[:kz]
Өзін «қырғыз халқын, тіпті бүкіл әлемді рухтандырушы» деп таныстырған Гүлзат Мамытбек бұл жолы қазақстандықтарды рухтандырмақ болды. Астана қаласының Нұр-Сұлтан болып өзгеруіне байланысты видео хабарлама түсіріп, онысы әлеуметтік желіде таралды. Гүлзат Мамытбек бас қаланың Нұр-Сұлтан атануын қолдап отыр, әрі қазақстандықтарды да қолдауға шақырып отыр.
«Сіздер «Нұр» деген сөздің мағынасын түсінсіздер ме? Ол – жарық, шуақ деген сөз. Ал сұлтан деген хан, патша емес пе? Яғни, сіздердің елордаларыңыздың аты «Шуақты патша» аталса несі бар? Мен Нұрсұлтан Әбішұлын ерекше құрметтеймін, ол халқы үшін аянбай тер төкті, талай жақсылық жасады. Бірнеше жыл бұрын түгі жоқ Астана қаласын Чикагоға айналдырды. 30 жылда ел жаңа, Қазақстанды дамытты», — деді «рухтандырушы».
Ал қырғыз қызының айтқаны қазақ халқын рухтандыра алды ма? Оны әлеуметтік желі қолданушыларының пікірлерінен байқап көрелік…
«Не оттап тұрсың! Өз еліңді жөндеп алшы бірінші!»
«Сенен ақыл сұрау қалып еді…»
«Кетші, қырта бермей»
«Саған осы видеоң үшін қанша төледі екен?»
Бұлар мыңдаған пікірлердің бер жағы ғана.
[:]