АЛТЫНОРДА
Ақорда жаңалықтары

[:kz]Саясат Нұрбек студенттерді университеттердің жанындағы хостелдерге орналастыруды ұсынды[:]

[:kz]

 

Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі биыл студенттерге төсек-орын тапшылығы болатынын болжап отыр. Сондықтан 10 мың орындық 35 жатақхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Министрдің болжамы бойынша, жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта өтеді және студенттік жатақханаларда орын тапшылығы туындауы мүмкін. Бұл мәселе әсіресе ірі жоғары оқу орындары көп шоғырланған қалаларда өзекті болып табылады.

Студенттерге арналған жатақхана құрылысы мәселесіне арналған жиында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ЖОО ректорларына жатақханаларға ревизия жүргізіп, төсек-орын санын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, университеттерге жақын орналасқан жатақханалар мен қонақ үйлердің(хостелдер) жұмыс жасау тәжірибесін қолдану қажеттігін атап өтті.

2018-2021 жылдар аралығында Қазақстанда барлығы 30 630 орындық 124 нысан пайдалануға берілді, оның ішінде 2021 жылы 10 364 орындық 49 ғимарат пайдалануға берілген.

Адырна” ұлттық порталы

[:]