АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сау жері қалмады: Тойдан кейін күйеуі әйелін соққының астына алған[:]

[:kz]

Тойдан кейін күйеуі әйелін соққының астына алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Өзбекстанға сілтеме жасап.

Өзбекстанда тойдан 10 күн өткеннен кейін ер адам әйелін адам сенбестей ұрып тастаған. Нәтижесінде келіншек жансақтау бөлімінен бірақ шықты.

Оқиға Өзбекстандағы Самаркан ауданына қарасты Булунгур қаласында орын алған. Сол күні 31 жастағы еркек балмұздақ алуға дүкенге кеткен. Алайда, көп ұзамай үйіне мас күйінде қайтып келіп, келіншегіне жұдырық ала жүгірген.

Жанжалды көршілер естіп қалып, араша түскен. Әйелдің басы жарылып, денесі қаннан көрінбей жатқан көрінеді. Қазіргі таңда, полиция қызметкерлері зардап шегушіге ем алып, медициналық сраптама жүргізбеуін сұраған.

 Stan.kz 

 

[:]