АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ринат Зайытов: Толқитындай ештеңе болып жатқан жоқ (видео)[:]

[:kz]

Белгілі айтыскер ақын Ринат Зайытов жұртты сабырға шақырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда бір топ адам жиналып, наразылығын білдіргісі келген. Кейін оларды құқық қорғау органдарының ұстап әкеткені белгілі болды. Солардың ішінде өнерпаз да болды деген хабар тараған. Алайда айтыскер Ринат Зайытов халықты сабырға шақырып, видео жариялады.

«Қадірменді ағайын, алматылықтар, алаңдайтындай, толқитындай ештеңе болған жоқ. Сондықтан баршаларыңызды үйлеріңізге тарауыңызды сұраймын. Себебі мен ешбір қазақтың бір тамшы қанын мойныма алғым келмейді, ағайын. Ешкімге өкпе-реніш жоқ. Бұйыртса, міне, үйге қайтайын деп жатырмын», — дейді Зайытов таралған видеода.

Еске салайық, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматыда өткен митингілерге қатысты пікір білдірген еді.

«Расында да Алматыда және елордада өз пікірлерін білдіріп, көшеге шығып, наразылық шараларына қатысып және тағы басқа әрекеттер жасағандар болды. Қазақстан заңнамасы бойынша, Бас прокуратураның ескертуіне қарамастан, бұл әрекеттердің барлығы заңсыз емес деп танылуы мүмкін. Ерік білдіру жайлы айтатын болсақ, Қазақстанда мұндай еркіндік толықтай бар», — деген болатын Тоқаев Ақордада өткен баспасөз конференциясында.

Tengrinews.kz

 

[:]