АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шымкентте әжетханада босанған келіншекке көмектескен күзетші болған жағдайды айтып берді[:]

[:kz]

 

 

Шымкентте толғағы қысқан жүкті әйел әжетханада босанып қалды. Жұрттың жағасын ұстатқан бұл жағдай демалыс күні қаладағы сауда орталықтың бірінде болған. Орталыққа демалуға келген келіншек ойламаған жерден толғағы қысып, дәл дәретхананың ішінде қыз баласын босанып алды.

Сауда орталықтағы қызықты жағдай демалыс күні сағат тоғыздар шамасында орын алған. Екінші қабаттағы әжетханаға кіріп кеткен әйелдің кенеттен айқайлаған даусы естілген. Оқиға орнына жетіп барған күзетші қыз дәретханаға кіргенде босанып жатқан келіншекті көріп, есеңгіріп қалған.

Ботагөз Алихан, сауда орталығының күзетшісі: » Әжетханаға кірсем баланың басы шығып келе жатыр. Алғашқыда бұл көріністі көргенде шошып қалдым. Бірақ лезде есімді жиып, ары қарай алғашқы медициналық көмек көрсеттім. Жедел жәрдем келгенше анасы мен баланың жанында болдық. Шынымды айтсам, мұндай жағдайды алғашқы рет көрдім. Өзім тұрмысқа шықпағандықтан, бала туудың қандай болатынын көз алдыма елестене алмайтынмын. Енді бала тумақ түгілі босандырып алуға дайын сияқтымын».

Жедел жәрдем дәрігерлері сәбидің кіндігін кесіп, перзентханаға жеткізген. Қазіргі таңда ана мен бала №2 облыстық перинаталдық орталықта ем қабылдап жатыр. Әжетханада дүниеге келген сәбидің алғашқыда температурасы төмен түсіп, денсаулығында ахаулар болған. Бірақ қауіптің беті қайтарылып, сәби мен анасының жағдайы жақсы дейді мамандар.

Ақ халаттылар сауда орталықта дүниеге келген анасы мен сәбиді ертең перзентханадан үйіне шығарады. Ал ерекше жағдайда дүниеге келген сәбиге ата -анасы Айша деген есім берген.

Лаура Нақыпқызы

otyrar.kz

[:]