[:kz]
Сәуле Әбединова әлеуметтік желідегі парақшасында Бердібек Сапарбаев туралы пікірін білдірді деп хабарлайды kznews.kz
ақпараттық сайты .
«бордюрбек саудагер сапарбайып!
Екі жыл бұрын 4 ақпанда бес сәби өртенді. Содан көпбалалы аналар көтерілді де, сен Әлеумет министрі болдың.
«Көпбалалы аналар мәселесін осы комиссия шешеді» деген ебыңның өтірік құрған мемлекеттік комиссиясына төраға болып, әрбір сала министрлерімен, вицелерімен, департамент басшыларымен, қоғам белсенделілерімен, көпбалалы аналармен апта сайын комиссия отырысын өткіздің. Мені жолатқың келмеді. Саған жазған хатым жауапсыз қалды, ол менде сақтаулы…
Құрамында бәленбай адамы бар өтірік комиссияға өтірік төраға болып, светлана жақыповаңмен бірге қанша ай спектакль ойнағандарың есімізде де қалмады, ол мемлекеттік комиссиясымақтарыңның апта сайын бәлен сағаттап көпірген отырыстарыңның қорытындысын да шығарған жоқсыңдар, не істедіңдер, не қойдыңдар – сол күйі бізге белгісіз. Өйткені комиссия жұмысы бойынша сен, тіпті, өтірік есеп те берген жоқсың. Қораға жиналған қой құсап, маңырап-маңырап, кеттіңдер.
Сен басқарған сол МЕМЛЕКЕТТІК комиссияның нәтижесі не болды?
Нәтижесі – сен әкім боп барған облыста, тағы да ақпанда, тағы да бес сәби өртенді…
Бұл саған ештеңе сездірмей ме? «Уәдең қайда, ата?» деген бес періштенің дауысы құлағыңа келмей ме???
Ұялмай тағы өтірік есеп беріп тұрсың. Сен есеп беріп тұрғанда тағы да бес періштенің өртеніп, дәл сенің трибунаңдағы Елтаңбаның құлап жатуы – кездейсоқтық емес екенін ұқпайсың ба?
Ібіліс жүрген жерін өртеп жүреді екен…
Сен жүрген жерге шөп шыққанын көрмедім… (бордюр шыққанын көрдім)… сендер жүрген жерді 30 жыл бойы өрт шалып, от лаулап келеді…. тозақ оттары жымыңдамай ма түсіңде???
Әлеуметтік мәселелерлді оң шешіп, көпбалалы аналармен, мұқтаж отбасылармен керемет жұмыс істеп отырған, аз мерзімде халықтың құрметіне бөленген Мырзахметовтың орнына келдің де, көпбалалы аналарды бір-бірімен шағыстырып, лаң салдың. Қайда содан шыққан мүйізің??? Мырзахметовтің қатысы жоқ «Қордай ісіне» оны крайний қылдыңдар.
Арамы, аяр шакалдардардың тірлігін ТВдан талай көрдік қой… шалдардың шакалдығын өмірден сағат сайын көретін болдық…
Қысқасы, сендер сияқты срогы өткен шалдар елдік істі де, әйелдік істі де істей алмайсыңдар. Әйелдік істе виагра көмектесетін шығар», – деп жазды ол.
[:]