АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сағынтаев Алматы дәріханаларындағы жағдайды өзі бақылап шықты (видео) [:]

[:kz]

Оңтүстік астананың әкімі Бақытжан Сағынтаев дәріханаға барғанын тұрғындар видеоға түсіріп алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

Қала әкімінің мегаполистегі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің нақты жағдайын өз көзімен көруге келгені анық байқалатын видеоны қолданушылар Telegram-дағы «Не хабар» арнасында бөлісті.

Кадрларда Назарбаев даңғылында орналасқан қаланың орталық дәріханасының алдында халық ығы-жығы екенін көреуге болады. Бірнеше метрлік кезек Гоголь көшесі бойына созылған. Дәріханаға келген Бақытжан Сағынтаев не болып жатқанын қадағалап тұр. Ол халықтың карантин ұсыныстарын қалай сақтайтынын тексерген.

Бұл дегеніміз, атап айтқанда, маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтау.

Дәрі-дәрмек алуға кезекте тұрған азаматтар әкіммен сөйлесіп жатыр. Әкімдіктегілердің хабарлауынша, қала басшысы дәріханаға бүгін, 14 шілде күні таңертең барған.

Бақытжан Сағынтаев мегаполистегі дәріханаларға дәрі-дәрмек жеткізу процесін бақылау үшін жеке рейдке шыққан екен.

Айта кету керек, бүгінде Алматыда 800-ден астам дәріхана бар. Олардың әрқайсысын дерлік жергілікті билік қадағалап отырады. Қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев бұған дейін хабарлағандай, шаһарда шынымен дәрі-дәрмек тапшылығы болған. Бұл нарықтағы алыпсатарлардың әрекетіне байланысты орын алған, дегенмен бірқатар алыпсатар компаниялар анықталған. 

Қазір әкімдіктегілер дәрі-дәрмек саны мен олардың бағасы тұрақталды деп сендіріп отыр. Бір күн бұрын қалаға 900 мың қораптан аса дәрі-дәрмек жеткізілген. Қоймаларда қор жеткілікті. Еске салсақ, фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова онлайн-брифинг кезінде алматылықтарды өз-өзін емдеумен айналыспауға шақырған болатын.

https://kaz.nur.kz/1864855-sagyntaev-almaty-drihanalaryndagy-zagdajdy-zi-bakylap-sykty-video.html

[:]