АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сайлауға түспей-ақ қоюым керек еді»: Әміржан Қосанов өзіне реніш білдіргендерге жауап берді[:]

[:kz]

Әміржан Қосанов өзіне реніш білдірген штабындағы бір топ жақтастарына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

«Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің атынан сайлауға түскен Әміржан Қосановқа жақтастары өкпесін жеткізді. 16,02% дауыс жинаған үміткер қолдаушылардың үмітін ақтамаған көрінеді. Жұрт Қосановты соңына дейін бармады деп айыптаған.

Ал, Қосановтың өзі бұл көрсеткіш тым жоғары екенін айтып, дайындығының аз болғанын мойындаған. Осылайша жақтастарының көңілін қалдырған кандидат сайлауға бекер қатыстым деп өкінді.

«Осы сайлауға мен түспей-ақ қоюым керек еді. Құлағым тыныш болып бәріне жақсы жігіт болып отырар едім. Мен осындай болатынын білдім. Мен әріптестеріммен ақылдастым. Кешегі әрбір қадамымды ақылдастым. Оның артында қандай ой, ниет бар екендігін бәрін мен сіздерге айта алмаймын», — дейді Әміржан Қосанов.
 

 Stan.kz 

 

 

[:]