[:kz]
Әнші Кәмшат Жолдыбаеваның желіде ашық киінген суреттерінің саны тағы да толықты.
Көптің сынына жиі түсетін әнші Кәмшат Жолдыбаева кезекті рет оқырмандарын ренжітті. Елдің ерке қызы инстаграмдағы өзінің пақшасына жүктеген суреті көпшіліктің талқысына түсті,-деп жазады ERNUR.KZ тілшісі.
Киім үлгісіне аса мән беретін әншінің суреттерінің басым бөлігі шектен тыс ашық дейді оқырмандары. Ел алдында жүрген қазақ қызына еліктеуші арулардың бар екенін айтып, оларға үлгі боларлықтай етіп киінсе деген ниет білдіріп жатыр. «Жолдыбаева ханым қазақша киініңізші, жабық, бұл қазақ қызына тəн қылық емес.
Сіз сұлусыз, қарсылығым жоқ, бірақ ашық-шашық жүрмеңізші, əрбір қазақ қызы менің жалғызым !!!!», «Бұл да Шырын мен Байзақованың аржақ-бержағы болды», «Маған қатты ұнайсыз, бірақ бұлай емес… қарапайым қазақ қызына тəн кейіппен өтінем, мынандай киімдерді кимеңізші», «Осындай қыздар тұрғанда жігіттер қалай түзеледі, қалай дұрыс ойда жүреді, қыздар осылай киініп жүргеннен кейін зорлап кету көбейеді, сосын жүреді соттасып», Шешініп түсе салуыңыз керек еді» деп пікірлерін білдіріп жатты.
Бұған дейін, ел алдына төстартқышымен шыққанда да жанкүйерлері қатты сөккен болатын. Кәмшат Жолдыбаева ашық киінген суреттерін желіге жүктесімен теріс пікірлер қаптайды. Оны сезген әнші бірнеше сағат өткеннен кейін пікір қалдыруға болмайтындай етіп бұғаттап қояды. Тек, төсі ашық саны жалаңаш суреттерінен басқасына пікір қалдыруға рұқсат екен.
[:]