АЛТЫНОРДА
Сот ісі

[:kz]Серік Малеев. Бұрмалау. Бір істің былығы туралы[:]

[:kz]

Қазақстандағы соттардың шығаратын үкімдері заңды және әділетті дегенде халықтың көпшілігінің езуіне күлкі үйіріледі.

Біздің жерімізде заңдылық пен құқықтық тәртіп соңғы екі жылдан бері болған емес. Ресей империясы тұсында да билер мен ұлыс сұлтандарының лауазымдары отарлаушы әкімшілікке пара беру арқылы сатылған.

Сталин билік еткен жылдары соттар кінәсін дәлелдемей-ақ талай атамды жазықсыз атып тастаған. КСРО бас прокуроры Вышинский айтпақшы: мойындаудан артық дәлел жоқ. Ал мойындату жағын НКВД-ның жандайшаптары қатыратын. 

Жаппай жемқорлық билеген Брежнев заманында елдегі ең деген парақорлардың алдыңғы қатарында соттар мен прокуратура тұратын.

Совет одағы күйрегелі отыз жыл өтсе де, Қазақстан тәуелсіздігін алса да біздің өмірімізде бірдеңе өзгерді деп айту қиын. Сыбайлас жемқорлық пен жең ұшынан жалғасқан соттар мен прокурорлар біздің әлі де құртып келеді. Мыңдаған адамның тағдырын тәлкекке салады.

Ендеше біз қалайша халық өз мемлекетіне сенетін, әділдік пен заңдылық сақталатын тиімді мемлекет құрмақпыз? Бұл біздің мемлекеттік қауіпсіздігіміздің мәселесі.

Бұл оқиға – бүгінгі біздің сот жүйеміз, құқық қорғау және күштік құрылымдарымыздың қалай жұмыс істейтінінің жарқын мысалы.

Бұл – тағдыр тәлкегі мен біздің құқық қорғау органдарымыздың кесірінен көк тиынсыз, заң алдында қорғансыз қалған, нақақтан күйген Боранәлі Ақпанбеттің басынан өткені. Оның ісі тым жеңіл еді, шындықтын бетін ашу үшін терең қазудың керегі жоқ болатын. 

Бірақ бұл істі екі жылдан бері жүргізіп келе жатқан маңғыстаулық тергеу органдары түсініксіз себептермен нақты деректер мен құжаттарға қарағысы келмей келеді. Оларды іске қоспай отыр.

Бәленің бәрі былай басталды

Боранәлі Ақпанбет өзімен бірге жұмыс істеген Жетібаева Айнұр деген әйелмен көңіл жарастырып, үйленеді кезінде. Жаңаөзенде той жасаған.

Жетібаевтардың отбасылық бизнесі – Жаңаөзендегі «Бөкен» базарының жағдайы тым мүшкіл еді. Базардан табыс түспейді, салықтары төленбеген, жарыққа, су мен канализацияға қарызы бар, ал Жетібаевтардың өздері кредиттерін төлей алмай, банкроттың алдында тұрған. Сол кезде Жетібаевтардың жағдайы шынымен мүшкіл еді.

Бұл фактіні тексеру оп-оңай. Тергеушілер «Бөкен» базарының 2016 жылға дейінгі салық құжаттарын көтерсе болды.

Ал Боранәлі өзінің жаңа отбасының жағдайын түзеу үшін барын салды. Базар жұмысын жолға қойды. Жетібаевтар отбасының қаптаған кредиттерін жапты. Салықтарын төледі. Жарық пен судың қарызы өтеді.

Бұл деген миллиондаған теңге еді. Ақыр аяғы бұл өз қалтасынан апалы-сіңлілі Жетібаевтар – Айнұр мен Әлияға Алматы мен Астанадан пәтер де алып берген.

Жас әйеліне деген ғашықтықтың буымен Боранәлі Айнұр мен оның туыстарының талай рет шетелге барған демалыстарын да көтерген.

Қайдан білген Боранәлі, отбасым берік болып, осы әйелмен бірге қартаямын деген арманы оырндалмайтынын.

Бәленің бәрі Боранәлінің «Бөкен» базарына күрделі жөндеу жасап, жөнге салып бергенінен кейін басталды.

Бәрі жаман аяқталды

Боранәлі шіріп тұрған ескі контейнерлердің орнына заманауи бутиктер мен сауда павильондарын салды.

Боранәлінің сөзі мен қолындағы құжаттарына қарағанда, базарды қайта салуға бір миллиард теңгеден астам өз ақшасы мен несиеге алған қаражаты жұмсалған. Әлгі сатып алып берген екі пәтерді қоспағанда, Жетібаевтардың кредиттерін жапқаны мен шетелдегі демалыстарын айтпағанда. Оларға кеткен бес жүз миллиондай ақша өз алдына бөлек шығын.

 

Реконструкцияға дейінгі «Бөкен» базары.

Құрылыс біткеннен кейінгі ажары осындай болуы тиіс еді.

Жетібаевтардың өтінішімен аудиторлық тексеріске кіргізілмеген базардың төбесіндегі темір жабынды. Қағаз бойынша ол жоқ.

Құрылысшылар шатырды жауып жатқан. Базар сәнді болуы тиіс еді.

Боранәлі Ақпанбеттің ақшасына орнатылған жаңа бутиктер.

«Бөкен» базары жөндеуге жабылып қалғаны сол екен, Боранәлі Ақпанбеттің үйінде күнде төбелес басталды. Айнұрға әпке-сіңлілері мен туыстары қысым жасай бастады. Базардан түсіп тұрған аз-мұз ақшаның жоғалғанына Боранәліні кінәлі етті. Оңбаған күйеу боп шыға келді.  

Енесі Баян кезінде күйеуі Мұратханмен ортақ мүлікті бөліспестен ажырасып кеткен. Баян базарды құруға көп күшін салған қайын інісі Батырбекті де түк берместен ортақ бизнестен қуып жіберген. Айнұр Жетібаеваның бірінші күйеуін де бұл отбасы қолына бір чемоданын ұстатып, құйрықтан бір тепкен. Ендігі кезек Боранәліге келген екен.

Заң қайда?

Ең қызығы, осы істі екі жыл бойы тергеген органдар Жетібаевтар отбасының тапсырысымен «Бөкен» базарының реконструкцияға дейінгі құнын қарастыратын аудиторлық тексеру қорытындысына ғана сүйеніп келеді. Оның қорытындысы бойынша Боранәлі Ақпанбеттің өзі Жетібаевтар отбасына 710 миллион теңге қарыз екен-дағы, олар сот арқылы сол ақшаны қайтаруды талап етуде.

Бірақ тергеу Боранәлі Ақпанбеттің «Бөкен» базарының реконструкциясына жұмсаған шығындарын, Жетібаевтар отбасының 2016 жылға дейінгі жиналып қалған несие қарыздарын жапқанын, Айнұр мен Әлияға Алматы мен Астанадан екі пәтер сатып алып бергенін растайтын фактілерді мүлдем қаперге алмайды.

Оған «Бөкен» базарының 2010 жылдан бастап 2019 жылға дейін төлемеген коммуналдық қарыздары мен базардың салықтарын қосқанда тағы бір жарым миллиард теңге шығады.

Олай санағанда Жетібаевтар отбасына Боранәлі Ақпанбет 710 миллион теңге қарыз емес, керісінше, Жетібаевтар Боранәліге 800 миллион теңге қарыз боп шығады, жаңағы «Бөкен» базарының реконструкциясы мен отбасылық бизнеске байланысты жұмсаған шығындары сондай.   

Бірақ бұл жайтқа тергеу екі жылдан бері мән бермей келеді.

Қажетті қағаздың бәрі Боранәлінің қолында тұр. Барлық чектері, ақша аударымдары, куәгерлердің куәсі, құрылыс және экономикалық сараптамалар. Ол құжаттарды бірақ тергеу іске қоспай отыр.

Ал енді тергеу неге өйтеді десеңіз, оның жауабы мынада: тергеу органдарына Жетібаевтардың астанадағы үлкен кабинеттерде отырған дөкей туыстары қысым жасап отыр. Солардың ықпалымен бұл іс Боранәлі Ақпанбеттің пайдасына еш шешілмеуі тиіс.

Сот пен президентке үндеу

Енді Боранәлі Ақпанбеттің бар үміті әділетті сот пен ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кезінде өзі де прокуратурада жұмыс істеген Боранәлі Ақпанбет біздің елде тергеу мен соттың қалай жүргізілетінін жақсы біледі. Содан болар, үміті әлсіз.

Ендеше біз «Аltyn-Orda.kz» басылымы арқылы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат арнаймыз.

Жетібаевтар отбасының арыз-талабына байланысты тергеу шаралары барысында әділетсіздікке душар болған азамат Боранәлі Ақпанбеттің мәселесіне назарыңызды аударсаңыз деп сұраймыз.

Еліміздің миллиондаған азаматтарының көңіл-күйі мен мемлекеттің өзінің тұрақтылығы сот пен тергеудің әділдігіне байланысты.

Эпилог орнына

Сот практикасында рас, өте күрделі, шындық пен өтірігін айыра алмайтын тым шырмалған істер кездеседі.

Бірақ мына істің ақ-қарасы тым оңай! Тергеушілердің белден басуы әр жерден мен мұндалап тұр. Астанадағы бір дөкейге жағамын деп, шындықтың бетін бір уыс өтірікпен көміп, істі бітіре салмақ.

Бізге енді сот шешімін күту ғана қалды, сот әділдікті қақ жарар деген үмітпенен.

Altyn-Orda.kz

 

[:]