[:kz]
Желі қолданушылары шикі ет жеген бүлдіршіннің видеосын қызу талқыға салуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Желіде тарап жатқан видеодан кішкентай бүлдіршіннің шикі етті қомағайлана жеп жатқанын көруге болады. Ал видеоға түсіріп тұрған әйел күліп, баланың ет жегеніне таңғалып тұрғаны байқалады. Екінші дауыс «жей берсін, ештеңе болмайды» деп сөйлегені анық естіледі.
Дәл осы видео астында желі қолданушылары түрлі пікір қалдыруда.
Бірі «қазақтар ет жеуден қасқырлардан кейінгі екінші орында деп бекер айтпайды» — десе, енді бірі «несі күлкілі, анасы? Балаң ауырып қалса қайтесің?» — деп ашуланды. Кейбірі «бала етті қорыта алмайды, ауырады» — деп ескертпе жасап жатыр.
Педиатр-дәрігер Мария Головенко видеоға қатысты өз ойын айтты. Ол шикі ет жеу бала ағзасы үшін өте қауіпті деп дабыл қағуда.
«Біріншіден, шикі етті термиялық өңдеуден гөрі сіңіру әлдеқайда қиын. Бала асқазанында тұз қышқылын өндіру төмендейді және осындан гастрит болуы мүмкін.
Екінші мәселе бұған қарағанда қауіптірек. Шикі ет, өкінішке орай, біздің елімізде көптеген аурулардың, гельминтикалық және жұқпалы аурулардың көзі болып табылады. Яғни, ең қауіпті аурулар — бруцеллез, туберкулез, сальмонеллез немесе эхинококкоз, альвеококкозға әкелуі мүмкін. Сондықтан бұл ойнайтын нәрсе емес. Баланы мазақ ету деп білемін», — деді дәрігер.
[:]