АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Сағынып қалыппыз»: Әнші Шахизада тойға шығып, жұмысына кірісіп кетті (видео) [:]

[:kz]

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Шахизада Байбатжанова карантин салдарынан орын алған ұзақ үзілістен соң, қайтадан тойларда ән шырқауды қолға алды. Өнер иесі бұрынғыдай 300-400 адам қатысатын тойларға рұқсат берілмесе де, 50 адам шақырылған шараларға да қуана-қуана барғанын жасырмады. Ол әншілер қауымы той-томалақтарды қатты сағынып қалғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Шахизада Байбатжанова карантиннен кейін алғаш рет тойға шығып, өнер көрсетіп қайтты. Эстрада жұлдызы елу адам болған қуанышта ән салып, барынша халықтың көңілін көтеруге тырысқан.

Ол өлең айтып жатқан сәтіндегі видеосымен Instagram парақшасында бөлісіп, тойшыл қауыммен қайта жүздескеніне қуанышты екенін жазды. «Қазақтың тойы бітпесін. «Көтермесең көңілді кір басады» дейді. Біздер ән айтқанды, сіздер тойды сағындыңыздар. Ұзақ уақыттық үзілістен соң 50 адам шақырылған тойға барып, көңіл сарайымызды ашып қайттық. 50 адаммен де той жап-жақсы өтті» , — деп жазды өнер иесі.

 

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында өткен ұлан-ғасыр тойдың видеосы тарап, желіде шу тудырғанын жазған болатынбыз. Аталмыш шарада мейрамханалардағыдай екі жүзге жуық адам болған. Олардың арасында белгілі әзілкеш Нұржан Төлендиев те бой көрсетті.

Сондай-ақ, карантиннен кейін Алтынай Жорабаева мен Абай Бегей де тойларда ән салып үлгерді.

https://kaz.nur.kz/1860804-sagynyp-kalyppyz-nsi-sahizada-tojga-sygyp-zmysyna-kirisip-ketti-video.html

[:]