АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шымкент зообағында керікке мініп алған ер адамның әрекеті қызу талқыға түсті (видео)[:]

[:kz]

 

Картинки по запросу жираф шымкент

 

Шымкент зообағына келушінің әрекеті желіде қызу талқыға түсті. Оқиға 27 шілде күні болды. 

Ер адам 3 метрлік қоршаудан өтіп, керікке мініп алды. Кей дереккөздерге сүйенсек, ер адам 3 рет осы әрекетін қайталаған. 

Шымкент зообағының әкімшілігі Facebook парақшасында ресми пікір жазып, полицияға арыз жазылғанын айтты. 

«Зообаққа келуші мен серіктесі мас күйде болған шығар. Ол зообақ аумағының талабын бұзды. Талап аумақта әрбір 15 минут сайын радиохабарлама арқылы хабарланып тұрады. Тақтайшаларда бәрі жазылып тұр. Қауіпті жануарлардан қалай сақтану керектігі айтылған. Зообақ әкімдігі келесіде мұндай жағдай қайталанбауы үшін полицияға арыз жазды. Ер адам жауапқа тартылады», — делінген хабарламада.

Stan.kz

[:]