[:kz]
Атажұртқа көшіп келе жатып, ақпан айында Майқапшағай кеден бекетінде 50 мың доллар шамасында ақшасынан айырылған, кеденшілер тарапынан «контрабандамен» айналысты деп айыпталған Гүлжан Мәуітханның ісін прокуратура қысқартты деп жазады Qamshy.kz.
Бұл туралы аталған істің басы-қасында болып, жесір анаға жалпықазақстандық ақпараттық қолдау көрсетуге мұрындық болған қоғамдық өкілі Ұларбек Дәлейұлы өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.
«Ағайындар, сүйінші сұрай беруге болар,
Шығыс прокуратурасынан жақсы хабар жетті. Шекарада бар қаржысынан айырылған Гүлжан апайдың ісі қысқарыпты бұйырса!
Прокуратураның арнайы қаулысын ертең аламыз. 4 ай бойы төккен тер, еткен еңбек далаға кетпеген сыңайлы. Ақшасы қолына тисе өшуге айналған үміті қайта жанып, көңілі орнына түсіп, Қазақ Еліндегі тірлігін жалғастыра береді бұйырса.
Бұл іске атсалысқан ағалар Erlan Sairov, Мұхтар Тайжан, Абзал Құспан, Aizhan Daribaeva қатарлы кісілерге, заңгерлерге, азда болса қаржылай қол ұшын созған Рысбек Мәуіт сияқты азаматтарға, өзге де мыңдаған тілеулестерге айтар алғыс мол!», — деп жазған Ұларбек Дәлейұлы қуанышын жұртпен бөлісіп.
qamshy.kz
[:]