АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]СӘРЕСІДЕ ҚАНДАЙ ТАҒАМДАР ЖЕГЕН ЖӨН?[:]

[:kz]

 

0911f848da5dfaa3197ea5f7d731019d_bigОраза тұтқан адамның күні бойы шаршамай, оразаны қиналмай өткізуінде сәресінің алар орны ерекше. Әсіресе, жұмыс істеп, күндіз бір сәт тынығып ала алмайтын жандар үшін. Ендеше, сәресіде (аптап ыстықта шөлдетпейтіндей) күш-қуат беретін қандай тағамдар жеген дұрыс?

Ең алдымен мәзіріңізден ащы, тұзды, майлы, тым қою, қуырылған тағамдарды, кофе мен қою шайды, тәттілерді (торт, шоколад т.б. кондитерлік өнімдер), гамбургер, фаст-фуд, газдалған сусындарды алып тастаңыз. Себебі бұлар ағзаңызды әлсіретіп, тез шөлдетіп, қарныңызды тез аштырады. Әрі әлсіз асқазанға мұндай тағамдардың зияндылығы арта түседі.+

Ал келесі аталғандар күш-қуат беріп, тез шөлдемеуіңізге көмектеседі:
– тары, талқан;
– балғын көкөністер мен жемістер;
– күріш
– сүт өнімдері
– қарақұмық
– макарондар
– сұлы жармасы
– ботқалар
– қызыл бадана (лобия)
– қансыз табиғи шырындар
– жасыл көкөністер
– бұршақ
Суды тамақтанып болған соң ішкен абзал. «Күндіз шөлдеп қалмайын» деп таңертең суды тым көп ішуге де болмайды, тамақты да асықпай, аз-аздан жеңіз, қарным ашып қалады деп қатты тойып алмаңыз.
Алла баршаңыздың оразаларыңызды қабыл етсін!

muslim.kz

[:]