[:kz]
4 мамырдан бастап барлық аймақтарда жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет тізбесін Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия бекітті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
4 мамырдан аймақтарда мына орындар жұмысын қайта бастайды:
ауданы 500 ш.м.-ге дейін жететін азық-түлік емес дүкендер 17:00-ге дейін жұмыс істейді;
- фотосурет дүкендері, гүл сататын дүкендер;
- шаштараздар (алдын-ала жазылу бойынша);
- медициналық орталықтар (алдын-ала жазылу бойынша);
- стоматологиялық клиникалар (алдын-ала жазылу бойынша);
- жылжымайтын мүлік компаниялары, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар;
- микроқаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.
Сонымен қатар, облыстардың әкімдіктеріне тиісті шаралар қабылдауды және 4 мамырдан бастап жұмысын қайта бастайтын нысандардағы санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.
[:]