Кәсіпкерлермен болған кездесу кезінде президент мемлекеттік сатып алулар мәселесін қозғады. Оның айтуынша, бұл салада ашықтық жоқ, тамыр-таныстық пен туыстық байланыстарға басымдық беріледі
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заманауи мемлекетте бірінші орында ру-тайпалық байланыстар емес, заң тұруы қажет деп мәлімдеді.
Бүгін кәсіпкерлермен болған кездесу кезінде президент мемлекеттік сатып алулар мәселесін қозғады. Оның айтуынша, бұл салада ашықтық жоқ, тамыр-таныстық пен туыстық байланыстарға басымдық беріледі.
«Бізде қоғам бір тәртіпке салынған, көп сөз жоқ, бәрі бір-бірімен сан алуан шартпен келісуді біледі. Ру-тайпалық байланыстар болсын, достық қарым-қатынас және тағысын тағы. Бұны доғару керек. Кабинеттен тыс жерде кездеседі, «келісеміз ғой» дей салады. Қазіргі заман талабына сай мемлекетке айналуымыз керек қой. Ал замануи мемлекет дегеніміз не? Бұл – заң. Заңның негізінде елдегі тәртіп, бұл – мемлекеттің міндеті», — деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, мемлекет кәсіпкерлердің көмегіне сеніп отыр.
«Жергілікті жерде айтарлықтай тәртіпбұзушылықтар болуы мүмкін. Сондықтан бізге нормативтер керек. Ең бастысы, осы мәселені құқықтық тұрғыда шешуіміз қажет. Бұл проблеманы шеше алмасақ, қатаң жаза қолдану керек. Басқа жол жоқ», — деп атап көрсетті мемлекет басшысы.