АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сайда түнеген: Қостанай облысында кеше жоғалып кеткен төрт қыз табылды[:]

[:kz]

Қостанай облысында 9 қазанда жоғалып кеткен 7, 9, 12 жастағы қыздар ертесі күні бір-ақ табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Асенкритовка ауылында төрт қыздың жоғалып кеткені туралы ақпарат желіде сағат 16:00-де тараған. 

 

«Алдын ала кедіп түскен ақпарат бойынша қыздарды автобустан шығарып жіберген», — деп жазыпты еріктілер. 

Жоғалып кеткен жеткіншектерді іздестіруге полицейлер мен жергілікті тұрғындар жұмылыпты. 

«Төрт қызды таңертеңгісін Николаевка ауылында тапқан. Олар сайда қонуға мәжбүр болыпты. Автоубс туралы ақпарат растатлмады. Олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Психолог та олармен жұмыс жасады», — деді Қостанай облыстық ПД өкілдері. 

[:]