[:kz]
Роскомнадзор мекемесі Ресей аумағында Telegram мессенджерінің қызметін шектеуді сұрап, сотқа жүгінді. Мекеме сотқа шағымды Telegram Messenger компаниясы Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (немесе ФСБ) талабын орындамаған соң түсіргенін айтады.
Наурыздың 20-сы күні «Роскомнадзор» мекемесі Telegram Messenger компаниясына заң талабын орындау қажеттігін және хат-хабарларды жабық ұстайтын шифр кілтін Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметіне беруді ескертіп хабарлама жолдаған.
Бұған дейін Ресей соты Федералдық қауіпсіздік қызметіне (ФСБ) мессенджер қолданушыларының хат-хабарын сырт көзден жабық ұстайтын шифр кілтін беруден бас тартқан компанияға 800 мың рубль көлемінде айыппұл салған. Ресей Жоғарғы соты компанияның ФСБ талабына қарсы арызын қабылдамай тастаған.
Кейін Telegram Messenger компаниясы Еуропалық адам құқығы жөніндегі сотқа шағым түсіріп, компанияны әкімшілік жауапқа тарту ақпаратты биліктің араласуынсыз еркін тарату бостандығын бұзатынын, биліктің қойған талабы Адам құқығы жөніндегі халықаралық конвенцияға қайшы келетінін айтқан.
azattyq.org
[:]