АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Семейде дау тудырған Мәншүк Мәметованың мүсінін алып тастады[:]

[:kz]

Семейде қоғам наразылығын тудырған Жеңіс саябағындағы Мәншүк Мәметованың ағаштан жасалған мүсіні алынды деп хабарлайды Қазақпарат.

 
 
Фото: arnapress.kz

Фото: arnapress.kz

 

Айта кетейік, бұған дейін қазақтың қаһарман қызадарының бірі Мәншүк Мәметованың мүсіні көпшіліктің көңілінен шықпай, дау тудырған болатын.

Осы шулы жағдайға байланысты Семей қалалық әкімдігі мән-жайды айтып берді.

«Ағаш мүсін саябаққа сенбі күні, яғни 2 қараша күні қойылды. Ол қала тұрғындарының да, әкімдіктің де көңілінен шыққан жоқ, сол себепті оны орнынан алып тастадық», — дейді Семей қаласының Ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов.

Оның айтуынша, сол саябақтағы кесілуі керек ағашты түбімен алып тастамай, мүсін жасау туралы идея пайда болған.

«Бізде мұндай тәжірибе болған. Қаладағы Абайдың ескерткішінің жанына ағаштан ойып домбыра, қобыздың мүсінін жасаған болатынбыз. Осы жолы Әлия Молдағұлова немесе Мәншүк Мәметованың мүсінін жасап көрейік дедік, бірақ ол сәтсіз шықты.

Келесі жылы Жеңістің 75 жылдығына орай Жеңіс саябағы толық реконструкцияланады. Ол жерде бұл мүсіннің тұруына қисын жоқ, сол себепті алып тастадық», — дейді ол.

 
 

[:]