[:kz]
Шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қазақ қыздары туралы қоғамда жиі талқыланып жатады. Бұл ретте жігіттер де қалысар емес, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Өзге ұлт өкілдеріне үйленген Алаш қайраткерлерінен бастап, тарихқа шегініс жасауды көздемейміз. Олардың тағдырын халық онсыз да жақсы біледі. Бүгін тек соңғы жылдары шетелдік қыздармен көңіл жарастырып, отау құрған еліміздегі танымал жігіттерге тоқталамыз.
Кентал
Сейфуллин Жолбарыс
Димаш Ниязов
Ержан Рашев
Марат Бисенғалиев
Белгілі қазақ скрипкашысы Марат Бисенғалиев 1990 жылдан бері Англияда тұрады. Ол екі рет өзге ұлт өкіліне үйленген. Ең алғаш ағылшын музыканты Стин Уилсонмен шаңырақ көтерген. Екеуі жеті жылдан соң, ажырасып кеткен. Арухан есімді қызы бар. Одан кейін өзінен 18 жас кіші француз скрипашысына үйленеді. Шорай атты қызы, Тарлан атты ұлы бар. Қазір бұл жұп Францияда тұрып жатыр.
Сонымен қатар белгілі опера әншісі Сүндет Байғожиннің алғашқы жары Астана Опера театрында өнер көрсеткен жапон қызы Серине Цунгаева болатын. Бірақ бұл неке ұзаққа созылмады. Екеуінің Сәния есімді қыздары бар. Қазір Сүндет қостанайлық ару Айгүл Нұрмановамен бірге тұрады.
[:]