АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сазгер Еділ Құсайынов хал үстінде[:]

[:kz]

 

Ежелгі сақтар мен ғұндар дәуірінің мәңгілік әуенін бүгінгі жаңа ғасыр музыкасымен жалғастырып, қазақ ұлттық мәдениетін әлемдік сахнада жаңғыртып жүрген талант иесі Еділ Құсайынов хал үстінде.

«Бір өзі — бір оркестр» аталып кеткен Еділ Құсайыновты білмейтін адам кемде-кем. Сазгер қазір жаман ауруға шалдықты. Оған простата карциномасы диагнозы қойылған. Құсайыновтың жанашырлары халықтан көмек сұрайды. Жиналған қаражат Еділ Құсайыновтың еміне жұмсалады.

Еділ Құсайыновқа қалай көмектесе аласыз?

  • Ақпараттық қолдау. Осы ақпаратты әлеуметтік желіде достарыңызбен бөлісу;
  • Қаржылай. Мына реквизиттер бойынша қаражат жіберу:

HALYK BANK:  4390 8782 0130 6379

KASPI BANK:   5169 4971 0080 8710. Yedil Khussainov

 

Еділ Құсайынов — қазақтың музыкалық көне аспаптарын шебер меңгерген сазгер, фольклор зерттеушісі. Оның топтамасында ондаған көне аспаптар бар. Және ол олардың барлығын да жетік меңгерген. Еділ Құсайыновты, музыка саласының мамандары «ерекше құбылыс» деп атайды. Ол жетіген, сыбызғы, сазсырнай, қамыс сырнай, шаңқобыз аспаптарымен қатар көмеймен ән айтудың әзірше теңдесі жоқ жалғыз шебері.

«Адырна» ұлттық порталы

[:]