар қоғамдық ұрпақ ретінде — өзінің бастапқы даму кезеңінде белгілі бір өндіріс күші мен соған қатысты қоғамдық қарым –қатынастар құрылымын құрап, олардың ықпал етуіне әсерн ету объектісі ретінде қабылдайды да, одан кейін әлеуметтену негізінде қоғамдық әсер етулердің объектісі бола отырып, әлеуметтік процестің субъектісі болатын халықтың ерекше бөлігі болып табылады.

     Ұрпақтар ауысуының нәтижесінде әлеуметтік құрылымның қарапайым жаңғару процесі ғана емес, барлық қоғамдық қарым –қатынастардың жаңаруы болып табылады. Бірақ, бұл процесс тұрақты, динамикалық тұрғыда  дамыған және дағдарысқа ұшыраған қоғамдарда әртүрлі өтеді. Егер тұрақты және динамикалық қоғамда бұл жаңашылдық процесі барынша қалыпты өтсе, дағдарысқа ұшыраған қоғамда жаңа тәжірбиенің жиналуы үнемі дағдарыс жағдайында , ескірген, уақыты өткенді бірден теріске шығарумен өтеді. Сондықтан, әлеуметтік тұрақсыздық жағдайында жас ұрпақтың жаңғыру міндеті барынша өзекті болып шығады. Осы міндеттің қаншалықты үйлесімді жүзеге асуы бүгінгі жас ұрпақтың өзіне және жалпы ертеңгі қоғамның дамуына байланысты.

     Жастар бірнеше ұрпақ қалдырған, қоғамның ұрпақ генезисінің соңғы жалғасы болғандықтан, өзінің алдында тұрған ұрпақпен, яғни «әкелер» мен «аталар» ұрпағымен объективті байланыста болады.

     Сондықтан, жастардың осындай ұрпақтар «жалғастығы» сипаты әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтік педагогтар алдына бірнеше мәселелер қояды. Ең алдымен, ол жас ұрпақтың рухани – адамгершілік мұрасына деген көзқарасы туралы сипаттама.

      *Қоғамның әлеуметтік – демографиялық тобы ретіндегі жастардың қасиетін сипаттаудағы ас маңызды ерекшелік «әлеуметтену» ұғымымен байланысты. Балалық шақтан ересектік шаққа өту кезеңін басынан кешіретін жас ұрпақ әлеуметтену, яғни « адам қоғамдағы өміріне қажетті қасиеттерді жинақтайтын процестен» өтеді. «Әлеуметтену жеке тлғаға дайын әлеуметтік «қалыпты» кіргізе салу емес. Жеке тұлға әлеуметтенудің «объектісі» бола отырып, қоғамдық белсенділіктің субъектісі, жаңа қоғамдық нысандарды жасаушы болып табылады.

     Әлеуметтену процесі әлеуметтік детерминацияның барлық факторларын: белгілі бір мақсат, бағдарлама негізінде жүзеге асатын әлеуметтік бақылау процестерін де (тәрбиелеу, білім алу), алдын – ала болжанбаған, жеке тұлғаға жол – жөнекей әсер ету процесін де қамтиды.

     Жастарды әлеуметтендіру механизмі әлеуметтік институттар ( отбасы,тәрбиелеу мен білім берудің әртүрлі ұйымдары, т.б.) әрекеттерімен, сондай –ақ әлеуметтік әсер ету мен бақылаудың арнаулы құралдарымен ( мінез –құлық нормалары, қағидалары, дәстүрлер, әдет –ғұрыптар, санкциялар және т.б.) тығыз байланысты.

    Жастардың әлеуметтену процесін түсіну үшін әлеуметтенудің деңгейлері, баспалдақтары жөніндегі методологиялық маңызын білу керек. Соған байланысты белгілі психолог К.К Платоновтың екі түсінікті – «жеке тұлға минимумын» және «жеке тұлғаның әлеуметтік кемелденуінің минимумы» ажыратып алуды ұсынуды орынды. «Жеке тұлға минимумы» — баланың өз «Менін» саналы түрде сезініп, «мен емес» дегенге белсенді түрде қарсы тұрумен айқындалады. Ал «Жеке тұлғаның әлеуметтік кемелденуінің минимумы» өзінің адамдар арасындағы орын таба білуімен, өзі жататын қоғамдағы өмірге белсенді және өзбетімен араласып, саналы түрде өзіне керекті әлеуметтік нормаларды қабылдап, өзін — өзі жетілдіруге саналы түрде ұмтылумен анықталады.

     «Әлеуметтік кемелдену минимумы» адамның жасы мен жеке тұлға ретінде толысву қарқынымен ғана емес, оның өмір сүруіне қажетті әлеуметтік жағдайларға да байланысты анықталады. Егер жеке тұлға минимумы «отбасылық тәрбие» сияқты микро ортада қалыптасса, әлеуметтік кемелдену минимумы  макро ортаның әсерінен қалыптасады».

    Әлеуметтік психологияда әлеуметтенудің үш сатысы көрсетілген:

  1. еңбекке дейінгі;
  2. еңбек;
  3. еңбектен кейінгі.

    Еңбекке дейінгі сатысы екі кезеңнен тұрады: мектепке барғанға дейінгі (балалық шақ) және оқу кезеңі (жастық шақ)

     Әлеуметтену процесін жеке тұлғаның бүкіл өмірін қамтитын, уақыты мен өту қарқыны әртүрлі негізгі сатыға бөлу де ұсынылған. Бірініші саты – жеке тұлғаның қоғамның мүшесі ретінде қалыптасуында өмірінің үштен бір бөлігін қамтитын белсенді  қалыптасу кезеңі. Бұл сатыда:

    А) баланың қарапайым немес алғашқы әлеуметтенуі;

    Ә) жасөспірімнің нормативті фрагментарлы, материальды (аралық, тұрақсыз әлеуметтенуі);

    Б) бүтін – концептуальды, жастардың жастық шақтан ересек жасқа өту – 17 – 18 – ден – 23 – 25 жасқа дейінгі кезеңін әлеуметтендіру.

     Жастарды әлеуметтендірудегі маңызды мәселеге әлеуметтік кемелдену өлшемін анықтау болып табылады. Жеке тұлғаның әлеуметтік кемелдену сатысында көрінетін объективтік көрсеткішіне оның еңбек етуі, мамандықты игеруі және белгілі бір экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуі жатады. Адамгершілік жағынан кемелдену – жеке тұлғаның осы қоғамның моральдық идеалары мен ұстанымдарына деген іштей беріктілігімен, оның осы ішкі моральдық мәдениеті өз уақытына сәйкес келуімен сипатталатын әлеуметтену деңгейі. Кейбір өлшемдер интелектуальдық кемелдену (әлеуметтік рөлдерді орындауға жеткілікті жеке тұлғаның ақыл – ой қабілетін дамыту), құқықтық кемелдену (жеке бастың нақты жас параметрлеріне байланысты еңбек және азаматтық тәртіпті – 14 – 16 жасында, саяси құқығын – 18 жаста, қылмыстық жауапкершілікке 14 жастан бастап тартылуды  және т.б. алуы) сияқты әлеуметтік кемелдену құрауыштарынан тұрады.

    Әлеуметтік жетілдіру қарқыны, жеке тұлғаның әлеуметтік кемелдену мерзімі мен деңгейі адамның әлеуметтік – биолгиялық айқындалу факторлары мен әлеуметтенудің нақты – тарихи жағдайына, сондай –ақ жеке тұлғаның жеке даму ерекшеліктеріне және жағдайына байланысты екенін атап кеткен жөн. Жеке адамның рухани әлеміндегі әртүрлі салалар әлеуметтік кемелденуге жетудің әртүрлі қарқыны мен мерзіміне ие болуы мүмкін. Осыған байлланысты бүтіндей жеке адамның қалыптасу процесі биолгиялық және әлеуметтік, эмоцианалдық және интелектуалдық, ақыл – ой және адамшгершіліктердің бірлігі негізінде жеке адамның әртүрлі жақтарының дамуын сәйкессіздікті және тұрақсыздықты жеңу арқылы қарама – қайшы тұрғыда жүзеге асады.

    Зерттеулер көрсетіп отырғандай, интелектуалдық және дене жағынан жетілу қазіргі уақытта адамгершілік пен саяси кемелденуді уақыт жағынан басып озады екен. Жастардың көпшілік санаты студенттер үшін мамандықты игеру – еңбек ету кемелденуі ұзақтау болып келеді. Азаматтық кемелдену мерзімі жас адамға берілген саяси құқығына байланысты рәсіммерзімі жас адамға берілген саяси құқығына байланысты рәсми негізінде сайлану, сайлауға қатысу 18 жастан басталады) кешеуілдейді. Жас адамның әлеуметтену процесінде жеке тұлға ретінде дамуының әртүрлі салаларында туындаған кемшіліктерді жеңуіне көмектесу — әлеуметтену агенттері ретіндегі әлеуметтік педагог пен әлеуметтік қызметкердің маңызды міндеті.

     Жастардың әлеуметтік – демографиялық топ ретіндегі тағы бір қасиеті – оның жіктелуі. Жоғарыда жастардың жіктелуі туралы айтып кеттік. Оның жіктелуінің басқа да негіздері бар. Жастар әлеуметтік топ ретінде шығу тегіне қарай (жұмысшылар, қызметкерлер,  интелегенция және т.б. страттарға), мәртебесіне қарай (оқушы, студент,  жұмысшы, әскери қызметкер), мекен жайына қарай ( қалалық және ауылдық тұрғындар) бөлінеді. Соңғы уақыттары осындай жіктеулер көбейіп кетті: жас болашақ кәсіби мәртебесіне әсер ететін, арнайы білім алуды таңдау мен оған қол жеткізу деңгейіне қарай (бай, кедей), жас адамның жұмысының болуы немесе болмауына қарай (жұмысшы, жұмысссыз). Мұндай жіктелуді шартты түрде мәртебесіне қарай жіктелу деп анықтауға болады.

     Қазақстан Республикасындағы жастарды жіктеу деңгейі мен сипаты туралы мына мәліметтерге назар аударуға болады: 15 – 29 жастағы ер адамдар мен әйелдердің арақатысы 50,2 және 49,8% құраса, қалалық және ауылдық жастар – 55,7 және 44,3% құрап отыр; 15 – тен – 29 жасқа дейінгі алданып жұмыс істейтін  жұмысшылар саны 698793 адамды (жалпы жалданбалы жұмысшылар санының 24,2%) құраса, ресми түрде тіркелген жұмыссыз жастар – 72,679 (жалпы жұмыссыздардың 28,9%). Республика мектептерінде 3247 мың адам оқыса, КТУ – 86,1 мың, ОКОО – 158 мың, ЖОО – 440 мың адам оқиды.

    Жастардың әртүрлі топтарының социумның ерекшеліктеріне байланысты болған мәртебелік жіктеу әлеуметтік қызметкерден осы ерекшеліктер туралы білімін және оны есепке алуды қажет етеді. Осындай жастардың көп бөлігінің өзіне тән ерекшелігіне мәселен студенттер, ал студент жастар жоғарғы білікті кадрларының орнын толтыратын қосымша қор болып табылады. Жастардың осы санатының әрекеттернің ерекшелігіне жеке тұлғаның өзін және басқаларды жетілдіру қабілетін дамытуды, нақты өзара әрекетестікке түсуі, еңбек қатынастарының субъектілірі ретінде бір – бірімен ынтымақтастыққа түсуі жатады. Жастардың осы тобының нарықтық экономика жағдайындағы әлеуметтік өзін -өзі сезінуі көбінесе нарықтағы білікті жұмыс күшіне, халық шаруашылығының құрылымы мен сұраныс деңгейіне, жоғарғы білікті мамандардың болуына байланысты.

    Жастарды мәртебелік жағынан үш топқа жіктеуге болады:

  • Студенттер;

    Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік құрылымда студенттік өмір өзіндік орын алады. Ол іштей интелегенция түсінігіне жақын болғанымен оларға тең келмейтін жағдайда болады. Студенттер болашақ интелегенттер, олардың қоры – міне оларды осындай объективтік  — әлеуметтік және субъективтік – психологиялық қарым – қатынас біріктіреді. Әлеуметтік топ ретіндегі студенттердің ағы бір ерекшелігі олардың жағдайларының амбиваленттілігі (қос жағдайлығы) болып табылады. Бір жағынан студенттердің жағдайлары маргиналды (ол өндірісте және қоғамда белгілі – бір орнын тппаған адамдарды біріктіреді), екінші жағынан – бұл маргиналды шартты, әрі уақытша болып келеді.

  • Жұмысшы жастар;

Өзіндік әлеуметтік ерекшелікке және айырмашылыққа жастардың тағы бір тобы – жұмысшы жастар да ие. Олар үшін бріншіден, барлық жұмысшы тобында көздесетін: өзінің жұмыс күшін сату қажеттілігі, еңбек нарығының жағдайына тәелділік сияқты әлеуметтік қасиеттер тән болса, екінші жағынан – барлық жастарға тән: өндірістік ұғымға жаңадан келуі, өндірістік тәжірбиесінің, корпоративтік байланыстарының болмауы, жұмысқа жұмылдыру қаупінің аса жоғары болуы. Жұмысшы жастардың көп бөлігінің бірдейлігінің дамуы тек отбасымен, бос уақытымен немесе құрдастарымен ғана анықталып қоймайды, ол олардың жұмысы мен мамандығымен да анықталады. Оларға өздерінің құрдастары бастан кешіретін (оқушылар, студенттер) тұрақсыз, белгісіз жағдай таныс емес, өйткені олардың өндіріс процесіне қатысуы және ондағы өздеріне жүктелетін жауапкершілік оларды қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік береді.

3) Мектеп оқушылары;

    Ауқымы жағынан тағы бір маңызды жастар санаты – мектеп оқушылары. Олардың өздеріне тән әлеуметтік ерекшелігіне мыналар жатады: мектепте оқу мерзімінің ұзақтығы, көп жылдар бойы бір ұжымда (сыныпта, мектепте) дамуы, яғни микро ортаның тұрақтылығы; отбасылық «кіндікке» тәуелділігі; мектеп өмірініңі көп бөлігі жеке бастың қалыптасу кезеңіне тән, барлық әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктерімен өтетін, жасөспірімдік шақ пен ерте бозбалалық шаққа сәйкес келуі.

     Жастардың жіктелуінің осы үш қана мәртебелік топтарын құрастырудың өзі жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс объектісі ретіндегі сипатына еліміздегі әртүрлі этностан тұратын жас ұрпақтың этно мәдениеттік сәйкестігі рөл атқарады.

    Қазақстан республикасы сияқты көп ұлтты мемлекет жағдайында жастардың әлеуметтік жұмыс объектісі ретіндегі сипатына еліміздегі әртүрлі этностан тұратын жас ұрпақтың этномәдениеттік  сәйкестігі рөл атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жастардың кешенді әлеуметтік өзін — өзі реттеу тетігінің жұмыс моделін қалыптастыру

 

Қазiргі заман жағдайларында мемлекет пен қоғамның негізгі мақсаты, негiзгi функциялары жеке адам әлеуметтік тәжiрибе алатын, әлеуметтік өзiн-өзi сәйкестендiруде және өзiн-өзi iске асыруда көмек алатын әр түрлi әлеуметтік мәдени орта құру болып табылатын әлеуметтiк бағдарланған iзгілiктi тәрбиеге шоғырлануға тиiс. Бұл жағдайда тәрбие әлеуметтiк орта факторының үнемi ықпал ету жағдайында шығармашылықпен айналысатын жеке адам ретiнде субъектінің өзін-өзі дамыту және өзін-өзі реттеу идеясына негiзделедi.

Алайда, осы қасиеттер өмiрлiк және қарапайым экономикалық және құқықтық жағдаяттар қысымымен жиi-жиi бәсеңдеп отырады. Мұнда «өтпелi» деп аталатын нәрсенi атап өту қажет: бөтен ортаға бейiмделу қиындығы (мысалы ауылдан қалаға немесе керiсiнше көшкен жағдайда); өмiр салтының дағдарысты ауысуы (оқу бiтiргеннен кейiн дербес өмiрге көшу, отбасын құру және/немесе балалы болу қажеттi). Нәтижесiнде, жас адамға тән жас ерекшелiктерi (максимализм, конформизмге ұмтылу және қарапайым толысып жетiлмеу) түрлi мiнез-құлық ауытқулары үшін қолайлы орта туғызуға ықпал етеді.

Мынадай: әлеуметтік педагогтармен, психологтармен, заңгерлермен және т.б. кадрлармен қамтамасыз етілген әлеуметтiк шағын ортадағы медициналық-консультативтік-әлеуметтiк қызметiн ұйымдастыруға ерекше назар аударған жөн. Оған сүйене отырып, жастардың шынайы сұратуларына жақын басқарушылық «сатыны» әзірлеуге мүмкіндiк болады, оның бағыты, iс-қимылы макроәлеуметтiк (этномәдени, экономикалық-аумақтық және т.б.) жағдайлардың ерекшелiктерiмен, анықталған проблемалардың сипатымен және халықтың нақты микроорта қажеттілiктерінен айқындалады.

Жастармен «желілік қағидат» бойынша жалғыз-жарымдап та, әлгіндей іргетассыз да әлеуметтiк жұмыс жүргiзудің тиiмдiлігі аз және үнемсiз болатынын практика көрсетiп отыр. Жүйе құраушы буынның болуы кәсiби қамтамасыз етілген, белгiлi бiр ортада мақсатты жұмыс iстейтiн және емдеуден бұрын әрқашан алдын алу оңайға түсетiн «әлеуметтiк ауруларды», проблемаларды неғұрлым ерте анықтау мүмкiндiктерiне негізделген әлеуметтiк қызмет жүйесiн құруға мүмкiндiк бередi.

Әлеуметтiк жұмыстың кешендi ведомствоаралық жүйесiнің барлық құрылымдық элементтерi адам проблемаларының (психологиялық, медициналық, құқықтық, экономикалық, экологиялық және т.б.) өзара байланысы сияқты органикалық өзара байланыста болуы қажет. Әрбiр қызмет, олардың кадрлары (әлеуметтiк педагогтар және түрлi мамандықтардың әлеуметтік қызметкерлерi) балалармен және жастармен, отбасымен және отбасылық-көршілік ортамен (қауыммен) жұмыс iстеуге бағдарлануы тиiс.

Өз дамуының қазiргi кезеңiнде жастар саясаты оны iске асырудың барлық тетiктерiн ғылыми негiздеудi қажет етедi. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың ерекше әлеуметтiк топ ретiнде жастармен тығыз байланысы болуы қажет. Осындай байланысты қамтамасыз ету жолдарының бiрi жастар саясаты саласында зерттеулердi жүйелi түрде жүргiзіп отыру болып табылады.

Әлеуметтiк-маңызы бар жастар бастамалары мен жобаларына мемлекеттен органдардың қолдау көрсетуiнің жасалып отырған схемасы жоғарыда айтылғандармен тығыз байланысады. Бұл схема өткiзіліп жүрген шаралар мен жобалардың арнайылығы мен нақтылығы есебiнен жинақталған әлеуметтiк шиеленiстердi жоятын тиiмдi және қарапайым тетiк ретінде өзiн танытып отыр. Осыған сәйкес, бұған бағытталған қаржыландырудың сандық факторын тиiсiнше ұлғайта отырып, аталған жұмыстың проблемалық-атаулы өрiсiн кеңейту қажет.

Жоғарыда айтылған проблемаларды шешумен айналысып отырса да, мемлекеттiк органдардың жастар проблемасын шешуде айқын және ғылыми негізделген өзара iс-қимыл жүйесi жоқ. Осыған байланысты әр түрлi ведомстволар өкілдерi үшiн ғылыми-практикалық семинарлар мен конференцияларды, практикалық және теориялық сабақтарды жастар саясатын iске асыру мәселелерi бойынша әдiстемелiк ұсыныстар мен құралдарды кейiннен жарыққа шығара отырып өткiзу қажет.

Тағы бiр маңызды мәселе — жасөспiрiмдер мен жастардың бос уақытын мазмұнды өткiзуiн қамтамасыз ету, осы проблемаға жастардың бос уақытын өткiзу құралына айналатын жастар ұйымдарын тарту.

     Жастарды экономикалық дамыту мен еңбек және жұмыспен қамту саласында жағдайлар жасау: Мемлекеттiң жастар саясатындағы басым бағыты әлеуметтенудiң және жеке адам дамуының ерте кезеңдерiнде жастарға бiлiктілiктер мен еңбек ету дағдыларын егу үшiн жағдайлар жасау болуға тиiс (нақты өндiрiстік еңбекке қосылу, кез келген әлеуметтiк қажеттi қызметтегi кәсiби еңбекке даярлау). Еңбексүйгіштiкке тәрбиелеу негiзiнде қоғамға пайда келтiру сияқты абстрактілiк үндеу ғана емес, өзi туралы, өзiнiң жақындары туралы қамқорлық та алынуға тиiс.

Экономикалық проблемаларды шешудегi басқа бiр басымдық жастар кәсіпкерлігін дамыту болып табылады. Аталған мәселенi шешуге күш-жiгер жұмсау ауыл жастарының проблемаларын шешуге мүмкiндiк бередi, жастар өз проблемаларын iшiнара шешу мүмкiндiгiне ие болады. Сонымен қатар, жастар кәсiпкерлігін дамыту жазғы уақытта еңбекпен қамту мәселесiн шешуге және жас мамандарды студенттік құрылыс және еңбек жасақтары қызметiне тарту арқылы оларды iс жүзiнде даярлауға мүмкiндiк туғызады.

Жастар ұйымдарының негiзiнде жастар арасынан шыққан кәсiпкерлерге консультациялық қызмет көрсету жөнiндегi қызмет құру, сондай-ақ ауылда еңбекпен қамтуды дамыту жөнiндегi жұмысты жалғастыру. Бұл жастар арасында компьютерлiк сауаттылықты қамтамасыз етуге жанама ықпал етедi.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегi Заңына және кәсiпкерлiк қызметтi айқындайтын басқа да заңнамаға сәйкес жастар ұйымдарының экономикалық саладағы қызметiн әлеуметтiк маңызы бар жобаларға конкурстар арқылы дамыту.

Жастардың құрылыс жасақтарының жұмыс iстейтiн штабтарын құру жөніндегi жұмысты жалғастыру қажет.

Сондай-ақ еңбек ету мен жұмыспен қамту саласындағы заңнамалық актілердiң толық баламалы орындалуын қамтамасыз ету, мысалы жас қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау саласында реттеп отыратын кепілдіктердi iске асыру қажет.

Жас мамандарға тек құрал ретiнде қарау олардың әлеуметтік міндеттерінiң iс жүзiнде тарылуына әкелiп соқтырады, оларды қазiргi қоғамның әлеуметтiк дамуының аса маңызды резервi — жастардың осы бөлігінің қоғамдық-саяси, басқарушылық және әлеуметтiк-мәдени белсенділігін арттыруға бағдарламайды.

Осы Бағдарлама әлеуметтiк микроортаны (өндiрiстiк және өндiрiстен тыс) оңтайландыруға бағытталған әлеуметтiк-ақпараттық белсендiлiк нысанындағы жас мамандардың әлеуметтiк мiндеттерiн қарастырады.

Жастарды экономикалық әлеуметтендiру мен еңбек және жұмыспен қамту саласында жағдайлар жасау процесiнде жас мамандарға кешендi көзқараспен қарауды негiзге алу қажет, олардың алдында бiр жағынан, арнаулы өндiрiстік бiлiмдер мен дағдыларды игеру, қазiргi кезде кездесетiн техникалық және ұйымдастырушылық құрылымдарға үйрену міндетi, екіншi жағынан — қарама-қарсы мiндет — осы құрылымдарды жаңғырту, қазiргi ғылыми-техникалық процестердiң ең бiр перспективалы үрдiстеріне кереғар келетін, олардың ескiргендерін терiске шығару мiндетi тұр.

     2.1 Қазақстандағы жастардың демографиялық ахуалы

    2007 жылғы 28 ақпандағы Жолдауда қазақстандықтардың көбісінің әлеуметтік жағдайларының онан әрі жақсару болашағы айқын да нақтылы көрсетілген. Елбасы 2008 жылдан бастап көптеген бағыттар бойынша экономикамыздың өсуіне және қаржылық мүмкіндігімізге қарай халқымыздың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі жұмыстарды онан әрі жалғастыра беруді Үкіметімізге мықтап тапсырды. Бұл – ана мен баланы әлеуметтік қорғау; тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің 40% деңгейінде сақталуын қамтамасыз ете отырып, іргелік зейнетақының мөлшерін ұлғайту; зейнетақынының мөлшерін бұрынғы еңбек үлесіне сүйеніп анықтау; зейнетақы төлемдерін индекстеуді сақтау және оны тұтыну бағалары индексінің болжамды өсімімен жүзеге асырып отыру. Бюджет саласы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру және еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыруға арнап жәрдемақы төлеу. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап зиянды және ауыр еңбек жағдайында өтілін өткерген адамдарға №2 Тізім бойынша арнайы жәрдемақылардың төленуі қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, елімізде аталған әлеуметтік төлемдерді көбейтуге жұмсалатын қаражатқа қажеттілік 2008 жылы шамамен 108 млрд. теңге құрайтын болады.
    Елімізде алғаш рет жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілікті, босануды және аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілмек. Бұл ретте декреттік демалыста және бір жасқа толғанға дейін нәресте күтімі жөніндегі демалыста жүрген кезінде олардың зейнетақылық жинақтаулары жүргізіле беріледі. Бұл жәрдемақыларды төлеу әлеуметтік салықты қайта бөлу есебінен құралған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан жүзеге асырылады. Бұған мемлекеттік бюджеттен қосымша 9,2 млрд. теңге бөлінбекші. Бұдан бұрын алынған шаралар республика халқының өсуіне мүмкіндік туғызды. Елімізде 2000 жылы 220 мың бала туса, 2006 жылы 290 мың бала дүниеге келді. Жалпы алғанда соңғы төрт жылда еліміздің демографиялық өсуі жарты миллион адамды құрады. Біздің облыста балалардың тууының өсімі 2002 жылдан байқала бастады. Мысалы, облыста 2002 жылы 9902 нәресте туса, 2006 жылы – 13 566 бала дүниеге келді. Бұл 2002 жылға қарағанда 37 пайызға өскені. Жолдаудағы қаралған жеңілдіктер мен мүмкіндіктер республика мен оның аймақтарында демографиялық оңды өзгерістер болуына себеп болатыны сөзсіз.

        Бюджеттік саласындағы жалақы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 пайызға арттырылғаны белгілі. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен біздің облысқа 4,5 млрд. теңге бөлінді. Орта есеппен мұғалімдердің еңбек жалақысы 36,9 пайызға, дәрігерлердікі – 58,6 пайызға көтерілді. Бюджеттік саладағы қызметкерлердің еңбек жалақысы жүйесін жетілдіру жалғастырылатын болады. Олардың мәртебесін арттыру, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт сияқты салаларда кадрлар тарту мен кадрлар әлеуетін нығайту үшін 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыруға арнап, бір лауазымдық оклад мөлшерінде жәрдемақы төлеу енгізілмек. 2008 жылы бұл бюджетке 30,6 млрд. теңгеге түседі. Біздің облыста бұл шара жоғарыдығы салаларда істейтін 45,4 мың қызметкерге қатысты болады, атап айтқанда: білім беруде – 30,2 мың адам, денсаулық сақтауда – 11,3 мың адам, мәдениетте – 1,8 мың адам, спортта – 1,1 мың адам. Ол 857,0 млн. теңге қаржыны құрайды. Қазақстанда зиянды және ауыр еңбек жағдайында өтілін өткерген адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру туралы мәселесін іс жүзінде шешетін уақыт та келді. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап № 2 тізім бойынша арнаулы жәрдемақы төлеу үшін республикалық бюджеттен 3 млрд.теңгеден астам қаржы шығып отыр. Ақтөбе облысында осы тізімге 500 адам кіреді. Олар өздерінің еңбек өтілін толық атқарған, енді арнаулы жәрдемақы алуға толық құқылы. Облыс бойынша ондай төлемдер 55,7 млн. теңгені құрайды. Жолдауда бұрынғы тәжірибелерден және әлемдегі басқа елдердің тәжірибелерінен алынған мынадай қорытындылар бар. Бірі, «мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау, егер ол мақсатты және атаулы сипатқа ие болса», сонда ғана тиімді, екіншісі, «нағыз ықпалды әлеуметтік саясат еңбек өнімділігін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға ғана негізделген саясат болуы тиіс». Жақында ғана өткен есеп беру жиналысында мен аймақтағы әлеуметтік саясаттың басты аспектілеріне баршаның назарын аударуға тырыстым. 2006 жылы облыс халқының әлеуметтік жағдайының нақтылы өсуін мына цифрлар сипаттай алады. Орташа еңбек жалақысының мөлшері өсіп, желтоқсан айында 57,5 мың теңге құрады. Халықтың банктерге салған салымдары 34,1 млрд. теңгеге дейін өсіп, ол 150 пайыз құрады. Жұмысы жоқтардың саны және ресми жұмыссыздық деңгейі қысқарды. 2004 жылға қарағанда кедейлер саны екі есеге жуыққа, нақтылы цифрмен айтсақ 17,1 мың адамға азайды. Адам басына шақққанда орташа кіріс өткен жылы 225 мың теңге құрады. 2007 жылдың өткен екі айындағы осындай көрсеткіштер былтырғы кезеңмен салыстырғанда бірқатар өскенін байқатады. Осының бәрі облыс экономикасының нақтылы және серпінді өсіп келе жатырғанын көрсетеді. Дегенмен де күнделікті проблемалар және адамға деген қамқорлық жергілікті атқару өкіметінен әлеуметтік мәселелерге назарды көбірек аударуды қажет етеді. Сондықтан 2007 жылы атқарылатын біздің басты жұмысымыздың бағыты кедейлікке қарсы күрес, сондай-ақ жұмыссыздықтың барлық себептерін толық жою болып табылады.
    Президенттің Жолдауында әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту стратегиялық міндеттер деңгейіне дейін көтерілген. Үкіметке үш жылдың ішінде 100 мектеп пен 100 аурухана еліміздің нақ осындай нысандарға мұқтаж болып отырған өңірлеріне салу тапсырылды. Осы тізімге біздің облыстың тиісті департаменттерінің ұсыныстары да енгізіліп отыр. Атап айтқанда Ақтөбе облысы үшін 5 денсаулық сақтау объектісін және 6 мектеп салу белгіленді. Оның ішінде екі мектеп Ақтөбе қаласында, Алға, Шалқар, Қандыағаш қалаларында және Батамша посекесінде бір-бір мектеп салынатын болады. Облыста алдағы үш жылда барлығы 18 жаңа мектеп салынбақ.
    Дейтұрғанмен жекеленген басшылардың естеріне мынаны түсіргім келеді: бұдан екі жыл бұрын біз үш жыл ішінде жергілікті жерлердегі тозығы жеткен мектептерті жоюды және облыстың әр елді мекендерінде бір-бір медициналық мекемелерді (СВА,ФАП, т.б.) салуды міндет етіп қойған едік. Бұл тапсырмалар Елбасы Жолдауымен үндес келіп отыр, енді осы міндеттерді толық орындауға тиіспіз.
Әлеуметтік саланы одан әрі дамыту мәселесін аймақтық деңгейде шешу үшін біздің пікірімізше мемлекеттік-жекешілік серіктестік тетіктер тиімді деп есептейміз, онымен келешекте әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамудың барлық проблемаларын ойдағыдай шешуге әбден болады. Мұнда «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына, кәсіпкерлер мен жергілікті өкіметтің бастамаларына, сондай-ақ, қоғамдық мүдде үшін олардың іс-қимылдарын үйлестіру тетіктерінне аса үлкен маңыз беріледі. Демографиялық жағдай. 2006 жылдың 1 тоқсанында дүниеге келген сәбилер саны 143 бала, бұл 2005 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 9 балаға көбейді. 2006 жылдың 1 тоқсанында аудан бойынша 75 адам қайтыс болып, өткен жылмен салыстырғанда 20 адамға кеміп отыр, оның iшiнде 1 жасқа дейiнгi балалар 4, өткен жылдың осы кезiндегiден бұл 4 балаға азайған. Табиғи өсiм 68-ге жеттi. Заңды түрде отау тiккендер саны 44 болса, ажырасқандар саны 22 болды. Ажырасқандар саны өткен жылға қарағанда 200 пайызға өскені анық.

    Қазіргі қазақтың көңілі ала-құла. Көбейіп келеміз, бірақ баяу. Өгіз аяңның соңы ұлтымызға у ішкізуі мүмкін. Себебі бүгінгі қандасымыздың отбасындағы әйелдер, әсіресе, қалталы азаматтардың Құдай қосқан қосақтары жақсы өмірдің дәмін тата бастады. Олар үшін екі баладан соң бесік тербетпей, белі ауырмай өмір сүрген жақсы. Қалаған жеріне, ұнаған еліне барады, демалады, қыдырады. Алайда «болашағым» деп үміттенген сол екі жарығын келешекте не, қандай қиындық күтіп тұрғанын білмейді (Құдай бетін әрі қылсын деңіз). Дәл осы секілді қазақтың қанына сіңбеген жат құбылыс ауылдарды да аралап кетті. Күдік пен күмән көп адамды толғандыра бастаған тұста, «енді не істеуге болады?» деген сұрақ өз-өзінен туындары хақ.
Біздің ойымызша, алдағы уақытта еліміздегі және сырттағы қазақтарға ортақ халық санағын жүргізу керек. Екіншіден, «Ардақты аналар» қорын құру арқылы бес баладан көп ұл-қыз өсіріп отырған отбастарына мемлекет тарапынан нақты көмектер көрсеткен дұрыс. Мәселен, бірінші кезекте тегін тұрғын үй, жыл сайын демалыс орындарына тегін жолдама беру, шағын автобустармен қамтамасыз ету секілді. Жыл сайын 22 наурызда көп балалы аналар және олардың өнегелі істерін насихаттайтын фестивальдер, жаппай отау құру рәсімін ұйымдастырудың да артықшылығы жоқ. Әсіресе, қазақ тілінде ардақты аналардың отбастарына арналған хабарлар ашу аса қажет. Мысалы, он ұл-қызын өте дарынды, тәрбиелі етіп өсірген аналарды жыл сайын анықтап, балаларын тегін оқуға түсіргеннен ешкім ұтылмайды. Өкініштісі сол, біздің Үкімет көп балалы отбасылар қазір қай облыста жиі кездесетіндігін, оның себеп-салдарын, қандай қолдауға зәрулігін зерттеп жатқан жоқ. Әсіресе, үшем және егіз туатын аналардың есебін алу мен оларға арнайы келісімшарттар арқылы ішінара жағдай жасаудың амалдарын қарастыру керек. Дәл осындай тәсілдер Қазақстанда қазақтың көбеюіне нақты ықпал жасай алады. Өйтпеген жағдайда болашақта қарттары көп елге айналып шыға келеміз. Мұндай жағдай кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіреді. Жастары, еңбекке қабілетті азаматтары көп ел ғана келешегіне кәміл сенеді. Лайым сондай жасампаз жұрттың қатарынан табылайық!

    2.2 Қазақстан Республикасындағы Жастар саясаты. Мемлекет күш-жігерін біліммен, еңбекпен және жұмыспен қамту саласында кепілдік беруге бағыттайды. Бұл мемлекеттік органдардың меншік, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан жеке ұйымдармен жетім балаларға, денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу ұйымдарын бітірушілерді, оқуын тастап кеткен жасөспірімдерді; жазасын өтеу орнынан оралғандарды; сәтсіз отбасылардың жас азаматтарын; запасқа шыққан әскери қызметшілерді жұмысқа қабылдау туралы келісім-шарттарын жасасуын көздейді. Аталған нормалардың сақталуы, өз кезегінде, жастардың әлеуметтік жағынан аз қорғалған тобы үшін жұмыс орындарын құруға қатысты нормативтік-құқықтық базаны жасау мен жетілдіруді талап етеді.
Мемлекет, меншік нысанына қарамастан, ұйымдар мен кәсіпорындардың жас мамандарды жұмысқа алуы мен жұмыс орындарын өсіруге мүдделілігін арттыруда; оларды қайта дайындау мен өндірістік оқу тәжірибесінен өткізуде; елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы басымдықтарын ескере отырып, жастарға кәсіби тұрғыдан бағдар беретін мемлекеттік жүйені дамытуда қосымша ынтаны кеңінен пайдаланатын болады.   Жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасу басымдығы олардың шағын және орта бизнес саласына белсенді араласуын, жас кәсіпкерлерді, әсіресе, фермерлерді, селолық өндірісшілерді оқыту мен қолдауды көздейді. Жастарды жұмыспен қамту саласында мемлекеттік сүйемелдеу саясатын, аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, белсенді түрде жүргізу керек. Мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолданатын болады. Оқушы жастарға кәсіби бағыт беретін, қазіргі талаптарға сәйкес жастарды уақытша және қосымша жұмыспен қамтитын жүйе жасалатын болады. Республикадағы жастар саясатын заң жүзінде жасалуының бірінші қадамына «Қазақстан Республикасындағы жастар саясатының Тұжырымдамасы» жатады, бұл жоба 1998 жылы ақпанда өткен студенттер мен республиканың жастар ұйымдарының өкілдерінің бірінші съезі қорытындысы негізінде құрылған «Қазақстанның болашағы үшін» деп аталатын жастар қозғалысының ұсынысымен жасалған болатын.  «Тұжырымдама» Жалпыға арналған адам құқығының Декларациясы мен Қазақстан Республикасының Коституциясы, БҰҰ Бас Ассамблиясының «2000 жылға дейінгі жастарды дамыту бойынша әрекет етудің Бүкіл Одақтық бағдарламасы» атты 50/81 Қарары, Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының идеаларымен қағидаларының негіздеріне сүйенеді.

 Республикада жастар саясатының Тұжырымдамасын қалыптастыруға деген қажеттілік біріншіден, Қазақстан тәуелсіздік алып, реформалау, ашық, нарықтық, әлеуметтік бағдарлы  экономикалы демократиялық қоғам құру жолына түсуі; екіншіден, жастар саясаты жеткілікті түрде қоғамдық қатнастарға түспеуі; үшіншіден, жастар проблемасын шешуді қамтамассыз етуде әрекеттегі заңдылықтардың тиімсіздігі себепкер болды.

   Тұжырымдамаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты келесі қағидалар негізінде құрылуы керек:

  • парасаттылық, абырой, өз Отанына деген құрмет, патриотизм, мамандану, өзінің адамдарға және мемелекетке қажеттіліне деген сенімділік, өзі үшін және туыстары үшін жауапкершілікті сезіну сияқты жастардың жеке қасиеттерді беделді қылатын, қоғамда қолайлы орта туғызу;
  • жастардың өкілдерін жалпы жастарға қатысты мемлекеттік маңызды шешімдерге келу және қабылдау процесіне тікелей қатысуға тарту;
  • жеке тұлғаның негізгі құқықтар мен бостандығын, жастардың өздеріне тән мүдделерін есепке алу;
  • жастар мен балалардың ұйымдарының әрекетіне мемлекет тарапынан барынша қолдау жасау.

   Тұжырымдағы сай жастар саясатының басым бағыттары мынадай болуы керек:

  • балалар мен жастарға құқықтық білім мен патриоттық тәрбие беру;
  • жастар ұйымдарының әрекетерінің белсенділігі мен кеңеюіне ат салысу;
  • жастар кәсіпкерлігі мен өздерін жұмыспен қамту ісін қолдау және дамыту;
  • отбасы, балалар мен жастар мүддесіне сай әлеуметтік саясатты жүзеге асыру механизмін жетілдіру;
  • жас ұрпақты әлемдік және ұлттық мәдениеттің классикалық құндылықтарына құрметпен қарауға тарту;
  • спорттың көпшілікке арналған түрлерін дамыту және салауатты өмір салтына насихаттау.

    Қазақстан Республикасында жастар саясатын басқару мен жүзеге асырудың инфрақұрылымын қалыптастыру процесі комсомол қызметін шектелген түрде атқараған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар ісі бойынша Комитетпен байланысты болды. Облыстарда бұрынғы комсомол құрылымыдары мен дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитеттердің негізінде облыстық әкімшілік жанына жастар істері, спорт және туризм істері бойынша Комитеттер құрылды. Жастар проблемасының көптеген мәселелерін шешу Білім беру Басқармасында ( департаментерінде ), халықты еңбек және әлеуметтік жағынан қорғау Басқармаларында, Ішкі істер Басқармаларында және т.б. шоғырландырылды. Қазіргі уақытта Республикадағы жастар саясатын жүргізу және жүзеге асырудың реттеуші орталығы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігінде, ал жергілікті жерлерде – соған сәйкес облыстық басқармаларда орналасқан.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылы 28 тамызда №73 жарлығымен бекітілген мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасы республикадағы жас ұрпақтың азаматтық қалыптасуы мен әлеуметтік өзін — өзі жетілдіру үшін құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық алғышартын құру және бекітуді мақсат етеді, ол өз кезегінде жастар проблемасын шешу жолдарын нақты көрсетіп, жастарды қазақстандық қоғамдық реформалау процесінде толықтай араласуы нысандары мен әдістерін анықтайтын мемлекеттік жастар саясатын құрудың тікелей негізі болады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Респубдликасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң жобасы жасалды, онда оның қалыптасуы мен жүзеге асыруының құқықтық негіздері анықталған. Осы жобаға сәйкес, мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаттарына мыналар жатады:

  • жастардың рухани, мәдени, білім алу, кәсіптілік жағынан қалыптасуы мен физикалық дамуы үшін, олардың жалпы қоғамға пайдалы шығармашылық әлеуетін ашуға әлеуметтік – экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау;
  • олардың құқықтар мен заңды мүдделерін қорғау;
  • жастарға көмек пен әлеуметтік қызмет көрсету;
  • жастардың әлеуметтік жағынан маңызды бастамаларын жүзеге асыру;

 

ХХІ ғасырды  дарынды және еңбекшіл жастардың ғасыры деп еш күмансыз айта аламыз. Жастар ғана белсенді өмірге қадам баса отырып, өз елін, жанұясын қорғауды үлкен жауапкершілікке алады. Жаңа қоғамдағы тенденциялар, жас ұрпақтың қалыптасуы мен тәрбиесіне қоғам мен мемлекет тарапынан қолдау табу жастар саясатын құруда сапалы қадамдарды талап етеді. Осыған орай, бүгінгі күні жастар саясаты жас ұрпақты қоғамға әлеуметтік интеграциялаудың ең басты механизмі болып табылады.

Қазақстандағы жастар саясатының негізгі мақсаты жастарға қоғамдық және мемлекеттік қолдау көрсету арқылы әлеуметтік жағдай жасау, жастарды әлеуметтік қорғау, оның шығармашылық белсенділігін, қабілетін, бейімділігін, сонымен қатар өзінөзі дамытуын қалыптастыру.
Әлеуметтену процесі барысындағы жастардың жиі ұшырасатын қиындықтарын болдырмас үшін жастар саясатын жүйелі өткізу қажет.
Жастар дамушы әлеуметтік-демографиялық топқа жата отырып, қамқорлық жасында бола отырып ең аз баспанамен қамтылғандар қатарына жатады. Осы проблемалардың барлығы қысқа және ұзақ мерзімдік перспективада барлық деңгейдегі жастардың белсенді азаматтық өзін-өзі тануын тәрбиелеу, қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешудегі белсенділіктерін арттыруға бағытталған жастардың инициативасын қолдау үшін мемлекеттік органдардың жүйесін қалыптасыруды талап етеді. 

Жастарды әлеуметтік-экономикалық өзін-өзі дағдыландырудың негізінде жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдаудың негізгі өлшеміне бүгінгі нарықтық қатынастың жағдайына икемдей отырып, олардың кәсіби деңгейін қалыптастыруы жолында жеке кәсіпкерлікті дамыту жатқызылады. Осыған байланысты бизнес-орталықтарын құру, жастардың білім алуы мен несие алулары бойынша шұғыл жобаларын жасау қажет. Жастарды жұмыспен қамту мәселесінің басты шешімі сапалы білім мен жастардың елдегі ғылыми-оқу процестеріне белсенді қатысуы болып табылады.Мемлекеттік жастар саясаты  жастарды жұмыспен қамту аумағына төмендегідей бағыттарды ұсынады: Жастардың кәсіпкерлік туындыларын дамыту — бұл сұрақты біртіндеп өз пробемаларының шешімін табуға жұмылдырылған жастардың өзі шешуге күш салынады. 2005-2007 жылдарға арналған Жастар саясатының Бағдарламасы бойынша өткізілген шаралар:

  • Жастарға арналған технологиялық бизнес-инкубатордыың дамуы» атты әлеуметтік қызмет ұйымдастырылды. Бұл қызметтің негізінде жастардың бизнес-жобаларын қайта қарай отырып, дидактикалық материалдар жасау қарастырылған. Қазақстанның 16 облысының кәсіпкерлер қатысқан «Профи-2005» атты республикалық конкурс өткізілді. Жұмыссыз және оқып жатқан жастардың кәсіби біліктілігін арттыру үшін курстар, семинарлар ұйымдастырылды.

Қорытынды

Қазақстан – халқы аз, жері үлкен мемлекет (1 шаршы шақырымға 5 адамнан келеді). Тұрғындарының сыйымдылығы жағынан Канада, Австралия, Моңғолия, Ливия және Анголамен теңеседі. Мұның өзі халқымызды, оның ішінде қазақ ұлтын сан жағынан жедел көбейтуді қажет етеді. Тіпті бұл мәселеге Елбасымыз да ерекше назар аударып, халық санын 2015 жылға қарай 20 миллионға дейін жеткізуді қадап айтқан-ды. Шын мәнінде, алдағы 7 жылда осы межеге жете аламыз ба? «Ең басты мәселе – осы» дер болсақ, ол үшін демографиялық дүмпу міндетті түрде керек. Бірақ бесігімізді балаға қалай толтырамыз? Келімсектер арқылы ма, әлде «елім» деп еңіреп келіп жатқан қандастарымыздың арқасында ма? Мүмкін қазақ аналарының абыройын асыратын, материалдық жағынан қолдайтын алуан түрлі шара қажет болар.
    Біздің арқа сүйер, иек артар бір мүмкіндігіміз – сырттағы қазақтар. Ресми деректер бойынша, сыртта бес миллион қандасымыз бар. Халық санын соларды көшіріп әкелу арқылы толтыруға әбден болар еді. Амал қанша, тәуелсіздік алғалы бері квотамен небәрі 600 мыңның үстінде ғана қазақ отбасы елімізге оралған. Ал жақында Үкімет шеттегі қазақтардың тек «білімділерін» ғана көшіріп әкелуге ниет білдіргені жұртты әрі-сәрі күйге түсірді. Осындай бастамалары арқылы Үкімет (демографияны тек оралмандар арқылы ғана толтыруға болатынын біле тұрып) демографиялық өркендеуге аса зор ниеті жоқтығын байқатып алғандай.
– Құдайға шүкір, елімізде демографиялық ахуал жақсарып келеді десек те, 1960-1970 жылдармен салыстыра алмайсыз. Ол кезде әр отбасында кемі 6-8 баладан болатын. 1959 жылы қазақ әйелдерінің туу көрсеткіші 7,1 бала болса, 1999 жылы 2,1 балаға дейін кеміген. Мұның түрлі себептері бар: ең бастысы – әлеуметтік саланың тығырыққа тірелуі, әлеуметтік-тұрмыстық деңгейдің нашарлауы әсер етті. Ал бүгінгі күні өзі сұранып тұрған азаматтық некені неге дәріптемеске. Шынын айту керек, қазіргі ұлт өсіміне олардың қосып жатқан үлесі көп. Негізінен, ер адамдар тоқал алуды қырық жастан асқан кезде, өз отбасын дұрыстап алған соң іздейді. Мейлі екі, мейлі бес әйелмен азаматтық некеге тұр. Тек денсаулығың көтерсе, қаржың жетсе… Әйелдің жағдайын жаса, бала туғыз. Есептеу бойынша бір бала – әкенің, екінші бала – шешенің, үшінші бала – аяқ асты көз жұмған адамның не күйеуге шықпаған, не сүрбойдақтардың орнын басады. Тек төртінші бала ғана орын басады. Ал бұрын да, қазір де қазақтың көсегесін көгертіп отырған ауылдағы арулардың бүгінгі қарқыны төмен. Мәселен, қазір ауылдағы бір әйелге 2,4 баладан, ал қаладағы бір әйелге 2,6-дан келіп тұр. Бұл – жақсылықтың нышаны емес. Осы тұрғыдан келгенде қолдан келсе, қолында билігі бар азаматтар ауылдан көмегін аямауы тиіс. Өйткені халықтың тұрмысы көтерілсе, демографиялық дүмпу ауылда өз өзінен басқаша сипат алар еді. Екінші бір мәселе: өмір бар жерде өлім бар. Айталық, өткен жылы түрлі себептермен 160 мың адам дүниеден озды. Ол дүниеге келген 320 мың сәбидің тең жартысы. Бізге өлім көрсеткішін қалайда азайтудың амалдарын жедел қарастыру керек. Табиғи өсімге кедергі келтіріп отырған тағы бір жағдай – аборт. Жыл сайын 100 мыңға жуық қыз-келіншек аборт жасатады. Оның сыртында 50 мыңға жуық қыздар түсікке жасырын түрде барады. Яғни жыл сайын бір ауданның халқы жоғалып кетеді. Сондықтан мұны қабырғаға бататын қасірет қатарына қосуға болады. Соған қарамастан, еліміздегі қазақтардың саны 9 миллион 350 мың адамға жетіп, жалпы ұлттың 60 пайызын құрадық. 1930 жылғы көрсеткішке 77 жылдан кейін әрең жеттік.
Мақаш ағамыз Қазақстандағы қазақтарға қарағанда, өзбек, дүнген, ұйғыр әйелдерінің арасында туу деңгейінің басым екенін айтады. Алайда одан жергілікті ұлтқа төнетін қатер жоқ көрінеді. Қырық мыңның айналасындағы ұлттар қазақтарды басып озып, билеп-төстейді деу – әбестік. Тіпті сырттан келіп жатқан келімсектерден де қорқуға болмайды екен. Ғалым-демограф қайта көрші елдерден келіп жатқан тамыры бір, тарихы бір бауырларымызды өзімізге сіңіру, қазақтандыру саясатын ұстануды ұсынады.
Демографиялық ғылыми болжам бойынша, 2015 жылы 20 миллионға жетпесек те, осы көрсеткішке таяп қаламыз. Шамамен 17,5 миллион адамның төңірегінде. Ал 20 миллиондық межеге дәл жету үшін шеттегі қазақтардың бәрін болмаса да, жартылай көшіріп алуға тура келеді. Себебі елде жергілікті халықтың санын көбейтіп қана қоймай, сапасын арттыру, мемлекеттік тілді қалпына келтіруде де оралмандардың атқарар рөлі зор.
Ең басты мәселе – елімізде қазақ ұлтының пайыздық үлесін қалайда жедел арттыру. Соңғы деректер бойынша, 60 пайызға жеттік дер болсақ, түркі тектес ұлттардың арқасында бұл көрсеткіш 70 пайызға өсті. Көп ұлттың өкілдері тұратын мемлекетімізді ұстап тұру үшін қазақтардың өсімі таза 70 пайызды құрауы керек. Сол кезде бүгінге дейін шешуі қиын күрделі мәселелер өз-өзінен реттеледі.Жасыратыны жоқ, сырттағы қандастарымыздың нақты есебі белгісіз. Шындығында, төрт жарым миллионның көлемінде секілді. Дегенмен бұл да нақты емес. Өйткені олардың арасында құжаттары өзбек, қырғыз, қытай болып жазылып кеткендер көп. Егер де бәрінің түбін, тегін қазар болсақ, қазақ таза 5 миллионның үстінде. Мысалы, Өзбекстанда бір жарым миллион қазақ бар. Олардың атасын, бабасын сұрай бастасаң, кемі екі – екі жарым миллион қазақ шыға келеді. Қытайда да осындай күрделі жағдай қалыптасқан. Ресейде 800 мың деп есептелгенімен, нақтылай келсең – 1 миллион қазақ шамасында. Сырттағы қазақтардың басым бөлігі осы үш елде шоғырланған. Қазақтар қайда жүрсе де өсіп-өніп жатыр. Әлем бойынша қазір қазақтардың жалпы саны 13 миллионнан асты деуге негіз бар секілді. Енді үш жылдан соң қазақтардың саны 15 миллионға таяса, өз жұртындағылар 10 миллионға жетеді.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт (Нью-Йорк, 16 желтоқсан 1966 ж.).
  2. Сансызбаева Г.Н. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және оның проблемалары/ Оқу құралы.-Алматы: Экономика,1998
  3. Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі / А.А. Смайыловтың редакциясымен шыққан статистикалық жинақ.-Алматы ҚР статистика жөніндегі Агенттігі,2001
  4. Әлеуметтік статистика: Оқулық / корреспондент-мүшесі И.И. Елисееваның ред.-М: Қаржы және статистика,1997. 270-2890-бб.
  5. “Егеменді Қазақстан” 2006 жыл, 16 тамыз
  6. “Социальная работа: теория и пркатика”, Холостова. Москва 2004 г.
  7. Адам дамуы: әлеуметтік-экономикалық прогрестің жаңа өлшемі/Колесов В. және Маккинли ред. М.: Адам құқықтары ( Права человека),2000
  8. Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі / А.А. Смайыловтың редакциясымен шыққан статистикалық жинақ.-Алматы ҚР статистика жөніндегі Агенттігі,2001
  9. Қазақстан Республикасының « Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңы// Казахстанская правда 24.12.1999
  10. «Егемен Қазақстан» 2006 жыл №18. 1-қазан.
  11. «Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс» Агафонов Н.А.
  12. «Социальная работа: теория и технология» Менлибаев, Туганбекова.
  13. «Введение социальную работу» С.В. Тетерский.
  14. «Социальная работа с молодёжью» Қазақ үн – ті 2003 ж. 109 б.
  15. «Социальная государство». Волгин Н.А.
  16. «Социальная рабата» Кожамкулова Л.Т.
  17. «Заң және қоғам» 2005. 22 ақпан
  18. «Заң газеті»2006ж. 12 – наурыз
  19. «Егемен Қазақстан» 2007ж 30 қазан №333 – 334.
  20. «Айқын» – 2007. 16 – мамыр.№86