АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ринат Зайытов: Тоқал алуға ақшам жетпей жүр (видео)[:]

[:kz]

 

Отандық танымал айтыскер Ринат Зайытов ауқымды сұхбат беріп, жеке өмірі туралы жан сырын ақтарды. Ақын заңды әйелі бола тұра, тоқал алуға қарсы емес екенін білдірді. Алайда, ол бұл ойын әзірге іске асыра алмай жатқанын айтты. Зайытовтың тоқал алуына не кедергі болғанын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Ринат Зайытов белгілі журналист Нартай Аралбайұлына Instagram желісіндегі тікелей эфир кезінде ауқымды сұхбат беріп, өзіне қатысты бірқатар мәліметтерді айтты. Танымал айтыскер тілдесу барысында жеке өмірі туралы бар шындықты ашты. Белгілі болғандай, ақын заңды келіншегі болса да, болашақта тоқал алуға ниетті. Алайда, ол бұл ойын қазіргі уақытта жүзеге асыра алмай жатқанын жасырмады.

 

Оған бірден-бір себеп — қаржы мәселесі. Зайытов екінші жар алуға қашанда дайын болғанымен, оны асырау үшін ақшасы жетпей жүргенін жасырмай айтты. «Менің материалдық шамам керемет емес. Ақшадан қысылатын кездерім болады. Тоқал алуға да шашам жетпей жүр. Әйтпесе тоқал алуға 7 атамыздан дайынбыз ғой» , — деді Ринат Зайытов. Айта кетейік, бұған дейін актер Дәурен Айдарқұлов әріптесі Бибігүл Ақтанмен түскен суретін жариялап, желіні шулатқан болатын. Көпшілік жақында ғана ажырасып кеткен өнер иесінің басқа арумен көңіл қосқанын болжап жазды. Кейбір оқырмандар фотодағы актрисаны Айдарқұловтың экс-жары Ақбота Сейітмағамбетке қатты ұқсатты. 

«Кешью» құрамында ән салған әнші ару да өз оқырмандарын ойландырып қойды. Ол кешірімді болу жайында жазба қалдырып, елдің қызу талқысына түсті.

kaz.nur.kz

 

[:]