[:ru]Серик Малеев. Алматы 1000 жыл. Тарихты адамдар жазады.[:]

[:ru]

4zkftf8mwbtzjswitzh4ovsvqeoiqp«Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық», —  Н. Назарбаев.


 

 

Алматының 1000 жылдығын тойлау – бұл біздің ел тарихының маңызды кезеңдері болып табылатын Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау сияқты ауқымды шара. Қазақтар ұлы бабалар даңқының лайықты мұрагерлері.

Бүгінгі Қазақстан аумағында, соның ішінде жерұйық Жетісу жерінде баяғы заманнан бері өркениет қалыптасқан. Көшпенді сақ мемлекеттерінен бастап, қатарында ғұндар, Түркі қағанаты, Алтын орда мемлекеттері бар өткен замандағы ұлы империяларға дейін біз тарихта маңызды орын береміз. Мұның барлығы біздің мұрамыз.

Тәуелсіздік алғаннан бері біздің тарихымыздың жаңа беттері ашыла бастады. Қазақстандық ғалымдар Ресей, Грузия, Иран, Қытай елдеріндегі кітап қоймаларындағы, біздің халқымыздың өткені туралы құнды білім беретін архивтік материалдарды зерттеуді қолға алды. Бағзы замандағы адамдардың өмірлерінен нақты мәліметтер беретін көптеген археологиялық экспедициялар бізге бүгінде біраз нәрсенің басын ашып берді.

Ал Алматының мыңжылдығына қатысты айтатын болсақ, әлемдік атағы бар ғалым, академик Карл Байпақов былай дейді:

– Алматыға мың жыл болғанын анықтайтын үш аргумент бар. Бұл монета, Алматыны қала ретінде көрсететін жазбаша дереккөздер. Шыны керек, дереккөздер XVI ғасырдың бергі жағында жазылған. Бірақ оған куә болатын Алматы маңында болған оқиғалар бар. Одан бұрынырақ уақытта болған, біз оны нақты білеміз. Алайда Алматының жасын қанша деген сұраққа жауап табуға бізге археология көмектеседі. Бұл Қазан, Ташкент, Самарқанд, Түркістан қалаларының даталарын анықтағанда қолданылған қарапайым әдіс. Сондықтан археология басты рөлді атқарады. Керамикалар кешені, бұйымдар кешені, ұсталық шеберханалар, сүйектен жасалған бұйымдар XI-XII ғасырлардың диапазонына жақсы үйлеседі.

Алматының мыңжылдығын тойлауп жатқанда қала тұрғындарын құттықтау үшін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы ұшып келді. Алматыда өтетін «Универсиада — 2017» қонақтарын қарсы алуға дайын, жаңадан тұрғызылған көпмыңдық Қысқы стадионындағы гала-концертте көрермендерді құттықтаған президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Бұл дата ЮНЕСКО-ның, адамзаттың атаулы және мерекелік күндері күнтізбесіне енген. Аталған шешім Алматының өңірлік және жаһандық дамудағы бірегей рөлінің айырықша екенін көрсетеді. Алатау бөктеріндегі қастерлі өлке өз тарихында көп нәрсені бастан өткерді. Бұл жерден алып Еуразияның Шығыс мен Батысын, Солтүстігі мен Оңтүстігін жалғаған алғашқы сауда жолы және жалпы адамзаттық магистраль – Ұлы Жібек жолы өткен. Бес жүз елу жыл бұрын Жетісу Қазақ хандығының бесігі болды. Бұл жерде бүкіл Орталық Азия аймағының урбанистік мәдениетінің басты ошағының бірі пайда болды» деп Алматы қаласының тарихи тізбегіне тоқталып өтті.

Бүгінде Алматы – екі миллионға жуық тұрғыны бар, қарқынды дамып келе жатқан мегаполис. Бұл біздің еліміздің қаржы орталығы, ал алдағы уақытта көлік және туристік орталыққа айналмақ.

         Бүгінде біздің еліміз Қытай Халық Республикасы және басқа мүдделі тараптармен бірлесіп, темір жол және заманауи автомобиль магистральдар арқылы Батыс Қытайдан Батыс Еуропа елдеріне жедел тауар тасымалын қамтамасыз ететін ежелгі көлік артериясы – Ұлы Жібек жолын қалпына келтірмек. Өзінің құттықтау сөзінде Елбасы бұл туралы да еске сала кетті:

         « Қала 1929 жылы Қазақстанның ке­зек­ті астанасына айналып, кейіннен мил­лиондаған тұрғыны бар мегаполиске дейін өсті. Алматыға егемен Қазақстанның ал­ғаш­­қы астанасы болу мәртебесі бұйырды. Сондықтан бүкіл халық болып қаланың мың жылдығын Отанымыздың Тәуел­сіз­ді­гінің 25 жылдығы белесінде мерекелеу­де­міз. 1995 жылы жалпы халықтық ре­фе­рен­дум­да республика Конституциясы қа­был­данды. Осы қалада «Қазақстан Рес­публикасының Тәуелсіздігі туралы» заң қабылданды. Алматыда Қазақстан халқы ассамблеясы құрылды. Нақ осы жерде жаңа елорда – Астана туралы тарихи қаулы қа­был­данды, – деген Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев мегаполистің әлеу­меттік-экономикалық даму мәселелері әрқа­шан мемлекеттің басты назарында еке­нін атап өтті.  – Былтыр қаланың 2020 жыл­ға дейінгі даму бағдарламасы қабыл­данды. Ол тұрғындардың өмірін, қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, бизнес үшін қолайлы жағдайлар туғызу жөніндегі нақты шараларды қамтиды. Қазіргі Алматы – Қазақстанның батыл әрі қарқынды да­муының көрінісі. Соңғы 5 жылдың өзінде қала аумағы 2 есе өсті. Тұрғындардың жал­пы саны – бір миллион жеті жүз мың адам. Алматы метрополитені қазірдің өзінде күнiне мыңдаған жолаушы тасымалданады. 2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы басталады. Ол «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» ха­лық­аралық магист­ра­лінің бір бөлігі болмақ. «Инновациялық тех­нологиялар саябағы» арнайы эконо­ми­калық аймағы құрылып, дамытылуда», деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. 

[:kz]

[:en]

[:]