АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:ru]Серік Малеев. Хиллари Клинтоннан қазақтар не күтеді?[:]

[:ru]

%d0%b1%d0%b5%d0%b7-%d0%bd%d0%b0%d0%b7%d0%b2%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d1%8f-1» Хилларидан басқа, Билл Клинтонды және мені қосып алғанда, Америка Құрама Штаттары президентінің постына лайықты азамат немесе әйел ешқашан болған емес деп мен үлкен сенімділікпен айта аламын» деді Обама. «Ол ең күрделі шешімдерді қабылдап, ең бір шиеленіскен күрделі халықаралық дағдарыстарда салқынқандылық таныта отырып адамдарға сыйласымдықпен қарауға қабылетті екенін дәлелдеді» деп келтіреді президенттің сөзін  TheWashingtonTimes.

Бұл сөздерді теріске шығара алмайсың. Миллиондаған америкалықтардың пікірінше, көңілді жүретін қарапайым жігіт Биллды АҚШ президенті жасаған осы Хиллари. Енді ол Америкадаға президенттік жарыста сенімді алға суырыылып шықты. Сонымен, егер біздің елдің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Америка Құрама Штаттары постына қазіргі кандидаты арасындағы баяғыдан келе жатқан достық қатынастарды ескерсек,  Хиллари Клинтоннан қазақтар нені күтеді деген сұрақтың орны бар. Естеріңізге сала кетейік, Хиллари 2010 жылы Қазақстанға келген. Бұл жағынан алғанда қазақстар үшін Америка президентінің постына мұсылмандарға қырын қарайтын Дональд Трамптан гөрі Клинтонның келгені жақсы. Ол біздің досымыз.

 

Хиллари Клинтон және оның Украинаға қатысты көзқарасы

Артынан жаман сөз еруден қорыққан, сондықтан сыртқы саясатта аяғын байқап басып, ойланып әрекет еткен алғашқы қара нәсілді Америка президенті Барак Обамадан қазіргі президенттікке кандидаттың айырмашылығы – парасаттылық және табандылық. Бүгінгі кремльдік басшылар осыдан қорқады.

Ресей басып алған Қырым мен Донбасс туралы, сондай-ақ АҚШ басқарған коалициялық мемлекеттердің Украинаға көрсетіп отырған  болмашы қолдауы жөнінде Хиллари Клинтон өзінің ұстанымын ашық айтты. Ал бұл дегеніміз, әлемдік жетекші мемлекеттің президенті тағына ол отырса, Вашингтонның Кремлге қатысты саясаты қатты өзгеретін болмақ.

Кремльдегі саясаткерлердің басты қателіктері жау ретінде Американы таңдап алғандықтарында жән әлемдегі жетекші экономикамен саяси және экономикалық қарама қайшылыққа барып, құрдымға апаратын бағытты ұстануда.

Ал енді Қазақстанға және оның көпбағытты саясатына келсек, біз осыған ұқсас дипломатияны бірінші рет жасап отырған жоқпыз. Қазіргі әлемде дұрыс ойланатын мемлекеттердің барлығы сыртқы саясатын көпвекторлы принциптерге бағыттаған. Сондықтан, Еуропа одағымен қауымдастыққа кіргісі келген Украинаға, Кремльдің қазіргі басшылығы тарапынан кедергі жасалып, байбалам салу жайлап айтқанда орынсыз көреінеді. Украина тәуелсіз мемлекет ретінде кіммен жақын байланыста болғысы келеді, өзі шешуге құқы бар. 

Қазақстанға келсек, естеріңізге сала кетейік, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарына алдыңғы барған сапарында, екі ел басшыларының және осы елдің іскер ортасымен кездесуінде батыстық жетекші қаржы компанияларының капиталы жұмыс істейтін халықаралық қаржы орталығын Астанада құру туралы бірлескен шешім қабылданды.

 Бұл кездесудің маңызы туралы «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаев:  «Экономика капитандары» активтерінің құны 10 триллионов долларды құрайды. Модераторлардың айтуынша мемлекет басшыларының бұрынғы кездесулерінде мұншама бизнесмендер бас қоспаған. Ресми емес кездесу барысында біздің еліміздегі жобалардың іске асырылуы туралы айтуға , біздегі бағдарламаға қатысу үшін елге шақыруға мүмкіндігіміз болды. Сондай-ақ, мен Евразиялық экономикалық одақ, Еуропалық одақ және Жібек жолы экономикалық белдеуді біріктіруге күш салсақ бүкіл Евразияның экономикалық дамуына пайдалы болатындығына назар аудардым», дедй Қазақстан Президенті.

Бұл кездесудің теңдесі жоқ мазмұны туралы сұхбатында президент Назарбаевтың өзі айтты.  Осының өзі жетекші америкалық компаниялардың біздің елге мүдделі екендігін дәлелдейді.

 

 

 

[:]