АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шенеуніктің түрмедегі «бақуатты тіршілігі» ВИДЕОға түсіп қалды[:]

[:kz]

Видео авторының айтуынша, түзету мекемесінде қылмыстық топ басшыларына жеңілдіктер қарастырылған.

Қостанайдағы түзету мекемесінде жасырын түсірілген видео желіде тарап кетті. Ролик авторы оқиғаның 161/2 колониясында болғанын айтады. Видеода төрт адамның түзету мекемесінде тамақтанып отырғаны көрінеді. Камерада мол дастарқан жайылып, теледидар жұмыс істеп тұр. Бөлменің терезесінде перде ілінген.

Бұл колонияда Батыс Қазақстанның спорт басқармасының экс-басшысы Мүсілім Оңдағанов жазасын өтеп жүр. Ол 200 миллион теңгеден астам қаражат жымқырғаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын, деп хабарлайды Астана телеарнасы

Видео авторының айтуынша, түзету мекемесінде қылмыстық топ басшыларына жеңілдіктер қарастырылған. Олар тіпті режимді де бұзады.
Қылмыстық-атқару жүйесінің жергілікті департаменті бұл жағдайды растады. Қостанай колониясындағы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.  

 Дереккөз: Sputnik.kz

[:]