АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Салафиттердің үргенін қолдап, Түркиядағы әйелдерді паналап жүрсің: Айгүл Елшібаева Нұрболханға сын айтты[:]

[:kz]

 

Нұрболхан Шарапов Тазабековке сын айтқан Светқали Нұржановқа қарсы шықты. Әзілкештің бұл жауабы әнші Айгүл Елшібаеваға ұнамай қалды. Әнші көлемді жазба арнап, ақтауға тырысты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін ақын Светқали Нұржанов Мұхамеджан Тазабековке сын айтып, елдің алдында масқаралаған еді. Оны қолдағандар да, қарсы шыққандар да табылды. Ақын ағасына Тазабеков сабырмен жауап берді.

Ал әзілкеш Нұрболхан Шарапов Светқали Нұржановтың сөзін құптамады. 

“Зiкiршi Светқали (Бишiлер). Кеше Мұхамеджан Тазабековтың постын көзiм шалды.

Содан Мұхамеджан Тазабеков пен Мұфтиятқа қарасты медреселерді адасқандарға балап, ҚМДБ-ыға қырың қарап отырған Светқали Нұржановтың кім екенін білейін деп интернетті ашып қалсам, қызық мен үшін енді басталғандай болды.

Сөйтсем, Светекең дін өкілдеріне тепсіне сөйлейтіндей түсінікте жүрген көкем екен. Естеріңізде болса, 2000 жылдары суфистер (зікіршілер) “Қазақстан” телеарнасын жаулап, “Яссауи” тобын құрып, танымал зиялы өкілдерін өздеріне қосып алып дүрілдеген еді ғой. Пірлері Исматулла Мақсұм деген Ауғанстаннан келген кісі болатын.

Елге құрылтайға келiп, билiктiң сенiмiне ие болып медресе ашып, кейiн сол медреседе қазақтың жас балаларын ұрып-соғып басқа ағымның жетегiне еру үшiн бiлгендерiн iстеген.

Оны заңға тартпақ болып сотқа алдырарда сытылып қашып кеткен. Оны құзырлы органдар соттап, оған ерген мүриттері талан-таражға түскен еді. Сөйте тұра Қазақстан азаматтығын қалай алғанына таңым бар.🤔 (Әлi күнге дейiн жұмбақ.)

Соңғы кезде бұлар әр жерден үн шығарып қоятын бопты. Пірлері түрмеден босап біз бармыз дегендей. Жаңа Қазақстанға керекпіз дегендей. Жаңа Қазақстанның сценариінде сектанттар жоқ деп ойлаймын. 

Егер де бұларды біреу қорғаймын десе, армандамасын. Халық бәрiн саралап, бақылап отыр. Қазiр бiрдеңе жасырып қалатын заман емес. Әлеуметтiк желi дамыған. Сондықтан, мұндайға қауым ретiнде жол бермеймiз”, – деп жазды ол. 

Шарапов Қазақстанда Ханафи мазхабының жолы дұрыс деп ескертті. Ал басқа ағымның ілімімен жастардың санасын уламау керек деген ұстанымын жеткізді.

“Бiзге Пайғамбарымыздың (с.а.у) жолы, ӘбуХанифаның мектебі жеткілікті. Светқали мырза, ел сыйлаған имамдарымыз бен ел танитын тұлғаларға тіл тигізді. «Дейді, дейді» деген сөздеріңіз ертегі айтуға да жарамайды. Бұл сөздеріңізбен миллиондаған жау тауып отырсыз. Қазақстанның бүкіл жамағатын өзіңізге қарсы қойдыңыз. Суфист, селкілдеген зікірші болғыңыз келсе, өзгеге жала жаппай-ақ бола беріңіз! Өзіңізбен өзіңіз болыңыз! Қоғамды уламаңыз! Кезінде “Қазақстан” телеарнасы арқылы лаңдатқандарыңыз жетеді. Қазiр ешкiм ақымақ емес. Достар, зiкiр айту бөлек, билеп зiкiр салу бөлек. Әңгiме екiншiсi жайында боп жатыр”, – деді Шарапов.

Блогердің бұл сөзі дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаеваның шамына тиді. Ол Нұрболхан салафиттерді қолдап жүр деп сын айтты.

“Нұрболхан, сауатың болмаса, бұл вахабист-салафиттердің сопылық ілімге жасаған қасақана қиянаты еді. Өзің салафиттердің үргенін қолдаған, айналаңда хиджапшыл, салафит байлары бар ,Түркиядан шықпайтын қатындарды паналап жүргеніңді ел біледі. Вахабисттік-салафиттік идеологияның қүрбаны болып кімдер Сирияға кеткенін, оны кім жібергенін білесің, мен бастасам, бәрі сотталып кетеді.
Сондықтан салафиттерді қолдап, жағымпаздағаныңды қой. Ақиқат қазақтың барлық ғұламалары, сопылық ілімнен шыққаны белгілі.
Аруақ, әулиені ширк, ақиқа, сәлем салма, жеті нан пісірме, молаға құран оқыма деген арабтың салт-дәстүрін насихаттайтын аудиоларды жинаса, қазақтың салт-дәстүрі, діни-таным түсінігіне қарсы вахабисттік-салафиттік идеологияның кім өкілдері екенін көруге болады”, – деді әнші.

Әнші қазақтың о баста сопылық ілімді ұстанғанын айтып өтті.

“Біз, Қазақ сопылық ілімді ұстанған, Абу Ханифа мазхабындағы Мәдинада-Мұхамбет, Түркістанда-Қожа Ахмет, Маңғыстауда-пір Бекет деген силсаланы ұстанған сопы қазақпыз. Қожа Ахмет атаң осылай ашық жария зікір салған. Сен тарихыңды білмегесін күліп отырсың. Яссауи тарихаты – ашық зікір, Нағышпандия тариқаты- жабық зікір салады. Біз қазақ аруақты құрметтеген халықпыз. Ширк деп қазақтың діни-танымын бұзған вахабист-салафиттерді ата-бабасының әруағы атсын. Қазір атып та жатыр. Сирияға кетіп өлген, санасы улаған қазақтың мойнында қаны бар, қаскүнемдерді Алланың Әділ деген сипатына тапсырдым. Аллаху Әкбар!”, – деді Елшібаева.

Желі қолданушыларының бірі әншінің, бірі әзілкештің сөзін қостады.

[:]