АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]»Руым — қожа»: Алматыға Ауғанстаннан келген қандастардың видеосы жарияланды [:]

[:kz]

 

Ауғанстаннан Алматы әуежайына келген қандастардың видеосы жарияланды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Еске сала кетсек, 9 қыркүйекте Алматыға Ауғанстаннан 35 этникалық қазақ келді.

Қандастарды атажұртқа әкелу туралы тапсырманы президент Қасым-Жомарт Тоқаев берген еді. Этникалық қазақтар журналистермен тілдесті. «Менің есімім Хасан, ұлтым қазақ. Ауғанстаннан келдім.

Атамекенге келуімізге көмектескені үшін ең алдымен Қазақстан президентіне, басқа қол ұшын берген адамдарға, журналистерге, Ауғанстандағы елшімізге рақмет айтамын», — дейді ер адам.

Хасанның сөзінше, ол Қазақстанға анасы, екі інісі және қарындасымен келген. Ал әйелінің құжаты болмағандықтан Ауғанстанда қалып қойған. «Біз Тахар қаласынан келдік. Комиссия шақырып, сұрақтар қойды. Руымызды, Қазақстанда туыстарымыз бар-жоғын сұрады. Ұлтым — қазақ, руым — қожа», — дейді Хасан.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан 18 тамызда Ауғанстаннан өзінің 25 азаматын және Қырғызстан, Ресей мен Литваның 16 азаматын эвакуациялаған болатын. Одан бөлек, Алматыға Кабулдан Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ Миссиясы (UNAMA) және басқа да халықаралық ұйымдардың кеңселері уақытша көшірілген еді.

kaz.nur.kz

 

[:]