АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ШҚО тұрғындарын аспаннан көрінген ерекше құбылыс таң қалдырды (видео)[:]

[:kz]

ШҚО-ның Шемонаиха ауданының тұрғындарын табиғаттың сирек құбылысын тамашалады. Бұлтсыз ашық аспанда пайда болған ерекше жарықты тұрғындар видеоға түсіріп алған деп жазған  Алтайньюсқа басылымына сілтеме жасаған      NUR.KZ. 

Желіде таралаған бейнежазбадан аспан аясында күн ерекше жарқырып, шам секілді түрге айналғанын байқауға болады. Оның маңайында алтын түсті шеңбер пайда болған. Одан жоғарырақ тұста кемпірқосақ түсті ай жаңа туған ай тәріздес жарты шеңбер тұр.

 

Айта кетсек, мұндай құбылыс қаңтардың бас кезінде Өскемен қаласында да болған.

Ғылымда осыған ұқсас құбылысты гало немесе қоралану деп атайды екен.

Еске салайық 23 қаңтарда Астанада да осы ерекше құбылыс байқалған еді.

[:]