АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ШҚО-да тамыз айында уран банкі іске қосылуы мүмкін[:]

[:kz]

phpktkchycc8zШілде айында еліміздегі төмен байытылған уран банкінің құрылысы аяқталады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен үкімет сағатында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында салынып жатқан банк құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлады 24.кз

Межелі жоспардың 70 пайызы орындалған. Егер шілдеге дейін көрсеткіш 100 пайызға жетсе, тамызда төмен байытылған уранды сақтау орны салтанатты түрде ашылады. Бұған қоса сала басшысы биыл еліміздегі уран өндірісінің 10 пайызға қысқарып, бағасын қымбаттату үшін тиісті шаралар қолға алынғанын жеткізді. Себебі былтыр әлемдік нарықта аталған шикізат өнімі едәуір арзандаған болатын. Айта кетейік, былтыр елімізде 24 мың тоннадан астам уран өндірілген.

Өткен жылы бағаның төмендеуі байқалды. Бүгінгі күні біздің елімізге табиғи уран өндіруді өсіру қажет пе?- деді  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Құралай Қарекен.

[:]