АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Шарасыз Президентті көрдім» — Қосанов Тоқаев туралы шындықты айтты [:]

[:kz]

Белгілі саясаткер Әміржан Қосанов Үкіметті сынға алды. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды. 

— «Өрт сөндірушілер» командасы орнында қалды. Үкіметтің президент қастысқан кеңейтілген отырысына қатысты бірер ой Біздің үкімет «өрт сөндірушілер» командасы сияқты. Бүгін пандемия мен қуаңшылық. Ертең тағы бір проблема пайда болар, солардың соңында далақтап, халықтың ақшасын судай шашып, жүгіре береді! Пандемияны білмеймін, бірақ жұртты жалмап бара жатқан сұмдық қымбатшылықты, еліміздің түкпір-түкпірінде боп жатқан құрғақшылық пен мал азығының азаю мүмкіндігін алдын-ала болжауға болатын еді ғой? Әлде біздің министрлер мониторинг пен болжау дегенді білмей ме? Биліктің стратегиялық зерттеу, болжау, күні бұрын қамдану институттары қайда? Өкінішке орай, жыл өткен сайын президент те осы үрдістің соңында кетіп барады. Яғни, қордаланған мәселелерді атайды, бірақ оның бәрін шешуді жағдайды осындай масқараға жеткізген сол үкіметтен қайтадан талап етеді. Нонсенс! Бар кінәні бір министрге артты да, оны жұмыстан шығарып жіберді. Енді ол министр кеткен соң су қайтып келе ме? Дәрия тола ма? Малдың жемі көбейе ме? Азық-түлік бағасы арзандай ма? Қайдам… Саясаттануда «қоғам температурасы» деген ұғым бар. Өзінің болашағын ойлайтын кез келген билік сонымен санасып, ол температураны сезетінін аракідік білдіріп түруы тиіс. Әйтпесе, саяси банкрот болады. Бүгінгі үкімет отырысынан мен қоғам температурасын сезбедім. Бірақ бір нәрсе аңғардым. Өзі көңілі толмайтын министрлерді отставкаға жібергісі келсе де, жібере алмайтын, шарасыз президентті көрдім… — деп жазды Әміржан Қосанов.

Ойнет жаңалықтар сайты: https://www.oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=34639
© Oinet.kz

[:]