АЛТЫНОРДА
Интервью

[:kz]Роза Әлқожа: Туған анама өмірімде бірінші рет «анашым» деп айттым[:]

[:kz]

 

Танымал әнші Роза Әлқожа 40 жаста! Мерейлі күнге орай әнші өнері, өмірі, отбасы жайлы «Астана» арнасының «Айтарым бар» бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ата-әжесінің қызы болған Роза ежелгі салт бойынша туған анасын «жеңге» деп атап келген. «Журналистика» факультетіне оқуға түсіп, жатақханада тұрған жылдары тек атасын еске алып, сағынғанын айтады.

“Басқа қыздар аналарына хат жазса, мен апама (әжесі) қалай жеткізсем деп ойлайтын едім”, — деді әнші. 

Отбасы жайлы сыр шерткен әнші арада көп жылдар өткеннен кейін туған анасын мойындағанын айтты. Тіпті, жақында оған алғаш рет «ана» деп айтыпты. 

«Өткенде анамның туған күні болды. Өмірімде бірінші рет «анашым» деп айттым. «Жарық дүниені сыйлағаныңызға рахмет» дедім. Мен де ессіз адам емеспін. 5 балам болғаннан кейін, аналардың қадірін білеміз.
Бірақ маған қиын болды. Ылғи атамды ойлап жүретіндіктен, сол кісіге қиянат жасап, сатып кеткен сияқты сезім болатын. Қазір қарасам, анам да жас емес. Шашының бәрі ағарған, 60-тан асқан, немерелері бар. 
Жарық жалғанда адам бір-біріне сезімдерін білдіріп қалу керек, бұл өмір мәңгілік емес қой. Ол кісі әрине, қатты таңғалды», — деді Роза Әлқожа.


Бала Розаның анасымен арасының алшақ болуы болашақ отбасылық өміріне де әсер етпей қоймаған. Әншінің үлкен қызы Ақбота бұл бөгетті кішкентайынан сезініп, талай ренжіген көрінеді. 

«Шешем ешқашан шашымды өріп бермепті. Әжем буа алмайтын, көрші апайымыз өріп беретін. Қыздың есінде қалу керек екен ондай нәрселер. Менің қызым: «Мама, сен неге маған еміренбейсің, неге менің шашымды тарап, өріп бермейсің?» деп айтады. «Менде ондай болмаған, сосын мен саған жасамадым» деп түсіндіремін.

 

​​​​​​​Қызыммен арамызда қиындық болды. Кішкентай, екінші қызым дүниеге келгенде жіби бастадым. Бесінші балаға келгенде жібіген шығармын. Кішкентай қызымды еркелетіп тұрсам, үлкен қызым «Мені жақсы көрмейсің ба?» деген сияқты қарап тұрады. Өзім ұялып қаламын. Келе ғой деп оны құшақтаймын. 18-ге кеп қалды. Қазір көп құшақтауға тырысамын»,-  деп ағынан жарылды әнші.

Өнер иесі сахнаға журналистика арқылы келгенін айтады. ҚазҰУ-ға алғаш түскенде «Студенттер сарайында» өнер көрсетіп, көптің көзіне түскен. Алайда жастай тұрмыс құрып, балалы болған Роза «сахна сол күйі арман болып қалар ма екен?» деп талай мұңға батқанын жасырмайды.

«Ән салшы, Розаны» өзімді-өзіп қайрап жазғанмын. Өйткені үнемі түсімде сахнаны, елдің қол шапалақтап жатқанын көріп, жылап оянатынмын. Бесіктің қасынан шықпай, сахнаға ешқашан шыға алмай қалатын шығармын деп ойлайтынмын. Адам армандай білу керек қой. Қазір ойласам, сол кезде бәрібір шығатыныма, атымды бекер Роза қоймағанына сеніппін. Маған дейінгі Розалар мықты болған, Рымбаеваның құрметіне қойған. Тым құрыса, солардың сарқыншағы, сарқыты болып жүретін шығармын. 

Сол Розаға кейде өзім де таңғаламын. Өте жас тұрмысқа шыққан, бір баладан кейін бір бала тапқан, сахнаға бір шықса, қайта декреттік демалысқа шыққан Розаны қазір өзім аяймын. Артыма қарасам, ол Розаның мінезі де, тәрбиесі де керемет екен. Дәл қазір маған сол қиындықты берсе, өте алмас едім», — дейді Әлқожа.

[:]