АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шымкентте арық ішінен астаналық әйелдің мәйіті табылды (видео) [:]

[:kz]

Шымкент қаласында жол жиегіндегі арықтан әйел адамның мәйіті табылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сетевое издание «INTERPOL.KZ» (@interpol_kz)

Полиция қызметінің мәліметінше, тексеру барысында марқұмның 39 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені анықталды. «Кісі өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіледі және соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деп нақтылады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталды. Естеріңізге сала кетсек бұған дейін Қарағанды облысының Тоғызқұдық ауылында 8 ай бұрын күйеуі өлтіріп, тығып тастаған 35 жастағы келіншектің денесі табылғаны туралы хабарлаған едік. Оны полиция ауылдан небәрі 10 шақырым жерден анықтаған.

Марқұмның туыстарының сөзінше, Бұқар жырау аудандық полиция басқармасы қылмыскерді уақытында ұстамаған. БАҚ мәліметінше, жергілікті блогер оқиға болған жерден тікелей эфирге шығып, әлеуметтік желіде бейнежазба жариялаған. Жоғалып кеткен келіншекті іздеуге ат салысқан ауыл адамдары мен марқұмның жақындары көп жиналғандықтан ол жерге арнайы жасақ шақыруға тура келіпті.

kaz.nur.kz

 

[:]