АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Семейде әткеншек құлап, 5 бала жарақаттанды[:]

[:kz]

Семейде әткеншек құлап, 5 бала жарақаттанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі yk.kz сайтына сілтеме жасап.

Істен шыққан әткеншектен 5 бала зардап шегіп, 4 бала жедел ауруханаға жеткізілген. Тексеру жұмыстарын жүргізгеннен кейін зардап шегушілер үйіне қайтарылды. Тағы бір бала жеңіл жарақаттар алып, ауруханаға барудан бастартқан.

Әткеншектің жеке кәсіпкерге тиесілі болғаны анықталды. Қазір мәселенің мән-жайын анықтау үшін зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Құқық қорғау органдарының тарапынан балаларға арналған әткеншектерді тексеруге арналған арнайы комиccия құрылды.

Құтқарушылар ата-аналардан жекеменшік ойын орындарына барған кезде қауіпсіздікті қадағалауды сұрады.

Stan.kz

[:]