АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Шешіліп кетті»: Алтынай Жорабаева сахнада қалай ыңғайсыз жағдайға қалған[:]

[:kz]

Отандық шоу-бизнестің жарқын жұлдызы Алтынай Жорабаева тыңдармандары алдында ұятқа қала жаздаған кезі туралы айтып берді. Әнші дәл сахнаға шығайын деп тұрған сәтте күтпеген жағдай орын алып, оның көңіл-күйін түсіріп жіберген деп жазады KAZ.NUR.KZ «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап.

 
 

Өнер иесі Қарағанды қаласында берген концерті кезінде киімі келеңсіз жағдай туғызып, көпшілік алдына біраз кідіріспен шығуға тура келіпті.

«Қарағандыда болған ол жағдай. Сол кезде сахнаға шығар алдында шалбарымның замогы істемей қалды. Әрине, толқыныс болады. Толқыныс болып, оны қатты тартып жатқанда, шешіліп кетті. Ал басқа киетін киім жоқ болды.

Сосын сахнаны кішкене ұстай тұрсын деп, бұрылып қара жіппен тігіп алғаным бар. Сол кезде сахнада жүруге ыңғайсыз болды, ұялдым. Бір жағыммен ғана ән айта беремін ғой» , — деп ағынан жарылды Жорабаева.

Айта кетейік, бұған дейін «ақсаусақ» келін болып түскен Ақбота Айдарқұлованың енесінің алдында ұятқа қалғанын жазған болатынбыз.

Дәурен Айдарқұловтың екінші жұбайы атанған ару тұрмыс құрмай тұрып ас әзірлеуге нашар болған көрінеді.

Алайда екінші анасындай болып кеткен енесінің көмегімен бүгінде ас үйінің хас шеберіне айналыпты.

 

[:]