АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Сенімсіздік болды»: Марат Омаров некесіз туған немересін қабылдады[:]

[:kz]

Марат Омаров некесіз туған немересін қабылдады. Айтуынша, басында сенімсіздік болған. Медициналық сараптамадан кейін Азамат да қызына өз тегін беріпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Shownews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жақында бағдарламаның бірінде Кәмшат есімді бойжеткен әнші Марат Омаровтың ұлынан жүкті болып қалғанын және өз туған қызына тегін бермей жүргенін айтқан еді. Бүгінде мәселенің мән-жайы анықталды. 
«Ол қызды мен танимын. Бір сәттері бірге болғанбыз. Бірақ төрт ай жүріп, оған уәде беру деген сияқты нәрселер болған жоқ. Екі жылдан кейін сенің қызың бар деп шыққаны аспаннан түскен жаңалық болды», – дейді Азамат Омаров.

 

«Әнші және танымал болған соң бай деп ойлай ма қажеттілікке байланысты. Басында мен де аңғармадым. Екі жылдан кейін келіп «Сіздің немереңіз бар» дегенге кім сенеді оған. Миллиондаған хат келіп жатқанда сенім болмады. Себебі, балам маған айтпаған. Зарина БАҚ-на ашық сұхбат беріп жүрген адам. Мен өзім бармын. Көмекшілерім де бар. Соларға шығып немесе менімен кездесіп көзбе-көз сөйлессе ешқашан қашқан емеспін. Жалпы қазақ қыздарының жылағанын ешуақытта қаламаймын», – дейді Марат Омаров.

Азамат Омаров Кәмшатпен бір рет ғана кездескенін айтты. Тіпті оған ешқандай уәде бермеген. Оның алғашқы некесінен екі баласы бар. Бірақ бүгінде отбасынан бөлек тұрады.

«Ең бастысы қазір бәрі анықталды. Көзайымды Азаматқызы етіп атадым. Кәмшатқа бақыт тілеймін. Ол қызды жамандамаймын. Әрине менен де бар. Бірақ мен онымен араласып, қандай екенін де білмеппін. Болғанымыз бір-ақ рет. Екі жыл бұрын отбасымда бір мәселелер болып көңіл-күйім жоқ болып жүргенмін. Көлігімді сатып, казиноға барған емеспін. Неге олай айтқанын білмеймін. Инстаграмда жазылған қарғау әңгімелер жағымсыз нәрсе болып көрінді. Сол жағы біткеніне өте қуаныштымын. Әкемнен кешірім сұраймын. Достарыма ол пиар жолы деп кішкене позитивке айналдырып жіберетін де кездер болады», – дейді Азамат Омаров. 

Марат Омаров тағдырдың тосыннан сыйлаған сыйына шын қуанғанын жасырмайды. 

«Егер дәлелденіп жатқан дүние болса, мен қалай қарсы боламын? Сондықтан да осы күнге дейін дәлелденбей жатқан дүниеге ешнәрсе айта алмадым. Халыққа да жауап беру маған қиын болды. Сенімсіздік болды. Мен балажанмын. Жанұям да балажан. Біз баланы қабыл етеміз. Ол періште ғой. Баланың қандай кінәсі бар?», – дейді Марат Омаров.

Зарина Омарова болса, әкесі мен інісіне жағылған қара күйенің оңай соқпағанын айтады. 

«Бұл оқиға жалғыз менің ініме емес, Омаровтар отбасына тосыннан тиді. Әкемнің атын жариялап «Марат Омаровтың некесіз немересі» деп шықты. Менің інімді басқа адам ретінде көрсетіп жібергені халыққа біздің жанұямызға қатты ауыр тиді», – дейді Зарина Омарова.
 

[:]