[:kz]
Елорда тұрғыны қазақ тілін нашар білгені үшін өзіне такси жүргізушісі қоқан-лоқы көрсетіп, балағаттағынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Instagram желісіндегі жарық көрген видеодан жүргізушінің жолаушыны балақаттап, ол сияқты адамдарды «иттің етінен де жек көремін» деп айқайлайды.
Жолаушы қыз полиция шақырамын десе де жүргізуші алған бетінен қайтпаған. Әзірге оқиғаның соңы немен аяқталғаны белгісіз.
«Яндекс Go» компаниясы жүргізушімен байланысқа шығып, оны жүйеден шеттеткенін мәлімдеді.
«Агрессияға бой беретін адамдар қызмет көрсету саласында жұмыс істей алмайды деп санаймыз. Сол себепті жүргізушіге жүйеде тапсырыс алуға шек қойылды», — дейді компания өкілі.
Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасы жүргізушінің үстінен арыз түскенін растап, іс қарауға жіберілетінін жеткізді.
Ескерту: Видеода балағат сөздер айтылады
Посмотреть эту публикацию в Instagram
[:]