АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Роза Әлқожа: Жер шұқып жүріп атақты болатындар көп[:]

[:kz]

 

Жарыққа жақын жүргеннен емес, тасаға тығылғаннан қорық. Оны қараңғыға сүйрейтін себебі болуы мүмкін. Роза Әлқожа жүрек жарды жазбасын жариялады.

Қайырлы Таң. Ақылдыға ақыл айту оңай.
Мықтылық — ойлыны сыйлатып, ойсызды тыңдату.
***
Әділетсіздік — саналыны ашындырады, санасызды басындырады.
***
Атақты болу — дана болу деген сөз емес. Өйткені оған жер шұқып я «жер өртеп» жүріп жететіндер көп…
***
Үлкеннің үлкендігі болмаған жерде кішінің кішіпейілдігі қалмайды.
***
Жаман бала жақсы әкенің шарапатынан қағылмас,
Жақсы бала жасық әкенің қанынан арылмас.
***
Танымалдығыңа танымың сәйкес келмесе,
Талғамыңа талантың сәйкес келмесе қиын, — дедім-ай ау», — деп жазды әнші.

Роза ханым қанатты сөздер жазып, көпті қанаттандырды. Сөз соңында даналық сөздердің авторы өзі екенін атады. Осылайша әнші көпшілікке ой салып, жақсылыққа ұмтылуға үндегендей.

 

«Ер көтере алмаған жүкті көтеріп, алға қойған мақсатыңа жете бер. Төмен қарамай еңсеңді тік ұста», «Розахан қажекем! Жұма мубарак болсын! Айдын қажымен балаларыңмен бақытты , дәулетті бол!», «Тезірек концертіңізге барсақ екен», «Өте әдемісіз, әдеі жазасыз», — деді желі қолданушылары. 

[:]