АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]»Шектен шыққандық»: Әбдікәрімова ән айтқан қызын сынағандарды орнына қойды [:]

[:kz]

Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукәрімова екінші қызы Алаумен бірге отандық «Мама, маған дауыс бер» жобасына қатысты. Онда 12 жастағы жасөспірім дебют алып, алғаш рет үлкен сахнада ән шырқады.

Мұны көрген Instagram оқырмандары әншінің қызын сынға алған. Алайда, анасы перзентін ренжітуге жол бермей, жағымсыз пікір жазушыларға бірден жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова қызының өнер көрсеткен видеосын өзінің Instagram парақшасында жариялады.

«Балалардан сабақтан үнемі “5” алуын талап етпеймін. Маған олардың жақсы маман болуынан бұрын жақсы адам болғаны маңыздырақ. Сондықтан ұстаз бол, дәрігер бол, әнші бол, актер бол деуден аулақпын. Бала кезінен бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өскен адамнан жаман маман шығуы мүмкін емес деп ойлаймын. Ал әзірше жаны қалағанымен айналысып, жан-жақты өздерін дамыта берсін», — деп жазды ол видео астына. 

 
 
 
 
 
View this post on Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Аталмыш бейнежазба желідегілердің қызу талқысына қалды.

Олар өнер иесінің қызын ән айтқаны үшін аяусыз сынға ала бастады. Бұл жайт Әбдікәрімованың назарынан тыс қалмады. Ол перзентіне жағымсыз пікір жазғандарға жауап берді.

«Бірдеңе дейін десем, өзіңіз де анасыз. Балаға сын айтқаннан дәрежеңіз өсіп кетті ме? Болам деген баланың бетінен қақпа, белін бу деген. Жасыңызға қарасам, балаға күлетін бала емессіз, бала тәрбиелеп отырған анасыз», — деп жазды ол оқырманның біріне. Сонымен қатар, көпшілікке шүйліккен ана желіде бұл жағдайға қатысты тағы бір жазба жариялаған. «Қазіргі қазақ қоғамында қателіктің құны ауыр. Бұл ниеттің тарылғаны ма әлде расымен ет пен сүйектен жаратылған өзіміз сияқты пендені жеккөргенімізден бе?! «Жақсы сөйле не үндеме», «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», «Болар баланың бетін қақпа, белін бу» деген сөздердің авторы қазақ емес пе?! Ендеше сондай кең пейілден шыққан өз сөзімізге ісіміз неге сай болмай бара жатыр?!

Мен балаларымды жұрттан асқан талантты, өнерлі демеймін. Тіпті өзгемен салыстырмаймын да. Өзінің кешегі күнінен жақсырақ, білімдірек, саналырақ, бақыттырақ болса болды. Құс екеш құс та өз балапанын қорғайды. Бұған дейін біздің отбасымызға қандай негатив айтылмай жатыр. Айтылсын, оны үлкендер көтереді. Ал олардан асып, енді баланың жеке басына өту – бұл шектен шыққандық. Мен үшін дүниедегі ең қор адам – баланың жетістігіне қуана алмаған адам.

Біздің әулет ұнамай ма, өміріңізді қиындатпай, жай ғана оқымай қоя салыңыз. Қазақ деген қалпымыз бен болмысымызға сай болайық. Бізді текке ұлы, дана, қонақжай, кеңпейіл демеген», – деп жазды Жұлдыз.  Алайда, біраз уақыттан соң Әбдікәрімова бұл жазбасын өшіріп тастады.

kaz.nur.kz

 

[:]