[:kz]
Талдықорғандағы тіл сарайында тілші ғалымдар мен мектеп мұғалімдері бас қосып, латын әліпбиіне көшу мәселесін талқылады.
Себебі балалармен тікелей жұмыс істеп, оларды оқытып, білім беретін ең алдымен – осы ұстаздар қауымы. Сондықтан бұл мәселеде мұғалімдердің пікірі ескерілуі тиіс. Олар өткен ғасырдың басында қолданылған латын қарпіне өту мәселесін қызу қолдап отыр.
«Қазақ тіліне тән дыбыстардың ерекшелігіне мән беру қажет. Яғни бір әріп, бір таңба болғанын қалаймыз», – дейді ұстаздар.
Сайлау Қажыбекұлы, филология ғылымдарының кандидаты:
– Енді жазылып жатқан пікірлердің ішіндегі басты мәселе ноқаттарға, апострофтарға қатысты. Себебі жазған кезде шындығында кейбір жіңішке дауысты дыбыстар көп келетін сөздерде ол жиі қайталанып кетеді. Сонымен қатар әріптердің арасы ашылып қалады. Бұл әрине оқығанда біраз қиындықтар туғызуы әбден мүмкін.
Alashainasy.kz
[:]